Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Жаңа жыл қарсаңындағы практикум


Жаңа жыл қарсаңындағы  практикум

немесе әр айға арналған 12 пайдалы  ойлар

Егер жыл соңында Сіз  дебет пен кредитті ойдағыдай есептеп, барлық қарыздарыңыз жауып, депозит ашқан болсаңыз, онда сіздің жеке экономикаңыздың мықты іргетасы қаланды деп нық сеніммен айтуға болады.  Ескі жылдың соңында қарыздарды таратып, Жаңа жылды қарызсыз бастау деген жақсы ырым бар екенін бәріміз жақсы білеміз.

Жыл бойы жеке бюджетті қалайша сауатты жүргізуге болады. Оның бәріне жарайтын тәсілі әрине жоқ. Алайда, біз қажеттілікке  жарап қалар деген оймен неғұрлым жиі қолданылатын, әрбір айға бір-бірден пайдалы ойлармен бөліскіміз келеді.  

ҚАҢТАР. Отбасылық бюджетті нақтылап алудың уақыты келді. 
matrony_mini_10122016_2-1200x520.jpg

Әрине, алдымен өткен жылдың шығыстарын түгендеп алуға тырысыңыз. Егер сіз қаржы күнделігін, жеке бухгалтерияңызды, бас кітапты жүргізбесеңіз, онда жай ғана жадыңызда қалған шығыстардан ең маңыздысын ажыратып алыңыз. Оның ішінде қайсысы жүйелі, қажетті, міндетті болғанын, ал қайсылары кездейсоқ және керексіз шығындар болғанына баға беріңіз. Олардың ішіндегі негізгілерін еске түсіріп, оларды кірісіңізбен (жеке немесе отбасылық) салыстырып көріңіз. Бұл - шығындарды негізгі мақсаттары бойынша топтарға бөлуге  және болашақта босқа шығын шығармауға көмегін тигізуі мүмкін. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

Жете

Отбасылық бюджетте  активтер мен пассивтердің  есебі – ең бірінші кезектегі талап. Ақшаның қайда кетіп жатқанын түсіну үшін қаржылық жоспар құру қажет, оның бірден-бір амалы -  өз кірістеріңіз бен шығыстарыңызды жазып отыру.

Кіріске тек кепілді кірістерді есептеп отырыңыз. Алайда, қосымша табыс көзін, лотереялық ұтыстар, сыйлықақылар, инвестициялық кірістер мен әжеңіздің мұрасын немесе бақшаңызда кездейсоқ тауап алған қазынаны жеке бағанға қалдырыңыз. Мұндай түсімдер болып жатса, құба-құп, оны жұмсаудың түрін үнемі табасыз. Таба алмасаңыз, одан сіздің бюджетіңіз ойсырамайды. Ол дұрыс есептеліп қойған.

Шығыстарды маңыздылығына қарай жоспарлаңыз: бірінші кезекте, әдеттегіде, ағымдағы өмірлік маңызы бар қажеттіліктерге немесе коммуналдық қызметтерге арналған баған. Бұл екі опция, әдетте, отбасы бюджетінің 60-70%-ын алады. Қалған ақша өз кезегімен балалардың оқуына, дәрі-дәрмекке, көлік, киім-кешек шығындарына, ойын-сауыққа жұмсалады.

Алайда, кірістің ең аз дегенде 10%-ын қорға сақтап қоюды ұмытпаңыз.  Бұл ретте, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, нысаналы депозит – ең оңтайлы шешім болып табылады. Қазақстандықтардың көпшілігі бұл қағиданы ұстанады: Ұлттық  Банктің деректеріне сәйкес ескі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері  8,8 трлн. теңгеден асып түседі. Бұл халықтың «ақша қоржынының» тиімді түрі.  

Егер, сіздің ақшаны депозитке апарып салуға уақытыңыз болмаса, банкке тиісті  тапсырма беруіңізге болады. Сонда, аталған сома автоматты түрде салымға есепке жазылатын болады. Тіпті оны ашу үшін банкке барып жатудың да қажеті болмайды: барлық іс-әрекетті банктің жеке кабинетінде  онлайн-режимде жүргізуге болады.  

Отбасылық бюджеттің айнымас қағидасы: шығыстар баптарын араластырмау. Яғни, азық-түлікке, коммуналдық төлемдерге, дәрі-дәрмекке арналғандар (1-2%)   және «қорға сақталған» - бұл жұмсалмайтын қор. Тағы бір шығын түрі – қайырымдылық. Бұл әркімнің мүмкіндігіне, ар-ұятына байланысты.

