Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Банктен кредит алғанға дейін нені білу керек?

Кредит – бұл ыңғайлы және көбінесе аса қажет қаржы құралы. Бірақ кредит – екі тарап үшін де үлкен жауапкершілік. Сіз қарызға қызмет көрсету мүмкіндігін әрқашан нақты бағалаңыз!

Кредит ресімдемес бұрын, мына сұраққа шын жауап беріңіз: егер сіз кенеттен ауырып қалсаңыз немесе жұмысыңыздан айрылсаңыз, кредитті төлей аласыз ба?

1.png

Тек тұрақты табыс көзіне сүйеніңіз. Сіз лотереяға, үйлену тойына арналған үлкен ақшалай сыйлықтарға немесе жұмыста уәде етілген сыйлықақыға үміттене алмайсыз. 

Егер сіз кредит алу туралы шешім қабылдаған болсаңыз, онда кредит ресімдер алдында кредиттік тарихты міндетті түрде тексеру керек.

2.png

Кредиттің қай түрі сізге сәйкес келетінін шешіңіз. Бұл, мысалы, кепілдің болуына және қарызды не үшін пайдалану жоспарланғанына байланысты.

Кредиттің шарттары туралы біліңіз. Қандай соманы алуға болады, ай сайынғы төлемнің, пайыздық мөлшерлеменің мөлшері, кредит қалай төленеді, қандай мерзімде, кредит алған кезде комиссия бар ма, мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары бар ма, артық төлем қанша болады, қолма-қол ақшаны төлеу үшін комиссия бар ма?

Кредит бойынша жылдық тиімді мөлшерлемеге назар аударыңыз. ЖТСМ – бұл кредиттік шарт бойынша қарыз алушы төлеген барлық төлемдердің жалпы сомасы. Ол неғұрлым төмен болса, кредит соғұрлым тиімді болады.

3.png

Барлық мәселелерді талқылау үшін банкке консультацияға барыңыз, барлық банктердің талаптары мен шарттарының бір-бірінен айырмашылығы бар.  

Кредиттік менеджерге сұрақтар қоюға қысылмаңыз және шартқа қол қояр алдында оны мұқият оқып шығыңыз!

www.fingramota.kz- мен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!