ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ 2007 – 2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жабу
Тіркелу не үшін қажет?
Құрметті тұтынушы, біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз қарым-қатынас орнату мен пайдалы ақпарат алуда көп мүмкіндікке ие боласыз. Тіркеуден бір рет өткеннен кейін, Сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • форумдарда тілдесуге және тәжірибеңізбен алмасуға
  • «Блогтарда» сарапшылармен тілдесуге
  • «Сұрақ-жауап» бөлімдерінде сұрақ қоюға
  • Мақалалар мен жарияланымдарға өз ой-пікірлеріңізді қалдыруға
  • «Жеке бюджет» жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат алу

Қаржы әлемінде біздің сайт сіздерге тіректі көмекші болатындығына сенеміз!

Русский Қазақша
Бюджетті жоспарлаймыз Бәрі несие туралы Инвестициялаймыз Зейнетақыны жоспарлаймыз


«Мен инвестормын» кітабы
«Мен инвестормын» кітабы Толық оқу

Ақшаның саны емес, оларды дұрыс жұмсай білген маңызды. Тіпті, аз ғана болсын инвестицияның дұрыс құрылған жоспары және сол жоспарды ұстану табысқа жеткізер жол болып табылады!


Жаңалықтар

Акцияларды қалай сатып алуға болады?

На печать

Сіз өзіңіздің бос капиталыңызды құнды қағаздарға инвестициялауға бел буып, енді мұны қалай жүзеге асыруға болады деп ойланудасыз ба? Осы нұсқаулықта біз Сізге бастауыш инвесторға арналған инвестициялаудың 5 қадамы туралы баяндап береміз:

1–ші қадам. Брокерлік компания таңдау керек. Құнды қағаз сатып алу үшін брокерлік компания (брокер) таңдай қажет, өйткені биржа саудасы тек құнды қағаздардың кәсіпқой қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

Брокерді таңдау барысында оның нарықта жұмыс істеу тәжірибесіне, комиссиясының мөлшеріне, клиенттерге арналған қосымша қызметтеріне назар аударған жөн.

Неліктен брокерлік компанияларға сенуге болады? Брокерлердің қызметіне лицензия беріледі, оған қоса инвестордың құнды қағаз сатып алуға арналған барлық қаражатының есебін және құжатсыз формада қолда бар құнды қағаздар туралы номиналды ұстаным түріндегі ақпаратты сақтау Орталық депозитарий (ОД) арқылы іске асырылады. ОД қаржылық құралдармен жасалған мәмілелерді тіркейді, қаржылық құралдар (ҚР территориясында айналымға рұқсат етілген қаржылық нарықтың басқа да активтері) құнды қағаздар (туынды құнды қағаздарды есептегенде) және бойынша құқықтарды есептейді және растайды.

Ұлттық Банк (49,79%), КASE (38,68%), брокерлер (4,12%), банктер (7,41%) ОД акционерлері болып табылады. Брокердің лицензиясы кері шақырылған жағдайда, инвестордың қандай да бір құнды қағаздарға иелік ететіні туралы жазбалар, сонымен қатар инвестордың ОД шотындағы қаражаты ОД қалады.

2–ші қадам. Шарт жасау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) рәсімдеу үшін жеке куәліктің/паспорттың және СТН көшірмелері қажет.
Қосымша ақпаратты брокердің менеджерлерінен алуға болады.

3
–ші қадам. Құнды қағаздар алу үшін ОД–дегі шотты толықтыру.

Енді Сізде брокерлік қызмет көрсету туралы шарт бар, Сіз KASE арқылы жұмыс істеуге толық дайынсыз. Бұл үшін инвестицияланатын қаражатты Сіздің банктегі шотыңыздан ОД–дегі шотыңызға (деректемелері Шартта көрсетілген) аудару қажет. Сіз осы шоттың көмегімен кез–келген брокерлік компаниямен құнды қағаздар бойынша операциялар өткізе алатын боласыз.

Осы күннен бастап құнды қағаздар сатып алатын барлық ақша қаражатыңыз, сонымен қатар сатып алынған құнды қағаздар Сіздің ОД–дегі субшоттарыңызда сақталатын болады. Құнды қағазды сатып алмастан бұрын өзіңіздің брокеріңізге хабарласып, Сіздің шотыңызға/да ақшаның түскенін/барлығын тексеріңіз. Ақша қаражаты тек ұлттық валютада – теңгемен аударылатынын ескергеніңіз жөн.

