Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Platezhi_i_perevody_otlichiya_platezhnyh_kart-02.jpg

Дебеттік, кредиттік, алдын ала төленген

Төлем картасы ұстаушысына ақша қаражатын электрондық түрде жүргізуге мүмкіндік беретін сәйкестендіру картасы.

Төлем карталарының көбірек таралған түрлері пластик кредиттік және дебеттік карталар. Сонымен бірге алдын ала төленген карталар бар.

Банк картасын пайдалану арқылы сіз өзіңіздің қауіпсіздігіңізді арттырасыз: шоттағы ақша жоғалтудан немесе ұрланудан қорғалған. Банк картасы – бұл банк картасына қол жеткізу: сіз ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыра немесе аудара аласыз, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысын төлейсіз және интернетте қауіпсіз сатып аласыз. Қолайлы болумен қатар банктер клиенттеріне карталар бойынша қосымша пайдаларды да ұсынуға тырысуда, олар - бонустар және әріптес дүкендер мен көпшілік орындардағы жеңілдіктер.

Алдын ала төленген, дебеттік және кредиттік карталардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Алдын ала төленген төлем карталары

Алдын ала төленген төлем картасы – бұл шығарылған кезде картаға аударылатын белгілі бір номиналы – ақша сомасы бар банк картасы. Сіз бұл ақша сомасын картаның қолданылу мерзімі ішінде пайдалана аласыз, бірақ алдын ала төленген картаға қосымша сома салынбайды. Түрлі банктерде төлем картасын сіз өзіңіз таңдаған сомаға шығаруды немесе ұсынылған номиналдарды таңдауға ұсыныс жасайды. Мұндай төлем карталары ұлттық валютада шығарылады.

Алдын ала төленген төлем карталары – атаулы емес, бет жағында оның иесінің аты көрсетілмейді. Алдын ала төленген картаны Сіз банк бөлімшесінен сатып аласыз. Егер Сіз картаны сыйлыққа алатын болсаңыз, қоятын қолының үлгісін картаның сырт жағына және, қажет болған кезде, банк карталарын есепке алу ведомосына қою үшін алушының өзі болуға тиіс. Содан кейін картаны басқаға беруге болмайды – оны сырт жағында қолы қойылған адам ғана пайдалана алады. Төлемдердің қауіпсіздігіне PIN-код есебінен кепілдік беріледі.

Карточканы онда көрсетілген қолданылу мерзімі ішінде ғана пайдалануға болады. Қолданылу мерзімі ішінде Сіз ондағы соманы игеруге үлгермесеңіз, банк карточкадағы қалдық ақшаның күшін жояды.

Дебеттік төлем картасы

Бұл сіздің ағымдағы банктік шотыңызбен байланысты банк картасы, оны тауарлар мен қызметтердің ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу, банкоматтан қолма-қол ақшаны алу, ақшаны аудару үшін пайдалана алады. Сіздің жалақыңыз түсетін карта да солай жұмыс істейді. Қазақстандық банктер негізгі Visa International, MasterCard Worldwide, UnionPay халықаралық төлем жүйелерінің карталарын шығарады. Сіз ақшаны Қазақстанның кез келген нүктесінде және шет елде пайдалана аласыз.

Банк картасын қалай алуға болады?

Атаулы банк картасын алу үшін банк бөлімшесінде өтініш толтыруыңыз немесе банктің ресми сайтында онлайн өтінімді беруіңіз қажет. Сол кезде Сіз банк ұсынған өнімдердің ішінен картаның класын – стандартты немесе сыйақылы картаны таңдауыңыз қажет.

Стандартты ма немесе сыйақақылы ма?

Банктердің барлығы халықаралық төлем жүйелерінің стандартты Visa Classic, MasterCard Standard немесе UnionPay Classic карталарының немесе сыйлықақылы Gold, Platinum, Infinity карталарының ішінен дебеттік төлем карталарының бірнеше сыныбын ұсынуда. Стандартты және сыйлықақылы карталар үшін базалық қызметтер мен талаптар жиынтығы бірдей: сіз еліміздегі де, шет елдегі де банкоматтардан ақша ала аласыз, басқа картаға ақша аударып, шотты онлайн режимде басқара аласыз, интернетте сатып алған затыңыздың ақысын төлей аласыз. Сыйлықақылы карталарды ұстаушыларға «Visa артықшылықтарының әлемі», «MasterCard Gold» немесе «MasterCard World Elite» сияқты арнайы бағдарламалар бойынша бүкіл әлемдегі өз клиенттеріне халықаралық төлем жүйелері беретін арнайы жеңілдіктер мен артықшылықтар қолжетімді. Мысалы, дүкендер мен мекемелерде қосымша жеңілдіктер, әуежайларда, консьерж-сервисте басымдықпен қызмет көрсету.

Атаулы емес төлем карталары

Атаулы емес төлем картасын алғаш өтініш жасағаннан-ақ шығарады. Банктер депозитке немесе кредитке қызмет көрсету үшін атаулы емес банк картасын ұсынады. Сіз ақшаңызды онлайн режимде басқара аласыз, бірақ атаулы емес банк картасымен есептеспегеніңіз, әсіресе шет елде есептеспегеніңіз жөн, себебі картаның иесі өзіңіз екенін растау қиындық туындатады.

