Кредиттік бюро

time 10.09.2020

Кредиттік бюролар – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының кредиттік  тарихы туралы барлық ақпаратты сақтайтын ұйымдар. Яғни, Қазақстандағы әрбір банк, микроқаржы және өзге де кредиттік ұйым кредиттік бюроларға барлық қарыз алушылар және олардың кредиттері, оның ішінде, егер бар болса, мерзімі өткен кредиттер туралы ақпарат береді. Мұндай ақпарат кредиттік бюроларда әр 15 жұмыс күнінде немесе одан да жиі, бірақ жиі емес жаңартылып отырады.

Бірақ кредиттік ұйымдардың ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуі/ жаңартып отыруымен қатар, олар кредиттік бюролардан да ақпарат ала алады. Сіз кредит ресімдеген кезде, банк немесе кез келген басқа кредиттік ұйым сіздің бұрынғы қарыздарыңызды қаншалықты уақтылы қайтарғаныңызды білгісі келеді. Бұл үшін ол сіздің кредиттік тарихыңызды кредиттік бюродан кредиттік есеп түрінде сұратады.

Қазақстанда екі кредиттік бюро жұмыс істейді –  «Мемлекеттік кредиттік  бюро» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС. Біріншісі туралы толығырақ айтып береміз.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ – бұл Ұлттық Банктің коммерциялық емес еншілес ұйымы.

Бүгінгі күні «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың кредиттік тарих дерекқорына (бұдан әрі – КТДҚ) бес жүзден астам ұйым:

  • барлық екінші деңгейдегі банктер;
  • барлық микроқаржы ұйымдары;
  • банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын барлық ұйымдар;
  • коммуналдық қызметті көрсететін табиғи монополиялар субъектілері;
  • өзге кредиттік ұйымдар;
  • ұялы байланыс операторлары (байланыс құралдарын кредитке не бөліп төлеп алған субъектілер туралы ақпарат);
  • коллекторлық агенттіктер ақпарат береді.

Сонымен қатар аталған ұйымдар «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-қа міндетті тәртіпте ақпарат беретінін және оны жаңартып тұратынын атап өтеміз, себебі бұл заңнамада көрсетілген. Ұйымдар «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ке ақпаратты өздерінің қалауы бойынша береді.

2020 жылғы қаңтардан бастап барлық ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және қарыз беретін, оның ішінде онлайн (қашықтан, интернет арқылы) қарыз беретін ұйымдар заңнамадағы өзгерістерге сәйкес «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚ-қа міндетті тәртіпте ақпарат  беретін болады. Бұл ұйымдардың жартысы «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚ-қа ақпарат бере бастады, алайда 2020 жылдан бастап аталған ұйымдардың барлығы «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚ-қа ақпарат  береді. 

Сонымен қатар, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-та Қазақстан бойынша барлық қарыз алушылардың кредит тарихы бар дерекқорының бар болуымен қатар, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-та сақтандыру тарихтарымен дерекқоры (бұдан әрі – БСДҚ) да бар. Бұл дерекқорға Қазақстанның барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниялары ақпарат ұсынады, бүгінгі таңда ол ұйымдардың саны отыздан асады. Ол жалпы сақтандыруды (оның ішінде автомобильге сақтандыру полисін ресімдейтін) жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары мен адам өмірін сақтандыратын сақтандыру компаниялары.

Оның үстіне 2019 жылдан бастап автомобильге сақтандыру полистері енді онлайн, яғни интернет арқылы ресімделеді. Ол дегеніміз бүгінде қағаз жүзінде сақтандыру полисін кездестіру мүмкін емес. Олар барлығы  «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ  БСДҚ-та сақталады. 

Сіз онлайнда ресімдеген өз сақтандыру полисіңізді «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ https://id.mkb.kz сайтында тексере аласыз. Ол үшін ЖСН және автомобильдің мемлекеттік номерін көрсету қажет. Не сақтандыру полисінің бірегей нөмірін көрсету қажет, осы нөмір сақтандыру полисі онлайнда ресімделгеннен кейін ұсынылады.

Осылайша, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Қазақстан Республикасында кредиттік және сақтандыру тарихи толық деректер базасын қалыптастыру үшін құрылған. Сондай-ақ «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ өз жұмысында КТДБ және БДБС қамтылатын ақпараттың сақталуын, толықтығы мен сенімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Осының бәрі азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғауға жәрдемдеседі және жалпы кредиттік ұйымдардың тұрақтылығына әсер етеді.

white-arrow Тізімге