ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ 2007 – 2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жабу
Тіркелу не үшін қажет?
Құрметті тұтынушы, біздің сайтқа тіркелу арқылы Сіз қарым-қатынас орнату мен пайдалы ақпарат алуда көп мүмкіндікке ие боласыз. Тіркеуден бір рет өткеннен кейін, Сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • форумдарда тілдесуге және тәжірибеңізбен алмасуға
  • «Блогтарда» сарапшылармен тілдесуге
  • «Сұрақ-жауап» бөлімдерінде сұрақ қоюға
  • Мақалалар мен жарияланымдарға өз ой-пікірлеріңізді қалдыруға
  • «Жеке бюджет» жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат алу

Қаржы әлемінде біздің сайт сіздерге тіректі көмекші болатындығына сенеміз!

По русский Қазақша
Бюджетті жоспарлаймыз Бәрі несие туралы Инвестициялаймыз Зейнетақыны жоспарлаймыз


«Алаңсыз қарттық» кітабы
«Алаңсыз қарттық» кітабы Толық оқу

Біз алыс күндер туралы көп ойлана бермейміз, бірақ қарттықты қамсыз қарсы алу үшін бүгіннен бастап пайдалана алатын мүмкіндіктер бар екенін ұмытпаған жөн.


Несие калькуляторы

Зейнетақы қорлары

На печать

Болашақ зейнетақыңыз туралы неғұрлым ертерек қамдана бастасаңыз, өзіңіздің зейнетақы шотыңызға соғұрлым мол қаражат жинай аласыз. Ең алдымен, Сіз сенімді және мықты зейнетақы қорын таңдауыңыз қажет. Тек осындай қор ғана сіздің қарттығыңызға жинаған қаражатыңызды сақтап, оны көбейтеді.

Сізе бір сұрақ туындауы мүмкін: Қазақстанда он беске жуық зейнетақы қоры бар. Қорды қандай қасиеттері бойынша таңдаған дұрыс? Таңдауды өзіңіз жасауңыз керек, ал одан кейін Сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңыздың бүтіндігіне сенімді болу үшін қордың ісін қадағалап отыруыңыз қажет.

Сіздерге пайдалана алатын бірнеше ереже бергіміз келеді. Дегенмен, кез–келген қордың аса жақсы сипаттамасы сол қордың қызметінің бір–ақ қырын көрсететінін ұмытпау керек, яғни бір сипаттама Сізді қателлікке әкеп соғуы мүмкін.

1–ші Ереже. Қордың құрылтайшыларының толық құрамын біліп алыңыз. Егер құрылтайшылар бұрыннан белгілі ірі және сенімді мекемелер болса, онда Қорға сенуге болады. Ос мекемелер мен олардың басшылары Қор сенімді болу үшін барлық күштерін салады және Қор толығымен аяқтан тұрғанша оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

2–ші Ереже. Қордың филиалдары бар ма, қанша және олар қайда орналасқандығы туралы анықтама жасап алыңыз. Егер Сіз Орал, Шымкент, Қарағанды немесе одан басқа қаланың тұрғыны болсаңыз, Сізге сіздің аймағыңызда аймағыңызда тұрақты стационарлы нүктесі бар қор керек. Ол нүкте шын мәнінде жұмыс істейтінін, онда Сізге қызмет көрсететін адамның барлығын, жұмыс уақытында Сіз өзіңізге қажетті ақпаратты Қорға жеке өзіңіз барып, немесе телефон арқылы қоңырау шалып жасырын сөз бойынша жылдам ала алатыныңызды тексеріңіз.

Филиалдары бар Қордың салымшысы болған өте ыңғайлы, өйткені Сіз мекенжайыңызды өзгертуіңіз әбден мүмкін ғой. Және де бүкіл республиканың территориясында жұмыс істейтін мекеме анағұрлым тез дамып, өсе алады, ол шағын немесе ірі емес мекемеге қарағанда тез нығаяды. Сонымен қатар, стационарлы филиалдардың желісі қордың қызметі туралы ақпаратты тікелей филиалдан алуға мүмкіндік береді.

3–ші Ереже. Қордың кадрлары құрамы туралы сұрастырып көріңіз. Кәсіпқойлық мекеменің, әсіресе, қаржылық мекеменің табысты жұмыс істеуінде және бәсекелестікке қабілеттігінде ең маңызды рөлдердің бірін атқарады. Қорда жоғары білікті, тәжірибелі мамандар қаншалықты көп болса, Қор соншалықты мықты болады.