АҚПАН. Зейнетақы жоспарын жасаймыз.

1468479869_novosti.jpg

Бұл - болашақ туралы ойлауға ең қолайлы ай. Терезеден көз салып, аппақ қар мен қытымыр суыққа қарап ойға шомғанда, жаз туралы ойлаудың өзі артық сияқты көрінеді… Ал кейбір адамдар зейнетке шығу туралы: оған әлі қайда, аман жетіп алайықшы деп ойлайды. Бірақ арасында БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинағының есебіне көз салып қойған артық болмайды. Сіз тіпті бар болғаны 18, 20 немесе 35 жаста болсаңыз да. Бұл туралы қай жаста болса да ойлау өте маңызды: жастық шақ, өкінішке орай, тез өте шығады. Сондықтан ақшаны бақылауда ұстау сияқты жақсы әдетке жастық шақтан бастап бой үйрету керек.

Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ....

ЖетеБіз бәріміз алғаш ақша тапқан күннен бастап қордың салымшысы боламыз. БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны бүгінде 10,6 млн. асты. Әдетте, жылдың басында олар біреуге пошта арқылы, енді біреуге электронды түрде қордан есеп жібере бастайды. Енді бір адамдар www.enpf.kz немесе www.egov.kz веб-сайттарындағы жеке шотына кіріп, жұмыс беруші аударған ақшаны тексеріп, есептелген инвестициялық кірісті көре алады. Біріншіден, жұмыс берушінің жеке зейнетақы шотына енгізген міндетті зейнетақы жарналарының жүйелілігін, толықтығы мен уақтылығын тексеріңіз. Егер Сіз оның дұрыс емес екенін байқап қалсаңыз, зейнетақы жарналары толық немесе уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жұмыс берушіге санкциялар қолдануға құқылы. Яғни, кәсіпорындардың банк шоттарынан қарыз мөлшеріндегі ақшаны өндіру және қызметкерлердің ЖЗШ-на аудару. Дей тұрғанмен, БЖЗҚ-дағы шотыңызды тек ақпан айында ғана тексерумен шектелмеңіз. Мұны үнемі жасау керек: дер кезінде салынбаған жарна - бұл сомаға есептелетін инвестициялық кірістің бір бөлігін жоғалту. Бұл болашақ зейнеткердің жоғалтқан пайдасы деп айтуға болады. Өз шотыңызды да, сол сияқты міндетті зейнетақы жарналарының есепке алынуын да үнемі бақылауда ұстаңыз. Сондай-ақ ерікті зейнетақы шотын ашу туралы да ойлап қойыңыз. Әсіресе, сіздің олай жасайтын мүмкіндігіңіз болса, тіпті жақсы. Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) мөлшерлемесін және оларды төлеуді өздігіңізше анықтай алатыныңызды ұмытпаңыз. Жеке тұлғалар үшін салық шегерімі Салық кодексінің 342 және 248-баптарына сәйкес олардың пайдасына төленген ҚҚС төлеміне байланысты шығыстарға қолданылады. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдер салымшы 50 жасқа толғанда басталады. Зейнетақы калькуляторын (https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/calcs.php) пайдаланып, сіз өзіңіздің зейнетақы төлемдеріңізді дербес есептей аласыз. Егер сіздің жасыңыз отыздан сәл ғана асқан болса, сіздің ақша жинақтау уақытыңыз көп болғандықтан ерікті зейнетақы шотына қомақты сома жинау мүмкіндігі бар. Сіз, әрине, ЕЗЖ-ның орнына банктік депозитті пайдалана аласыз, бірақ 20 жыл бойы бұл жинақтарға тиіспеуге шамаңыз жете ме? Және қандай банк осындай ұзақ мерзімді салым ұсына алады? Анықтамалық үшін: Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері 2019 жылғы 20 желтоқсанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Ол күшіне енгеннен кейін, ЕАЭО жұмыскерлері тек өз елінде жұмыс істеген кезеңдері үшін ғана емес, сонымен қатар Одақтың басқа елдеріндегі жұмыс уақыты үшін де зейнетақы алады. Бұл қай жерде жұмыс істесеңіз де, ЕАЭО-да қандай зейнетақы жүйесі жұмыс жасамасын, зейнетақы төлемдерін кейінірек алу үшін кірістерді заңдастырудың қаншалықты маңызды екенін есте сақтау үшін айтылып отыр.

