Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Ескерткіш монеталар

БҰҰ-ның 50 жылдығы құрметіне арналған монета

1995 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған болатын, оның негізгі мақсаты - халықтар арасындағы бейбітшілікті қолдау және қамтамасыз ету, соғысты болғызбау.
 
24 қазан жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде аталып өтіледі.
 
1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшесі болып бірауыздан қабылданды Монета Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 182 қаулысына сәйкес айналыстан алынады.
 
Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға «20 ТЕҢГЕ» деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI» деген сөздер орналастырылған.
 
Монетаның сыртқы жағында (реверс) ортада - Біріккен Ұлттар Ұйымының 50-жылдығы эмблемасы бейнеленген. Эмблеманың оң жақ төменгі бөлігінде «1945-1995» деген жылдар жазылған. Айналдыра ағылшын және қазақ тілдерінде «UNITED NATIONS. БIPIKKEН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ» деген жазу орналастырылған.
 
Қырында (гурт) «ЖИЫРМА ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Ойып жазылған.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,37 грамм.
Таралымы 5 млн. дана, оның 50 мың данасы, «proof-like» сапасымен.

Қазақстан тәуелсіздігінің 5 жылдығына арналған монета

1996 жылғы 16 желтоқсанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 20 теңге.
 
1991 жылғы 16 желтоқсанда халықтың еркін білдіре отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Осы күн жыл сайын Қазақстанның Тәуелсіздік күні ретінде тойланады.
 
Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға «20 ТЕҢГЕ» деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI» деген сөздер орналастырылған.
 
Монетаның сырт жағында (реверс) - жиынтық бейне бар: алдыңғы жағында мүсіндер топтамасымен өрілген Қазақстан Тәуелсіздігінің монументі қанатты барыс үстіндегі жауынгер, оның артында Іле Алатауы таулы қыраты аясындағы Республика Президентінің резиденциясы мен Үкімет Үйі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра «ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАНFА» деген жазу орналастырылған. Оның астындағы бос орында «5 ЖЫЛ» және монетаның шығарылған жылын білдіретін «1996» сандары жазылған.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 100 мың дана.

Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылына арналған монета.

1997 жылғы 16 желтоқсанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 20 теңге.
 
Республика азаматтарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының көптеген өтініштерін ескере отырып, жалпыұлттық татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында 1997 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.
 
Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға «20 ТЕҢГЕ» деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI» деген сөздер орналастырылған.
 
Монетаның сыртқы жағында (реверс) ортасында біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен татулықты сипаттайтын шаңырақты композициялық тұрғыда айналдыра жасалған көгершіннің мәнерленген бейнесі орналасқан. Бейненің астында монетаның жасалған жылы «1997» деп жазылған. Мәнерленген бейне саяси қуғын-сүргін символы - үзілген тікенек сымның шеңберіне орналастырылған. Айналдыра қазақ және орыс тілдерінде «ТАТУЛЫҚ ПЕН ЕСКЕ АЛУ ЖЫЛЫ. ГОД СОГЛАСИЯ И ПАМЯТИ» деп жазылған.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11.17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы ретінде таныстыруға арналған монета.

1998 жылғы 9 шілдеде айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын таныстыру 1998 жылғы маусымда болды. Астананы таныстыру әлемдік қауымдастықтың зор қызығушылығын туғызды, ал астананы Астана қаласына көшірудің өзі халықаралық маңызы бар факті болып табылды.
Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға «20 ТЕҢГЕ» деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер орналастырылған.
 
Монетаның сырт жағының (реверс) орта тұсында Астана қаласын Қазақстан Республикасының жаңа астанасын таныстыру эмблемасы бейнеленген. Шаңырақты қоршап тұрған эмблеманың элементтері ою-өрнек түрінде гүлмен көмкерілген. Төменгі бөлігінде «АСТАНА» деп жазылған. Айналдыра қазақ және орыс тілдерінде «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ. НОВАЯ СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА» деген жазу орналастырылған. Оң жағына, төменгі тұсына «1998» - монеаның шығарылған жылы жазылған. Қыры (гурты) бедерлі, бедерленіп 10 бөлікке бөлінген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11.17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

Қазақстанның үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуына арналған ескерткіш монета

1999 жылғы 15 желтоқсанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында «50 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.
 
Монетаның сыртқы жағында (реверс) үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға әзірлену және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен Милленниумді Қазақстанда қарсы алудың ресми рәмізі бейнеленген. Монетаның төменгі жағына оның шығарылған жылы «1999» деп жазылған.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11.17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына арналған монета.

2000 жылғы 24 сәуірде айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысындағы қаһармандығын мәңгі есте қалдыру қазақстандық патриотизмді нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бірлікті және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.
 
Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында «50 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.
 
Монетаның сырт жағының (реверс) ортасына Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы бейнеленген. Жоғарғы жағына төрт жолға қазақ және орыс тілдерінде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 55 ЖЫЛ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ 55 ЛЕТ» деп жазылған, ол алты бесжұлдызбен көркемделген. Төменгі жағына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін – «1945» және монетаның соғылған жылы – «2000» датасы көрсетілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған монета.

2000 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Түркістан қаласы - Қазақстан жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Ұлы жібек жолының бұрынғы керуен жолдарының тоғысқан жеріне, сондай-ақ ұлы ақын және дінді уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесіне мінәжат етушілер үшін географиялық жағынан ыңғайлы орналасқандықтан, оның өркендеуіне және сауданың жандануына ықпал етті. Орталық Азия аймағының тарихи, мәдени және рухани өмірінде Түркістан қаласының атқаратын ролі зор.
 
Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында «50 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.
 
Монетаның сырт жағының (реверсі) ортасына Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік қақпасы бейнеленген. Оң жағында «2000» деп шығарылған жылы жазылған. Оның астында «1500 ЖЫЛ» деген сөздер екі қатарға орналастырылған. Оның оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Үстіңгі жағына «ТҮРКІСТАН» және «АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ» деген сөздер айналдыра екі жолға жазылған.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған монета.

2001 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында «50 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.
 
Монетаның сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеудің ресми рәмізі бейнеленген және «2001» саны ақшаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған монета.

2005 жылғы 16 сәуірде айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта тұсына муар лентаның үстіне Отан соғысы ордені бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 60 ЖЫЛ», төменгі бөлігіне орыс тілінде «60 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ» деген жазулар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1945-2005» сандары жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

БҰҰ-ның 60 жылдығына арналған монета

2005 жылғы 15 қазанда айналысқа шығарылды
 
Номиналы: 100 теңге.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымдастырылды және оның негізгі міндеті халықаралық бейбітшілікті қолдау мен қамтамасыз ету және соғысты болдырмау. Жыл сайын 24 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде аталып өтеді. 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы бір ауыздан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
 
Биколорлы (құрама) монета шоғырланып орналасқан сақина мен дискіден тұратын шеңбер пішіндес болады. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан, сыртқы сақина сары түсті «нибрасс» қоспасынан дайындалған.
 
Монетаның бет жағына (аверсіне) ортасында бедерлі шеңбер үстіне екі жолға монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ»; жазуы орналастырылған. Айналдыра ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген, жоғары бөлігі сегіз бұрышты әшекеймен, сол жақ бөлігі «ҚҰБ»; жазуымен, оң жақ бөлігі Қазақстан теңге сарайы тауар белгісімен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта бөлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 60 жылдығының ресми рәмізі (эмблемасы) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»; деген жазу және төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2005» саны орналасқан. Жазу мен соғылған жыл бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) бедерленген, мемлекеттік тілде «ЖҮЗ ТЕҢГЕ»; және орыс тілінде «СТО ТЕНГЕ» деген жазулар бар. Жазулар бес бұрышты жұлдыздармен бөлінген.
Диаметрі: 24,5 мм.
Қалыңдығы: 1,95 мм.
Массасы: 6,65 гр.
Таралымы: 100 мың дана.

Қазақстан конституциясына 10 жылдығына арналған металл ақша.

2005 жылғы 15 шілдеде айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта тұсына мерейтойлық күннің ресми рәмізі (эмблема) бейнеленген. Төменгі бөлігіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2005» саны жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған монета

2006 жылғы 14 желтоқсанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған және 2006 жылы Алматы қаласындағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында орнатылған «Тәуелсіздік таңы - Рассвет свободы» монументті бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «20 ЖЫЛ» деген жазба, төменгі бөлігінде есте қалатын оқиға жылын және монета соғылған жылды білдіретін «1986» және «2006» деген сандар жазылған.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 10 жылдығына арналған ескерткіш монета

2008 жылғы 27 маусымда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ел астанасы Астана құрылысының белгілі үйлерінен коллаж бейнеленген. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде «АСТАНА 10 ЖЫЛ», оң жақта - қаланың онжылдық тарихының белгісі - астананың елтаңбасы бейнеленген. Монетаның сол жақ төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған монета.

2010 жылғы 23 сәуірде айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жеңіс символдарынан композиция орналасқан. Композицияның оң және сол жағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің және монетаның соғылған жылын білдіретін «1945» және «2010» деген сандар. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ», төменгі бөлігінде орыс тілінде «65 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

"Ғарыш"

2006 жылғы 28 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ғарыш кеңістігінің және әлем тылсымын ұғынуға ұмтылған ғарышкердің суреті бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҒАРЫШ», орыс тілінде «КОСМОС» деген жазба, төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «SPACE» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Диаметрі – 31 мм,

қалыңдығы – 2 мм,

салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Тұңғыш жасанды жер серігі

2007 жылғы 4 мамырда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның аударым жағының (реверсінің) орталығында алғашқы жасанды жер серігі жер реңінде бейнелеген. Төменгі секторында «1957-2007» сандары жер орбитасына алғашқы жасанды жер серігін жіберу мерзімі және оның жасалған жылы көрсетілген. Айналым жақтарында мемлекеттік тілде «ТҰҢҒЫШ ЖАСАНДЫ ЖЕР СЕРІГІ» және ағылшынша «THE FIRST SPACE SATELLITE OF THE EARTH» жазбалары жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Диаметрі – 31 мм,

қалыңдығы – 2 мм,

салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

«Восток» ғарыш кемесі

2008 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада Жер шары ғаламының аясында «Восток» ғарыш кемесінің суреті орналасқан. Жоғарғы бөлігінде алтын қондырмадан жасалған Айдың суреті орналасқан. Төменгі бөлігінде «Восток» ғарыш кемесінде адамның ғарышқа тұңғыш ұшырылған жылын білдіретін «1961» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ВОСТОК» ҒАРЫШ КЕМЕСІ», ағылшын тілінде «SPACESHIP «VOSTOK» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған,

диаметрі - 31 мм,

қалыңдығы – 2 мм,

массасы - 11,7 грамм,

таралымы - 50 мың дана.