4–ші Ереже. Қордың қазіргі уақыттың талаптарына сай жабдықтары бар ма екендігін, қор мәліметтерді беру каналдарының қайсысымен жұмыс істейтінін олар қаншалықты қауіпсіз екендігін сұрастырып біліңіз. Бұл зейнетақы жинақтарының сақтандылығы үшін де, қордың табысты жұмыс істеуі үшін де өте маңызды.

Салымшылар және олардың зейнетақы шоттары туралы ақпаратты сақтау, өңдеу үшін, ақпаратпен алмасу және оны жаңарту үшін, инвестициялық табысты дұрыс есептеу үшін жаңа компьютерлік құрал–жабдықтар, баңдарламалық қамсыздандыру, заманауи ұйымдастырушы техника, коммуникация және байланыс құралдары қажет.

5–ші Ереже. Құнды қағаздар және олардың табыстылығы туралы мәліметтер ашылмайтын құпия еместігін естерңізден шығармаңыздар. Қор Сіздің қаражатыңызды қандай құнды қағаздарға салатынын және олардан қандай инвестициялық табыс көруге болатынын білуіңіз керек. Осы мәліметтерді басқа қорлардың мәліметтерімен салыстырыңыз.

Қордың зейнетақылық активтерінің басым бөлігі сенімді қағаздарға құйылғанын, және қордың түрлі құнды қағаздар портфелі бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұндай жағдайда бір құнды қағаз бойынша табыстың төмендеуі немесе басқа да мәселелер барлық зейнетақы активтері бойынша шығынға әкелмейді. Инвестициялық портфельдің шмадан тыс жоғары табысты болуы зейнетақы активтерінің тәуекелі мол құнды қағаздарға салынған болуы мүмкін екендігін ескеріңіз. Мұндағы жоғары пайыз тәуекел үшін төлем болып табылады.

6–шы Ереже. Сіз таңдаған Қордың салымшылары туралы біліп алыңыз. Егер салымшылардың арасынан мемлекеттік мекемелердің, құқыққорғаушы органдардың, ірі корпорация мен компаниялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері табылатын болса, мұндай Қорға сенуіңізге болады. Бұл құрылымдар өзінің қызметкерлерінің зейнетақылық жинақтарын қорғау мақсатында Қордың қызметін түбегейлі кәсіби сараптамадан өткізеді.

7–ші Ереже. Қордың қанша салымшысы бар екендігі де маңызды. Адамдар Қор туралы неғұрлым жақсы сөз айтса, таңдау жасай алмай тұрған адамдар сол Қорға қарай тартылады. Көбіне жарнама емес, жақсы сөз салымшылардың сенімін оятады.

Жақсы атақ салымшылардың келуін қамтамасыз етеді. Ал екінші жағынан, Қордың салымшылары неғұрлым көп болса, оның активтері де соншалықты көп болдмақ, ал бұл өз кезегінде қордың тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етеді.

8–ші Ереже. Қордың аудиторлық тексерісінің нәтижелеріне назар аударыңыз. Заң бойынша Қорлар жыл сайын қызметін аудиторлық тексерістен өткізеді. Ол қордың қаржылық есебінің дәлдігін және объективтілігін, сонымен қатар оның қызметінің халықаралық және қазақстандық стандарттарға сәйкестілігін растайды немесе жоққа шығарады.

Егер қор мекемеге келіп, оның қызметкерлеріне қордың салымшысы болу туралы ұсыныс жасайтын болса, онда мекеменің қызметкерлері қордың қызметі туралы барлық құжаттарды, оның ішінде инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді, тәуелсіз аудиторлар тексерісінің нәтижесін және қордың қызметі туралы есепті сұрауға құқылы болып табылады. Мұндайда аудиторлық тексеріс жасаған фирманы да біліп алған артық болмайды.

Мәселен, егер аудиторлық тексерісті ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың біреуі өткізген болса, ол компанияның жүргізген тексерісінің нәтижесін бүкіл әлем қабылдайтын болса, онда мұндай аудиторлық тексеріс кеудеге сенім ұялатады.

Invest-market.kz

Біздің сайттағы басқа да пайдалы ақпарат:

Зейнетақы жарналары – сіздің болашағыңызға жасаған инвестиция. Біз Сіздерге «Қамсыз қарттық» атты ақпараттық–танымдық кітапты ұсынуға қуанышты боламыз.

- Егер сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар бізден!

- Форумда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқарып үйреніңіз

- Біз Сіздер үшін Зейнетақы жарналары атты тақырыпта және басқа да қызықты тақырыптарда қызықты басылымдар жинаймыз.

- Әлеуметтік көмек.

- Зейнетақы қорларының (ЗЖҚ) және басқа компаниялардың анықтамасы