ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ 2007 – 2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жабу
Тіркелу не үшін қажет?
Құрметті тұтынушы, біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз қарым-қатынас орнату мен пайдалы ақпарат алуда көп мүмкіндікке ие боласыз. Тіркеуден бір рет өткеннен кейін, Сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • форумдарда тілдесуге және тәжірибеңізбен алмасуға
  • «Блогтарда» сарапшылармен тілдесуге
  • «Сұрақ-жауап» бөлімдерінде сұрақ қоюға
  • Мақалалар мен жарияланымдарға өз ой-пікірлеріңізді қалдыруға
  • «Жеке бюджет» жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат алу

Қаржы әлемінде біздің сайт сіздерге тіректі көмекші болатындығына сенеміз!

По русский Қазақша
Бюджетті жоспарлаймыз Бәрі несие туралы Инвестициялаймыз Зейнетақыны жоспарлаймыз


"Менің алғашқы капиталым" кітабы
"Менің алғашқы капиталым" кітабы Толық оқу

«Отбасылық бюджетті қалай басқару керек» кітабы
«Отбасылық бюджетті қалай басқару керек» кітабы Толық оқу

Қарыздардың жоқтығы, еңбекақыдан алдын ала төлем алмай жұмыс істеу және инвестициялық жинақтар – бұл әркімнің қолынан келетін жоспарлаудың нәтижесі! Өзіңнің бюджетіңді басқаруды үйрен.


"Тұтынушыларды қорғау"  кітабы
"Тұтынушыларды қорғау" кітабы Толық оқу

Күш білімде! Бұл нағыз шындық, бірақ оны пайдаланатын адамдар аз. Біз өз–өзімізді қорғап, алға қарай нық басу үшін қандай құқықтарымыз бар екенін білуіміз керек.


Алғашқы капитал

На печать

Ақша не үшін керек?

Осы сұраққа көпке танымал Ғаламтор–блогтарының бірінің жас қонақтары жауап беруге тырысты:

- Бағдарламадар жазамын, Intel Core 17 Extreme процессоры бар жаңа компьютер керек болып тұр. Бір процессордың өзі мың доллардан астам тұрады... Атан–анам мұндай ақшаны төлеуге келіспейтін болар. Олардың пікірінше, менің ескі компьютерім де жақсы жұмыс істейді. Оның қандай ескі екенін білсеңіздер ғой...

- Сыныптастарым Прағаға демалысқа жиналып жатыр. Сапарға шығу үшін 700 доллар аса қажет. Қайдан алайын

- Қыздар, сендер мені түсінесіңдер, Benetton немесе Zara дүкендерінде жеңілдіктер болып жатқанда, қалай қарап тұруға болады. Ақшаң бар болса, сұлу болуға болады

- Лондондағы тілашарға ақшам жетпей тұр, қарызға алуға тырысып көрдім. Одан да бір жерде жұмыс істеп, біраз ақша тапқаным дұрыс болар. Ойларыңызға ештеңе оралмай ма? Power Point бағдарламасымен презентациялар жасай аламын, хатшы болып жұмыс істей аламын, курстық жұмыстар жаза аламын... Хабарласыңыздар, Биг Бенді көремін деген арманыма жетуге көмектесіңіздер.


Сіздің болашаққа деген жоспарларыңыз әлі нақты емес пе? Бірақ әлден бастап жақындарыңыз, ортаңыз Сіз туралы қандай көзқараста екендігі маңызды. Сіз өзіңіздің тәуелсіз пікірлеріңізбен бөліскіңіз келсе де құрдастарыңыздың ортасында қалыптасқан ережелер мен нормаларды ұстанасыз ба?

Олай болса, біз сізді құттықтаймыз, Сіз ересек өмірге қадам бастыңыз. Бұл өмірде бір адам, тіпті, аз қаражаттың өзімен екі аяғынан нық тұрса, екінші адам 10 есе көп ақша тапса да, әрқашан банкроттыққа жақын жүреді.

Сіз сезсеңіз де, сезбесеңіз де, қаласаңыз да, қаламасаңыз да Қазақстанның экономикасының дамуымен адамдардың күнделікті өміріне ақша мен қаражатқа қатысты сөздер мен түсініктер ене береді. «Несие», «инвестиция», «акция», «бюджет» - бұл сөздердің барлығы өмір ағынымен бизнес әлемінен біздің күнделікті тұрмысымызда пайдаланатын сөздікке еніп келеді, ал біз оларды түсіне білуіміз керек.