Банк картасына қызмет көрсету қанша тұрады?

Атаулы емес банк картасын көптеген банктер тегін ұсынады. Атаулы – стандартты немесе сыйлықақылы карта бойынша – қызмет көрсету құны картаны шығаруға жұмсалған комиссия мен жылдық қызмет көрсету құнынан тұрады. Сыйлықақылы төлем картасына қызмет көрсету құны жылына он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған теңгеге жетуі мүмкін.

Егер сіз басқа банктің банкоматынан ақша алатын болсаңыз, қосымша шығындар туындауы мүмкін: комиссияны автоматты түрде сіздің банкіңіз де, банкоматтың иесі болып табылатын банк те алады. Егер сіз ақшаны шет елде қолма-қол ақшаға айналдырып немесе есептесетін болсаңыз, банк автоматты түрде валютаны конвертациялағаны үшін комиссия ұстап қалады. Ал Қазақстанның кез келген нүктесінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін ақыны теңгемен комиссияларсыз және қосымша шығындарсыз төлейсіз.

Шоттың балансын және карта бойынша операцияларды қалай тексеруге болады?

Дебеттік картаны пайдаланған кезде ақша тікелей сіздің банктік шотыңыздан есептен шығарылады. Шоттың ағымдағы балансы мен картадағы операцияларды сіз банкоматта, телефон бойынша – Сіздің банкіңіздің колл-орталығында – немесе интернет-банкинг жүйесінде тексере аласыз. Қауіпсіз әрі ыңғайлы болу үшін әрбір транзакция туралы мезеттік смс-хабарламаны теңшеп алуыңызға болады.

Кредит картасы

Кредит картасы – бұл кредиттік лимиті автоматты түрде жаңартылып отыратын банк картасы, ол лимитті банк сіздің расталған кірістеріңіз бен төлем қабілетіңізге қарай белгілейді. Сіз ақшаны банкоматтан алып, тауарлар мен қызметтерді ақысын төлей аласыз, картаны шетел елде пайдалана аласыз, содан соң банк алдындағы берешекті шаттар белгіленген мерзімде өтей аласыз.

Берешектің барлық сомасын сол айда өтеу міндетті емес – сіздің шартыңызда өзіңізге жеке белгіленген ең төменгі төлемнің өзі жеткілікті. Ай бойы пайдаланылған сомаға есептелген сыйақы да көбіне ай сайынғы төлемнен тұратын болады.

Кредит картасының ыңғайлылығы кредит картасын алу үшін құжаттарды бір рет қана көрсету арқылы көптеген сатып алуды, оның ішінде ірі заттарды кредитке сатып алуға болатындығында. Кредит картаңыз болса және оны ақылға қонымды етіп пайдаланатын болсаңыз, сіз көзделмеген шығыстарға да дайын боласыз.

Картаны алар алдында өзіңіздің нақты төлем жасау қабілетіңізді бағалаңыз: бұл толыққанды кредиттік өнім, ал кредит картасы бойынша міндеттемелерді орындау басқа қарыздар сияқты сіздің кредиттік тарихыңызға әсер етеді. Бұдан басқа есте сақтаңыз: кредит картасымен проценттер қарапайым картаға, қайта қалпына келмейтін банктік қарызға қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Пайыздан басқа банк банкоматтардан қолма-қол ақшаны алғаныңыз үшін банк қосымша комиссиялар да есептеуі мүмкін.

Кейбір банктерде сізге жеңілдікті грейс-кезеңдері көрсетілген картаны ұсынуы мүмкін, әдетте, ол кезең күнтізбелік айды немесе одан көбірек мерзімді құрайды.

Егер сіз жұмсалған сомалар бойынша берешекті осы кезең ішінде толығымен өтейтін болсаңыз, банк сыйақы есептемейді. Бұл ақшаны сіз тегін немесе төмен мөлшерлемемен пайдаланасыз.

Кредит картасының мерзімі аяқталған кезде банк оны қайтадан шығарады. Егер сіз кредит картасын жапқыңыз келсе, сыйақыны қоса алғанда берешекті өтеп қана қоймай, 45 күн күте тұру қажет. Мұндай мерзімді халықаралық төлем жүйелері белгілейді.

Банк карталары туралы нені есте сақтаған жөн?

  • Алдын ала төленген төлем картасы бойынша қол жетімді ақшаны бір рет қана пайдалана аласыз – қосымша жарналар салып, толықтыруға болмайды.
  • Сізде Қазақстан банкі шығарған Visa, MasterCard немесе UnionPay халықаралық жүйесінің дебеттік төлем картасы болса, банк шотындағы ақша қалдығы шегінде сіз банкоматтан ақша алып, Қазақстанның және әлемнің кез келген нүктесінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлей аласыз, интернетте қауіпсіз төлемдер жүргізіп, ақша аудара аласыз.
  • Кредит картасын бір рет ресімдей отырып, сіз көптеген, оның ішінде ірі затты кредитке – қайта берілетін кредит лимитінің шегінде сатып ала аласыз.