Ақшаның саны емес, оларды дұрыс жұмсай білген маңызды. Тіпті, аз ғана болсын инвестицияның дұрыс құрылған жоспары және сол жоспарды ұстану табысқа жеткізер жол болып табылады!
Жинақтаушы сақтандыру
Сақтандырушы сақтанушының инвестициялық табысына қатысуы арқылы өмірін сақтандыруы
Мұндай сақтандыру өнімдері бойынша төлемдердің тұрақты мөлшері жоқ, олар толығымен немесе ішінара инвестициялаудың нәтжесіне байланысты болады.
Мұндай жағдайда өмірді сақтандыратын дәстүрлі өнімдердегі инвестициялық тәуекел сақтандырушыдан сақтанушыға көшеді (дегенмен сақтандыру сомасына қатысты қандай да бір кепілдіктер болуы мүмкін). Мұндай шарттар ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде өте тартымды болып табылады, өйткені нарықтың тербелістері өз сабасына түсу үшін ұзақ уақытты қажет етеді.
Мұндай өнімді сатып алушы сақтанушы белгілі бір қаржылық құралдарға олардың табыстылығы мен тәуекелділігіне қарай инвестициялау үшін сақтандырушының сақтанушыдан түскен сақтандыру премиялары есебінен құрған қорды таңдап алуы мүмкін. Сақтандыру ұйымдары тәуекелділігі бойынша қорлар құруы мүмкін, мәселен, тәуекелі аз, тәуекелді және тәуекелі жоғары. Тіпті, бір уақытта бірнеше қорға қатысуға да болады және кейінірек сақтанушы қатысқан қорларды ауыстыруға болады.
Сақтандыру бағдарламасының тағы бір артықшылығы «Unit linked» деп аталатын бір уақытта сақтандыру қорғанысын да, инвестициялық табысты да алу мүмкіндігі.
«Unit linked» өнімдерінің тағы бір ерекшелігі тарихта акцияларға салымдардың табысы тұрақты пайыздық мөлшерлемесі бар қаржылық құжаттардың табысынан жоғары болған. Бұл ұзақ мерзімді артықшылық әдетте 0,5-1% құрайды. Бұл айырмашылық аса үлкен болмаса да, ұзақ мерзімдер ішінде ол айтарлықтай маңызды айырмашылықты көрсетеді. Нәтижесінде «Unit-linked» өнімдері еуропа елдерінің көбінде сақтандыру нарығында өте маңызды рөл ойнайды: кейбір мемлекеттерде олардың үлесі барлық өмір сақтандыруының 50% асады.
Осылайша «өмірді сақтандыру» саласында қызмет ететін, сонымен қатар «Unit-linked» бағдарламасын ұсынушы сақтандыру ұйымдары өздерінің ұлттық нарықтарында ең ірі институтциональді инвесторлар болып саналады деп айтуға болады. Ең алдымен бұл сақтандыру ұйымдарының активтерін ұзақ мерзімді жобаларға (үй құрылысын жүргізу және т.б.) инвестициялау мүмкіндігімен, инвестициялық ережелердің иілгіштігінен мүмкін болып отыр.
Қазақстан Республикасында «Unit-linked» шарттарына сақтандырылғанның сақтандыру компаниясының инвестициялық табысына қатысу тәртібін анықтайтын арнайы және егжей–тегжейлі нормативтік акт қолданылады.
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ
Сақтандыру шарты жазбаша түрде келесі әрекеттерді атқару арқылы жасалады:
1) тараптар сақтандыру шартын құрады;
2) сақтандырушы бір жақты тәртіппен жасаған типтік талаптарға (сақтандыру ережелері) сақтанушының қосылуы (қосылу шарты), және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полиісн беруі;
Сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы сақтанушы төлейтін келісілген сақтандыру премиясы үшін сақтандыру жағдайы келген уақытта сақтандырылғанға немесе сақтандыру шарты соның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (пайда көрушіге) сақтандыру төлемін жасауға міндеттенеді.
Бүгінгі күні Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша 5 отандық компанияның өмірді сақтандыру саласында сақтандыру ісімен айналысуға лицензиясы бар. Олар: «Мемлекеттік аннуитетті компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «БТА Өмірді Сақтандыру» АҚ, «Халык-Life» Қазақинстрахтың өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ, «Валют-Транзит Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және «Казкоммерц-Life» ӨСК» АҚ.
Аннуитетті сақтандыру туралы толығырақ.
Сақтандыру компанияларының толық тізімімен біздің компаниялардың анықтамасында таныса аласыз.
Біз Сізге инвестициялау облысында тура жолмен жүру үшін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық, – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз.
- Сақтандырудың артықшылықтары
- Сақтандыру полисін қалай рәсімдеуге болады
- Сақтандыру компанияларының тізімі
- Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.
- Формуда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.
- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.