«Союз-Аполлон» ғарыш кемелері»

номиналы – 50 теңге

2009 жылы 18 сәуірде айналысқа шығарылған.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде сынақ ретінде бірлескен ұшу бағдарламасы бойынша жер төңірегіндегі кеңістікте түйісуді жүзеге асырған «Союз-19» кеңестік ғарыш кемесінің және «Аполлон» американдық ғарыш кемесінің бейнесі орналастырылған. Айналдыра «СОЮЗ-АПОЛЛОН» деген жазу мемлекеттік тілде жазылған, бірлескен сынақ ретінде ұшу бағдарламасының эмблемасы, ағылшын тілінде «SOYUZ-APOLLO» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған,

диаметрі - 31 мм,

қалыңдығы – 2 мм,

массасы - 11,7 грамм,

таралымы - 50 мың дана.

«Луноход - 1»

номиналы – 50 теңге

2010 жылғы 5 тамызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жұлдызды аспанның және Жер планетасының аясында ай бетінің ерекшеліктерін зерттеу жөніндегі бағдарламаны орындау барысындағы алғашқы ай бетінде өздігінен жүретін аппарат (планетоход) – Луноход-1 бейнеленген. Төменгі жағында планетоходтың Айдың бетіне жеткізілген жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1970-2010» деген сандар бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЛУНОХОД-1» деген жазу және ағылшын тілінде «LUNOKHOD-1» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Диаметрі – 31 мм.,

массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы – 50 мың дана.

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы құрметіне арналған монета

Жамбыл Жабаев Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосты. "Халық поэзиясының ақылгөй алыбы Жамбыл нағыз халық туындысының алтын арқауын өткен ғасырдың ортасынан, халық творчествосының қайнаулары мен тереңінен бізге жеткізді." (М.Әуезов). Ол әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны болуымен қатар азаматтық тақырыпты жырлаған ақын.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағының (реверс) орта тұсында - Жамбыл Жабаевтың домбыра ұстап тұрған портреті бейнеленген. Оң жақ жоғары бөлігіне айналдыра "ЖАМБЫЛ" деп жазылған. Портреттің оң жағындағы бос орынға екі жолға "150 ЖЫЛ" деген жазу орналастырылған. Төменгі бөлігінде монетаның жасалған жылы "1996" деп көрсетілген.

Қыры (гурт) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 100 мың дана.

Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған монета.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы. Көптеген басқа тілдерге аударылған "Абай жолы" төрт томдық роман-эпопеясы оны дүниежүзіне танытты. М.О. Әуезов әрі драматург, әрі сыншы, әрі роман жазушы, әрі ғалым-әдебиеттанушы. 1997 жылды ЮНЕСКО - біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы - М.О.Әуезов жылы деп жариялады.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверс) ортада Мұхтар Әуезовтің тіке қарап отырған портреттік бейнесі орналастырылған. Портреттің сол жағында - "1897" жазушының туған жылы, оң жағында - монетаның шығарылған жылын білдіретін "1997". Төменгі жағында жарты шеңберге "МҰХТАР ӘУЕЗОВ" деген жазу орналастырылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған монета

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Қ.И. Сәтбаев өзінің кемеңгерлігі мен еңбегі арқылы іс жүзінде Қазақстан геологтарының мектебін құрып, басшылық жасады және геология ғылымының дамуына зор ықпал етті.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (ревер) сол жақ тұсына академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың суреті бейнеленген. Суреттің оң жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деп жазылған. Төменгі жағына "Қ.И. Сәтбаев" деген жазу және "1999" деп монета шығарылған жыл жарты шеңбер жасай жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

С. Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2000 жылғы 24 сәуірде айналысқа шығарылды.

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик. С. Мұқановтың шығармашылығында "Өмір мектебі" деп аталатын әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған қазақ халқының жарты ғасырлық тарихы баяндалатын өмірбаяндық трилогиясы ерекше орын алады.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсі) оң жақ тұсына Сәбит Мұқановтың суреті бейнеленген. Суреттің оң жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деп жазылған. Сол жақ бөлігіне жартылай шеңбер бойымен бірте-бірте үлкейе беретін әріптермен "СӘБИТ МҰҚАНОВ" деп жазылған. Төменгі жағына монетаның соғылған жылын білдіретін "2000" саны жазылған.

Диаметрі - 31 мм,

қалыңдығы - 2 мм,

массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Ғ. Мүсіреповтің туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2003 жылғы 22 наурызда айналысқа шығарылды.

Ғабит Мүсірепов (1902-85) - жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1984), Қазақстан ҒА академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974). "Қазақ солдаты" (1949), "Оянған өлке" (1953), "Ұлпан" (1976) романдары; повестер мен әңгімелер жинағы, оның ішінде "Кездеспей кеткен бір бейне" (1967), "Батырдың биік тұлғасы" (1975); пьесалары.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне Ғабит Мүсреповтің бейнесі салынған. Портреттің сол жағына - "1902" туған жылын және оның астына - "2002" металл ақшаның соғылған жылын білдіретін сандар орналастырылған. Сол жақ бөлігінде айналдыра "ҒАБИТ МҮСРЕПОВ" деген жазу бар.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Ғ. Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2002 жылғы 29 қарашада айналысқа шығарылды.

Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - қазақ жазушысы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1958). "Шығанақ" (1945), "Қарағанды" (1952), "Дауылдан кейін" (1959) романдары; "Көз көрген" (1963,1-б.) өмірбаяндық романы бар.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің бейнесі салынған. Портреттің сол жағына "1902" - туған жылын және оның астына "2002" - монетаның соғылған жылын білдіретін сандар орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра жазылған "ҒАБИДЕН МҰСТАФИН" деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігіне жазушының қол қою үлгісі орналастырылған.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Махамбет Өтемiсұлының туғанына 200 жыл толуына арналған монета.

2003 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 ж.ж.) - қазақтың ақыны. И. Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушы. Оның өлеңдері мен поэмалары халықты хандардың және патша өкіметінің езгісіне қарсы күреске шақырады.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігі��де "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың көрнекті импровизатор ақыны Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерекесіне арналған ресми эмблема бейнеленген. Эмблеманың оң жағына - Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі, монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" саны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиекпен көмкерілген.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Ә. Қастеевтің туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2004 жылғы 31 тамызда айналысқа шығарылды.

Әбілхан Қастеев (1904-1973 ж.ж.) – суретші, графика шебері, қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Автор екі мыңнан астам картиналар, акварельдер мен суреттер салған, Қазақстанның ХХ ғасырдағы көркемөнер шежіресіне өзіндік үлес қосқан.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігіне Қазақстанның халық суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеевтің бейнесі салынған. Портреттің сол жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деген жазу орналастырылған. Портреттің оң жағына суретшінің қылқаламдарымен бірге бояу тақтайшасы бейнеленіп, оның жоғарғы жағына монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны орналастырылған. Жоғарғы бөлігіне шеңбер бойына мемлекеттік тілде "Ә. ҚАСТЕЕВ" деген сөздер жазылған. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Ә. Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2004 жылғы 15 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Академик Әлкей Марғұлан дала өркениетінің, Қазақстанның археологиялық ғылымын ғылыми тұрғыдан зерделеудің негізін қалаушы болып табылады. Марғұланның аты әлемнің көрнекті археологтары мен этнографтарының қатарында орын алған. Ғалым Қазақстан туралы гуманитарлық ғылымды дамытуға, қазақ халқының өзіне тән мәдениетін және дүниетанымын зерделеуге зор үлес қосты. ЮНЕСКО шешімімен 2004 жыл Марғұлан жылы болып жарияланды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) сол жақ бөлігіне академик Әлкей Марғұланның бейнесі салынған. Портреттің сол жағына мемлекеттік тілде «Ә. МАРҒҰЛАН» деген жазумен айналдыра жиектеліп, екі жолға "100 ЖЫЛ" деген жазу, жартасқа салынған суреттің стильденген бейнелері және монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны орналастырылған. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

А. Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген нота желісі аясында Қазақ ССР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҒА академигі, композитор Ахмет Жұбановтың бейнесі орналастырылған. Портреттің оң жағында – «1906» туған жылы жазылған және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Төменгі секторда дөңгелектің бойымен мемлекетілде «АХМЕТ ЖҰБАНОВ» деген жазу жазылған. Айналдыра – шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Т. Бәсеновтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета.

2009 жылғы 25 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбадан сол жақта монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, оң жақта «ҚҰБ» деген жазба орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) оң жақта архитектор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Архитектура академиясының корреспондент мүшесі Төлеу Құлшаманұлы Бәсеновтің бейнесі орналасқан. Бейненің сол жағында архитектуралық элемент және мемлекеттік тілде «100 ЖЫЛ» және «ТӨЛЕУ БӘСЕНОВ» деген жазулар орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 7 қаңтарда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың қырынан кескінделген бейнесі. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. ҚОНАЕВ» деген жазу, төменгі бөлігінде – туған жылы мен монетаның соғылған жылын білдіретін «1912-2012» деген сандар орналасқан. Айналдыра моншақ тәріздес доға және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

таралымы – 50 мың дана.

«Алтай ұлары» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) таудың тасты беткейіндегі қос алтай ұларының бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТАЙ ҰЛАРЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан және зоологиялық аты – латын тілінде «TETRAOGALLUS ALTAICUS» деген жазу жазылған.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Жалбағай

Тянь-шань қоңыр аюы монетасы

2008 жылғы 5 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың оң және сол жағында айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орман өскіндері аясында тянь-шань қоңыр аюының суреті және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ» және латын тілінде «URSUS ARCTOS ISABELLINUS» – түрдің зоологиялық атауы жазылған. Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы, оған бедерленіп 10 бөлік жүргізілген.

Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.

Таралымы – 50 мың дана.

«Үнді жайрасы»

айналысқа 2009 жылғы 28 қазанда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 TEҢГE» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада үнді жайрасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮНДІ ЖАЙРАСЫ» және латын тілінде «HYSTRIX LEUCURA SATUNINI» түрдің зоологиялық атауы жазылған. Орта бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналасқан. Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы, оған бедерленіп 10 бөлік жүргізілген. Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.

Таралымы – 50 мың дана.

«Бұйра бірқазан»

номиналы – 50 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде, стильдендіріліп бейнеленген бұйра бірқазан басының үстінде жазу, нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жақ бөлікте су айдыны аясында екі құс бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада бұйра бірқазанның суреті орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «БҰЙРА БІРҚАЗАН» және латын тілінде түрдің зоологиялық атауын білдіретін «PELECANUS CRISPUS» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан орналасқан.

Таралымы – 50 мың дана.

