ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ 2007 – 2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жабу
Тіркелу не үшін қажет?
Құрметті тұтынушы, біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз қарым-қатынас орнату мен пайдалы ақпарат алуда көп мүмкіндікке ие боласыз. Тіркеуден бір рет өткеннен кейін, Сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • форумдарда тілдесуге және тәжірибеңізбен алмасуға
  • «Блогтарда» сарапшылармен тілдесуге
  • «Сұрақ-жауап» бөлімдерінде сұрақ қоюға
  • Мақалалар мен жарияланымдарға өз ой-пікірлеріңізді қалдыруға
  • «Жеке бюджет» жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат алу

Қаржы әлемінде біздің сайт сіздерге тіректі көмекші болатындығына сенеміз!

По русский Қазақша
Бюджетті жоспарлаймыз Бәрі несие туралы Инвестициялаймыз Зейнетақыны жоспарлаймыз

Саяси шешімдер институты клубы (СШИК) сіздерді 2011 жылы 19 мамырда сағат 17:00 «Халықтық IPO: іске асырылу жолдары» тақырыбындағы өтетін кезекті мәжілісіне шақырады

На печать


Оқиғалар

«Халықтық IPO» - халықты бағалы қағаздарға инвестициялауға тарту, қор нарығын белсенді ету, экономиканы қормен қамтамасыз етудің ішкі көздерін іске қосумен байланысты болғандықтанғ,  үлкен сенім артылып отыр. Бастамашылардың пайымдауынша, ұлттық және мемлекеттік компаниялар акцияларының халық  арасында алғашқы және кезекті орналастырылуы қазақстандықтардың жинақтарының (соның ішінде зейнетақылық) экономиканың артуымен тепе –тең ұлғаюын қамтамасыз етеді, жылжымайтын мүлік нарығында орын алған инвестициялық «көпіршіктің» пайда болуы тәуекелін төмендетеді, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтады.

Алайда нақты ойластырылған әрі тиянақты есептелген стратегиясыз халықтық капитализм идеясы кері нәтиже беруі мүмкін. Халықтың қаржылық сауатын арттыру, коммерциялық компаниялардың (қымбат орналастыру) және  жеке инвесторлардың (минималды бағамен сатып алу және арту әлеуетін пайдалану)  мүдделері  қақтығысын реттеу сияқты бірқатар мәселелер шешілуі қажет. Одан басқа, миноритарийлер, ірі акционерлер мен компания   менеджментінің  қатынастарындағы келешекте болуы ықтимал шиеленістер де бар. Күмәншілдердің болжауынша, акциялар бағасының қымбаттығынан IPO халықтыққа айналмайды, ал алдын ала шараларға қарамастан акциялардың барлығы бір «қолда» шоғырланатын болады.


Осы бастаманың толық іске асуын қалай қамтамасыз етуге болады? Оны нақты экономикалық мазмұнды етудің жолдары қандай? Ұлттық компаниялар, сатып алушы – инвесторлар, қаржы нарығына кәсіби қатысушылардың әрекет ету алгоритмі қандай
? Процеске қатысушылардың тиімді қатынасын қамтамасыз ету жолдары?

Осы сұрақтарға берілетін дұрыс жауаптар, алғашқы табысты нәтижелер еліміздің  қаржылық жүйесінің, экономикасының  дамуына деген сенім мен жаңа сапаны қамтамасыз етеді. 

Сіздердің әділ бағаларыңыз бен ұсыныстарыңыз мәселені кәсіби әрі сапалы деңгейде талқылауға әсер етеді. Конструктивті пікір алмасуға негізделген қатынас форматы қалыптасқан жағдайды объективті қарастыруға және аса маңызды тұстарға мән беруге ықпал  етеді. 

СШИК мәжілістерінің нәтижесі  жауапты мемлекеттік ведомстволарға ұсыныстар ретінде тапсырылып, баспасөз беттерінде және  интернет- басылымдарда жарық көреді.


Мәжіліске экономистер, қаржыгерлер, мемлекеттік орган, инвестициялық және ұлттық компания, саяси партия және ҒӨҰ өкілдері, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар, кәсіпкерлер мен  журналист-шолаушылар, сонымен бірге миноритарлы акционерлік отандық компаниялар қатысады.


СШИК мәжілісі 19 мамыр 2011 жылы сағат 17:00 (тіркелу сағат 16.30 басталады) мекен жайымыз: Төлебаев көшесі, 38 (Мақатаевадан төмен), «Жетісу» БО, 3 қабат  (жаңа бөлігі), конференц-зал.

Шараға қатысу ниетіңізді мына байланыс телефондары арқылы растауыңызға болады:


Жулдыз Алматбаева
тел.: +7 (727) 3342180 (вн.146)
факс: +7 (727) 3342180 (вн.124)
моб.: +7 701 39 15 233
е-mail: club@ipr.kz, almatbayeva.z@ipr.kz