Ақшаның саны емес, оларды дұрыс жұмсай білген маңызды. Тіпті, аз ғана болсын инвестицияның дұрыс құрылған жоспары және сол жоспарды ұстану табысқа жеткізер жол болып табылады!
Бағалы қағаздар
Құнды қағаздар сатып алатын әрбір адам,жалпы айтқанда, өзінің болашағына инвестициялайды. Және инвестициялауды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым ұтады.
Біздің қарттығымыз ішінара зейнетақы жинақтарымыз есебінен қамсыздандырылады. Дегенмен, қандай да бір жұмсалмаған қаражат қалса, заттар, тұрмыс құралдарын немесе автокөлік сатып алғаннан гөрі, белгілі бір табысты қазақстандық компанияның акцияларын немесе облигацияларын сатып алған жөн.
Сатып алған кез–келген затыңыз уақыт өте келе жарамайтын болып қалады немесе үнемі жөндеуден өткізуді қажет етеді. Ал қағаздардың қымбаттай түсетін қасиеті бар, олар өзінің иесін және оның ұрпағын байытады.
Құнды қағаздарды екі негізгі категорияға бөліп қарастыруға болады: үлестік (акциялар) жне қарыздық (облигациялар).
Үлестік құнды қағаз – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда өзінің иесінің мүліктен белгілі бір үлесін растайтын құнды қағаз.
Қарыздық құнды қағаздар — эмитенттің (қарыздардың) осы құнды қағаздарды шығару талаптарымен негізгі қарыз сомасын төлеу туралы міндетін растайтын құнды қағаздар.
Құнды қағаздар шығару үлгісі бойынша бөлінеді:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, көрсетуші және ордендік
Құнды қағаздар нарығында өтімділік аса маңызды рөлге ие. Өтімділік активтердің нарықтың құнымен шамалас бағамен тез сатылып кету қабілеті болып табылады. Тәжірибеде өтімділігі жоғары, өтімділігі төмен және өтпейтін активтер/құнды қағаздар түрлері бар. Актив үшін оның толық құнын алу қаншалықты оңай және тез болса, ол соншалықты өтімді деп саналады. Мемлекеттік құнды қағаздар, халықаралық ұйымдардың құнды қағаздары, сонымен қатар листингтің (ең сенімді және ірі) жоғарғы категориялы корпоративтік құнды қағаздары ең өтімді деп саналады.
Тәуекел қаншалықты көп болса, өтімділік соншалықты төмен.
Құнды қағаздардың жеке түрлерін толығырақ қарастырайық.
- Акциялар
- Облигациялар
Валюта нарығы
Әлемдің нарық
Шикізат нарықтары
Акциялар
Облигациялар
Опциондар/фьючерстер
Биржадан тыс
Біз Сізге инвестициялау облысында тура жолмен жүру үшін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық, – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз.
- Инвестициялау не үшін қажет?
- Инвестициялау ережелері
- Акцияларды/облигацияларды қалай алуға болады?
- Брокерлік ұйымдардың тізімі
- Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.
- Формуда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.
- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.