«Қаршыға реңді жапалақ»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 11 мамырда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ», Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, ағаш бұтақтары және ұшып келе жатқан жапалақ бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Оң жақ бөлігінде жапалақтың стильдендірілген бейнесі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қаршыға реңді жапалақтың бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРШЫҒА РЕҢДІ ЖАПАЛАҚ» деген жазу, латын тілінде «SURNIA ULULA» түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан. Жазулар және сандар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы – 50 мың дана.

«Дәуіт»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 24 тамызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ», Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылғ ан жылын білдіретін «2012» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Оң жағында дәуіттің өзіне тән өмір сүру ортасы – шөптердің арасындағы дәуіт бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында екі дәуіттің бейнесі берілген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДӘУІТ» деген жазу, дәуіттің зоологиялық атауын білдіретін латын тілінде «HIERODULA TENUIDENTATA» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы – 50 мың дана.

"Барыс"

Монетаның номиналы 500 теңге

2001 жылғы 30 қаңтарда айналысқа жіберілді.

Барыс - әдемі әрі күшті хайуан, кішігірім жолбарысқа ұқсас. Басқа мысық тұқымдастармен салыстырғанда теңбіл түсті, аяқтары кысқалау және құйрығы үлпілдеген ұзын болып келеді.

Монетаның бет жағының (аверс) ортасына номиналы екі жолға "500 ТЕҢГЕ" деп жазылған және номиналдың астына соғылған жылын білдіретін "2000" саны бар. Номинал санының үстіне спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылған. Монетаның жоғарғы сол жақ бөлігіне айналдыра екі жолға ұлттық ою-өрнек салынып, оң жағына айналдыра жазылған "Ag 925. 24 gr." металдың сынамы мен салмағын, оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазулар бар.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) өрнекпен салынған тау-тасқа барыс бейнеленген. Монетаның оң жақ бөлігіне қазақ тілінде "БАРЫС ІЛБІС" және латынша "UNCIA UNCIA" деп зоологиялық түрінің атауы екі жолға айналдыра жазылған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

"Сайғақ"

2001 жылғы 29 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Монетаның бет жағының (аверс) ортасына номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы екі жолға жазылған және номиналдың астында монетаның шығарылған жылын білдіретін "2001" саны бар. Номинал санының үстіне спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылған. Монетаның жоғарғы сол жақ бөлігінде айналдыра екі қатар ұлттық ою-өрнек салынып, оң жағына айналдыра монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 24 gr." деген жазулар және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның сырт жағында (реверс) өрнекпен салынған табиғат көрінісі аясында өзінің жас төлін емізіп тұрған сайғақ бейнеленген. Монетаның оң жақ жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде "САЙҒАҚ" және ағылшын тілінде "SAIGA" деп айналдыра жазылған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

"Арқар"

Монетаның номиналы 500 теңге.

Монетаның бет жағына (аверсіне) орта тұcына монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған, номиналдың астанда монетаның шығарылған жылын білдіретін 2002 жазуы бар. Сандардың үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Мемлекттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп айналдыра жазылған. Сол жақ жоғарғы бөлігіне екі қатарға айналдыра ұлттық оюөрнек элементтері салынып, оң жағына айналдыра монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925, 24 gr." деген жазулар және Қазақстан Теңге сарайның тауар белгісі орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) арқар кұлжасының басы және күн мен тау сұбасының аясында тұрған мүсіні бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде "АРҚАР" және латын тілінде "OVIS AMMON" деген зоологиялық атауы айналдыра жазылған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

"Дуадақ"

Монетаның номиналы 500 теңге

2003 жылғы 28 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағына (аверсіне) орта тұсына монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған, номиналдың астында монетаның шығарылған жылын білдіретін "2003" жазуы бар. Сандардың үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп айналдыра жазылған. Сол жақ жоғарғы бөлігіне екі қатарға айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері салынып, оң жағына айналдыра монетаның  қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925, 24 gr." деген жазулар және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (аверсіне) дала табиғаты бейнеленіп, оған дуадақтың бейнесі салынған. Монетаның жоғарғы және оң жақ бөлігіне мемлекеттік тілде "ДУАДАҚ"  және оның зоологиялық түрі латын тілінде "OTIS TARDA" деп айналдыра жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

"Ителгі"

Монетаның номиналы 500 теңге.

2004 жылғы 20 қаңтарда айналысқа шығарылды.

Монетаның  бет жағына (аверсіне) орта тұсына монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған, номиналдың астында монетаның шығарылған жылын білдіретін "2004" жазуы бар. Сандардың үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп айналдыра жазылған. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігіне екі қатарға айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері салынып, оң жағына айналдыра монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 24 gr." деген жазулар және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) тау сұлбасының аясында тұрған ителгі бейнеленген. Монетаның оң жақ бөлігіне мемлекеттік тілде "ИТЕЛГІ" және латын тілінде "FALCO CHERRUG" деген зоологиялық атауы айналдыра жазылған. 

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

"Жайран"

Монетаның номиналы 500 теңге.

2005 жылғы 26 қарашада айналысқа шығарылды.

Монетаның  бет жағына (аверсіне) орта тұсына монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған, номиналдың астында монетаның шығарылған жылын білдіретін "2005" жазуы бар. Сандардың үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп айналдыра жазылған. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігіне екі қатарға айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері салынып, оң жағына айналдыра монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 24 gr." деген жазулар және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қос жайранның мүсіні бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ЖАЙРАН" және латын тілінде "GAZELLA SUBGUTTUROSA" деген зоологиялық атауы жазылған. Жазулар нүктемен бөлінген.

 Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

"Алтай ұлары"

Монетаның номиналы 500 теңге

Монетаның  бет жағына (аверсіне) орта тұсына монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған, номиналдың астында монетаның шығарылған жылын білдіретін "2006" жазуы бар. Сандардың үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп айналдыра жазылған. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігіне екі қатарға айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері салынып, оң жағына айналдыра монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 24 gr." деген жазулар және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында  (реверсінде) таудың тасты беткейіндегі қос алтай ұларының бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТАЙ ҰЛАРЫ» және зоологиялық аты – латын тілінде «TETRAOGALLUS ALTAICUS» деген жазу бар.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

“Жалбағай”

2007 жылғы 20 шiлдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында екі жолға жазылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, номиналдың үстінде монетаның жасалған жылын білдіретін «2007» деген сан бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жазылған. Монетаның жоғарғы сол жақ бөлігінде айналдыра екі жолда ұлттық ою-өрнектің элементтері, оң жақ бөлігінде шеңбер бойынша монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.»  деген жазу жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасының аясында жалбағайдың бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ЖАЛБАҒАЙ» және осы түрдің зоологиялық аты латын тілінде «PLATALEA LEUCORODIA» деген жазу жазылған.

 Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

“Тянь-шань қоңыр аюы”

Монетаның номиналы 500 теңге

2008 жылғы 5 шiлдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның  беткі жағында (аверсінде) ортада екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар, номиналдың астында соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналасқан. Номинал цифрларының үстінде – спиральдің геральдикалық суреті. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде екі жолға айналдыра ұлттық ою-өрнек элементі, оң жақта монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін  «Ag 925  24 gr.» деген жазу орналасқан.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орман өскіндері аясында тянь-шань қоңыр аюының суреті орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ» және латын тілінде «URSUS ARCTOS ISABELLINUS» – түрдің   зоологиялық атауы жазылған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Таралымы - 3 мың дана.

«Үнді жайрасы»

 Монетаның номиналы 500 теңге

айналысқа 2009 жылғы 28 қазанда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада монетаның номиналын білдіретін «500 TEҢГE» деген жазу, номиналдан төмен соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бар. Номиналдың цифрларынан төмен – спиральдың геральдикалық белгісі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның сол жақ жоғары бөлігінде айналдыра екі жолға ұлттық ою-өрнек элементі, оң жағында – айналдыра монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  24 gr.» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада үнді жайрасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮНДІ ЖАЙРАСЫ» және латын тілінде «HYSTRIX LEUCURA SATUNINI» түрдің зоологиялық атауы жазылған.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм, диаметрі - 37 мм, қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ

Таралымы – 3 мың дана.

«Бұйра бірқазан»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде, стильдендіріліп бейнеленген бұйра бірқазан басының үстінде жазу күмістен жасалған монетада монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 gr.», және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жақ бөлікте су айдыны аясында екі құс бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.  

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада бұйра бірқазанның суреті орналасқан. Айналдыра  мемлекеттік тілде «БҰЙРА БІРҚАЗАН» және латын тілінде түрдің зоологиялық атауын білдіретін «PELECANUS CRISPUS» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы - 5 мың дана.

«Қаршыға реңді жапалақ»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 11 мамырда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» және «Ag 925  31,1 gr.» монета дайындалған металды және күмістен жасалған монетада оның сынамын және массасын білдіретін жазу,  Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, ағаш бұтақтары және ұшып келе жатқан жапалақ бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Оң жақ бөлігінде жапалақтың стильдендірілген бейнесі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қаршыға реңді жапалақтың бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРШЫҒА РЕҢДІ ЖАПАЛАҚ» деген жазу, латын тілінде «SURNIA ULULA» түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін  «2011» деген сан. Жазулар және сандар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 5 мың дана. 

«М. Төлебаевтың 100 жылдығына арналған монета»

«М. Төлебаевтың 100 жылдығына арналған монета»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 1 наурызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) нота жолдарының аясында М. Төлебаевтың Алматы қаласында орналасқан ескерткіші бейнеленген. Сол жағында мемлекеттік тілде «МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ» деген жазу және туылған жылы мен монетаның соғылған жылын білдіретін «1913-2013» деген сандар бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

диаметрі – 31 мм,

массасы – 11,17 грамм,

таралымы – 100 мың дана.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монетасы

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар және шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу эмблемасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «1991 - 2011» деген сандар орналастырылған.
 
Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған.
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«АЛДАР-КӨСЕ»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 03 шілде айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлікте ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.  Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте есекке мінген жаһангер ертегі кейіпкерінің стильдендірілген суреті, қасында ілесіп жүрген иті бейнеленген         (М. Әлин иллюстрациясының фрагменті). Монетаның сол жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Алдар-Көсе» деген жазу бар. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан жазылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.  Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31  мм, таралымы  – 100 000 дана.

«Бауырсақ»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 03 шілде айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлікте ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50» деген сан және  «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Сырт жағында (реверсінде) монетаны бойлай ертегі кейіпкерлері бейнеленген, ортасында мемлекеттік тілде «БАУЫРСАҚ» және орыс тілінде «КОЛОБОК» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы  – 100 000 дана.

