Ақшаның саны емес, оларды дұрыс жұмсай білген маңызды. Тіпті, аз ғана болсын инвестицияның дұрыс құрылған жоспары және сол жоспарды ұстану табысқа жеткізер жол болып табылады!
Бағалы металдар
Алтын, күміс, платина, палладий …
Бүкіл әлемде асыл металдарға салым жасау өзіңнің жеке жинақтарыңызды инфляциядан сақтаудың бірден бір тексерілген жолы болып саналады. Мұндай инвестициялар әдетте көп табыс әкелмейді, ол жинақтардың сақтандылығын қамтамасыз етеді.
Асыл металдар сыртқы экономикалық, саяси және басқа да факторларға тәуелсіз әрқашан қолма–қол, материалды және жоғары өтімді актив болып табылады.
Олардың құнының динамикасы ақырын болса да, тұрақты өсуімен ерекшеленеді. Біз зергерлік бұйымдарды сатып алу немесе сату туралы әңгіме қозғап отырған жоқпыз – бұл құймалар, тиындар және жекесіздендірілген металл шоттар.
Асыл металдардың құны бізге танымал сәндік заттар өнеркәсібіне ғана тәуелді емес екенін есте сақтау керек, мәселен, күміс көбіне өндірістік құнды шикізат болып табылады, және оның құны өндірістің белгілі бір салаларының дамуы есебінен көтеріліп отырады. Ал алтынның құны доллардың құны түскенде өзгеруі мүмкін, оның басқа валюталардың иелері үшін арзандай түсуі себебінен көбіне сұраныстың өсуіне алып келеді.
Дегенмен, асыл металдарға инвестициялау туралы сөз болғанда біз, ең алдымен, алтынды еске аламыз, өйткені алтын – бұл өндірісте де пайдаланылатын, инвесторлар да инфляциядан хедж құралы ретінде пайдаланатын, американдық валютаны әлсіретуден хедж ретінде пайдаланылатын әмбебап металл және қаржылық дүмпулер кезінде «тыныш арал» ретінде қызмет етеді.
Металл шотты ашу үшін не қажет?
Металл шотты ашу үшін Банкке келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Жеке куәлік,
- СТН көшірмесі
және Металл шот шартына қол қою керек.
Біз Сізге инвестициялау облысында тура жолмен жүру үшін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық, – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз.
- Асыл металдар
- Инвестициялаудың артықшылықтары
- Асыл металдарды қалай алуға болады
- Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.
- Формуда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.
- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.









