Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Депозиттер бойынша кепілдіктер

Fingramota_granatiya_po_depozitam-02.jpg

Екінші деңгейдегі банктерде депозиттер аша отырып, қазақстандықтар олардың сақталатындығына сенімді: елімізде кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді. 1999 жылғы жұмыс істеген уақыттан бері жүйе өзінің сенімділігін растады. 1 қазаннан бері жүйе айтарлықтай сараланды. Бұл – барлық салымшылар үшін маңызды ақпарат. Депозитті ашқан кезде нені есте сақтау қажет?

Мемлекеттің кепілдігі қандай?

  • Заң ақшаның – банк жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің теңгемен, сол сияқты шетел валютасындағы салымдарының, ағымдағы банктік шоттарындағы және банктік карталарындағы қалдықтардың сақталуына кепілдік береді.
  • Егер банк соттың шешімімен жабылатын болса, онда салымшы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКҚ) өтемақы алады.
  • ҚДКҚ банкті банкрот деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап  14 жұмыс күні ішінде банк салымшылармен және клиенттермен есеп айырыса бастайды.
  • 2018 жылғы қазаннан бастап енгізілген теңгемен жинақтау салымына ақша енгізілген жағдайда кепілдіктің ең жоғары сомасы 15 миллион теңгені құрайды. Ұлттық валютадағы басқа салым түрлері бойынша кепілдік сомасы бұрынғы деңгей – 10 миллион теңге деңгейінде, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге деңгейінде қалды. Сонымен бірге бір салымшының бір банктегі барлық депозиттері бойынша төлемдер сомасы 15 миллион теңгеден аспайды.
  • Егер сіз ірі салымшы болсаңыз, депозиттерді әр банкте кепілдік берілген сома шегінде орналастырыңыз.

Депозиттер бойынша кепілдіктер

Ағымдағы банктік шоттардағы салым немесе төлем карточкасындағы ақша заңнамамен қорғалады. Егер банк банкрот болса, салымшы өтемақыны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының резервінен алады.

Қор салымды немесе шоттағы қалдықты заңнамада барлық банк үшін айқындалған сома шеңберінде өтейді. 

 Fingramota_granatiya_po_depozitam-03.jpg

ҚДКҚ мыналарды қорғайды:

  • Салымдар – мерзімді, шартты, талап еткенге дейінгі, жинақ
  • Ағымдағы шоттағы ақша
  • Төлем карточкасындағы ақша
  • Банктердің клиенттері – жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер
  • Кез келген валютадағы салымдар

Депозит қалай сақтандырылады?

Ол үшін депозитті сақтандыруды дербес ресімдеудің, қосымша шартқа қол қоюдың және кепілдік үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Депозиттер бойынша кепілдік заңда көзделген. Ашылған немесе толықтырылған сәттен бастап депозит ҚДКҚ-ның қорғауына өтеді. Резерв банктердің қорда біртіндеп жинақталған жарналары есебінен қалыптасады. Егер сіз салым, банктік шот немесе төлем картасын жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке нотариус немесе адвокат ретінде ашсаңыз, ақшаның өтеу сомасы шегінде сақталуына кепілдік беріледі.

Депозиттерді сақтандыру жүйесіне қандай банктер кіреді?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне депозиттерді қабылдауға, клиенттер – жеке тұлғалардың шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар әрбір банк қатысады. Егер банк мұндай лицензияны енді ғана алған болса, онда ол депозиттерге кепілдік беру жүйесіне бірінші депозитті қабылдағанға дейін кіруге міндетті.

Банкіңіздің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кірген-кірмегенін ҚДКҚ сайтынан тексеріңіз.

Өтеу сомасы

ҚДКҚ депозиттің толық сомасын толықтыруларды ескере отырып, бірақ ең жоғары кепілдік берілген сомалар шеңберінде өтейді.   

Fingramota_granatiya_po_depozitam-04.jpg

Кепілдік берілетін сома

ҚДКҚ өтемақыны теңгемен ғана төлейді. Шетел валютасындағы депозит бойынша өтеу сомасы соттың банкті тарату туралы шешімі күшіне енген күнгі белгіленген валюталар бағамы бойынша төленеді. Егер салымшыда бір банкте теңгемен де, шетел валютасымен де депозиті немесе мультивалюталық депозиті болса, ҚДКҚ барлық ақшаны теңгемен өтейді.

Депозит бойынша кепілдік сомасын қордың сайтындағы онлайн-калькулятордың көмегімен есептеуге болады

Жинаған ақшаңызға қауіп төнбес үшін депозиттерді түрлі банкте орналастыруға кеңес беріледі. Қордың кепілдігі жинақтап берілмейді: әр банкте депозиттер кепілдік берілген сома шегінде жеке-жеке қорғалады.

Егер депозитте кепілдік берілген сома көп болса

Егер депозиттің немесе шоттағы қалдық сомасы кепілдік берілген сомадан көп болса, ҚДКҚ ақшаны кепілдік берілген сома шегінде өтейді. Қалғанын банктің мүлкі мен активтерін сату барысында тарату комиссиясы төлейді. Тарату комиссиясы депозит сомасына қарамастан есептелген сыйақыны да өтейді.

Өтемақыны төлеу мерзімі

Банкті тарату туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күнінің ішінде ҚДКҚ банктің салымшылары мен клиенттеріне өтемақыны төлей бастайды. Оның ішінде жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ карточка ұстаушыларға төлей бастайды.

Банк қызметкерлері, жұмысшылары, әріптестері, кредиторлары өтемақыны тарату комиссиясынан банктің активтері мен мүлкі сатылу барысында кезекпен алатын болады – депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалармен ғана жұмыс істейді.

Қарыз бен депозит бір банкте

Сіз қарызды да, депозитті де бір банкте ресімдедіңіз дерлік, ал бұл банк банкрот деп танылды. Бұл жағдайда ҚДКҚ өзара есеп жасап, банктің алдындағы борышты шегеріп, депозит бойынша өтемақы төлейді.  Салым бойынша есептелген, бірақ алынбаған сыйақы есептеуде ескеріледі және банктің алдындағы міндеттемелер сомасы азаяды.

Кепілгер кім?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі әлемнің 123 елінде жұмыс істейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы депозиттерді міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

ҚДКҚ Депозиттерді сақтандыру жүйелерінің халықаралық қауымдастығына (IADI) кіреді. Бұл ұйым 80 елдің депозиттерге кепілдік беру қорларын біріктіреді. Ол елдер – АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа елдері, Азия-Тынық мұхиты өңірі, Латын Америкасы елдері. Қауымдастық мүшелері тәжірибе алмасып, депозиттерді сақтандырудағы стандарттарды бірге қалыптастырады.

ҚДКҚ  IADI қауымдастығының екі беделді наградасын алды. Бұл сарапшылар – шетелдік депозиттерге кепілдік беру қорларының басшылары Қазақстан депозиттерінің халықаралық стандарттар бойынша сақтандырылғанын мойындайтынын білдіреді.