"АНА"

номиналы – 500 тенге

2014 жылғы 21 карашада айналысқа шығарылды

«Ана» – монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, "Жүректен жүрекке" өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның алғашқы монетасы. Бұл сериядағы монеталар жақын және жақсы көретін адамдарға тамаша сыйлық болады.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g.» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазбалар нүктемен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте күңгірт бетінде мейірімін сыйлаған стильдендірілген күннің алтындатылған бейнесінің аясында ана мен баланың бейнесі, мемлекеттік тілде «АНА», орыс тілінде «МАМА» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ», орыс тілінде «ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ» және ағылшын тілінде «FROM HEART TO HEART» деп жазылған. Жазбалар нүктемен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

Массасы – 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Диаметрі  – 38,61 мм

Дайындау сапасы – «proof»

Ең көп таралымы – 5 мың дана.

«Тайқазан»

«Тайқазан»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

Түркілер үшін қазан бірлік пен қонақжайлықтың нышаны болды. Сондықтан оның көлеміне және сыртқы ресімделуіне айрықша мән берілді. Бұл тұрғыдан алғанда Түркістан қазанына тең келетін қазан жоқ. Түркістан қаласындағы Ахмед Ясауи кесенесінде орналасқан Тайқазан ең әйгілі қазан болып табылады. Оның диаметрі – 2,45 метр, салмағы екі тонна. Аңызға сәйкес, қазан жеті металдың қоспасынан дайындалған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның дизайнында шеңбер ішіндегі дөңгелек қалыпқа соғылған «Тайқазан» төрт қырлы күміс монетасының бейнесі пайдаланылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген ойылған жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бейнеленген. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тайқазанның бейнесі және мемлекеттік тілде «ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ · ТАЙҚАЗАН» және ағылшын тілінде «TREASURES OF THE STEPPE · TAIKAZAN» жазуының қоршауында күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде және айналдыра ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«МАХАББАТ»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

«Махаббат» монетасы монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның екінші монетасы.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазба және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте екі ғашықтың алтындатылған бейнесі, мемлекеттік тілде «МАХАББАТ», орыс тілінде «ЛЮБОВЬ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда мемлекеттік тілде «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ», орыс тілінде «ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ» және ағылшын тілінде «FROM HEART TO HEART» деп жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31  грамм, диаметрі  – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана, 2 000 дана шығарылды.

«Корей ертегісі» (Тангун туралы аңыз)

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 16 қыркүйекте айналысқа шығарылды

Тангун – Кореяның алғашқы мемлекеттік құрылымы болып саналатын Кочосон мемлекетінің аты аңызға айналған негізін қалаушысы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлікте қазақ және кәріс ою-өрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан  «500»  және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнектің элементі қарама-қарсы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.   

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) сандал ағашының панасында отырған аты аңызға айналған Тангунның бейнесі, кәріс тілінде жазу, аңыздың кейіпкерлері – аю мен жолбарыс орналасқан.  Айналдыра мемлекеттік тілде «ТАНГУН ТУРАЛЫ АҢЫЗ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бар. Монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу бар.       

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24± 0,24 грамм, диаметрі – 37 мм,  дайындау сапасы - «proof», таралымы – 2 мың дана.

«Корей ертегісі» (Тангун туралы аңыз)

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 16 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Тангун – Кореяның алғашқы мемлекеттік құрылымы болып саналатын Кочосон мемлекетінің аты аңызға айналған негізін қалаушысы. Кәріс мифологиясында Тангун көк тәңірінің немересі болып табылады. Кейбір деректер бойынша ол елді бір жарым мың жыл басқарған, ал өзі 1908 жыл өмір сүрген.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлікте қазақ және кәріс ою-өрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан  «100»  және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнектің элементі қарама-қарсы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.   

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) сандал ағашының панасында отырған аты аңызға айналған Тангунның бейнесі, кәріс тілінде жазу, аңыздың кейіпкерлері – аю мен жолбарыс орналасқан.  Айналдыра мемлекеттік тілде «ТАНГУН ТУРАЛЫ АҢЫЗ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  «нейзильбер» қоспасынан жасалған, массасы - 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы - 100 мың дана.

«Таға»

Номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 4 наурызда айналысқа шығарылды

Тағаның үйге сәттілік, табыс, байлық әкелетін, ең ежелгі және ең танымал тұмар екендігі баршаға белгілі. Мұндай наным әлемнің түрлі елдерінде кеңінен тараған. Бақыт әкелетін тұмар ретінде келетін бақыт ағып кетпесін деп тағаның ұшын жоғары қарату қажет деп саналады. 

Монета таға тәріздес күрделі нысанда жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31.1 g» деген жазу бар. Жазуларды айналдыра ұлттық өрнек салынған, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»,  ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған және моншақ тәріздес тізбек жүргізілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде стильдендірілген тағаның ұшында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) алтын жалатылған таға бейнесі орнатылған, ортасында спираль орналасқан, оны айналдыра ағылшын тілінде «FOR LUCK», мемлекеттік тілде «ІСКЕ СӘТ» және орыс тілінде «НА СЧАСТЬЕ» деген жазулар бар. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан берілген.

Қыры (гурт) тегіс, бедерсіз және жазбаларсыз.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, салмағы: 31,1 ± 0,31 грамм, сипатталған дөңгелек диаметрі – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 6 мың дана.

«Қазақ вальсі»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 27 желтоқсанда айналысқа шығарылды

«Қазақ вальсі» монетасы ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын танымал етуге арналған, «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты жаңа монеталар сериясын ашады.

Монетаның аверсінде орталық бөлігінде ою-өрнек аясында мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тіліндегі «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар.  Жоғары бөлігінде мемлекеттік тілде «Г. ЫСМАЙЫЛОВА», «ҚАЗАҚ ВАЛЬСІ» деген жазба және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монетаның реверсінде қазақтың әйгілі бишісі, Қазақ КСР Халық әртісі Шара Жиенқұлованың билеп тұрған сәті көрсетілген суретші Гүлфайрус Ысмайылованың «Қазақ вальсі» картинасы (Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы) бейнеленген. Түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31  грамм, тік бұрышы 35х45 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

«ИГІЛІК МОНЕТАСЫ» («Тасбақа»)

номиналы – 100 теңге

2017 жылғы 29 тамызда айналысқа шығарылды

Биколорлы монета бойтұмар-медальон түрінде орындалған. Монетаның жоғарғы бөлігінде алқа немесе бау үшін тесік жасауға болатын ойық орын бар. Монетада тасбақа қабығының пішіні мен түсіндей бейнелі қондырма түрінде тантал пайдаланылады. Монеталарды дайындаған кезде танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды.

«Игілік монетасы» графикалық композициясының негізіне Қытай мифологиясындағы тасбақа нышанының бірден екі маңызды түсіндірмесі енгізілді. Біріншісі – тасбақа ұзақ өмір, сәттілік және игілік нышаны ретінде. Екіншісі – мықты қорғаныш қасиеті бар Ло Шу сиқырлы шаршысы туралы аңыз.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнектің қоршауында монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ұлттық ою-өрнектің элементтері бейнеленген. Айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазба және екінші жолында ұлттық ою-өрнек элементтері, соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  19,3g  Ta 20,0g» деген жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) «Ло Шу сиқырлы шаршының» тоғыз цифрының стильдендірілген бейнесі тасбақа қабығында бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ИГІЛІК МОНЕТАСЫ», орыс тілінде «МОНЕТА БЛАГОПОЛУЧИЯ», ағылшын тілінде «THE WELL - BEING COIN» деген жазба және ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген.

Монета биколорлы орындауда дайындалған, массасы 39,3 грамм (сақинасы – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 19,3 ± 0,15 грамм, диск – массасы 20 ± 0,25 грамм танталдан), сипатталған шеңбер диаметрі – 38,61мм., дайындау сапасы «proof», қыры (гурты) бедерсіз және жазусыз,ең көп таралымы – 2,5 мың дана, 1500  дана шығарылды.

«Алтын дән даласы»

номиналы – 500 теңге

2017 жылғы 13 қыркүйекте айналысқа шығарылды

Алтын дән даласы (рус. Золотое зерно степи) – Қазақстан Әнұранынан алынған өлең жолы. Оның негізіне халық арасында танымал «Менің Қазақстаным» атты патриоттық ән алынды. Оны 1956 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазды. Бұл жол  «Алтын дән даласы» ескерткіш монетасының атауына негіз болды. Монетаның дизайны Қазақстанның тың игеру жерлерінде астықтың мол өнімін жинаған 50-шы жылдардың стилінде орындалды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазба бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) кішіпейілділік пен қонақжайлылық нышаны ретінде стильдендірілген даланың аясында  қолына таба нан ұстаған, ұлттық киімдегі бойжеткен бейнеленген. Сол жақ бөлігінде мемлекеттік тілдегі «АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ» деген жазба бар күннің алтындатылған бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан орналасқан. Оң жағында алтындатылған бидай масағы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген.

Монеталардың екі жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі, айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана, 500 дана шығарылды.

«Грейг қызғалдағы»

номиналы – 500 теңге

2017 жылғы 13 қыркүйекте айналысқа шығарылды

Грейг қызғалдағы (лат. Tulipa greigii) – әлемде ең белгілі түрі, алайда жабайы түрінде Қазақстанның оңтүстігінде (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары) ғана және Өзбекстан мен Қырғызстанның жапсарлас аумақтарында өседі. Тау беткейлері мен етектерінде, балшықты және тасты тау бөктерінде, теңіз деңгейінен 2400 м дейін өседі. Сәуірдің басынан бастап маусымның басына дейін гүлдейді. Қызыл кітапқа енгізілді.

Монетаның пішіні сопақ.

Монетаның бет жағында (аверсінде) Жер ғаламшарын мекен ететіндердің барлығына ұқыпты қарауды білдіретін оның адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500  ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. 

Монетаның реверсінде өсімдік өсетін стильдендірілген орта аясында Грейг қызғалдағының түрлі түсті бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ», осы түрдің латын тіліндегі зоологиялық атауы «TULIPA GREIGII» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан бейнеленген. Қызғалдақтың бейнесі түрлі түсті басу технологиясы арқылы орындалған.

Монетаның екі жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген, айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24±0, 24 грамм, сопақша 38,61 х 28,81мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана, 1 000 дана шығарылды.

«8 Наурыз»

номиналы – 100 теңге

2015 жылғы 28 қаңтарда айналысқа шығарылды

Ашық хат түрінде орындалған монеталар сериясының алғашқы монетасы. Ашық хат түріндегі монеталарды ескерткіш ретінде салтанатты күндерге және халықаралық мерекелерге орай шығару болжанып отыр.

Күміс монета реверсіне тампографиялық таңбаны қолдана отырып орындалды.

Монетаның пішіні тік бұрышты.

Монетаның бет жағында (аверсінде) сүргіш таңбасының қоршауында орналасқан стильдендірілген гүл бейнеленген, оның үстіне айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Гүлдің ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Композицияның оң жағында өрнектелген розетка, екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар. 

