Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Депозиттің пайдасы

Deposity_kak_ocenit_realnuyu_dohodnost_deposita-02 copy.jpg

Депозиттің нақты кірістілігін қалай бағалауға болады

2018 жылғы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша талаптар өзгерді. Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазанға дейін ашылған салымдар бойынша талаптар мерзімін ұзарту сәтіне дейін өзгермейді.

Салымдар мерзімді, мерзімсіз және жинақ салымдар болып жіктеледі. Салымның осы түрлерінің кез келгені «жинақ ақшадан табыс алуға» мүмкіндік береді. Бірақ теңгедегі салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жоғары, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша керісінше – ең төмен екенін білу қажет. Сондықтан валюталар бағамдарының ауытқуларынан табыс алуға ұмтылмаңыздар: барлық жинақ қаражатыңызды немесе жинақ қаражатыңыздың негізгі бөлігін тиімді талаптармен теңгемен сақтаңыз.

Белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар салымдардың санаттары

Белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар салымдардың санаты Толықтыру құқығынсыз салымдар бойынша шекті мөлшерлеме (ЖТСМ) Толықтыру құқығымен салымдар бойынша шекті мөлшерлеме (ЖТСМ) Кепілдіктің ең жоғары сомасы
1. Ұлттық валютадағы мерзімсіз салымдар 10,50% 10 млн теңге
2. Ұлттық валютадағы мерзімді салымдар
қоса алғанда 3 айға дейін 11,00% 10 млн теңге
қоса алғанда 6 айға дейін 11,80% 11,00% 10 млн теңге
қоса алғанда 12 айға дейін 12,00% 11,00% 10 млн теңге
24 айдан астам 12,50% 10,50% 10 млн теңге
3. Ұлттық валютадағы жинақ салымдар
қоса алғанда 3 айға дейін 12,00% 15 млн теңге
қоса алғанда 6 айға дейін 12,80% 12,00% 15 млн теңге
қоса алғанда 12 айға дейін 13,00% 12,00% 15 млн теңге
24 айдан астам 13,50% 11,50% 15 млн теңге
4. Шетел валютасындағы депозиттер 1,00% 5 млн теңге

Сыйақыны капиталдандыру

Егер өз жинақ қаражатыңыздан көбірек пайда алғыңыз келсе – капиталдандыру мүмкіндігі бар депозитті қарастырыңыз. Банк автоматты түрде кезеңнің соңында депозиттің сомасына сыйақы есептейді және келесі кезеңнің соңында сіздің салымыңыздың сомасын ғана ескеріп қоймай, сондай-ақ бұрын есептелген сыйақыны да ескере отырып сыйақы есептейді. Банк шартта көрсетілген кезеңнің соңында автоматты түрде сыйақыны капиталдандыратын болады: ол тоқсан, ай тіпті күн болуы да мүмкін. Егер банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделмеген болса, онда банк әрбір кезеңнің соңында тең бөліктермен сыйақыны есепке жазатын немесе төлейтін болады.

Депозит сомасы әр айда сыйақы есебінен ұлғаяды – яғни, депозиттің нақты кірістілігі де өседі. Егер салым қомақты болса, бұл ерекше пайдалы болуы мүмкін. Егер капиталдандыру жоқ болса, онда банк әр айдың соңында тең сыйақы төлейтін болады.

Салымдардың кірістілігі туралы нені білу қажет

  • Егер валюта нарығында ахуалды жан-жақты бағалау үшін дағдылар мен ресурстарыңыз болмаса, онда депозит есебінен валюталар бағамдарының ауытқуларынан пайда алуға ұмтылмаңыз.
  • Депозиттің кірістілігі жылдық пайыздармен көрінеді.
  • Капиталдандыруы бар депозиттер бойынша, сондай-ақ ұлттық валютадағы жинақ салымдары бойынша кірістілік жоғары екені байқалады.

Номиналды және тиімді мөлшерлеме

Банктік депозиттік өнімдер жарнамасында номиналды және тиімді сыйақы мөлшерлемесі – ЖТСМ көрсетіледі. Олардың немен ерекшеленетінін талдап көрейік. Номиналды мөлшерлеме – бұл кезең үшін сыйақы есептелетін жылдық пайыздармен мөлшерлеме. Мысалы, ай сайынғы сыйақы 12 айға белгіленген пайыздың үлесі ретінде есептелетін болады. Тиімді мөлшерлеме – бұл номиналды мөлшерлеме мен сыйақыны капиталдандыру есебінен кірістіліктің қосындысы.

Егер банк депозит бойынша жоғары кірістілікті ұсынатын болса

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Директорлар кеңесі кемінде жарты жылда бір рет теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарап отырады. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мерзімсіз салымда – 10,5%, мерзімді салымда – 12% және жинақ салымда – 13%. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 1%.

Бұл ұсынылатын мөлшерлемелер – кез келген банк бұдан жоғары мөлшерлеме ұсынуға құқылы. Мұндай банк ең жоғары коэффициент бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесінің резервіне жарна төлейді.

Депозиттер бойынша ерекше тартымды талаптар банкте өтімділікпен проблемалар бар екенін білдіреді деп саналады: банк қысқа мерзімде көп депозит тартуға ұмтылады. ҚДКБҚ жоғары мөлшерлемесі бар депозиттерге барлық басқа депозиттер сияқты талаптармен кепілдік береді – сондықтан егер сізді жоғары кірістілік қызықтырған болса, кепілдік берілетін соманы ұстаныңыз. Депозиттер бойынша ұсынылатын кірістіліктің өзгерістерін ҚДКБҚ сайтынан бақылап отырыңыз.

Шетел валютасындағы депозиттер

2015 жылғы тамызда Ұлттық Банк еркін айырбастау бағамына өту туралы хабарлады. Енді айырбастау бағамын валюта нарығының қатысушылары қалыптастыратын болады, яғни валюта бағамының қозғалысы әлсіреу жағына қарай да, нығаю жағына қарай да болуы мүмкін. Егер сіздің айырбастау бағамының қозғалысын болжау және барлық тәуекелдерді бағалау үшін жақсы экономикалық біліміңіз болмаса – негізгі жинақ қаражатыңызды ұлттық валютада сақтаңыз. Ақшаңыздың бөлігін шетел валютасымен сақтасаңыз болады – бұл бір валютаның нығаюына байланысты тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.