Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Депозит туралы

Deposits_kz.jpg

Депозит немесе салым – қазақстандықтардың көпшілігіне белгілі ең қарапайым қаржы өнімі. Көпшілігінің түсінігінше, бұл капитал жинақтаудың қолжетімді және түсінікті тәсілі. Ең алдымен, депозит ашпас бұрын, салымның мақсатын айқындап алу,  салымдардың қандай жіктеулерін бар екенін және әрбір нақты жағдайда жинақ ақшаның қандай түрлері неғұрлым сәйкес келетінін қарау қажет. Егер таңдау кезінде қиындық болса, өз банкіңнен ақпарат сұрауға болады. Бірақ жалпы қағидалар да бар.

Қайтару талаптарына қарай, салымдар мынадай болып бөлінеді:

  1. Мерзімді. Салым белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлеммен қайтаруды мерзімімен бұрын талап ету құқығымен белгілі бір мерзімге салынады. Төлем күнтізбелік 7 күн ішінде жүргізіледі;

  2. Мерзімсіз. Салық белгіленбеген мерзімге салынады және ақшаны кез келген уақытта және кез келген (қолда бар сома шегінде) санда алуға болады. Әдетте, осындай салымдар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесі қалғандарына қарағанда төмен.

  3. Жинақ. Салым белгілі бір мерзімге салынады. Мерзімінен бұрын алған кезде сыйақы мөлшерлемесін банк қайта есептейді және күнтізбелік 30 күн ішінде төленеді. Бұл біздің нарығымыз үшін депозиттің жаңа түрі. Екінші деңгейдегі банктер 2018 жылғы қыркүйектен бастап жинақ салымдарын ұсына бастады.

Егер салымшы мерзім аяқталғаннан кейін кез келген салымның сомасын талап етпесе, онда банк шартты автоматты түрде ұзартады.

Салымдар сыйақысы капиталдандырылған және онсыз болуы мүмкін. 

Сыйақыны капиталдандырған кезде ағымдағы ай үшін есептелген сома салымшының «қолына» берілмейді, негізгі депозиттің сомасына қосылады, сонымен қатар оны ұлғайтады. Осындай жағдайда сыйақы келесі айда ұлғайған сомаға есептеледі. Осылайша салым шарты мерзімінің соңына дейін.

Кірістілік тұрғысынан алғанда капиталдандырылған депозиттер ең тиімді депозиттер.

Теңгедегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлемеге қарағанда жоғары. Олардың сондай-ақ салымның түріне қарай айырмашылығы болады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2018 жылғы 1 қазаннан бастап сыйақының жаңа шекті мөлшерлемелерін бекітті. Жаңа қағидаларға сәйкес теңгедегі мерзімді және мерзімсіз депозиттердің олардың талаптарына қарай 10,5% – 12,5% аралығындағы шекті мөлшерлемелері болады. Жинақ салымдары бойынша шекті мөлшерлеме 12% – 13,5% аралығында құбылып отырады.

Депозит банктік салым шартымен жазбаша нысанда ресімделеді. Осы талап сақталмаған кезде шарт жарамсыз болып саналады.

ЧитайтеДоговор_kz.jpg

Құжатқа қол қояр алдында онымен мұқият танысу және банктің қызметкерлерінен барлық түсініксіз жағдайларды нақтылау керек. Тараптар қол қойған шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жасалған болып саналады. Жасалған шарттар бойынша қандай да болсын келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.   

Банк банкрот болған немесе мәжбүрлеп таратылған жағдайда мемлекет салымшыларға депозитті өтеуге кепілді береді. Қордың кепілдігі жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің барлық депозиттеріне қолданылады. Теңгедегі жинақ салымдарының жеті түрі бойынша ең жоғары кепілдік беру сомасы 15 миллион теңгені; теңгедегі мерзімді және мерзімсіз депозиттердің барлық түрі – 10 миллион теңгені; шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.

www.nationalbank.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде депозиттерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктердің тізімімен танысуға болады.