Монетаның реверсінде зерәйнек гүлшоғы түріндегі композиция бейнеленген, онда 8 деген сан түспен бөлінген, мемлекеттік тілде «НАУРЫЗ», ағылшын тілінде «MARCH», орыс тілінде «МАРТА» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, тік бұрышы  45х30 мм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген. Дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.

«Тайқазан»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 28 қаңтарда айналысқа шығарылды

Түркілер үшін қазан бірлік пен қонақжайлықтың нышаны болды. Сондықтан оның көлеміне және сыртқы ресімделуіне айрықша мән берілді. Бұл тұрғыдан алғанда Түркістан қазанына тең келетін қазан жоқ. Түркістан қаласындағы Ахмед Ясауи кесенесінде орналасқан Тайқазан ең әйгілі қазан болып табылады. Оның диаметрі – 2,45 метр, салмағы екі тонна. Аңызға сәйкес, қазан жеті металдың қоспасынан дайындалған.

Монета монетаның реверсіне тайқазанның бейнесін оксидтеу (химиялық еріту) технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Монетаның пішіні төрт қырлы.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген ойылған жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан,  монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу  бар. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тайқазанның оксидтелген бейнесі және мемлекеттік тілде «ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ · ТАЙҚАЗАН» және ағылшын тілінде «TREASURES OF THE STEPPE · TAIKAZAN» жазуының қоршауында күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде және айналдыра ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 43,0 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.

«Шоқан»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым, ағартушы және демократ, Қазақстан мен Орта Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Оның Қашқария, Жетісу, Қырғызстан мен шығыс Түркістанды аралағаннан кейінгі жазған зерттеу еңбектері Еуропа мен Азияның танымал зерттеушілері мен саяхатшылармен бір қатарға  қояды. Өзінің қысқа ғана өмірінде  Қазақстанның тарихи көкжиегінде жарық жұлдыз тәрізді  өте шықты.

Қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті 1993 жылғы үлгідегі 10 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналасқан 10 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ШОҚАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу  «Ag 925 31,1 g.» бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Шоқан»

номиналы – 50 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым, ағартушы және демократ, Қазақстан мен Орта Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Оның Қашқария, Жетісу, Қырғызстан мен шығыс Түркістанды аралағаннан кейінгі жазған зерттеу еңбектері Еуропа мен Азияның танымал зерттеушілері мен саяхатшылармен бір қатарға  қояды. Өзінің қысқа ғана өмірінде  Қазақстанның тарихи көкжиегінде жарық жұлдыз тәрізді  өте шықты.

Қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті 1993 жылғы үлгідегі 10 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан  «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналасқан 10 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ШОҚАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

"Бесiкке салу"

Номиналы - 50 теңге.

2006 жылғы 22 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының фонында бесікке бала бөлеп отырған әйелдің суреті салынған. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕСІККЕ САЛУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2006" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Таралымы - 50 мың дана.

«Алтын Қыран орденінің белгісі» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Алтын Қыран» ордені белгісінің бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТЫН ҚЫРАН ОРДЕНІНІҢ БЕЛГІСІ», орыс тілінде «ЗНАК ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы жиек бар.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«Ақтөбе»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 18 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлгінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Ақтөбе қаласының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретн «2011» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 23 мм,

массасы – 4,71 грамм,

таралымы – 50 мың дана

Орталық мешіт" (Алматы қ.)

Номиналы - 500 теңге.

2006 жылғы 22 желтоқсанада айналысқа шығарылды.

Айналысқа шығарылатын "Орталық мешіт" (Алматы қ.) ескерткіш күміс монетасы Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен түсіндіруге, тұлғаның дінді рухани және адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіруі туралы бейбіт ілім ретінде түсінуіне бағытталған монеталардың жаңа сериясын ашады. Республикалық орталық мешіт (Алматы қ.) – ТМД елдеріндегі сәулетті мешіттердің бірі. Ол 1999 жылы салынған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба, мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деп жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тау сілемінің және Алматы қаласында салынып жатқан үйлер фонында Республикалық орталық мешіттің суреті бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде екі жолға мемлекеттік тілде "ОРТАЛЫҚ МЕШІТ", орыс тілінде "ЦЕНТРАЛЬНАЯ МЕЧЕТЬ" деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мешіттің орналасқан жерін және монетаның соғылған жылын білдіретін "Алматы 2006" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазу бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Шығару сапасы - "proof".

Таралымы – 4 мың дана.

"Көк тәңірі"

Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін жеткен тастағы таңбаларға арналған "Қазақстан Петроглифтері" монеталар сериясы

Монетаның номиналы 500 теңге

Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм,

диаметрі - 37 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған.

2000 жылы 22 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Тенги (көк тәңірі) - ер тәңірі. Тамғалы шатқалы, Шу - Іле тауларының оңтүстік сілемдері, Қола дәуірі, тамғалы дәстүрі, б.э. дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

Монетаның бет жағына (аверс) ұлттық ою-өрнек элементтерімен бірге монетаның құнын білдіретін "500" саны, оның астына "ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Монетаның жоғарғы жағына - спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, қазақ тілінде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2000" саны орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) стильді тас плитаға Тамғалы шатқалындағы Көк тәңірінің бейнесі салынған. Монетаның сол жақ бөлігіне оның неден жасалғанын, оның сынамы мен салмағын көрсететін "Ag 925 24 gr" деген жазу, оң жағында - Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, оған қазақ тілінде "КӨК ТӘҢІРІ" "ТАМҒАЛЫТАС" және ағылшын тілінде "THE SUN GOD" "THE TAMGALYTAS" деп жазылған.

Таралымы - 3 мың дана.

"Нарқобыз"

Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған "Қолданбалы өнер" монеталар сериясы

Монета номиналы 500 теңге

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм,

диаметрі - 37 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

2001 жылғы 25 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Нарқобыз деп бақсылардың ең үлкен қобызын айтады. Ол жер бетіндегі қыл шекті музыкалық аспаптардың ішіндегі ең ежелгі түрі болып есептеледі.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы сол жақ күңгірт бөлігіне оның құнын білдіретін "500" саны, оның астына "ТЕҢГЕ" жазуы, монетаны айналдыра қазақ тілінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" жазуы орналастырылған. Жиегіндегі жазулар мен сандар ойылып жазылған. Оң жақтағы жалтыраған бөлігінде экзотикалық ағаштың көлеңкесінде кілем үстінде қобыз тартып отырған қарт абыз бейнеленген. Монетаның жоғарғы және төменгі бөлігінде 90 градусқа бұрып жазылған және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын көрсететін тиісінше "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) оң жақ жалтыраған бөлігіне қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - Нарқобыз бейнеленген. Ортасына - композитор Ахмет Жұбановтың "Қарлығаш" әнінің нотаға түсірілген фрагментінің станы бейнеленген. Монетаның сол жақ күңгірт бөлігіне айналдыра - қазақ және ағылшын тілдерінде "НАРҚОБЫЗ - NARKOBYZ" деген жазу бар. Әріптер ойылып жазылған. Жоғарғы бөлігіндегі 90 градусқа бұрып жазылған "2001" саны монетаның соғылған жылын білдіреді, төменгі бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Таралымы - 3 мың дана.

"БАБАЖИ-ХАТУН КЕСЕНЕСI"

2002 жылғы 23 қыркүйекте айналысқа жіберілді

Номиналы 500 теңге

Кесене ерте қараханид кезеңіндегі ескерткіштерге жатады. Ғимараттың бірегей жобамен салынуы оны көптеген жойқын зілзаладан аман сақтап қалды. Оңтүстік Қазақстан. Х -ХІ ғ.ғ.

Монетаның бет жағында (аверс) "БАБАЖИ-ХАТУН" кесенесінің кірпішпен өрілген қабырғасының бөлігі бейнеленген жерге монета номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ». Монетаның жоғары және төменгі жағына ұлттық ою-өрнектің элементтері жарқыратып салынған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверс) орталық бөлігіне салынған ағаштардың жоғарғы жағына мемлекеттік және ағылшын тілдерінде «КЕСЕНЕСІ - MAUSOLEUM» деген сөздермен көмкерілген БАБАЖИ-ХАТУН кесенесінің қас беті бейнеленген. Сол жақ бөлігіне монета жасалған металл, сынамы мен салмағын көрсететін «Ag 925 24 g.» деген жазу бар. Монетаның оң жақ төменгі бөлігінде кесененің жобасы, ақшаның соғылған жылын білдіретін «2002» саны және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде «BABAJI-KHATUN» және мемлекеттік тілде «БАБАЖИ-ХАТУН» деп жазылған. Жазулар кесененің қас бетіндегі қуыстарға қаланған плиталардағы ою-өрнектердің фрагменттерімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы: 24 грамм

Диаметрі: 37 мм

Қалыңдығы: 2,7 мм

«proof» сапасымен шығарылған

Таралымы: 3 мың дана.

"Ана"

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді) Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады.

Номиналы 100 тенгелік монета

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Диаметрі - 100 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

массасы - 24 грамм.

Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан,

"proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген. Ортада Абай Құнанбайұлының қырынан түскен бейнесі салынған. Бейненің оң жағы мен сол жағында оның өмір сүрген жылдарын білдіретін "1845- 1904" сандары жазылған. Монетаның жоғары жағында радиус бойымен "АБАЙ. ИБРАhИМ. ҚҰНАНБАЙҰЛЫ" деген жазу бар. Төменгі жағында - Абай шығармаларының желісі бойынша көп бейнелі композиция салынған.

"Ана" деп аталатын монетаның бетіне қолына бала ұстап отырған ананың бейнесі салынған. Бұл бейне Абай жан тебіренте жырлаған барлық адамға ортақ тақырып - ана махаббаты туралы тақырыпты ашады. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның бедерлі сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

«Қоян жылы»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың пішіні он екі қырлы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыздарының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба «Au 999 7,78 gr.» орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2011 жылдың символы – қоян бейнеленген. Қоянның үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 7,78 грамм,

сипатталған шеңбер диаметрі – 21,87 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 3 мың дана.

«TURKESTAN»

2008 жылғы 28 наурызда айналысқа жіберілді

Номиналы 100 теңге

«Turkestan» ескерткіш күміс монетасында тимуридтер уақытындағы сәулет өнерінің жарқын үлгісі болып табылатын, түрлі мақсатта пайдаланылған бөлмелерден:  жамағатханадан, көрханадан (қабірден), үлкен және кіші ақсарайлардан, кітапханадан, асханадан, құдықханадан және көптеген бөлмелерден тұратын Қожа Ахмет Ясауидің (XIV ғ. соңы) кесенесі бейнеленген. Осындай функцияларының түрлі болуынан Қожа Ахмет Ясауи кешенін кесене, мешіт, мемориалдық кешен, ханака деп әр түрлі атайды. Кесене XII ғасырда қайтыс болған Қожа Ахмет Ясауидің жерленген орнында әмір Темірдің нұсқауымен 1399 жылы салынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада стильдендірілген арка және геральдикалық спираль түрінде Ислам қасиетті ғимаратына кіре-беріс нышанын білдіретін композиция бейнеленген. Одан төмен номиналы орналасқан «100 ТЕNGЕ». Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Ag 925» жазба орналастырылған. Айналдыра ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылын «2006» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада Қожа Ахмед Ясауидің кесенесі бейнеленген. Жоғарғы секторда «HODJA AKHMED YASSAVI MAUSOLEUM», төменгі секторда «TURKESTAN» деген ағылшын тіліндегі сөздер айналдыра орналастырылған.