Сіздердің осы жерде алған білімдеріңіз шығындарыңызды қысқартуға, ата–аналарыңызбен біріге отырып, Сіздің қалауыңызды ескеріп ортақ отбаслық бюджет құруға, қолданыстағы қаржылық құралдарды түсінуге ғана емес, өз болашағыңызды өзгертуге – өмірде алға қойға мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі үміттенеміз!

Біз материалдық әлемде өмір сүреміз. Біз ең жақсы телефонымыз, ең мықты компьютеріміз, заманауи киіміміз болғанын қалаймыз. Бұларды сатып алып, өз ризығымызға пайдаланғанның еш жамандығы жоқ, бірақ бұл заттар өміріміздің мақсатына айналмауға тиіс.

Дегенмен, бұған да көңіл бөлу керек. Қандай да бір затты сатып алуыңыз аралық мақсатқа жетуіңіз, сіздің үлкен жоспарыңыздың бір тармағы болуы мүмкін. Бірақ негізгі мақсат болмайды. Барлық заттар мәңгілік бол алмайды: сән өзгеріп отырады, киім тозады, машина сынады, ал телефондр жоғалады. Заттардың артынан қуып жүріп қызықсыз, бір шектен шыға алмайтын тұлғаға айналып кетуіңіз ықтимал.

Сіз жеке басыңыздың табысына жеткіңіз келе ме? Қаржылық еркіндікке жеткіңіз келе ме? Мұның бәріне сапалы білімнің арқасында қол жеткізуге болады.

Гуманитарлық, техникалық немесе басқа жоғары білім ала отырып, шет тілдерін меңгере отырып, дайын мамандар түрлі салада жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Кейбіреулері ғалым болып, жоғары оқу орындарының ұстаздарына айналады, ал басқалары мемлекеттік құрылымдарда, саяси қорларда, сараптама орталықтарында, бизнесте, журналистикада және телевизияда жұмыс атқарады.

Басқа сөзбен айтар болсақ, алған біліміңіздің мықты негізі Сіз үшін кез–келген есікті ашады және кез–келген карьераны жасауға мүмкіндік береді, яғни жетістікке қол жеткізуге көмектеседі.

Брендтік мобильді телефондардың соңғы модельдері, ойын құралдары, сәнді киім, мықты білім, сапарлар, достармен бірге кафеге бару... Көп нәрсені қалауға болады.

Бұл қалауларыңыздың барлығына ақшаны кім береді? Ата–анаңыз ба?! Ал егер өзіңіз ақша тауып көрсеңіз ше? Немесе анау–мынау шығындарыңызға берілген ақшаны жинастыруға тырысып көру керек пе екен? Ақшаны жинаған қаншалықты нәтижелі болады? Ақшаның құнсыздануы дегеніміз не? Баюдың қандай әдістері бар? «Жеке қаражат», «несие және несие картасы», «зейнетақы жинақтары», «сыйақының тұрақты мөлшерлемесі» сияқты қарапайым да қиын түсініктер туралы көбірек ақпаратты қайдан және қалай алуға болады?

Сіз жеке қаржылай жетістігіңіз немесе қаржы нарығының қиын механизмдері туралы ойлану үшін әлі жаспын дейтін шығарсыз. Жоқ, олай емес! Ақшаға деген байсалды көзқарас өздігіңізден шешім қабылдап, өзіңізге жауапкершілік жүктеуге мүмкіндік береді. Қаржыны басқара білу ересек өмірге дайындап қана қоймай, болашақтағы қаржылық тұрақтылықтың негізін құрады.

Ұлыбританияда жасөспірімдер 8 жасынан бастап–ақ өздіктерінен ақша таба бастайды. Ал әрбір жаз сайын Швецияда еңбек коммуналары шөптерді қырқу үшін, қарттарға көмек көрсету үшін, гүлдер егіп, қоқыс шығару үшін 16 жасар балаларды жұмысқа қабылдайды. Еуропаның мектеп оқушылары жұмысты өздіктерінен Ғаламтор арқылы іздей алады, дүкендерде өздерінің анкеталарын қалдырады.

Жазда немесе бос уақытыңызда тапқан ақшаны Сіз өз жеке қажеттіліктеріңіз бен отбасының шығындарына жұмсай аласыз, мәселен, жаңа велосипедке, Еуропаға сапарға, жаңа музыка жүйесіне, ініңізге көртеше алуға немесе ... болашақтағы одан да зоор мақсаттарыңызға ақша жинай беріңіз – жақсы білім алуға, әлемді тануға!

Бөліктегі маңызды ақпарат:

- «Менің алғашқы капиталым» атты оқулық, біздің сайттан оқыңыз.

- Егер сұрақтарыңыз болса, сұраңыз бізден.

- Форумда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз