Ақшаның саны емес, оларды дұрыс жұмсай білген маңызды. Тіпті, аз ғана болсын инвестицияның дұрыс құрылған жоспары және сол жоспарды ұстану табысқа жеткізер жол болып табылады!
Депозиттер
Сонымен, депозит пен оны ашатын банкті қалай таңдау керек.
Ең бірінші, банктен депозит ашпақшы болған болашақ салымшы ретінде алдыңызға қойған мақсатыңызға қарай әрекет ету керек. Мұндай мақсаттардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
1. Жинақтарды сақтап, салым мерзімінің аяғында қосымша табыс көру.
2. Өзіңіздің отбасылық бюджетіңізді ай сайын депозит бойынша пайыздар жүзінде, мәселен, еңбекақыға қосымша алып отыруға.
3. Ірі сауда жасау үшін немесе несие алу үшін алғашқы жарна ретінде ақша жинау.
4. Ақшаны банкте ұстауға, табыс алуға, бірақ кез–келген уақытта ақшаны шоттан алуға.
Неге мақсатты анықтап алған соншалықты маңызды? Өйткені депозиттің табыстылығы оған тән параметрлерге тәуелді болады: пайыздарды төлеу тәртібі, толықтыру немесе ішінара ақша алу мүмкіндігі (салымның валютасын таңдау табысқа қалай әсер ететіндігі туралы кейінірек сөйлесеміз).
Сонымен, Сіз жақын арада (ай, жарты жыл, бір жыл) ақшаны пайдалануды (депозиттік шоттан алуды немесе оны толықтыруды) көздеген болсаңыз және депозитті ақша үйде жатпау үшін ғана ашатын болсаңыз, пайыздарын мерзімнің соңында төлейтін (немесе пайыздарды капитализациялайтын) салымды таңдаған дұрыс. Мұндай жағдайда бұл ең дұрыс шешім болады. Оған қоса, Сіз салымшы ретінде максималды табыс көресіз, өйткені банктер дәл осындай салымдар бойынша ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеме белгілейді.
Егер Сіз шоттан ақша алуды немесе оны толықтырып отыруды жоспарлаған болсаңыз және белгілі бір мерзім өткен сайын депозит бойынша пайыздар алып отырғыңыз келсе, пайыздарды ай сайын немесе тоқсан сайын төлейтін және салымның алғашқы сомасын өзгертпейтін депозиттерге назар аударған дұрыс. Мұндай салымдардың табыстылығы бірінші мысалдағыдай болады, ал кейде 0,5% - 1% жылдыққа кем болуы мүмкін.
Ал егер Сіз ақшаны жинау немесе басқару мақсатында депозит шотын ашатын болсаңыз, бұл басқа мәселе. Мұндай жағдайда Сізге алғашқы сомасын өзгертуге болатын шот қажет, яғни толықтыра алатын және ішінара алуға болатын шот керек. Осындай депозиттерді таңдау барысында жинақтау депозиттерінің (толықтыруға болатын, бірақ ішінара алуға болмайтын салым) пайыздық мөлшерлемелері әмбебап депозиттерге (кез–келген уақытта толықтырып, шоттан ақшаны ала беруге болады) қарағанда бірнеше тармаққа жоғары екенін, бірақ алғашқы соманы өзгертуге болмайтын салымдарға қарағанда төмен екенін білген жөн.
Сонымен Сіз болашақ салымның мақсатын анықтап алдыңыз дейік. Енді өзіміздің жинақтарымызды сақтау үшін қай банкті таңдағанымыз жөн деген сұраққа жауап берейік. Егер Сіздің жинағыңыздың немесе болашақта жинақтайтын ақшаңыздың сомасы 5 млн. теңгеден аспайтын болса, Қазақстанда жұмыс істейтін кез–келген банк Сіздің ақшаңызды сақтай алады. Өйткені бұл банк банкрот болған жағдайда, мемлекет (дәлірек айтсақ, Қазақстандық Депозиттерге кепілдік беру Қоры) қайтаруға кепілдік бере алатын минималды сома. Ең бастысы, Сіздің мекемеңіз осы қордың мүшесі болса болды.
Ал жинақтар сомасы 5 млн. теңгеден асатын жағдайда екі түрлі әдіс қолдануға болады. Біріншісі – өзіңіздің жинақтарыңызды аз сомаларға (әрине, 5 млн. теңгедег аспайтын сомаларға) бөліп, түрлі банктерден шот ашуға. Екіншісі – бір банк таңдап, сонда депозиттік шот ашу. Екінші жағдайда банкті таңдаған үшін жауапкершілік өсе түседі, сондықтан қаржылық мекемені таңдау мәселесіне аса көңіл бөлу керек. Мұнда банк туралы кез–келген ақпарат пайдалы болуы мүмкін: банктің көлемі мен оның рейтингтердегі орны, иелері және олардың абыройы туралы ақпарат, банктің соңғы жылдағы қаржылыө көрсеткіштері, бөлімдерінің территориялық қашықтығы және т.б. Мамандардың кеңесі бойынша банктердің активтер мөлшері бойынша рейтингіндегі алғашқы жиырма, көп дегенде отыз банктің біреуін таңдаған дұрыс.
Кез–келген жағдайда салымшы келесі заңдылықты түсінуі керек: банктің рейтингі қаншалықты жоғары болса, ол депозиттер бойынша соншалықты аз пайыздық мөлшерлеме ұсынады, және керісінше. «Табыстылық – тәуекел» қатынасын естен шығармау керек. Таңдау Сіздікі.
Салымның валютасы туралы. Мамандар жинақтарыңызды ұлттық валютада сақтауға кеңес береді. Оның себебі түсінікті – теңгедегі депозиттердің табыстылығы бірнеше пайызға жоғарылау, оған қоса айырбастау кезінде курстың айырмашылығынан шығынға ұшырамайсыз.
Доллардағы салымдарға келетін болсақ, мұндай салымды болашақта доллардағы сома белгілі бр сауда жасау (мәселен, авто, жылжымайтын мүлік сатып алса) барысында қажет болса ғана ашуға болады және салымның ашылу мақсаты максималды табыс табу емес, жинақтарды сақтап қалу болып табылады.
Салымдардың мақсатты топтары арасындағы айырмашылықтар
|
Салымдар |
Мақсаты |
Пайыздарды төлеу дүркінділігі |
Толықтыру мүмкіндігі |
Ішінара ақша алу мүмкіндігі |
|
Сақтаушы |
Ақша қаражатын сақтап қалу |
Мерзімнің соңында аванспен, пайыздарды капитализациялап |
Жоқ |
Жоқ |
|
Табысты |
Дүркін–дүркін қосымша табыс алып отыру |
ай сайын, тоқсан сайын |
Жоқ |
Жоқ |
|
Жинақтаушы |
Болашақтағы саудаға ақша жинау |
Маңызды емес |
Иә |
Жоқ |
|
Әмбебап |
Өз ақшаңды басқару |
Маңызды емес |
Иә |
Иә |
Біз Сізге инвестициялау облысында тура жолмен жүру үшін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық, – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз.
- Депозитті қалай рәсімдеу керек
- Банктердің тізімі
- «Банктік өнімдер» брошюрасы
- Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.
- Формуда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.
- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.