НАУРЫЗ. Мерекелік шығындарды бақылаймыз.

kak-organizovat-kontrol-zatrat.jpg

  Наурыз айында мерекелер көп екені белгілі. Наурыздың 8-дегі мерекенің өзі неге тұрады. Бұл мерекедегі шығындар Наурыздың барлық күніндегі дәстүрлі түрде жайылған дастархан шығындарынан асып кетеді. Наурыздағы сыйлыққа жұмсалған шығыстарды жаңа жылдық сыйлықтармен салыстыруға болады. 
Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

ЖетеМерекелік шығындарды қалай «ауыздықтауға» болады? Біріншіден, сыйлайтын сыйлықтардың санын есептей отырып, сыйлыққа арналған бюджетті қатаң түрде айқындаңыз. Екіншіден, босқа шығындалмас үшін кімнің нені қалайтынын (әңгіме жақын адамдар туралы болып отыр) сыпайы түрде нақтылауға тырысыңыз. Нашар заттарға ұрынып қалмауға не көмектеседі? Бірінші – сауда орталықтарындағы жеңілдіктер. Нақты және бастапқы бағаның 30-50%-на дейін жеткізетін сауда орталықтарының бар екеніне бәрі сене бермейді. Екінші – кэшбек (cashback), қолма-қол ақшаны қайтару. Бұл функция, егер cashback бірден жұмсамай, нысаналы түрде жинақтаса және одан кейін қымбат затты сатып алу кезінде тұтас пайдаланса, ерекше белгілі болады. Егер тауар бағасынан 200 теңгені немесе 10 мың теңгені есептен шығарса, айырмашылығы бола ма? Үшінші – сауда орталықтарының дисконттық карталары. Олар, әдетте, жеңілдік болмаған күндері қолданылады. Мұның жүйкеңді тоздырмай және кезексіз, қолайлы жағдайда өзің қалап тұрған сыйлықты алдын ала сатып алу және де дисконтпен сатып алу болатынын ескерсек – бұл нағыз керек нұсқа. Дисконтты жеңілдікке қосатын сауда желілері де бар. Бұл сәттілік. Жаздыгүні шананы арзан бағаға сатып алу нұсқалары да бар. Бірақ оны иесіне бірден ұсына алмайсың, күтуің керек, оған шыдамдылық керек. Ең қолайлы нұсқа – Интернет арқылы сатып алу. Бірақ бұл жерде сақ болуы керек: алдап кетуі мүмкін және фишингтік сайтқа ұрынып қалу тәуекелі бар. Алаяқтар да үнемі хабардар болып жүреді, қарапайым азаматтардан қаражатты алып қоюдың әртүрлі тәсілдерін ойлап табады. Олармен қалай күресу керек екенін www.fingramota.kz сайтындағы «Төлемдер және аударымдар» айдарының материалдарынан білуге болады. Егер мерекелік дастарханға тамақ өнімдерін сатып алу туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде керісінше: оларды бағасы мереке алдында ғана өсіп кетеді. Сондықтан кейбір тауарды алдын ала алып қойған дұрыс. Себебі мереке қарсаңында базар мен дүкендерге жүгіріп жүрген кезде сыйлықтардан үнемдеймін деп жүрген ақша дастархан шығындарына жұмсалып кетуі мүмкін. Сондықтан мынау есіңізде болсын: ақшаны көп табатын адам бай емес, керісінше оны ақылды түрде жұмсай алатын адам бай.

СӘУІР. Инвестициялар туралы ойлаймыз. 
ziDaKOyK.jpg

Өз ақшаңызды сақтау және көбейту үшін қандай сенімді қаржы құралын таңдау керек? Бірінші және айқын жауабы – бұл депозит. Қазақстанда депозиттің үш түрі бар: жинақ; мерзімді; мерзімсіз. Егер мақсат ақша табу болса – онда жинақ депозитті таңдау керек, ол бойынша мөлшерлеме ең жоғары. Осы салымдар бойынша ең жоғары кепілдік Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі до 15 млн теңгеге дейін. Ай сайын қаралып отыратын кепілдік берілген мөлшерлемелердің өзгерістерін  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) http://www.kdif.kz/ru сайтынан қадағалап отыруға болады. 

Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

Жете2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін толықтыра отырып жинақ салымдары бойынша мынадай деңгейдегі: 12,7 – 12,9%, ал толықтырылмайтын салымдар бойынша мынадай деңгейдегі: 14 – 14,6% мөлшерлемелер қолданылады. Салымдардың түрлері және олардың кірістілігі туралы www.fingramota.kz сайтында, «Депозиттер» айдарында орналастырылған материалдардан оқуыңызға болады. Егер кірісіңіз мүмкіндік берсе, онда Қазақстан Ұлттық Банкінің шағын алтын құймаларына және алтын монеталарына ұзақ мерзімді инвестициялар жасай аласыз. Сарапшылардың болжамы бойынша сары металдың құны өсетін болады. Бірақ мынаны ескеру маңызды: алтын – ұзақ мерзімді актив. Баға белгілеулер күн сайын өзгереді, бірде құлдырайды, бірде көтеріледі, бірақ алтын ұзақ мерзімді перспективада өседі. Қазақстанда алтын құймалардың мынадай бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Олардың барлығын Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған. Жеке инвесторды қорғау үшін Ұлттық Банк 20017 жылы «Халық үшін өлшеуіш тазартылған алтын құймасын сату және сатып алу жөніндегі бағдарламаны» іске қосты. Бағдарлама шеңберіне алтын құймалары екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылады. Бағдарлама банктердің өлшеуіш құймаларды клиентке «күнде күн» ақша төлей отырып кері сатып мүмкіндігін береді. Ұлттық Банк сататын инвестициялық монеталарға инвестициялар алтынға салынатын инвестициялар қағидаларына ұқсас қағидалар бойынша жұмыс істейді. Бірақ бұл жерде нумизматикалық және тарихи аспект бар: монета қаншалықты ескі болса, ол айналымда сирек болады және шебер орындалса, ол жыл сайын қымбаттай түседі. Бағалы қағаздар – Қазақстанда көптеген адамдар қауіппен қарайтын актив. Сонымен қатар, желтоқсанның басында Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 118 мыңнан астам дербес шоты ашылды. Биржаның жаңалықтарын Қазақстан қор биржасының (KASE) www.kase.kz. Сайтынан біліп отыруға болады. Сауатты түрде инвестицияланған кезде кірістілік банктік депозиттің көрсеткішінен асуы мүмкін. Бағалы қағаздарға инвестициялау үшін жақсы қаржылық делдалды тауып алу қажет. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүргізу құқығына лицензиясы бар ұйымдардың тізімі қаржылық реттеушінің ресми сайтында орналастырылған. Инвестицияларыңыз сәтті болсын!

МАМЫР. Тағы да – депозиттер туралы

l_deposit-2.jpg

  Енді нысаналы депозиттер туралы. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге көмектесетіндер туралы. Әдетте, ірі шығындар мәселесі туралы екі тәсіл бар. Біріншісі – адамдар бірнәрсе сатып алу немесе қандай да болсын міндетті шешу үшін досынан, банктен, мамасынан, туыстарынан ақша алуды дұрыс көреді. Басқалары ақшаны жинақтағанды дұрыс көреді. Алғашқылары иеленген игілікпен өмір сүреді және пайдаланады, бірақ үнемі қарыз болып, оларды пайызбен өтеп отырады. Екіншілері шығынды азайтып, кейінірек сатып алады, бірақ әдетте, қарызсыз және кредитсіз өмір сүреді. Сонымен қатар, олардың «армандаған заты үшін» ақша жинақтауға банк көмектеседі, ол депозит бойынша пайыздар төлейді. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

Жете

Бұл ретте әркім өз қалауы бойынша шешеді. Ең  сенімдісі депозиторлар екендігі айдан анық. Банктер мерзімсіз және мерзімді салымдарды ұсынады. ҚДКБҚ кепілдігі олар бойынша  10 миллион теңгеге дейін құрайды. Желтоқсанның аяғына дейін теңгемен мерзімсіз депозиттер бойынша кепілдік берілген ең жоғары мөлшерлеме шамамен 9,8% деңгейінде белгіленді.

Мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме жағдайға байланысты 10,3%-дан 14,6% -ға дейін өзгереді. Осындай депозиттерді ашқанда, оның мақсаты мен атауын сұрағаныңыз жөн болар еді: «телевизор», «ағылшын тілі», «демалыс», «жөндеу жұмыстары», «тон». Бұл қор жинауға қосымша мотивация да, депозитті мерзімінен бұрын жабылып қалудан сақтайды. Айтпақшы, банктерде, әдетте, клиент үшін мынадай опция бар - жинау мақсатын өз бетінше анықтау.

