Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Банктердің депозиттік өнімдері

Deposits_vidy_bank_depositov-02.jpg

Депозиттер. Тиімдісін қалай таңдап алуға болады

Банктік депозит – салымдарды сақтаудың барынша тиімді және қорғалған тәсілі. Сонымен қатар ол банктік сыйақы есебінен табыс табуға мүмкіндік береді. Салымшы ақшалай салымды банкке жеке шарт негізінде белгіленген немесе белгіленбеген мерзімге орналастырады. Банк ақшаны сақтайды және бұрын келісілген график бойынша қалдық сомасынан пайызбен салымшыға сыйақы төлейді. Демек, Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кіріске салық салынбайды.

Банктік депозит өнімдерінің түрлері

Қазақстанда банктік салымдардың үш түрі бар – бұл мерзімді, мерзімсіз және жинақ  депозиттері. Кейбір салымшыларға ағымдағы банктік шотты жүргізу ыңғайлы болады, ал қаржы саласында барынша тәжірибелі салымшылар депозиттік сертификатты сатып алуға мүдделі болуы мүмкін.

Депозит жинақты сақтауға ғана емес, сол сияқты алда тұрған міндеттерге байланысты меншікті қаржы стратегиясын қалыптастыруға көмектеседі.  Депозиттің қандай түрлері депозиттік шарттың мерзімі ішінде ақшаға иелік етуге – депозиттен ақшаны ішінара немесе толық алуға мүмкіндік береді, баяндау қажет пе?  Үшеуін де қарап көрейік.

Мерзімді банктік салым

Бұл белгілі мерзімге – бір айдан бір жылға дейін немесе бірнеше жылға арналған салым. Толықтырылып тұрады, сол сияқты толықтырылмайды. Ішінара алу талаптары түрлі банктерде әр түрлі. Салымшы мерзім аяқталғаннан кейін депозиттегі ақшаны ала алады немесе депозиттің мерзімін келесі кезеңге ұзарта алады  – шартты ұзарта алады. Егер салымшы шарт аяқталған соң банкке өтініш жасамаған жағдайда, шартты автоматты түрде ұзарту шарттың өзінде де көзделуі мүмкін.

Егер ақшаны мерзімінен бұрын алу көзделмесе, ал ақша қажет болғанда, онда салымшы шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы  – бұл жағдайда банк ақша сақтаудың нақты кезеңіне байланысты депозит бойынша кірістілікті қайта санайды және салымшының талаптарын алған сәттен бастап күнтізбелік 7 күннің ішінде ақшаны төлейді.

Мерзімсіз банктік салым

Салымшының ағымдағы қаржылық  қажеттілігіне  қызмет көрсетуге мүмкіндік  беретін  мерзімсіз депозит:  ақша  салымшының  бірінші  талап  етуі  бойынша толық  немесе ішінара қайтарылуға  жатады, салымшының  кез келген  уақытта  өзіне  тиесілі  сыйақыны салым  сомасынан  бөлек  алу  құқығы  бар.  Мұндай салымдар  бойынша  сыйақы мөлшерлемесі, әдетте мерзімді депозиттерге  қарағанда төмен. 

Жинақ банктік  салым

Бұл салым белгілі  бір  мерзімге – бір айдан  бір жылға  дейін,  немесе  бірнеше  жылға арналған.

Салымшы ақшаны мерзімінен  бұрын қайтаруды талап ете алады, бірақ  бұл жағдайда  сыйақы  талап етуге  дейінгі салым мөлшерлемесі  бойынша  төленеді. Сомасын  толық, сол сияқты  ішінара талап етуге болатын мерзімді салымға  қарағанда жинақ салымында  төлем  тек толық  болады.  Мұндай  жағдайда  төлем мерзімі  күнтізбелік  30 күнді  құрайды.

Банктер ең  жоғары сыйақыны осы  жинақ салымдары бойынша ұсынады: салымшылар теңгемен депозиттер бойынша 13,5%-ға  дейін ала алады.

