Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Кредиттер туралы

Кредитті теріс салдарысыз қалай алуға болады

Бәріміз өмірімізде бір рет болсын ақша қарызға алдық. Кейбір адамдар пайыз болмасын деп қарызды таныстарынан ғана алады. Алайда қарыз сомасы өте үлкен болады, сол кезде банкке баруға тиіс боласын. Кредит деген не, және оны өзіңнің әмияныңа және жүйкеңе салдар келтірмей қалай алуға болады.

Кредит – бұл кредитор қарыз алушыға ақшаны пайдаланғаны үшін белгілі пайызбен берген ақшалай қарыз. Кредиттер жеке және заңды тұлғаларға беріледі, нысаналы емес деп бөлінеді – ол банк қарыз алушының түрлі мұқтажына белгілі соманы береді  және нысаналы деп бөлінеді – нақты белгіленген мақсаты болады: тұрғын үйді, автомобильді сатып алуға немесе жөндеуге, білім алуға.

Барлық кредиттерді кепілді және кепілсіз деп бөлуге болады. Мысалы, ипотека деп аталатын пәтер және басқа кез келген жылжымайтын мүлік кепілімен кредит беру схемасы кеңінен таралған. Әдеттегідей, кепілсіз кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер кепілі бар кредиттермен салыстырғанда жоғары. Орташа алғанда, осындай қарыздар бойынша мөлшерлемелер 18-25% болады. Автомобиль немесе жылжымайтын мүлік кепіл ретінде болатын кредиттер бойынша мөлшерлеме төмен.

Кредитті кім ала алады?

Банктер Қазақстанның кәмелеттік жасқа толған азаматтарына және бірқатар талаптарды сақтаған кезде ықтияр хаты бар шетелдік азаматтарға кредиттер береді.

Микроқаржы ұйымдары ресімдеу үшін жеке басын куәландыратын куәлік қана жеткілікті болатын кепілсіз және кірісін растаусыз экспресс-кредиттерді береді. Ірі қарыздар үшін банктердің қарыз алушыларға қоятын талаптары ерекшеленеді: менеджер олардың толық тізімін сізге айтып береді.

Банкте сұрайтын ең аз құжаттар топтамасы:

  • Жеке басын куәландыратын куәлік немесе ҚР азаматының паспорты;
  • Неке туралы куәлік немесе некеде болмағаны туралы нотариустың анықтамасы;
  • Кірісті растау (ұйым басшысының қолы мен мөр қойылған жұмыстан стажы, лауазымы және жалақысы туралы анықтама немесе салық органының белгісі бар дара кәсіпкердің қысқартылған декларациясы);
  •  Мекенжай анықтамасы.

Ерекше жиынтық ДК (дара кәсіпкер) үшін кредитті алған кезде талап етіледі, себебі бұл заңды тұлға үшін кредит болады.

Шартта не болуы тиіс?

Сіз банктік қарыз шартын ресімдейсіз. Бұл Сіздің кредитті толық өтегенге дейінгі банкпен қарым-қатынасыңызды айқындайтын негізгі құжат. Шартты мұқият оқыңыз: бірінші тұрған екі бетте банк қарыздың сомасын, мерзімін, валютасын, сыйақының түрі мен мөлшерін пайызбен, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуі тиіс. Кредитті қандай әдіспен қайтаратыныңыз да айқындалуы тиіс – аннуитеттік немесе сараланған, банк төлемнің мерзімін өткізгені үшін қандай айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептейтіні.

Банк шартта нақты кредитті қайтару және айыппұл санкцияларының ерекшеліктерін жазады. Әрине, ай сайынғы төлемді уақтылы енгіземіз деп ойлаймыз. Алайда төлемнің мерзімін өткізіп алған жағдайда, банк қандай тұрақсыздық айбын есептейтінін білген жөн.

Заң бойынша банк шартқа жадынаманы қоса береді: онда сіз кредит бойынша барлық талаптарды тағы да көресіз. Сіз шартты алысқа қойып қоюыңыз мүмкін, бірақ жадынаманы көз алдында ұстаңыз: ол жауапты іс – кредитті қайтару туралы сізге ескертеді.

Тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы нені білген жөн?