Мысалы, мамырда ... жаңа жылдық мерекелер үшін алты айлық депозитті неге  ашпасқа. Мысалы, депозитке 12,7% мөлшерлемемен ай сайын 20 мың теңгеден салу арқылы 124 мың теңгеден артық ақша жинауға болады. Аударымдар айтарлықтай байқалмайды, бірақ ол жердегі сома мереке күндерінде өте қажет.

Сондай-ақ басқа салымдармен де осылай жасауға болады. Үлкен мөлшердегі соманы бір депозитке жинау міндетті емес. Ақшаны түрлі мақсатты салымдарға ғана бөліп емес түрлі банктерге де бөліп салуға болады. Бұл әртараптандыру саясаты немесе барлық «жұмыртқаларды» «бірнеше себетке» бөліп салу қағидасы. Қолайлы жағдайларды қарап, салыстырып, таңдау керек. Ең бастысы мақсат қоя білсек, оған қол жеткізуге болады. Банктер жинаулар түрлерін, кірістен автоматты түрде тұрақты аударымдарды, ыңғайлы калькуляторларды ұсына отырып клиенттерге түсіністікпен қарайды.

МАУСЫМ. Демалысқа жиналамыз.

PravilaOtdyiha0.jpg

 Демалыс сапарына жиі және жеңіл жүретін отбасылар бар. Мұның бәрі олардың демалысты алдын-ала ойластырғандықтарында болып отыр. Олар өткен жылғы желтоқсанда әуе компанияларының авиабилеттерді алты ай бұрын жеңілдіктермен сатуға жүргізген акциясын мұқият қарап отырды. Билеттердің желтоқсандағы құны кез келген айдағы, әсіресе жазғы айларға көрсетілген  құнынан 40-50% төмен. Егер, 3-7 адамнан тұратын отбасы акциямен билет сатып алған болса, онда үнемдеу анық байқалады. Осылайша, үнемдеуді білетін  отбасылар үшін Париж Бурабайға қарағанда арзанырақ болып шығады. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

ЖетеЕкінші маңызды үнемдеу - бұл тұратын жер. Сондай-ақ желтоқсан айында қонақүйлерді немесе пансионаттарды үлкен жеңілдікпен брондауға болады. Мысалы, www.booking.com сайты осындай мүмкіндікті ұсынады. Егер клиент осы сайтқа тұрақты кіріп отыратын болса, онда бірден: «Біз сізді көруге әрдайым қуаныштымыз. 50% дейінгі жеңілдіктерді көру үшін өз аккаунтыңызға кіріңіз» деген сөздер шығады. Бұдан Триваго сайты да қалыс қалмайды. Ол тіпті мекенжай жолын өзінің атымен емес, жеңілдіктер туралы ақпаратпен ашады: www.save70.com/hotels/. Жалпыға түсінікті аудармасы: «Қонақүйлердегі үнемдеу 70%-ға дейін | save70.com». «Қонақүй бағасын салыстыру сізге 70% үнемдеуге мүмкіндік береді. Іздеуді бастаңыз және ең жақсы бағаны табыңыз!». Шақыруды жіберіп алмаңыз. Сондықтан да жаздың қай айын демалуға таңдауыңыз маңызды емес. Ең бастысы – авиакомпаниялардың жеңілдіктері мен іздеу сайттарының жеңілдіктеріне уақтылы мән беру. Бұл шынымен сіздің демалыс шығындарыңызды бір жарым-екі есе азайтады.

ШІЛДЕ. Сақтандыру туралы ойланатын уақыт.

vgXVWqA8.jpg

Біріншіден, демалыс маусымы. Туристі  сақтандыру міндетті. Екіншіден,  демалыс уақытында, іссапарларда үйді қараусыз қалдырғыңыз келмейді. Үшіншіден, коммуналдық қызметтер мен азық-түлікке кететін шығын азаяды (бұл маусымдық), осы жерден үнемделген ақшаны сіз сақтандыруға бере аласыз. Дамыған елдерде сақтандырусыз бір қадам алға жүрмейтіні мәлім. Алайда біз осы деңгейге жетуіміз керек және сақтандыру өнімдерінің барлық артықшылықтарын бағалауымыз керек. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