Монеталардың беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі

Қыры (гурті) бедерленген

Ескерткіш монеталар 925/1000 сынамды күмістен жасалған

Массасы: 31,1 грамм

Диаметрі: 38,61мм

«proof» сапасымен жасалған

Таралымы: 6 мың дана.

"Cuon Alpinus (Қызыл бөрі)"

салмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

Номиналы – 500 тенге.

2005 жылғы 23 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында “500” саны және монетаның номиналын білдіретін "ТЕNGЕ" жазуы орналасқан. Монетаны айналдыра жиек жүргізілген және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген жазу, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін “1/4 oz Au 999” жазуы және монетаның соғылған жылын білдіретін "2005" саны жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы (реверсіндегі) орталық бөлігінде көзіне гауһар орнатылған қызыл бөрінің басы бейнеленген. Жоғарғы және оң жақ бөліктерінде монетаны айналдыра латын тілінде "CUON ALPINUS" жазуы – бөрінің зоологиялық аты жазылған. Айналдыра жиек жүргізілген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған.

Массасы – 7,78 грамм.

салмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

Диаметрі – 25 мм, әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар орнатылған.

"Proof" сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы - 4 000 мың дана.

«AL NABAWI»

2008 жылғы 28 наурызда айналысқа жіберілді

Номиналы 500 теңге.

Монеталардың беткі жағында (аверсінде) ортада стильдендірілген арка және геральдикалық спираль түрінде Ислам қасиетті ғимаратына кіре-беріс нышанын білдіретін композиция бейнеленген. Одан төмен монеталардың номиналы орналасқан «500 ТЕNGЕ». Номинал цифрының оң жағына монета дайындалған металдың сынамын білдіретін жазба орналастырылған Au 999. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылын « •2006• » және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазу бар.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада «Al Nabawi» мешіті бейнеленген. Жоғарғы секторда «AL NABAWI», төменгі секторда «MEDINA» деген ағылшын тіліндегі жазулар айналдыра орналастырылған.

Монеталардың беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі,

қыры (гурті) бедерленген.

Ескерткіш монета 999/1000 сынамды алтыннан

массасы 3,11 грамм алтыннан жасалған,

диаметрі – 16 мм.,

«proof» сапасымен жасалған.

Таралымы – 4 мың дана.

"Мидас патша" алтын монетасы.

Номиналы – 100 теңге.

2004 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Сырт жағының (реверсінің) орта тұсына қолына бокал ұстаған Мидас патшаның "клине" төсегінде жантайып жатқан бейнесі және түрлі тағамдар бейнеленген. Төменгі жағы өсімдіктермен көркемделген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "GOLD OF KING MIDAS" деп жазылған.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92 мм,

"proof" cапасымен жасалған.

"Алтын бұғы"

Номиналы - 500 теңге

2004 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Осы күміс монета дизайнында Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көшпенділердің алтын бұйымдарының бейнелері пайдаланылатын монеталардың жаңа сериясын ашады. Монета үстіңгі жағын алтындату технологиясымен дайындалған. Жатқан бұғы бейнесіндегі белдіктің қапсырмасы. Алтын. "Есік" қорғаны. Алматы облысы. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың аяғы – III ғасырдың басы. Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді.

Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орта тұсына жатқан бұғы түріндегі белдік қапсырмасының алтындатылған бейнесі салынған. Жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "АЛТЫН БҰҒЫ" деген жазу және спиральдың геральдикалық бейнесі, төменгі бөлігінде ағылшын тілінде "THE GOLDEN DEER" деген жазу бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ" және ағылшын тілінде "THE GOLD OF NOMADS" деген ойып жазылған жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2004"саны орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

Сипатталған диаметрі – 38,61 мм

"proof" сапасымен шығарылған

Таралымы – 5 мың дана.

«ӘЛ-ФАРАБИ»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол жақ және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген және айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте Шығыстың ұлы ойшылы Әл- Фарабидің портреті орналасқан құны 1 теңгелік банкнотаның бет жағының фрагменті бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ӘЛ-ФАРАБИ» деген жазу бар, соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және банкнотаның графикалық элементі салынған. Жоғары бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Au 999 7,78 gr.» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 7,78 грамм,

диаметрі 21,87 мм,

дайындау сапасы – «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

"Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар"

Номиналы - 500 теңге

2000 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Түркістан қаласы - Қазақстан жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Ұлы жібек жолының бұрынғы керуен жолдарының тоғысқан жеріне, сондай-ақ ұлы ақын және дінді уағызшы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесіне мінәжат етушілер үшін географиялық жағынан ыңғайлы орналасқандықтан, оның өркендеуіне және сауданың жандануына ықпал етті. Орталық Азия аймағының тарихи, мәдени және рухани өмірінде Түркістан қаласының атқаратын ролі зор.

Монетаның бет жағының (аверсінің) ортасына екі жолға монетаның құны - "500 ТЕҢГЕ" деп жазылған. Жоғарғы жағынан ұлттық өрнекпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгісімен жиектелген төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы "2000" деп жазылған. Оның сол жағындағы "Au 999" жазуы металдың сынамын білдіреді, оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік қақпасы бейнеленген, оның астында моншақты жиек бар және болашақты мегзейтін әрі ордаға апаратын жолды бейнелейтін "1500 ЖЫЛ ТҮРКІСТАН" сөздері үш қатар етіп өріліп жазылған. "ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ" деген сөздер айналдыра жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) түрлі бедерге толы.

Монета сынамы 999/1000 алтыннан жасалған,

массасы - 7,78 грамм,

диаметрі - 21, 87 мм,

қалыңдығы - 1,6 мм,

"proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 1 мың дана.

"2006 FIFA WORLD CUP GERMANY TM"

Монеталардың номиналы 100 теңге

2004 жылғы 31 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монета алдағы 2006 жылы Германияда өтетін футбол бойынша әлем чемпионатына арналған.

Монетаның бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесімен жиектелген және ақшаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100" саны және оның астында "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) стильді футбол добы көрінісінде Алматы қаласының Орталық стадионында орнатылған "Футболшылар" мүсіндік композициясы (авторы Усачев П.Д.) бейнеленген. Мүсіндік композицияның оң жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, сол жағында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 31,1 g." деген жазулар бар. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде "2006 FIFA WORLD CUP GERMANY тм" деген сөздер ойылып жазылған.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 ± 0,31 грамм,

Диаметрі – 38,61 мм

"proоf" сапасымен дайындалған

Ең көп таралымы - 6 мың дана.

«Қоян жылы»

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

Монеталардың пішіні он екі қырлы.

Он екі қырлы монетаның идеясы – жыл белгісінің ішкі жиектен монетаның ортасына қарай жыл сайын ауысуында. 12 жылдық циклда 360 градусқа айналатын, соғылған жыл бейнеленген қапсырма Шығыс күнтізбесінің келесі жылының белгісінің орнына ауысады. Күнтізбенің кейіпкерлері Еуразия халықтарының космогониялық бейнелерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыздарының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба «Ag 925 31,1 gr.» орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2011 жылдың символы – қоян бейнеленген. Қоянның үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

массасы 31,1 грамм

сипатталған шеңбер диаметрі – 38,61мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы - 5 мың дана.

CHINGIZ KHAN (Шыңғыс хан)

2008 жылғы 31 мамырда айналысқа шығарылды.

Номиналы - 100 теңге

Шыңғыс ханның (1162-1227) әлемдік тарихтағы алар орнын бұл қайраткердің өмір сүрген тарихи дәуірінен бөлек бағалау мүмкін емес. Бұл адамның ерекше дарыны, өзге адамдарды өз ықпалына жыға білуі, аса қабілетті ұйымдастырушы, әскери стратег, саясаткер және қолбасшы болғаны сөзсіз... Бұл деңгейдегі тарихи тұлғаны тек бұрыс не теріс белгілерімен бағалауға болмайды...»

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасы елтаңбасының алтындатылған суреті бейнеленген, оның астына монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, ат үстіндегі жауынгер, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналасқан. Монетаны айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада сансыз әскердің ортасында ат үстіндегі Шыңғыс ханның бейнесі орналастырылған (А. Дүзелханов картинасының фрагменті). Айналдыра ағылшын тілінде «CHINGIZ KHAN» деген жазу, өмір сүрген жылдарын білдіретін «1162 - 1227» деген сандар және монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар.

Монетаның бет және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурті) бедерленген.

Монета сынамы 925 күмістен жасалған.

Массасы: 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Диаметрі: 38,61 мм.

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы: 13 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

"ДЕҢГА"

номиналы - 500 теңге

2004 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Осы күміс монета дизайнында Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне монеталардың бейнелері пайдаланылатын монеталардың жаңа сериясын ашады. Монета оның үстіңгі жағына түпнұсқаға сәйкес келетін материалдарды қолдану технологиясымен дайындалған. VІІІ ғ. Деңга. Түргештер мемлекеті. Қола. Алтынтөбе қалашығы. Гүлденген Отырар.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында қоладан жасалған тесілген "Теңге" монетасы бейнеленген. Монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ", мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" саны және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген жазу айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) ортасына сирек кездесетін нумизматикалық көне монетаның басқа жағы бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде айналдыра "ДЕҢГА" деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ағылшын тілінде "DENGA" деген жазу нүктелермен бөлініп жазылған. Төменгі бөлігіне ғалымдар жатқызған осы монетаның ғасырларын білдіретін "VІІІ ғ.", "VІІІ с." деген жазулар, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазу нүктелермен бөлініп айналдыра жазылған. Жоғарғы және төменгі бөлігіндегі жазулар ұлттық ою-өрнектің екі элементімен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

"proof" сапасымен шығарылған,

таралымы – 5 мың дана.

