Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Кредиттік шартты қалай оқуға болады?

Біз әр түрлі шарттарға қол қою қажеттілігімен жиі бетпе-бет келеміз. Адамдардың көпшілігі бұған аса мән бермейді. Банктік қарыз шартына қол қоя отырып, кейбір клиенттер кредиттің тек сомасы мен мерзіміне қызығушылық танытады.

Group 10.png

Шартқа қол қоюдан бұрын негізгі ақпаратты – қарыз алушы мен банктің құқықтарын, тараптардың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігін, шарттың жалпы талаптарын: кредит сомасы мен валютасын, банктің ЖТСМ міндетті түрде зерттеп біліңіз, мұнда банктің барлық комиссиялары, төлемдердің мерзімі мен кестелері, айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы, өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз), қарызды өтеу әдісі, артық төлем мөлшері, мерзімінен бұрын жабуға мораторийдің болуы және т.б. ескерілген. Барлық маңызды шарттар (қарыздың сомасы мен мерзімі, қарыз валютасы, сыйақы  мөлшерлемесі және т.б.) шарттың бірінші бетінде жазылған.

Group 12.png

Шартқа қарыз алушының жадынамасы қарыздың маңызды талаптары туралы қысқаша ақпаратпен қоса беріледі. Онда жалпы сома, валюта, қарыз мерзімі, төлемдер саны, пайыздық мөлшерлеменің түрі мен мөлшері және басқалары көрсетіледі.

Group 13.png 

Заң бойынша сіз шарт жобасымен танысуға құқығыңыз бар, сондықтан танысу үшін қосымша уақытты талап етіңіз. Сұрақтар қоюға қысылмаңыз. Менеджер жан-жақты ақпарат беріп, кредит бойынша пайыздарды есептеп, қарызды өтеу кестесін және ықтимал тәуекелдерді түсіндіруі тиіс.

Group 11.png

Банктік қарыз шартына және оған төлемдерді өтеу кестесіне қол қоя отырып, қарыз алушының барлық елеулі талаптармен келісетіндігін БІЛУ МАҢЫЗДЫ, сондықтан КЕЛІСІМДІ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ және қол қоюға асықпаңыз, өйткені барлық беттің маңызы бар.

www.fingramota.kz  - мен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!