Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Айналыста жүретін монеталар

Номиналы 100 теңгелік монета

        

2002 жылғы 1 шілдеде айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 100 теңге.
 
Биколорлы (құрамды) монета үйлестіріле орналасқан сақина дискіден тұратын шеңбер формасында. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған.
 
Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) ортада бедерлі шеңбер ішінде монетаның құнын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналастырылған. Айналдыра үстіңгі бөлігінде сегіз бұрышты өрнекпен, сол жақта «ҚҰБ» деген жазумен, оң жақта Қазақстан теңге сарайының тауар белгісімен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін датасы «2002». Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Жазу мен бедерленген жылы бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, «СТО ТЕНГЕ - ЖYЗ ТЕҢГЕ» жазуы бар.
Диаметрі: 24,5 мм.
Қалыңдығы: 1,95 мм.
Массасы: 6,65 гр.

Номиналы 50 теңгелік монета

        

1998 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде «50» саны орналастырылған. Номинал санының астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған.
Қыры бедерленген.
Диаметрі: 23 мм.
Қалыңдығы: 1,6 мм.
Массасы: 4,7 гр.

Номиналы 20 теңгелік монета

        

1998 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 20 теңге.
 
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде «20» саны орналастырылған. Номинал санының астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған (2013 жылдан бастап көміртекті болаттан, никельмен гальваникалық қаптала отырып жасалады).
Қыры бедерленген.
Диаметрі: 18,27 мм.
Қалыңдығы: 1,6 мм.
Массасы: 2,9 гр.

Номиналы 10 теңгелік монета

        

1998 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 10 теңге.
 
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде «10» саны орналастырылған. Номинал санының астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Үстіңгі бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрыш бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монета сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған (2013 жылдан бастап көміртекті болаттан, жезбен гальваникалық қаптала отырып жасалады).
Қыры тегіс.
Диаметрі: 19,56 мм.
Қалыңдығы: 1,3 мм.
Массасы: 2,81 гр.

Номиналы 5 теңгелік монета

        

1998 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 5 теңге.
 
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде «5» саны орналастырылған. Номинал санының астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналының оң және сол жағында бір-бірін қайталай орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монета сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған (2013 жылдан бастап көміртекті болаттан, жезбен гальваникалық қаптала отырып жасалады).
Қыры тегіс.
Диаметрі: 17,27 мм.
Қалыңдығы: 1,3 мм.
Массасы: 2,18 гр.

Номиналы 2 теңгелік монета

        

1998 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 2 теңге.
 
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде «2» саны орналастырылған. Номинал санының астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналының оң және сол жағында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монета сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған (2013 жылдан бастап көміртекті болаттан, жезбен гальваникалық қаптала отырып жасалады).
Қыры тегіс.
Диаметрі: 16 мм.
Қалыңдығы: 1,3 мм.
Массасы: 1,84 гр.

Номиналы 1 теңгелік монета

        

1998 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 1 теңге.
 
Үстіңгі бетінің орта бөлігінде «1» саны орналастырылған. Номинал санының астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналының оң және сол жағында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы бейнеленген. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған. Айналдыра бедерлеп жиектелген.
 
Монета сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған (2013 жылдан бастап көміртекті болаттан, жезбен гальваникалық қаптала отырып жасалады).
Қыры тегіс.
Диаметрі: 15 мм.
Қалыңдығы: 1,3 мм.
Массасы: 1,63 гр.

Возврат к списку