«ҚЫЗҒАЛДАҚ»

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Регель қызғалдағы – Қазақстанның жергілікті өсімдігі. Шу-Іле тауларында (Алматы облысының батыс бөлігі және Жамбыл облысының шығыс бөлігі) ғана тасты және жартасты беткейлерінде, қара түсті жалаңаш жартастарда жиі кездеседі. Қазақстан қызғалдақтарының ішіндегі ең ерекшесі – сабағы көлемді эллипс түріндегі жапырақтың бетінде көлденең тараққа ұқсаған көп өскіндер бар.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында өсімдіктердің жапырақтары негізіндегі композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазба орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» жазба айналдыра жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильге келтірілген тасты бет реңінде үш қызғалдақтан тұратын композиция бейнеленген. Монетаның сол жоқ бөлігіндегі қызғалдақ голографиялық бейнемен орындалған. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлікте мемлекеттік тілде «ҚЫЗҒАЛДАҚ» және латын тілінде «TULIPA REGELII» атауы жазылған. Жазбалар нүктемен бөлінген. Төменгі бөлікте соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

«АЛДАР-КӨСЕ»

2011 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

Алдар-Көсе – қазақ халық ертегілерінің кейіпкері. «Алдар-Көсе» – адамның есімі емес, лақап есім. Алдар – алдаушы дегенді, Көсе – сақалы жоқ дегенді білдіреді.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы ою-өрнек аясында бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол жақ және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте есекке мінген жаһангер ертегі кейіпкерінің стильдендірілген суреті, қасында ілесіп жүрген иті бейнеленген (М.Әлиннің иллюстрациясының фрагменті). Монетаның сол жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Алдар-Көсе» деген жазу бар. Оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61 мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы – 4 мың дана.

"Е.Сидоркин"

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 28 желтоқсанада айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде полотноға қылқаламмен "500 ТЕҢГЕ" деген номиналды және соғылған жылын білдіретін "2006" деген сандар өрнектелген картина бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Төменгі бөлігінде – монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31.1 gr." деген жазба. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген жазу орналастырылған. Жазулар жиекке ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы (реверсіндегі) орталық бөлігінде Е.Сидоркиннің "Алматының алмасы" туындысы бейнеленген. Суреттен төмен автордың факсимилесі орналасқан. Суреттің оң және сол жақтарында – суретшінің аты-жөні. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне мемлекеттік тілде "АЛМАТЫНЫҢ АЛМАСЫ" және ағылшын тілінде "APPLES OF ALMATY" деген жазулар орналастырылған. Жазулар жиекке ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

"Ғарыш"

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 28 желтоқсанада айналысқа шығарылды. Биколорлы (құрама) монета шоғырланып орналасқан сақина мен дискіден тұратын шеңбер пішіндес. Монетаның ішкі дискісі танталдан, сыртқы сақина күмістен дайындалған.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы- «500 ТЕҢГЕ» жазылған. Монета номиналынан төменгі бөлікте Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар, биколорлы монетада екі жолға орналастырылған және монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14.6 gr. Та 26.8 gr.» деген жазба. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ғарыш кеңістігінің және әлем тылсымын ұғынуға ұмтылған ғарышкердің суреті бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҒАРЫШ», орыс тілінде «КОСМОС» деген жазба, төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «SPACE» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерленген

массасы 14.6 ± 0.15 грамм, дискі танталдан массасы - 26.8 ± 0.25 грамм

«рroоf» сапасымен жасалған,

таралымы – 4 мың дана.

"Бесiкке салу"

Номиналы - 500 теңге.

2006 жылғы 22 желтоқсанада айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының фонында бесікке бала бөлеп отырған әйелдің суреті салынған. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕСІККЕ САЛУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2006" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. (Күмістен жасалған монетада суреттің сол жағында монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

шығару сапасы - "proof",

Таралымы – 4 мың дана.

"Тұсау кесу"

Номиналы - 500 теңге.

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының аясында баланың алғашқы қадам жасауына байланысты дәстүр – "Тұсау кесу" дәстүрінің эпизоды бейнеленген. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "ТҰСАУ КЕСУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2007" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. (Күмістен жасалған монетада суреттің сол жағында монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазба, оң жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

таралымы – 4 мың дана.

"Тұңғыш жасанды жер серігі»номиналы - 500 теңге"

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 4 мамырда айналысқа шығарылды. Биколорлы (құрама) монета шоғырланып орналасқан сақина мен дискіден тұратын шеңбер пішіндес. Монетаның ішкі дискісі танталдан, сыртқы сақина күмістен дайындалған.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы- «500 ТЕҢГЕ» жазылған. Монета номиналынан төменгі бөлікте Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар, биколорлы монетада екі жолға орналастырылған және монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14.6 gr. Та 26.8 gr.» деген жазба. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның аударым жағының (реверсінің) орталығында алғашқы жасанды жер серігі жер реңінде бейнелеген. Төменгі секторында «1957-2007» сандары жер орбитасына алғашқы жасанды жер серігін жіберу мерзімі және оның жасалған жылы көрсетілген. Айналым жақтарында мемлекеттік тілде «ТҰҢҒЫШ ЖАСАНДЫ ЖЕР СЕРІГІ» және ағылшынша «THE FIRST SPACE SATELLITE OF THE EARTH» жазбалары жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерленген

массасы 41,4 грамм

сақина – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 14,6 грамм,

дискі – танталдан, массасы 26,8 грамм,

«рroоf» сапасымен жасалған,

таралымы – 4 мың дана.

"М.Кисамединов"

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде полотноға қылқаламмен "500 ТЕҢГЕ" деген номиналды және соғылған жылын білдіретін "2007" деген сандар өрнектелген картина бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Төменгі бөлігінде – монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31.1 gr." деген жазба. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген жазу орналастырылған. Жазулар жиекке ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында М. Қисамединовтың «Аңыз» деген шығармасы орналастырылған. Шығарманың астында автордың факсимилесі орналастырылған. Суреттің сол және оң жағында суретшінің аты-жөні жазылған. Монетаның жоғарғы жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі жазылған. Монетаны айналдыра күңгірт жалпақ көмкерме өтеді, онда мемлекеттік тілде «ҚОЗҒАЛЫС» СЕРИЯСЫ • ЕРТЕГІ АҢЫЗ» және ағылшын тілінде «MOVEMENT SERIES • MYTH» деген жазу жазылған. Көмкермедегі жазулар ойып жазылған және аралары нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

«Бауырсақ»

2012 жылғы 28 сәуірде айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

«Бауырсақ» – аттас халық ертегісінің кейіпкері. Бауырсақ жайлы ертегі орыс және украин халқының фольклорында кездеседі, сондай-ақ  американ, ағылшын, татар, өзбек және қазақ халықтарында осы тектес ертегілер бар.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Сырт жағында (реверсінде) монетаны бойлай ертегі кейіпкерлері бейнеленген, ортасында мемлекеттік тілде «БАУЫРСАҚ» және орыс тілінде «КОЛОБОК» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

Салмағы: 31,1 ± 0,31 грамм

диаметрі – 38,61 мм

дайындау сапасы – «proоf»

таралымы – 4 мың дана.

ЕҢЛІКГҮЛ»

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

Еңлікгүлдің 30 жуық түрі бар, олардың 2 түрі Қазақстанда кездеседі. Латынша атауы гректің «леон» (арыстан) және «поду» (табан) деген сөздерінен шығады және өсімдікке ақ түкті түсінің арыстан аяғының түсімен ұқсас болуына байланысты берілген.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында өсімдіктердің жапырақтары негізіндегі композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазба орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» жазба айналдыра жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильденген жазықтық фонында үш еңлікгүлден тұратын композиция бейнеленген. Төменгі еңлікгүлдің себеті голографиялық бейнемен орындалған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ЕҢЛІКГҮЛ» және латын тілінде түрінің аты «LEONTOPODIUM» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

«ДРАХМА»

номиналы - 500 теңге

2005 жылғы 20 тамыздан айналысқа шығарылды.

VII – VIII ғасырлардағы драхма. “Бухархудаты” (Бұқара қаласының басқарушылары). Күміс. Алтынтөбе қалашығы (Оңтүстік Қазақстан. Отырар алқабы).

Монетаның бет жағында (аверсіне) орта тұсында «Драхма» ескі күміс монетаның бейнесі. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, ақшаның соғылған жылын білдіретін «2005» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және шығыңқы кант жүргізілген. Жазулар мен сандар нүкте арқылы бөлінген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына нумизматикалық раритеттің басқа жағы бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігіне айналдыра, нүктемен бөлінген мемлекеттік тілде «ДРАХМА» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ағылшын тілінде «DRAKHMA» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде айналдыра жазылған ғалымдар осы монетаны жатқызып отырған ғасырды білдіретін «VIII ғ.» және «VIII с.» деген екі жазу және монета жасалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін нүкте арқылы бөлінген «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Жоғарғы және төменгі бөліктердегі жазулар ұлттық ою-өрнектің екі элементімен бөлінген. Айналдыра шығыңқы кант жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

салмағы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 5 мың дана.

«Аттила»

Айналысқа 2009 жылғы 2 қазанда шығарылды.

Номиналы – 100 теңге

«Аттила» (406-453) – атақты ғұндар ұлысының әміршісі. 434- 442 жж. Аттила мемлекет басшысы болады және ғұндар ұлысы күш жинап, Еуропаны тұтастай бағындырады. Аттила – тарихи тұлға, ол арқылы бүкіл әлем ғұндарды таныды. Мұның айғағы – Еуропа елдерінде алты ғасыр бойы соғылған Аттиланың бейнесі бар  алтын және күміс монеталар.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба, шауып келе жатқан ат үстіндегі жауынгердің бейнесі, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада Аттиланың бейнесі бар көне медальонның алтындатылған бейнесі орналасқан. Медальон бейнесінің сол жағында монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Ag 925», оң жағында  монетаның Массасы:н білдіретін «31,1g.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде шауып келе жатқан үш атты жауынгер бейнеленген. Жоғарғы бөлікте айналдыра «ATTILA THE HUN» ағылшын тіліндегі жазу және қолбасшының өмір сүрген жылдарын бейнелейтін «406 - 453» деген сан орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурті) бедерленген.

Монета сынамы 925 күмістен жасалған.

Массасы: 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Диаметрі: 38,61 мм.

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы: 13 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

"Қоқиқаз"

Қоқиқаз номиналы – 500 теңге

айналысқа 2009 жылғы 25 желтоқсанда шығарылды.

Монетаның нысаны сопақша.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың астында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі бөлігінде көбелектің стильдендірілген контурлы суреті және өсімдіктер композициясы бейнеленген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада екі қоқиқаз, күн дөңгелене бейнеленген және құстың су бетінде шағылысқан кескіні голографиялық тәсілмен бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚОҚИҚАЗ» және латын тілінде «PHOENICOPTERUS ROSEUS» – түрдің атауы жазылған.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен,

массасы – 24 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

сопақтығы – 38,61 х 28,81 мм.,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 4 мың дана.

«Ұлу жылы»

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Номиналы – 500 теңге

Монеталардың пішіні он екі қырлы.