ЖетеҚазақстанның сақтандыру секторын бар болғаны 28 сақтандырушы ұсынады. 2019 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 106 млрд. астам теңгені құрады. Яғни, компаниялар жалпы алғанда жылдың 10 айында әртүрлі жағдайларға тап болған адамдарға осындай төлем жүргізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 82,3% -ға көп. Бұл сондай-ақ заңнамалық өзгерістерге де байланысты: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері интернет-ресурстарды қолдана отырып, электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасауда және сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуде. Шарттың электрондық нысаны міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрі бойынша көзделген. Бұл – ыңғайлылық, әрі сақтандыру қызметі құнының төмендеуі және сақтандыру төлемдерін алуды жеделдету. Автокөлікті сақтандыру компаниясы көш бастап тұрған кезде өмірді сақтандыру компаниясының (ӨСК) қызметін сарапшылар банктермен салыстырады. ӨСК міндетті сақтандыру бойынша, сол сияқты ерікті сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынады. Жинақтап сақтандыру да сұранысқа ие. Бұған сақтандырылушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыруды алып қана қоймай, сонымен бірге шарт мерзімі аяқталуына қарай ақшаны пайызымен жинақтай алады. Сақтандыру полисінің заңдылық шарттарын электрондық нысанда «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың www.mkb.kz. ресми интернет-ресурсында кез келген уақытта тексеруге болады. Қазақстанда сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді. Осы мақсаттарда сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры құрылды, ол сақтандырушы банкрот болған жағдайда сақтандырудың негізгі сыныптары бойынша сақтандыру сомасын өтейді.

ТАМЫЗ. Оқуға дайындық. 
131888_or.jpg

Егер көп балалы отбасы болса, онда балаларды мектепке дайындау оңай іс емес. Көп жағдайда  мұрагерлік бойынша өтетін киім, аяқ киім, сыныптан тыс оқуға арналған кітаптарды қолдан қолға беру көмектеседі. Жақсы кеңес – бұл мәселені тамызда емес, жаздың басында ойлау қажет. Алайда, ылғи да ойға  алған іс бола бермейді: балалар, әдетте жаз бойы өседі және әрдайым киім мөлшерін дөп баса алмайсыз. Үнемдеудің орнына тағы да қосымша шығын. Мұның да шығар жолын табуға болады.

Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

ЖетеМектепке дайындықты киімнен емес, рюкзактар мен мектепке керек-жарақтардан бастаңыз.  Жазда және тіпті тамыздың басында оларды дүкен сөрелерінде шаң басып, ешкімді қызықтырмайды, ритейлдің көңіл-күйі хош болмайды: тағы да тауар партиясы алда... Дәл жеңілдетілген бағамен алатын уақыт. Алайда, жаздың соңында, жаңа тауарды айтпағанның өзінде, жатып қалған тауардың да бағасы шырқап тұрады.  Мектепке арналған жәрмеңкелерге деген сенім бар. Әдетте, жергілікті билік  бағаны реттеуге тырысады, мұндағы басты тауар -  мектеп формасын жергілікті өндірушілердің ең төмен үстемеақысы қосылған  бағамен сатып алуға болады. Ірі сауда орталығының бағасынан 10-30%-ға төмен бағамен алу, бұл да үнем. Тамызда алға қойылған «міндетті» шешудің тағы бір жолы – нысаналы депозит. Бұл жолы оның мақсаты -  мектепке даярлық. Сондай-ақ,  бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларыңыз болса, білім беру депозитінің мүмкіндіктерін зерделеу өте орынды болмақ. Білімге ақшаны қалай жинауға болатынын  www.fingramota.kz сайтындағы «Депозиттер» айдарынан оқыңыз.

ҚЫРКҮЙЕК.  Күздегі қыс мезгіліне  дайындық. 
Autumn_Winter_Snow_452148.jpg

Экономика тұрғысынан қыркүйек – ең үнемді ай. Жеміс-жидектер, көкөністер аста-төк. Қыркүйек – бұл  тамыздағы жоғары бағалар мен қазандағы одан сайын шарықтайтын баға арасындағы былайша айтқанда «бағаның құлау» айы.  Көптеген отбасылар жеміс-көкөністен жасалатын дәстүрлі қысқа дайындықтың қамына кіріседі. Күзде жапқан банкаларыңыз үнемдеудің тағы бір тәсілі болмақ. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

Жете

Күзде жасалған қорлар, көп отбасы үшін – инфляцияға қарсы жақсы құрал. Қыс уақытында инфляцияға төтеп беретін жертөлелерде немесе балконда сақталатын бұрыш, баялды, кәді, қызанақ, қияр, қысқа мұздатылған жидектер, сондай-ақ картоп, пияз, қырыққабат берекелі шаруақор әйелдердің бағалауы бойынша,  отбасы бюджетін азық-түлік тағамдарына 30%-ға дейін үнемдейді.

