Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Ипотекалық кредит

Kredity_ipotechnyi_kredit-02.jpg

Тұрғын үй сатып алуға банктен кредит алу меншікті үйі немесе пәтері туралы армандаған адамдар үшін ең дұрыс жол сияқты болып көрінеді. Біз кредитті ресімдеген кезде балалар бөлмесіндегі тұсқағаздың түр-түсі және жайлы жағдай жасау бойынша басқа да жағымды іспен айналысу туралы ойлаймыз. Алайда сіз сатып алынған баспана үшін 10 жыл өткеннен кейін де әр ай сайын ақы төлейтініңізді ұмытпағаныңыз жақсы. Ипотекалық кредит – отбасылық бюджет үшін әбден ойланатын сынақ.

Ипотекалық кредитті қашан алу қажет

Банкке бармай тұрып барлық жағдайды ой елегінен өткізіңіз. Сіз егер төменде аталған тармақтардың біреуі сізге қатысты болса ипотека туралы ойлансаңыз болады.

  • Сіз тұрғын құнының 60-80%-ы мөлшерінде бастапқы жарнаны жинадыңыз және пәтер үшін 3-5 жыл ішінде есеп айырыса алатыныңызға сенімдісіз.

  • Сіз бірнеше жылға алдын ала еңбек келісімшартына қол қойдыңыз және сіз жұмыс берушіге және өзіңіздің ай сайынғы кіріс деңгейіне күмәнданбасаңыз.

  • Сіздің мамандығыңыз сұранысқа ие болса және сіздің кірісіңіз жыл өткен сайын ұлғайса.

  • Кредит бойынша төлемдер отбасылық кірістің 30%-нан аспайды. Егер отбасының бір мүшесі жұмысынан айырылса да, сіз бастапқы өмір сүру әдетіңізден бас тартпай, банк алдындағы ай сайынғы борышыңызды өтей алсаңыз.

Ипотекалық кредит туралы нені естен шығармау қажет

Ипотекалық кредит бойынша кепіл – сіз сатып алатын баспана. Сіздің пәтеріңіз немесе үйіңіз – сіз кредитті толық өтемейінше банктің меншігі. Егер сіз ай сайынғы төлемді енгізуді тоқтатсаңыз, банк пәтеріңізді сізден алып, сата алады.

Ипотекалық кредит бойынша шартта көрсетілген күнге дейін 2-3 жұмыс күні бұрын төлеуге тырысыңыз. Осылайша ақша кешігіп түсетін ықтимал техникалық іркілістерден сақтана аласыз. Егер сіз төлемді бір ғана күнге кешіктірсеңіз, банк бәрбір бұл ақпаратты сіздің кредит тарихыңызға енгізеді. Кешіктіргеніңіз үшін келесі кредит алуға өтініш білдірген кезде банк сізге кредит беруден бас тартуы мүмкін.

«Қаржылық қауіпсіздік жастығын» құрыңыз: банктен ипотека бойынша 3-6 ай төлем сомасы болатын депозит ашыңыз. Егер сіз жұмыстан қысқарсаңыз немесе жалақыңыз төмендесе, сіз мәселеңіз шешілгенге дейін ипотека бойынша борышыңызды уақтылы өтей аласыз. Сіз жақсы кредит тарихын сақтайсыз, кредит бойынша төлем жасайсыз және жаңа жұмыс іздеу мәселесін байсалды шешесіз.

Егер сіздің ипотекалық кредитіңіз проблемалық болса да, бұдан шығар жол табуға болады. Заң қарыз алушыларды айыппұлдар мен өсімпұлдардың шексіз өсуінен қорғайды. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі борыш сомасына берешекті капиталдандыруға тыйым салынған. Сондай-ақ банктер қарыз алушы мерзімін қатарынан 180 күн кешіктіргеннен кейін есептелген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ете алмайды.

Егер қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз

Төтенше жағдай және қаржылық проблемалар сізді борышты төлеуден босатпайды. Сіз банкпен жасалған, қол қойылған шартты өзгерте алмайсыз, алайда борышты қайтару талаптарын өзгертуге өтініш жасай аласыз. Кредит бойынша төлей алмасаңыз сіз жасауыңыз қажет бірқатар қадам:

  • Туындаған қиындықтар туралы банкке бірден хабарлаңыз. Мұны мерзімін кешіктіргеннен кейін емес, алдын ала істеңіз. Өтінішті тіркетіңіз: бұл сіздің уақытысында өтініш білдіргеніңізді дәлелдей алады. Банк сіздің жауапкершілігіңізді және адалдығыңызды бағалайды.

  • Банк сіздің борышыңызды кешіреді деп ойламаңыз. Сіз қандай жағдайда болмасын бүкіл кредитті төлеуіңіз қажет. Алайда банк жағдайға қарауы мүмкін: кредиттеу мерзімін ұлғайту есебінен сіздің ай сайынғы төлеміңізді азайту немесе мерзімін белгілі бір мерзімге ұзару.

  • Еңбекақымызды кешіктірген кезде шығындарымызды азайтуға тырысамыз. Кредит бойынша төлеуді тоқтатамыз. Бұл үлкен қателік: ойын-сауыққа немесе киім алуға шығынданбай, үнемдеңіз, алайда кредит бойынша уақтылы төлеңіз.

Ипотекалық кредит туралы мыналарды білуіңіз маңызды:

  • Егер ипотекаға отбасылық кірістің 30%-ынан аспайтын қаражат төлесеңіз, ипотека алыңыз.

  • Мерзімін кешіктіруге жол бермеу үшін белгіленген күнге дейін 2-3 жұмыс күні бұрын төлем енгізіңіз.

  • Ипотека бойынша 3-6 ай төлемі бар резервтік қор құрыңыз. Бұл төтенше жағдай кезінде көмек болады.

  • Қаржы қиындықтары туындаған кезде бұл жөнінде бірден банкке хабарлаңыз. Банк мәселенің бейбіт шешілуіне мүдделі.