ААҚО ақпараттық–білім беру орталықтары
Қазақстанда 2007–2011 жылдарға арналған Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы деңгейін көтеру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі «ААҚО ақпараттық–білім беру орталықтарын» құрған болатын.
Бұл орталықтардың негізгі мақсаты оқыту жүйесін құрып, Қазақстан Республикасы халқының қаржылық білімін көтеру болып табылады.
«ААҚО ақпараттық–білім беру орталықтары» - еліміздің барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей қалаларында қызмет көрсетеді.
АБО семинарлары мен кеңес дәрістері күн сайын тегін түрде жиһазбен, ұйымдық техникамен және Ғаламторға қосылған компьютерлермен жабдықталған, мамандандырылған оқу сыныптарында білікті мамандардың жетекшілігімен жүргізіледі.
Сондай–ақ тегін Анықтамалық–ақпараттық қызмет жұмыс істейді – 8 800 080 01 77 (анықтама орталығы), осы байланыс телефоны арқылы Сіз кеңестер және 2007–2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы деңгейін көтеру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы толығырақ ақпарат ала аласыз.
Осы бөліктегі пайдалы ақпарат:
- Семинарлардың кестесі
- Оқыту бағдарламалары
- Бейнедәрістер
- Мекенжайлар
- Форумда талқылау