4
–ші қадам. Құнды қағазды/қаржылық құралды таңдау. Құнды қағазды таңдау үшін қаржылық құралдарды, эмитенттерді, нарықтағы жағдайды сараптаудан өткізген дұрыс, яғни төмендегі жағдайларды ескеру керек:

1) құнды қағазына инвестициялауды жоспарлап отырған компанияның қызметі, қаржылық көрсеткіштері, оның ішінде табысы (табысының шығынынан асуын), дивидендті саясатын,

2) нарықтағы орны (бәсекелестік артықшылықтары), негізінен компанияның сатылымдарының көлемі, активтері мен пассивтері арқылы (кешіктірілген қарыздарының, шығыны көп ірі қарыздарының жоқтығын),

3) нарықтағы жалпы жағдайды, мәселен, құнды қағаздардың котировкаларының жалпы өсімін/құлауын.

Осы және басқа да зерттеулер ағымдағы жағдайды түсінуге және болашаққа болжам жасауға мүмкіндік береді.

KASE айналымындағы құнды қағаздар және эмитенттер туралы жалпы ақпаратты www.kase.kz сайтынан табуға болады немесе өзіңіздің ААҚО АБО–дағы кеңесшіңізге, болмаса брокерге жолығуыңызға болады. Дегенмен, брокер тек қандай да бір құнды қағаздар бойынша кеңестер беріп, ұсыныстар жасайды, ал таңдауды клиенттің өзі жасауы керек. Қосымша ретінде брокерлік компаниялар мен қаржылық ұйымдардың сараптама материалдарын қарастыруға да болады, оларды ақпарат көздерінен (сайттар, бюллетеньдер, БАҚ және т.б.) табуға болады.

5–ші қадам. Құнды қағазды сатып алу мәмілесін жасау.

KASE жүйесінде қай құнды қағазды сатып алатыныңыз анықталғаннан кейін оларды сатып алу үрдісін бастауға болады. Ол үшін барлық қажетті (құндық және басқа) деректемелерін көрсетіп, брокерге бекітілген үлгідегі (үлгіні өзіңіздің брокеріңізден ала аласыз) Клиенттің бұйрығын жіберу керек. Брокер Клиенттің бұйрығын алғанына көз жеткізіңіз.Сіздің Клиенттік бұйрығыңызды алған соң, брокердің трейдері құжаттың дұрыс толтырылғанын тексереді және клиенттік бұйрықтың деректемелері биржадағы сұранысқа/ұсынысқа сай келетін болса, оны орындайды. Осыдан кейін Сізге ОД–дегі шотыңызға құнды қағаздардың салынғанын растайтын құжаттар беріледі. Егер бұйрық орындалмайтын болса, қаражат Сіздің ОД–дегі шотыңызда қала береді.

Құжат айналымы. Брокерлік компанияның белгісі бар Клиенттік бұйрықтар және Мәміле жасалғаны туралы мәлімдемелер клиенттің операция жасалғанын растайтын құжаттары болып табылады, сондықтан оларды міндетті түрде сақтау керек. Компанияның клиенттері әр айдың соңында жасалған мәмілелер бойынша комиссия шығындарын төлеу үшін ақша қаражатын шығынға жазу туралы келісімдерін растаулары қажет.

Комиссия алымдары. KASE жүйесінде құнды қағаздармен операциялар өткізу барысында келесі комиссия алымдарын төлеу қажет:

- брокердің (қосымша ақпарат алу үшін брокермен байланысу керек),

- КASE: 1) 1 млн. теңгеге дейін - 100 теңге, 3 млн. тенгеге дейін - 150 теңге, 3-5 млн. теңгеге дейін - 200 теңге, 5 млн. теңгеден артық- 0,01% жеке тұлғалар үшін, 2) тікелей сауда жасау барысында сомадан 0,5%, 3) МҚҚ бойынша операциялар өткізу барысында – сомадан 0,01%.

- ОД: сағат 13:00 дейін - 70 теңге, түс ауа - 130 теңге.

Оның үстіне банктің комиссиясы төленеді. Құнды қағаздармен операциялар жасау кезінде инвестор өзінің банктік шотынан ОД субшотына ақша аудару керек. Мұндай жағдайда инвестор банктің комиссиясына байланысты шығындарға тап болады. Құнды қағаздарда сатқаннан алған ақшаны ОД шоттан банктік шотқа аудару барысында да дәл осындай шығындар шығады. Сол себепті инвесторға банктің ақшаны аударғаны және шоттан ақшаны алу үшін алатын комиссиясының мөлшерін алдын ала біліп алғаны дұрыс.

- Мемлекеттік қызметкерлердің құнды қағаздарды сатып алу және өткізудегі ескерткіш

- Ғаламтор-трейдинг (internet trading)

Біз Сізге инвестициялау облысында дұрыс шешімдер қабылдауға көмектесетін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз.

- Инвестициялау не үшін қажет?

- Инвестициялау ережелері

- Акцияларды/облигацияларды қалай сатып алуға болады?

- Брокерлік ұйымдардың тізімі

- - Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.

- Форумда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.

- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.