Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Несие тарихы

Өмірде шұғыл ақша қажет болатын күтпеген жағдайлар орын алады. Сонда сіз кредит ресімдеуге шешім қабылдап, банк бөлімшесіне келдіңіз. Менеджер Сіздің құжаттарыңызды тексеріп, 5 жыл бұрын алған кредитті төлеуді қандай себеппен кешіктіргеніңізді сұрайды? Қазір сіз жақсы жалақысы бар ірі компанияның елеулі қызметкерісіз және ол қарыз туралы ұмытқансыз. Бірақ сіздің кредиттік тарихыңызда бәрі сақтаулы тұр және сіздің өміріңізді айтарлықтай бұзуы мүмкін.

Есіңізде болсын, кредиттік тарих бәрінде бар. Кредиттік тарихты арнайы ұйымдар – кредиттік бюролар жинайды және жүргізеді. Онда сіздің кредиттеріңіз, қайтару мерзімдері мен мерзімін кешіктіру туралы мәліметтер сақталады, сондай-ақ әрбір жеке және заңды тұлғаларға досье қалыптастырылады.

Кредиттік тарих не үшін қажет?

Кредиттік тарих тек банктер үшін ғана емес, сіз үшін де маңызды. Егер оң тарихыңыз болса сіз үлкен сомадағы кредитті оңай ала аласыз. Және керісінше – егер сіз алдыңғы кредиттеріңізді уақтылы төлемесеңіз немесе мүлде төлемей қойсаңыз, онда банк сізге қарыз беруді мақұлдамайды. Егер сіз ешқашан кредит алмаған болсаңыз, онда сіздің кредиттік тарихыңызда жазба болмайды.

Сізге қарызды ресімдеу кезінде банктер кредиттік бюролардан деректерді сұратады. Мәселен, сіз кредит алып, оны мерзімінде төледіңіз. Бұл ақпарат Сіздің кредиттік тарихыңызда тіркеледі. Кейін, сіз басқа банкте кредит ресімдейсіз, оны банк алдыңғы кредитті уақтылы қайтарғаныңызды көреді және сізді жауапты клиент ретінде қабылдайды. Кез келген банк берілген қаражаттың қайтарылатынына және сенімді адамдарға кредит беруге сенімді болғысы келеді. Міне, сондықтан кредиттік тарихты қадағалау маңызды.

Өз кредиттік тарихыңызды қалай қадағалауға болады?

Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы күнтізбелік бір жылда бір рет өзінің кредиттік тарихын тегін біле алады. Егер сіз кредиттік есепті алып, онда дұрыс емес мәліметтерді байқасаңыз, бұл туралы банкке хабарлаңыз және растайтын құжаттарды қоса беріңіз. 

Есіңізде болсын: Кредиттік бюро – сіз бен банктер арасындағы делдал, олар сіздің кредиттік тарихыңызға өз бетінше өзгерістер енгізе алмайды. Ал өздерін кредиттік бюроның қызметкерлері ретінде таныстырып, сіздің есебіңізді "жақсартуды" немесе одан теріс ақпаратты жоюды ұсынса, сенбеңіз олар – алаяқтар.

Fingramota_Kreditnaya_istoriya-(kz)-03.jpg

Кредиттік тарихты қалай білуге болады?

Өз дербес кредиттік есебіңізді алудың әртүрлі тәсілдері бар. Оны интернет немесе мобильді қосымша арқылы, кредиттік бюролардың кеңселерінде, ХҚКО-да немесе «Қазпоштада» жасауға болады. «Мемлекеттік кредиттік бюродан» кредит тарихын алу үшін жеке куәлік және толтырылған өтініш қажет болады. Есепті бір тәулік ішінде аласыз.

  • «Бірінші кредит бюросында» кредит тарихын бірнеше тәсілмен алуға болады. Бірінші – БКБ офисінде жеке немесе заңды тұлғаға арналған кредит есебін алуға болады. Жеке куәлікті немесе заңды тұлғаға арналған құжаттарды көрсетсеңіз 15 минуттан кейін кредит есебін аласыз.
  • «Бірінші кредит бюросы» сайтында электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен кредит тарихын аласыз.
  • Сұратуды пошта арқылы жіберуге болады: өтініштің және жеке куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі қажет болады. Егер сіз бір жылда кредит есебін екінші рет сұратсаңыз, онда қызметке ақы төлеу туралы түбіртектің көшірмесін қоса беріңіз.
  • «Бірінші кредит бюросы» – 1CB.kz  мобильді қосымшаның көмегімен– кредит есебін мобильді телефонға алуға болады. Мобильді телефонға енгізілген электрондық цифрлық қолтаңба және төлем картасы қажет болады.
  • Egov.kz. порталы. Электрондық үкіметтің «Салықтар және қаржы» бөлімінде дербес кредит есебін аласыз. Өтінішті интернет арқылы толтырыңыз. Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қол қойыңыз, нәтижесін «Жеке кабинетте» көре аласыз.
  • ХҚО-да. Кредит есебін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚО-ның 80 бөлімшесінде алуға болады. Бұл үшін сізге жеке куәлік қажет болады.
  • «Қазпочта». Сіз дербес кредит есебін бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпочтаның» 1688 бөлімшесінде жеке куәлікті көрсете отырып алуыңызға болады. Бір жылда бірінші рет өтініш білдірген кезде сіз «Қазпочта» комиссиясын ғана төлеуіңіз қажет.
  • Myth.kz. Myth.kz сайтында кредит есебін алу үшін ЖСН, электрондық цифрлық қолтаңба және төлем картасы қажет болады.
Fingramota_Kreditnaya_istoriya-(kz)-02.jpg

Кредит тарихы туралы есте сақтау:
  • Кредит тарихы – сіздің қарыз алушының досьесі, мұнда барлық кредиттер және бөліп төлей отырып сатып алулар туралы жазба бар.
  • Жақсы кредит тарихын қалыптастыру маңызды. Бұл банктер мен микрокредит ұйымдары үшін сіздің оң имиджіңіз, яғни сіз автомобиль немесе пәтерге ірі кредит алуыңызға болады.
  • Өз кредит тарихыңызды бақылаңыз. ҚР әрбір азаматының күнтізбелік жылы бір рет дербес кредит есебін тегін алуына болады.