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – бұл қарыз алушының кредиттік шарты бойынша төлеген барлық төлемдерінің жалпы сомасы. Көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің құрамына ай сайынғы төлемдердің мөлшері, барлық алынатын комиссиялар, картаның (егер ол қажет болса) шығарылғаны үшін алымдар, сақтандыру төлемдері немесе шотқа қызмет көрсеткені, анықтамаларды бергені үшін алынатын төлем және басқалары кіреді. Клиенттен алынатын комиссиялар мен төлемдердің нақты тізбесі ҚР Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 30 мамырдағы №134 қаулысымен бекітілді. 

Мөлшерлеме кредит ресімделген мерзімге және оның сомасына байланысты болады. Әрбір кредиттік-қаржылық мекеменің өз ЖТСМ болады, бұл ретте ол белгіленген лимиттен аспауға тиіс. ҚР Ұлттық Банкінің қаулысына сәйкес аталған көрсеткіш үшін 56%-дан аспайтын шек белгіленген. 

Сіз ЖТСМ-ді Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінде есептей аласыз.

Қандай валютада кредит алған дұрыс?

Ұзақ мерзімді кредиттерді табысты қай валютада алсаңыз, сол валютада алған дұрыс. Осылайша сіз валюталар бағамының ауытқуларынан сақтанасыз. 

Кредиттер бойынша төлемдер сомасын өтей алмайтын жағдайға жеткен қазақстандықтар үшін қайта қаржыландыру бағдарламасы бар. Банкке өтініш жасаңыз: ол сіз валюталар бағамына тәуелді болмау үшін кредитті теңгеге аударуды қарастырады. 

Кредит пен бөліп төлеу: айырмасы қандай?

Бөліп төлеу – бұл сатып алуды артық ақшасыз тең бөліктермен төлеу. Сіз дүкеннен тоңазытқышты бүгін алып кетесіз, ал ол үшін үш ай ішінде есептесесіз. Дүкен қаражаттың пайдаланылғаны үшін банкке пайызды сіз үшін төлейді. Кейде аздаған артық төлемі бар кредитті де бөліп төлеу деп айтамыз. Сіз оны ай сайынғы төлемді бөліп төлеген айларға көбейтіп тексере аласыз, яғни соманың дүкендегі тауардың жиынтық төлемінен асып кету-кетпеуіне қарап білесіз. 

Мынау дүкендердің бірінен тоңазытқышты 184 800 теңгеге бөліп төлеу үшін сатып алу кезінде ай сайын жасалынатын төлемдердің мысалы.

Fingramota_Kak_rabotaet_kredit-(kz)-02.jpg

3 айға
бөліп төлеу
6 айға
бөліп төлеу  
12айға
бөліп төлеу 

Ай сайынғы төлем

61 600 тг.

32 941 тг.

17 426 тг.

Тоңазытқыштың жиынтық сомасы   

184 800 тг.

197 646 тг.

209 112 тг.

Кредитті қашан алу керек?

Кредит ірі жоспарларды жүзеге асыруға көмектеседі – сіз пәтер құнының жартысын ғана жинақтап, оны сатып ала аласыз немесе автосалондағы пайдалы ұсынысты қолдана отырып, автомобиль ауыстырасыз.

Кредит – екі тарап үшін үлкен жауапкершілік. Банк ақшаның қайтарылуына сенімді болуы тиіс, сондықтан әрбір қарыз алушыны жан-жақты тексереді. Ал сіз борышты қалай қайтаратыныңызды білуіңіз керек. Тұрақты кіріс көзіне ғана сүйеніңіз. Лотереяға, үйлену тойына түсетін көп ақшалай сыйлыққа немесе жұмыста уәде берілген сыйлықақыға үміттенбеген жөн.  

Кредит туралы нені білу керек:

  • Шарт пен оның талаптарын мұқият оқыңыз. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін білген жөн және сіз нәтижесінде банкке алған сомаға қарағанда айтарлықтай көп соманы қайтаратыныңызды түсінгеніңіз абзал.    
  • Кредитті кіріс алатын валютада таңдаңыз. 
  • Борышты қайтару туралы ойлаңыз: тұрақты кіріс көзіне сеніңіз.

Fingramota_Kak_rabotaet_kredit-(kz)-03.jpg