Оларды өсіруге жері, мүмкіндігі жоқ қала тұрғынымен салыстырғанда үнем 50%-дан астам құрайды. Өкінішке орай, кәсіби экономистер соңғы уақыттарда мұндай зерттеулер жүргізбеген, ыждаһатты шаруақор әйелдер шығыстар бабындағы шығыны ең көп (және инфляцияға ең ұшырағыш)  - азық-түлік шығыстарына шынымен де жақсы үнемдейтінін растайды.

Қыркүйекте жартыжылдықты қорытындылауға болады, әлбетте, сіз жыл басында өзіңіздің кірістер мен шығыстарыңыздың жоспарын жасап қойған боларсыз?  Енді шығындарыңыздың талдауын жүргізіп, қалған 6 айға түзету жасауыңызға болады.  Бюджетті жоспарлау «отбасы» кемесінің шығындарға «батпай», ырқыңыздан тыс жасалатын  шығындарға жол бермейді. Айтпақшы, алты құмыра әдісі есіңізді ме? 

ҚАЗАН.   Кэшбэк деген не? Ақшаны жұмсаймыз ба? Немесе босқа шығынданамыз ба ? 

Без названия.jpg

Бір қарағанда кэшбэк – өте жақсы нәрсе. Әрбір сатып алудан картаға ақшаң қайтарылады, сосын оны жаратуға болады. 1%-дан 15%-ға дейін азын-аулақ ақша болса да, ол да  қуантады. Оны қайтармаса да қисыны келіп тұр.  Алайда, ойланып көрсеңіз, банктер мен суда желілеріне кэшбэк не үшін қажет, бұл сатып алушыны  торға түсірудің амалы емес пе пе? Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

Бұл орайда бағдарлама адал ниеттілік идеясын іске асыратыны түсінікті: адам сауда жасағаны үшін ақша түсіп тұратын саудан орындарына да банктік картаға да байланып қалады. Қазақстанда осы жүйені алғаш рет Қазкомерцбанк Go!Card- тан іске қосты. Ол бонустарды кері қайтарғанының арқасында жылдам танымал болды, бағдарлама икемді, оңтайлы және бәсекелестері болмағандықтан үлкен қызығушылық тудырды. Карта иелері бонустары жоғары дүкендерге баруға тырысты, карталар кредиттік болғандықтан «банк комиссиясына қарсы бонустар» жарысында банкті «жеңуге» тырысып құмарлықпен бонустар жинақтады. Қазіргі кезде кэшбэк дебеттік карталар бойынша да қайтып келді. Ол клиентке тиімді ме? Иә. Сауда нүктелеріне тиімді ме – әрине: клиент қайта келіп, әр келген сайын көбірек сауда жасап кетеді. Дүкен үшін бұл айналымның, орташа чектің, сатып алу санының ұлғаюы, демек пайданың да ұлғаюы. Бұл банкке тиімді ме? Әрине: егер карта тартымды болса, оның иесі оған басымдық береді және егер басқа банктердің карталары болса да, ол сондағы ақшаны осы картаға аударып, оны ұзағырақ пайдаланатын болады. Клиент кэшбэкті есептей отырып, өзінің жалақысын да осы картаға аударады, кредит те алады, салым да ашады, банкке достарын да шақырады. Клиент үшін тәуекел бар ма? Мүмкін. Ол дүкен құмарлыққа жол бермеу. Сонымен қатар қартаның элементтері ұсынатын кредиттік лимиттерге жоламау. Мұнда кэшбэк алумен қатар, банкке кредитті пайдаланғаны үшін комиссиялар төлеуге тура келеді. Кэшбэк – көбірек жұмсауды ынталандырады, ал ол өзгеше бір психологиялық тұзақ. Сондықтан, онымен әуестену керек емес: көп жұмсамай, кэшбэк бойынша көп ақша алу мүмкін емес. Сондықтан психологтар мынадай кеңес береді: дүкенді аралауға шығар алдында сатып алу жоспарын жасап алыңыз, өзіңіздің қаржылық жоспарыңыздан (лимиттен) ауытқымаңыз және ысырапшыл болмаңыз.Жете

ҚАРАША. Баспана мәселесін шешеміз. 