Ағымдағы банктік  шот

Банктік  шоттар тегін ашылады және қызмет  көрсетіледі. Мұндай  шотты клиентке  банктік карточканы шығару  үшін,  зейнетақы  мен  жәрдемақыны  аудару  үшін (Зейнетақыны   төлеу  жөніндегі  мемлекеттік  орталықтан  төленетін төлемдерден  басқа) міндетті  түрде  ашады. Банк  ағымдағы  шот бойынша шығыс  операцияларын  банкке  өтініш  жасалған кезде   клиенттің  жазбаша  нұсқауы  негізінде  немесе  интернет-банкинг  жүйесінде ағымдағы  шоттағы  сома шегінде  ғана  жүргізеді.  Ағымдағы  шоты  болған кезде клиент интернет-банкинг  жүйесінде тауарларға және қызметтерге ақы төлей  алады.

Банк  ақшаны  алу  немесе  басқа  шотқа  аудару  бойынша операциялар  үшін  комиссиялық сыйақы  белгілей алады,  бірақ кейбір  банктер шоттағы  қалдық ақшаға  сыйақы есептей алады. Кәсіпкерлік  қызметпен байланысты  операцияларды  ағымдағы  банктік шоттар  бойынша  жүргізуге  жол  берілмейді.

Депозиттік сертификат

Бұл банктік депозиттік өнім емес – банк шығарған атаулы бағалы қағаз. Шығарылым талаптарында белгіленген айналыс мерзімді аяқталғаннан кейін депозиттік сертификаттың ұстаушысы депозиттік сертификаттың номиналдық құнын және пайыздық кіріс алады – ол әдетте банктік салымдар бойынша кіріске қарағанда жоғары. Депозиттік сертификаттың ұстаушысы ақшаны толықтыра немесе ішінара ала алмайды. Депозиттік сертификатты айналыс мерзімінің кез келген сәтінде клиенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеген кезде сыйақы толық жоғалады.

Сыйақы мөлшерлеменің жоғары болуы нәтижесінде неғұрлым білікті инвесторлар депозиттік сертификатқа мүдделі болады. Депозиттік сертификаттың ұстаушысы банктің клиенттермен жұмыс істеу бөлімімен емесе, қазынашылығымен жұмыс істейді. Бағалы қағаздар Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде тіркеледі және бірегей сәйкестендірушісі болады.

Депозиттердің, ағымдағы және карточкалық шоттардың сақталуына кепілдік

Жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің банктік салымдарының барлық түрі, ағымдағы және карточкалық шоттары депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңмен қорғалған. Егер банк соттың шешімі бойынша жабылса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банктің салымшыларына депозиттің сомасын былайша өтейді: 15 миллион теңге шегінде – теңгедегі депозиттер бойынша (жинақ салымы ғана); 10 миллион теңгеге дейін – мерзімді және мерзімсіз депозиттер бойынша; және 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

ҚДКҚ кепілдігі банктік салымдармен қатар банктік шоттардағы және төлем карточкаларындағы қалдықтарға сол талаптармен және сол мөлшермен қолданылады. ҚДКҚ депозиттік сертификаттардың құнын қайтаруға кепілдік бермейді. Депозиттерге берілетін кепілдіктер туралы толығырақ.

Deposits_vidy_bank_depositov333.jpg

Депозиттер туралы нені ескеру маңызды?

Аса жоғары кірістілік жинақ салымы бойынша, ал ақшаны неғұрлым еркін жұмсау мерзімсіз салым бойынша көзделген.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң жеке тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің банктік салымдарының барлық түрін, ағымдағы және карточкалық шоттарын, сондай-ақ шетел валютасындағы депозиттерді қорғайды.

Банктік салым жинақ ақшаны сақтауға ғана емес, сонымен қатар меншікті қаржы базасын біртіндеп қалыптастыруға көмектеседі – сонымен қатар түсінікті мерзімдерде тұрақты сыйақы есептеледі.