Тұтынушылық
Несиелендірудің ең көп тараған және ең қолжетімді түрлерінің бірі. Олардың әнұраны – «Кез–келген мақсақа несие!»
Несиелендірудің барлық түрлерін атап шыққаннан гөрі оған жатпайтындарын көрсеткен ыңғайлырақ болады. Бұл ипотека, автокөлік несиесі және бизнесті несиелендіру.
Несиенің мерзімі әр түрлі болуы мүмкін: бірнеше айдан бастап, бірнеше жылға дейін, және олардың көбі кепілсіз беріледі.
Біздің нарықта осы несиелендіру түрі халықтың көп бөлігін қамтыған. Еуропа мемлекеттерінде бұл көрсеткіш, тіпті, 100% тең дерлік.
Несиелендірудің бұл түрінің кең тарауы себебінен нарықтың, түрлі несие одақтарының және осындай несие беруге дайын банктердің әр түрлі ұсыныстары бар. Көпшілік, тіпті, бұл несиелендіру қызметіне қаншалықты жақын екендігін де сезбейді, өйткені тоңазытқыш сатып алып, оның ақысын бөлшектеп жарты жыл бойы құйып отырып, Сіз дәл осы тұтынушылық несиенің мүмкіндіктерін пайдаланасыз.
Бұл несие түрі – Қалағаныңды сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинағанша, оны қазір сатып ал деген түсінікке арқа сүйейді. Әрине, несиелендірудің осы түрін пайдалана отырып, біз сатып алатын тауардың құнының жартысын немесе, тіпті, 100% пайызын артық төлейміз. Әрқайсысымыз мұның қаншалықты пайдалы екендігін өзіміздің мүмкіндіктеріміз бен өмірлік құндылықтарымызға қарай шешеміз.
Тұтынушылық несие алуға бел буған жағдайда, ең бастысы – барлық ұтатын және ұтылатын жақтарыңызды анықтау, % жалпы сомасын есептеп, ай сайынғы төлемдер жасау мәселесесіне объективті қарау. Бұл жүйені табысты айдалану үшін біржолғы несиелер ғана маңызды емес. Егер Сіз қалыпты несие алушы болсаңыз, Сіздің бұрын алған несиелеріңіздің тарихы Сізге келесі несиені беру/бермеу туралы шешім қабылдағанда маңызды рөл ойнайды.
Экспресс-несие
Көп сұранысқа ие болуына байланысты бұл несие түрі тұтынушылық несиенің жеке бір түрі ретінде қарастырылатын болды. Жоғарыда біз тоңазытқышты дүкеннен сатып алып, оның құны мен пайыздарын бірнеше ай ішінде төлеп шығуды сол дүкенде рәсімдеу туралы айтқан болатынбыз. Міне, біз дәл осы несие туралы сөз қозғағалы отырмыз.
Басқа сөзбен айтсақ – жедел несиелер. Тауарды сатып алып, оған несие рәсімдеу барысында Сіздің тапсырысыңызды қабылдау немесе одан бас тарту үшін банкке тек бірнеше минут қана беріледі. Ал осы сәтте Сіздің де қолыңызда ақша болуы міндетті талап емес, өйткені тауар Сізге алдын ала төлемсіз сатылады (оның түрлері мен талаптары да нарықтағы ұсыныстың түрлеріне қарай әр түрлі болады).
Пайдалы жақтары: тапсырылатын құжаттарға қатысты талаптары көп емес. Клиент банкке тапсыратын құжаттардың ішінен тек жеке куәлігі, СТН және ӘЖК ғана қажет болады. Соған қарамастан, банк қажет болса қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін немесе себебін түсіндірместен несие бермеуі де мүмкін.
Пайдасыз жақтары: мұндай несиелердің пайыздық мөлшерлемелері аса жоғары болады. Бұл банктің бірнеше минут ішінде бағалап, несие беру туралы шешімге келуіне, яғни тәуекелге баруына байланысты болады.
Тұтынушылық несиені қалай рәсімдеуге болады?!
Техника сатып алу үшін дүкенге келгенде Сіз тұтынушылық несие беретін банктің бренді қойылған жеке үстелді көресіз.
Ескерткеніміздей, банк пен магазиннің өзара келісіміне байланысты несиенің талаптары әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан нақты ақпаратты сол жерде алуыңызға болады.
Қажетті құжаттар аз – Сіздің жеке куәлігіңіз және СТН (бұдан әрі СЖН).
Тұтынушылық несиені «кез–келген» мақсатқа банктен алатын болсаңыз, оның талаптары да көбірек, дегенмен қалаған адамға қолжетімді деп саналады. Нақты ақпаратты тікелей ұсыныстардан қараңыз. Оларды біздің Несие ұйымдарының тізімі атты бөлігімізден қараңыз.
Сізге қызықты ма? Көбірек біліп, өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайдаланып үйренгіңіз келе ме? Біз Сізге көмектесуге тырысамыз – біздің «Қарызға өмір сүру» атты кітабымызды оқыңыз – Бұл қорқынышты емес!
Несие ұйымдарын таңдау бөлігі арқылы сіздер өзіңізге қызықты тақырып бойынша несие ұйымдары көрсететін қызмет түрлерін оңай қарастыра аласыз.
Осы тақырып бойынша біздің сайттағы Сіз үшін пайдалы сілтемелер:
- Егер сұрақтарыңыз болса, сұраңыз бізден.
- Форумда өзіңіз үшін маңызды тақырыптарды бізбен талқылаңыз!
- Сақтандыру ұйымдары
- Біз Сіздер үшін маңызды тақырыптарға арналған пайдалы басылымдар табуға тырысамыз!
Біздің банктер ұсынатын Экспресс–несиелердің толық тізімін ыңғайлы сайттан таба аласыз.









