Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Біз туралы

Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар!

Сіз www.fingramota.kz оқыту сайтына кірдіңіз, бұл – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асыратын жобалардың бірі.

Еліміздің экономикалық дамуы көбінесе халықтың жалпы қаржылық сауаттылық деңгейіне байланысты болады. Қоғамның қаржылық сауаттылық деңгейінің жоғары болуы әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа ықпал етеді.

Қаржылық сауаттылықтың артуы тұрмыстық деңгейде, іскерлік қатынастар деңгейінде, мемлекеттік деңгейде де қаржылық қатынастардағы түрлі тәуекелдердің төмендеуіне әкеледі.

www.fingramota.kz сайты қаржылық сауаттылығы мен қаржылық мүмкіндіктері әр түрлі болып келетін ауқымды аудиторияға арналған.

Біздің сайт оқырмандарға қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсінуге, оларды Қазақстандағы қолданыстағы қаржы құралдарымен, өнімдермен және қызметтермен таныстыруға және оларды дұрыс пайдалануға көмектесу үшін құрылған. Біз қаржылық сауаттылықты арттыру идеясы отандастарымыздың сұранысынан туындайтын дәрежеге жетуге ұмтыламыз.

www.fingramota.kz сайты тек қолжетімді ақшаны қалай дұрыс басқаруды үйренуге ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй мәселелерін шешуге, зейнетақы жоспарын құруға, қаржылық алаяқтардан қорғануға, электронды ақша әлемін игеруге, қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды қорғауға және т.б. көмектеседі.

Біздің міндетіміз - әр оқырманға оларды қызықтыратын және пайдалы ақпараттарды: ақшаның төлем құралы ретіндегі, жинақтау құралы ретіндегі, инвестиция ретіндегі рөлін түсінікті тілмен жеткізу.

Ақпаратты жеткізудің мақала, бейнематериалдар, инфографика, анимациялық роликтер, оқырмандардың сұрақтарына қаржы нарығы мамандарының кеңес беруі сияқты түрлі тәсіліне қарамастан - біз сіздерді маңызды қаржылық оқиғалар туралы хабардар етеміз.

… «Монета»  деген сөз бізге Ежелгі Римнен келген. «Монета» мәртебесіне Юнона әйел құдайы ие болған. Латын тілінен аударғанда оның аты «ескертуші» немесе «кеңесші» деген ұғымдарды білдіреді. Біз де «ақыл-кеңес беріп» және «ескертіп отыратын» Юнона сияқты өз оқырмандарымызға заманауи қаржы әлемінде өздеріне сенімді болуға көмектесуге тырысамыз.

Оқыту сайтынан басқа Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қаржылық сауаттылық бойынша келесі жобаларды іске асыруда:

- Қазақстанның өңірлерінде қаржылық сауаттылық бойынша тегін  дәрістер;

 - мектептерде қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар;

 - халықтың кең ауқымына арналған  шығарылымдары Astana TV телеарнасының сайтында және YouTube арнасында ұсынылатын «Money Time» ақпараттық-түсіндіру телебағдарламасы; 

 - шығарылымдарын Astana TV телеарнасының сайтында және YouTube арнасында табуға болатын жастарға арналған #ТенгеманияNext телебағдарламасы; 

 -кіші және орта мектеп жасындағы балаларға арналған «Дружные ребята», «Ұлан» газеттерінде және «Ойла» жастар журналында Қазақстан Ұлттық Банкінің арнайы қосымшалары;

 - «НБК online» мобильді қосымша;

 - Facebook және Instagram-дағы біздің парақшаларымызда ұсынылған  анимациялық роликтер, комикстер және басқа да жарияланымдар.

Бақыт пен байлыққа кенелу көздерінің бірі - өз бюджетіңізді жоспарлай және инвестицияларды басқара білу.  Қаржылық сауаттылығыңызды бізбен бірге арттырыңыз!