ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ 2007 – 2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жабу
Тіркелу не үшін қажет?
Құрметті тұтынушы, біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз қарым-қатынас орнату мен пайдалы ақпарат алуда көп мүмкіндікке ие боласыз. Тіркеуден бір рет өткеннен кейін, Сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • форумдарда тілдесуге және тәжірибеңізбен алмасуға
  • «Блогтарда» сарапшылармен тілдесуге
  • «Сұрақ-жауап» бөлімдерінде сұрақ қоюға
  • Мақалалар мен жарияланымдарға өз ой-пікірлеріңізді қалдыруға
  • «Жеке бюджет» жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат алу

Қаржы әлемінде біздің сайт сіздерге тіректі көмекші болатындығына сенеміз!

По русский Қазақша
Бюджетті жоспарлаймыз Бәрі несие туралы Инвестициялаймыз Зейнетақыны жоспарлаймыз


"Менің алғашқы капиталым" кітабы
"Менің алғашқы капиталым" кітабы Толық оқу

«Отбасылық бюджетті қалай басқару керек» кітабы
«Отбасылық бюджетті қалай басқару керек» кітабы Толық оқу

Қарыздардың жоқтығы, еңбекақыдан алдын ала төлем алмай жұмыс істеу және инвестициялық жинақтар – бұл әркімнің қолынан келетін жоспарлаудың нәтижесі! Өзіңнің бюджетіңді басқаруды үйрен.


"Тұтынушыларды қорғау"  кітабы
"Тұтынушыларды қорғау" кітабы Толық оқу

Күш білімде! Бұл нағыз шындық, бірақ оны пайдаланатын адамдар аз. Біз өз–өзімізді қорғап, алға қарай нық басу үшін қандай құқықтарымыз бар екенін білуіміз керек.


Әлеуметтік көмек

На печать

Әлеуметтік көмек – көм ек көрсетуді қажет ететін азаматтардың белгілі бір категориясына материалдық көмек,өтемақы және басқа да төлемдер, сонымен қатар түрлі ақысыз қызметтерді көрсету ретінде беріледі.

Осы сайтымызды бұл тақырыпты қозғағанымыз дұрыс деп санадық, өйткені көбіне халық өзінің мүмкіндіктері туралы білмейді немесе сол мүмкіндіктерін және мемлекеттің тарабынан көрсетілетін қызметтердің осы категориясын дұрыс пайдалану жолдарын бағаламайды.

Ата Заңның және басқа заңдар мен актілердің негізінде қандай да бір себептермен көмекті қажет ететін кез–келген азамат оған көмек берілуіне құқылы болып табылады. Басты мақсат сол көмекті мейлінше мол пайдамен және бағытты жұмсау болып табылады.

Әлеуметтік көмекті жергілікті орындаушы органдар ҚР Бюджеттік Кодексіне, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және жергілікті өкілеттік және орындаушы органдардың құқықтық–нормативтік актілеріне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражатынан береді.

Көмек негізінде ақшалай көрсетіледі. Төменде әлеуметтік көмекке құқығы бар халық топтары туралы қысқаша ақпарат пен басқа да пайдалы мәліметтер келтірілген.

Пайдалы материалдар
Медициналық көмек
Жолсапар

Біруақытылы ақшалай төлем ретінде әлеуметтік көмек көрсету үшін МЗТО мәліметтер базасы пайдаланылады.

Әлеуметтік көмек алуға құқылы азаматтар:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар

- Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан шебінде кем дегенде алты ай жұмыс істеген және ерен еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар


- 1, 2, 3 топ мүгедектері


- 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар


- жасы бойынша және еңбек тәжірибелері бойынша зейнеткерлер


- күш құрылымдарының зейнетақысын алушылар (Қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлтты қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі, Республикалық гвардия)


- Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі сіңгені үшін зейнетақы алатындар


– 18 жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көпбалалы отбасы және балалар үйінің түлектері;


- екі ата–анасынан да немесе бір ата–анасынан айырылған жетім балалар


- жұмыссыз азаматтар


- жалпы табысы өмір сүру деңгейінен кем түсетін аз қамтамасыздандырылған азаматтар

Тұтынушыға мемлекет тарабынан көрсетілген қызметтің нәтижесі:

- жеке шоттарына ақша қаражатын салу арқылы әлеуметтік көмек беру


- сонымен қатар, төмендегідей тегін қызмет түрлерін көрсету арқылы әлеуметтік көмек беру:

- қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру

- тегін дәрі–дәрмекпен қамтамасыз ету

- мерзімдік басылымдарға тегін жазылу

- тегін тіс протезін қою (қымбат металдардан жасалған протездерден басқасы)

- мереке және басқа да атаулы күндерге қарсы әлеуметтік көмек.

ҰОС қатысушылар мен мүгедектерді жерлеуді ұйымдастыруға әлеуметтік көмек көрсетуге деген өтініш өзіндік үлгіде беріледі.

Әлеуметтік көмек көрсетудің басқа жағдайларында өтініш пен құжаттар тапсырудың керегі жоқ.