Біз алыс күндер туралы көп ойлана бермейміз, бірақ қарттықты қамсыз қарсы алу үшін бүгіннен бастап пайдалана алатын мүмкіндіктер бар екенін ұмытпаған жөн.
Зейнетақы жоспары
Зейнетақы жарналары
Осы сөздің өзінен–ақ бәрі түсінікті. Біз еңбек өтіліміздің барысында ай сайын өзіміздің еңбекақымызға қарай белгілі бір соманы (қолданыстағы заңнама бойынша 10%) төлеп отырамыз (жұмыс берушіміз төлейді).
- Қайда төлейміз?! Кімге? Не үшін?
- Дәлірек айтсақ, өзіміз таңдап алатын зейнетақы қорына аударамыз.
Солайша айлар өткен сайын біздің зейнетақы шотымызда бізге зейнеткер болған уақытымызда төлемдер ретінде берілетін қаражат сомасы жинақталады.
Бұл қалайша жүзеге асатындығы туралы, және зейнетақы төлемдерінің түрлері жайында төменнен оқыңыз.
Зейнетақы жарналары – бұл зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін ақшаны сақтауға беру ғана емес, сонымен қатар бұл шын мәнінде инвестиция жасау.
Зейнетақы қоры – бұл өзінің салымшыларына пайда әкелетін қаржылық құрал. Азаматтар төлейтін ақша ПИФ сияқты жұмысқа енгізіледі
Жарналардың түрлері:
- Міндетті – жарналар заңнамада бекітілген мөлшерде ай сайын жұмыс берушінің шотынан ЖЗҚ шотына аударылып отырады.
- Ерікті – өзі айтып тұрғандай, – салымшы өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорына ҚР Заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шартта бекітілген тәртіппен алушының пайдасына енгізілетін ақша.
- Кәсіби – салымшылар өз бастамаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына заңнамада және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шартта бекітілген тәртіппен ҚР Үкіметі белгілеген кәсіптер тізімі бойынша жұмыскерлердің атына салатын ақша. Яғни жұмыс беруші Сізге міндетті төлемдермен қатар, ерікті түрде төлемдер жасап өзінше көмектеседі. Көбіне мұндай жарна түрі зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға қатысты болады.
Жоғарыда айтылғанға қарағанда, зейнетақы жарналары бақылауға жататын үрдіс екендігі түсінікті болды, және сіз инвестициялардың мөлшерін ерікті жарналар арқылы көбейте аласыз.
Тәжірибе жүзінде зейнетақы қорын таңдамастан бұрын:
Зейнетақы жүйесімен танысу керек
Зейнетақы қорын таңдау керек
Екі жолдың бірін таңдау керек: қалыпты салымдар немесе инвестициялық портфельді өзіндік бақылау.
ЖЗҚ–ымен шарт жасау керек.
Біздің сайттағы басқа да пайдалы ақпарат:
Зейнетақы жарналары – сіздің болашағыңызға жасаған инвестиция. Біз Сіздерге «Қамсыз қарттық» атты ақпараттық–танымдық кітапты ұсынуға қуанышты боламыз.
- Аннуитетті сақтандыру
– Егер сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар бізден!
- Форумда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқарып үйреніңіз
- Біз Сіздер үшін Зейнетақы жарналары атты тақырыпта және басқа да қызықты тақырыптарда қызықты басылымдар жинаймыз.
- Әлеуметтік көмек.
- Зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) және басқа компаниялардың анықтамасы









