Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

15-16 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі өтеді

16.11.2018


15 қарашада Қазақстан ұлттық валютасы – теңгеге 25 жыл толады. Теңгенің туған күнін мерекелеу шеңберінде жоспарланған бірқатар іс-шаралармен қатар Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі маңызды оқиға болмақ.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы және Қазақстан қор биржасы. Бұл VIII Қаржыгерлер конгресі, мұнда дәстүрлі түрде аты әлемге белгілі спикерлер және осы күн кәсіби мерекесі болып табылатын барлық адамдар жиналады.   

300-тен аса банкир және әлемнің 20 елінен астам елдің қаржы нарығының қатысушылары Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресіне қатысатынын растады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде Қаржыгерлер конгресінің күн тәртібі Қазақстан аудиториясы үшін ғана емес, Конгрестің шетелдік қатысушылары үшін де қызықты болатынын атап өтті.

Алдағы Конгрестің күн тәртібіне ұлттық валюталарды трансшекаралық есеп айырысуларда пайдалану, қаржылық қадағалауға тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу және қолдану, қолма-қол ақша айналысының перспективалары, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын заманауи жағдайда қорғау сияқты қаржы секторы үшін өзекті мәселелер енгізілді.

Панельдік сессиялар шеңберінде орталық банктердің алдында заманауи жағдайларда тұрған сын-қатерлерге, қолма-қол ақшаны пайдаланудың жаһандық перспективаларына қатысты мәселелер көтерілетін болады. 

Сонымен бірге VIII қаржыгерлер конгресінің шеңберінде «Қор биржаларының экономиканың орнықты дамуындағы рөлі» деген күн тәртібімен Қазақстан биржа форумы болады.

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі тікелей көрсетіледі, оған сілтемелер Қазақстан Ұлттық Банкінің Facebook-тегі ресми парақшасында іс-шара болатын күні жарияланады.