ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ 2007 – 2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жабу
Тіркелу не үшін қажет?
Құрметті тұтынушы, біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз қарым-қатынас орнату мен пайдалы ақпарат алуда көп мүмкіндікке ие боласыз. Тіркеуден бір рет өткеннен кейін, Сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • форумдарда тілдесуге және тәжірибеңізбен алмасуға
  • «Блогтарда» сарапшылармен тілдесуге
  • «Сұрақ-жауап» бөлімдерінде сұрақ қоюға
  • Мақалалар мен жарияланымдарға өз ой-пікірлеріңізді қалдыруға
  • «Жеке бюджет» жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат алу

Қаржы әлемінде біздің сайт сіздерге тіректі көмекші болатындығына сенеміз!

Русский Қазақша
Бюджетті жоспарлаймыз Бәрі несие туралы Инвестициялаймыз Зейнетақыны жоспарлаймыз


«Мен инвестормын» кітабы
«Мен инвестормын» кітабы Толық оқу

Ақшаның саны емес, оларды дұрыс жұмсай білген маңызды. Тіпті, аз ғана болсын инвестицияның дұрыс құрылған жоспары және сол жоспарды ұстану табысқа жеткізер жол болып табылады!


Жаңалықтар

ПИҚ пайлары

На печать

Назад

Түрлі банктердегі депозиттер бойынша пайыздар мөлшерлемесі қандай? Доллар мен еуроның курсы бұдан әрі қалай қарай ауытқымақ? Қаланың орталығындағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы қандай болады?

Егер Сізді осы сұрақтардың жауаптары қызықтыратын болса, Сіз біршама сома жинағанға ұқсайсыз немесе Сіз ол соманы сақтап, көбейткіңіз келетін болар.

Сіз ол ақшаны не үшін жинап, көбейткіңіз келеді?

Жаңа пәтер, әлде машина сатып алу үшін. Балаларыңызға білім беру үшін. Үй кинотеатрын сатып алу үшін. Бұл маңызды емес. Маңыздысы Сіздің жинаған ақшадан қандай да бір табыс (мүмкін болмаса жақсы табыс) алғыңыз келетіні.

Пайлы инвестициялық қорлар (бұдан әрі – ПИҚ) табыс әкелетін инвестициялау құрылы болып табылады, және салымшылар өзінің жинақтарын өсіру үшін күштері мен уақыттарын жұмсамайды.

Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 7 шілдесіндегі «Инвестициялық қорлар туралы» Заңына сәйкес Пай құжатсыз үлгіде шығарылған эмиссиялық құнды қағаз болып табылады. Пай сатып алу арқылы Сіз ПИҚ–ның үлестік меншік иесі (пай ұстаушы) боласыз.

ПИҚ келесі үлгілерде жасалуы мүмкін – ашық, интервалды немесе жабық. Бөлшек инвесторлар үшін ашық және интервалды үлгідегі ПИҚ–лар ең қолайлы болып табылады, олардың сапалық айырмашылығы пайды оны ұстаушыдан сатып алу мерзімінде болып табылады.

ПИФ – пайды ұстаушыларға жалпы үлестік меншік құқығы негізінде тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы пайларды төлеу үшін алынған ақшаның қосындысы. ПИҚ–дың пайларын ұстаушылардың реестрі жүйесін тіркеуші жүргізеді.

ПИҚ–ға келесідей сипаттама беруге болады:

1. ПИҚ заңды тұлға емес.

2. Қордың инвестициялық портфелінің қалыптасуы үшін жауапты болып табылатын басқарушы компания негізгі фигура болып табылады.

3. Бір басқарушы компанияның астынан бірнеше ПИҚ құрылуы мүмкін.

Инвестор үшін пайды сатып алу ақшаны сенімді басқаруға беру болып табылады. Тек теңгемен ғана сатып алу мүмкіндігі өте маңызды болып табылады, яғни пайлық инвестициялау нарығында валюта түрі бойынша диверсификациялау мүмкіндігі жоқ.

Үлестік меншік иесі пайды сату қажеттілігін білдіретін болса, басқарушы компания осы құнды қағазды ағымдағы күннің есеп айырысу құнымен алынған өтінімнің негізінде, бірақ заңнама мен қордың ережелерінде бекітілген тәртіппен қайтадан сатып алады. Бұл жағдай келесіні білдіреді:

1) ашық ПИҚ–ның пайларын сатып алу кем дегенде екі аптада бір рет өткізіледі;

2) интервалды ПИҚ–ның пайын сатып алу кем дегенде жылына бір рет өткізіледі.

Дегенмен, кейбір интервалды қорлар ұсынатын қазіргі уақыттағы талаптар сатып алу мерзімдері бойынша оларды ашық қорларға жақындатады. Өзіңнің пайыңды тез және оңай сату мүмкіндігі бұл құралдың тартымдылығын күшейте түседі.

Заңнамаға сәйкес басқарушы компания пайды сатып алып, оларды келесі орналастыру кезінде үстінен есеп айырысу құнының 3% аспайтын қосым жасағанда есепайырысу құнынан жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Әйтсе де, кейбір қазақстандық ПИҚ–лар олардың құралдарына сұранысты көбейту үшін қазірше пай ұстаушының пайдасына мұндай шаралардан бас тартып отыр.

- ПИҚ–ларға инвестициялаудың артықшылығы

- Пайдың табыстылығы

- Пайды қалай сатып алуға болады

Біз Сізге инвестициялау облысында тура жолмен жүру үшін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық, – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз.

- Барлығы ПИҚ–лар туралы

- Инвестициялау не үшін керек?

- Инвестициялау ережелері

- Пайларды қалац сатып алуға болады

- Басқарушы компаниялардың тізімі

- Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.

- Формуда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.

- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.


Назад