1500x999_0xac120002_13263901001544189597.jpeg

БАҚ-та және Интернетте жылдың төрт мезгілінің қайсысында үй сатып алуға ыңғайлы жөнінде біраз зерттеулер бар. Әртүрлі пікірлер әр маусымда қоныстой үшін өзіндік себептері бар екендігімен келіседі. Бірақ жылдың ең қолайлы уақыты - күз. Күнделікті тұрмыстағы себептер - жылы жаз өтті, қыс та таяды, жылуды, жайлылықты, өзімнің бұрышым болғанын қалаймын. Сонымен, қараша - бұл баспана мәселесін шешудің жақсы айы.  Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

ЖетеҚайталама және бастапқы нарықта, әдетте, көп ұсыныстар мен сұраныстардың өсуі байқалады. Бәсекелестік күшейе түседі, бағалар құлдырап барады және алдағы қыста болатын тыныштыққа байланысты көптеген девелоперлер жеңілдіктер мен бонустар береді. Қазақстанда тұрғын үй нарығының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар тұрғын үй нарығындағы мемлекеттің белсенді рөлімен қалыптасады. Мәселен, «7-20-25» ипотекалық бағдарлама елдің әрбір азаматы үшін кредит беру талаптарымен жүзеге асырылады. Ол құрылысшының өзінен бастапқы нарық үшін арналған, оны бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды. «7-20-25» бағдарламасының операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы (http://www.baspana72025.kz/who-7-20-25). «7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуынан бастап бүгінгі күнге дейін 30 мыңға жуық отбасы тұрғын үйге ие болды. Бағдарлама мерзімсіз, меншік баспанасы жоқ кез келген Қазақстан азаматы оның қатысушысы бала алады.

ЖЕЛТОҚСАН. Жылдың қорытындысын шығарайық.  

2019-610x300.jpg

Қаңтардың алғашқы күндерінде жасалған және қыркүйекте түзетілген жазбаларды алыңыз. Сіздің кірістер мен шығыстардың журналын жүргізуге шыдамдылыңыз жетті ме? Шығыстардың тізімін қараңыз және заңды, экономикалық немесе моральдық себептер бойынша төленбеген шығындарды белгілеңіз. Бұл қажетті шығындар. Басқа шығындар міндетті емес болып танылады. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...

Жете

Оларды пайдалы, қажеттілік тұрғысынан бағалаңыз, сіз тіпті пайдасыздық деңгейіне қарай бағалай аласыз. Егер сіз оларды «толығымен қажет емес, мүлдем пайдасыз» деп санатқа жатқызсаңыз, онда осы шығындарды ақшамен бағалаңыз. Бұл келесі айға немесе жылға арналған бюджетті жоспарлау арқылы шығындарды тиісті баптарын сенімді түрде жою арқылы үнемдеуге болатын ресурс.

Сіз қанша артық төлегеніңізді нақты бағалауға тырысыңыз. Мысалы, кездейсоқ өнімдер мен тауарларды сатып алу. Сіз ойланбай жиі сатып алуды жасадыңыз ба?

Кездейсоқ, беделді және мәртебелі, бірақ мүлдем қажетсіз немесе «мен кімнен кеммін» қағидаты бойынша сатып алынған сатып алуларға көз жүгіртіп қарап, сіз соларға «тыйым салуды» белгілеп және болашақта бұл қателіктерді қайталамауға болады.

Жылды қорытындылай отырып, өзіңіздің «қаржылық қауіпсіздік құралыңызды» бағалаңыз. Егер сіз жұмыстан кенеттен айрылып қалсаңыз, салыстырмалы түрде айтқанда, 3-6 айлық өмірдің қажеттіліктерін толтырады ма? Әдетте, бұл уақыт жұмыспен қамту мәселесін шешуге жеткілікті. Есіңізде болсын, «қауіпсіздік құралы» - бұл сатып алуға арналған ақша жинағы емес. Бұл болашақта күтпеген жағдайлар үшін жұмсалмайтын қор (NZ). Барлық басқа сатып алу мен мақсаттар үшін сіз арнайы депозит ашасыз.

Егер жылдың аяғында сіздің NZ талап етілмей қалса, депозиттер белсенді, шығындар тиімді, ал кірістер жеткілікті болса, онда қаржы жылын сәтті деп тануға және оны лайықты шығарып салуға болады.