Он екі қырлы монетаның идеясы – жыл белгісінің ішкі жиектен монетаның ортасына қарай жыл сайын ауысуында. 12 жылдық циклда 360 градусқа айналатын, соғылған жыл бейнеленген қапсырма Шығыс күнтізбесінің келесі жылының белгісінің орнына ауысады. Күнтізбенің кейіпкерлері Еуразия халықтарының космогониялық бейнелерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыздарының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба «Ag 925 31,1 g.» орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте айдаһар бейнеленген – шығыс күнтізбесі бойынша 2012 жылдың символы. Айдаһардың үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

массасы 31,1 грамм

сипатталған шеңбер диаметрі – 38,61мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы - 5 мың дана.

"OLYMPIC GAMES 2004. Велосипедшілердің бейнесі"

номиналы 100 теңге

2004 жылғы 31 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесі жиектелген және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын және соғылған жылын білдіретін "Ag 925. 31,1 gr. 2004” деген сөздер жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100" саны және оның астында "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) айналы бетіне велосипедшілердің бейнесі орналастырылған және жоғары жағына ағылшын тілінде "OLYMPIC GAMES 2004" деген сөздер айналдыра жазылған.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 ± 0,31 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

дайындау сапасы – «proof»

"Алтын Адам"

номиналы 1000 теңге

2001 жылғы 12 қарашада айналысқа жіберілді.

Біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Қазақстан аумағын және Орта Азияны көне деректерде сондай-ақ азиялық скифтер деп аталған сақ тайпалары жайлаған. Бұл тайпалардың жоғары дамыған өзіндік мәдениетінің болғаны көбінесе ежелгі қорымдарды қазған кезде табылған археологиялық жаңалықтардан белгілі. 1969 жылы Есік қаласының маңынан табылған "Алтын Адамның" киімі (б.ғ. дейінгі ІІІ ғ.) қазіргі кезде музейлерде көрсетіліп жүр.

Монетаның жалтыраған бет жағының (аверсінің) ортасына бас киімнің элементін - бас киім маңдайшасының эмблемасын құрайтын тау ешкі мүйізді қанатты арғымақтың сұлбасы бейнеленген. Төменгі бөлігіне екі жолға монетаның құнын білдіретін "1000 ТЕҢГЕ" жазуы, оның астына монетаның соғылған жылын білдіретін шеттерінде екі нүктесі бар "2001" саны орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деп жазылған. Жоғарғы бөлігіндегі жазулар бас киімді безендірген әшекейдегі оюмен бөлінген.

Алтын монетаның сырт жағына (реверсіне) жалтыраған бетіне "Алтын адам" макеті және оның кейбір алтын әшекейлері бейнеленген. Сол жақ бөлігіне - сауыт пен етіктің негізгі әшекейі болып табылатын жапсырмалар үлкейтіліп салынған. Оң жақ бөлігінде барыс түріндегі жапсырмалар бейнеленіп, айналдыра орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, мемлекеттік тілде екі жолға "АЛТЫН АДАМ", ағылшын тілінде үш жолға "GOLDEN MAN" және ақшаның салмағын білдіретін "7,78 gr." деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның қандай металдан жасалғанын және оның сынамын көрсететін "·Au 999·" жазуы бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тұтас бедерленген.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған,

салмағы - 7,78 грамм,

диаметрі - 21,87 мм,

қалыңдығы - 1,6 мм,

"proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 2 мың дана.

"Жолбарыстың басы"

Номиналы - 500 теңге

2005 жылғы 15 қарашада айналысқа шығарылды.

Алтын адам киіміндегі белдік бұйымы атрибуттарының бірі – жолбарыстың басы түрінде дайындалған ойық бейнеленген. Алтын. «Есік» қорғаны. Алматы облысы. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың аяғы – III ғасырдың басы. Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді.

Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орталық бөлігіне жолбарыстың басы түріндегі ойықтың алтындатылған бейнесі және оның үстіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынған. Сол жақ бөлігінде мемлекеттік тілде “ЖОЛБАРЫСТЫҢ БАСЫ” деген жазу, оң жақ бөлігінде ағылшын тілінде “THE HEAD OF TIGER” деген жазу бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде “КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ” және ағылшын тілінде “THE GOLD OF NOMADS” деген ойып жазылған жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін “2005”саны орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

Сипатталған диаметрі – 38,61 мм

"proof" сапасымен шығарылған

Таралымы – 5 мың дана.

"Крес патша" алтын монетасы

Номиналы – 100 теңге.

2004 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Сырт жағының (реверсінің) ортасына ертедегі грек храмының аясында Крес патшаның бейнесі бір қырынан салынған және алтын мен күмістен жасалған монеталар бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "KING KROISOS TREASURE" деп жазылған және грек ою-өрнегі – меандр салынған.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92 мм,

"proof" cапасымен жасалған.

"Сілеусін"

Номиналы – 500 тенге.

2008 жылғы 22 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астына монетаның номиналын білдіретін "500 TENGE" деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген сөздер жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "1/4 oz Au 999" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2007" деген сан орналасқан. Жиектегі жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада көздеріне гауһар орнатылған сілеусіннің басы бейнеленген. Жоғарғы және сол жақ бөлігінде айналдыра түрдің зоологиялық атауы – латын тілінде "FELIS LYNX" деген жазу жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монета 999 сынамды алтыннан.

Массасы – 1,4 oz (7,78 грамм). Салмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

Диаметрі – 25 мм, әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар орнатылған.

"Proof" сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы - 5 000 мың дана.

«BAITURRAHMAN»

2008 жылғы 28 наурызда айналысқа жіберілді

Номиналы 100 теңге.

«Ваiturrahman» мешіті Банда-Ачех қаласында (Суматра аралының солтүстігі, Индонезия) орналасқан. Ашық ақ түсті қабырғалары мен қара күмбездері бар мешіт қаланың ортасында бой көтерген. Мешітті 1879 жылы голландтықтар өздері қаланы басып алу кезінде өртеп жіберген ескі мешіттің орнына салған. 2004 жылы болған жойқын цунами кезінде мешіттің кейбір жерлері ғана бұзылып, өзі аман қалған. Сол кезде орын алған жойқын табиғи апат күндерінде аман қалған адамдар үшін мешіт үлкен пана болды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада стильдендірілген арка және геральдикалық спираль түрінде Ислам қасиетті ғимаратына кіре-беріс нышанын білдіретін композиция бейнеленген. Одан төмен номиналы орналасқан «100 ТЕNGЕ». Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Ag 925» жазба орналастырылған. Айналдыра ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылын «2006» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «BAITURRAHMAN» мешітінің суреті бейнеленген. Жоғарғы секторда «BAITURRAHMAN» деген ағылшын тіліндегі жазулар айналдыра орналастырылған.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурті) бедерленген

Ескерткіш монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған

Массасы: 31,1 грамм

Диаметрі: 38,61мм

«proof» сапасымен жасалған

Таралымы: 6 мың дана

"МЕДІРЕСЕ"

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді) Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады.

Номиналы 100 тенгелік монета

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Диаметрі - 100 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

массасы - 24 грамм.

Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан,

"proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген.

"МЕДІРЕСЕ" деп аталатын монетаның бет жағына болашақ ағартушы білім алған Семей қаласындағы медіресенің - сәулет ғимаратының бейнесі салынған. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

«AL HARAM»

2008 жылғы 28 наурызда айналысқа жіберілді

Номиналы 500 теңге.

Монеталардың беткі жағында (аверсінде) ортада стильдендірілген арка және геральдикалық спираль түрінде Ислам қасиетті ғимаратына кіре-беріс нышанын білдіретін композиция бейнеленген. Одан төмен монеталардың номиналы орналасқан «500 ТЕNGЕ». Номинал цифрының оң жағына монета дайындалған металдың сынамын білдіретін жазба орналастырылған Au 999. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылын « •2006• » және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазу бар.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада «АL Haram» мешіті бейнеленген. Жоғарғы секторда «AL HARAM», төменгі секторда «MECCA» деген ағылшын тіліндегі жазулар айналдыра орналастырылған.

Монеталардың беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі,

қыры (гурті) бедерленген.

Ескерткіш монета 999/1000 сынамды алтыннан.

массасы 3,11 грамм алтыннан жасалған,

диаметрі – 16 мм.,

«proof» сапасымен жасалған.

Таралымы – 4 мың дана.

«Ұлу жылы»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың пішіні он екі қырлы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлемінің жұлдыздар картасы жұлдыздарының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба «Au 999 7,78 gr.» орналастырылған. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген ойыңқы жазу және күннің стильдендірілген бейнесі орналастырылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте айдаһар бейнеленген – шығыс күнтізбесі бойынша 2012 жылдың символы. Айдаһардың үстінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның жиегін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген ойыңқы жазуы бар қаусырма, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген ойыңқы жазу орналастырылған. Күңгірт жиектің ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналастырылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 7,78 грамм,

сипатталған шеңбер диаметрі – 21,87 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 3 мың дана.

"АЙША-БИБІ" Кесенесі

2003 жылғы 31 қазанда айналысқа шығарылды.

Номиналы 500 тенге

«АЙША-БИБІ кесенесі» – ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Сырты керамикалық плиталармен  қаланып,  ойып  жасалған  өрнектің сән-салтанаты  мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-діни ескерткіштердің ішінде оған тең келетіні жоқ.

Монетаның бет жағында (аверсіне) ортасына монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналастырылған, оның астына сәнді қаптаманың фрагменті бейнеленген. Номиналдың астына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған. Жазулар бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінің) орта тұсына Айша-Бибі кесенесінің қас бетінің бейнесі салынған. Қас бетінің үстіңгі жағына мемлекеттік тілде «КЕСЕНЕСІ» және ағылшын тілінде «MAUSOLEUM» деген жазулар екі жолға орналастырылған. Монетаның оң жағында қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін «Ag 925. 24 g.» және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген жазулар бар. Монетаның сол жақ тұсына кесененің нобайы салынып, оның жоғарғы тұсына архитектуралық ескерткіштің қай ғасырда салынғанын білдіретін «ХІ» рим сандары жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген және монетаның жоғарғы тұсына «АЙША-БИБИ» және төменгі бөлігіне «AISHA-BIBI» деп жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы: 24 грамм

Диаметрі: 37 мм

Қалыңдығы: 2,7 мм

«proof» сапасымен шығарылған

Таралымы: 3 мың дана.

"ДОМБЫРА"

Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған "Қолданбалы өнер" монеталар сериясы

Монета номиналы 500 теңге

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм,

диаметрі - 37 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

2002 жылғы 16 қаңтарда айналысқа жіберілді.

Күміс монетаның сипаттамасы: "Домбыра" ескерткіш күміс монета қазақтың ұлттық аспаптарының тақырыбын жалғастыратын екінші күміс монета болып табылады. Домбыра - қазақтың ежелгі ұлттық музыкалық аспаптарының бірі. Оны "Дала музыкасының падишасы" деп бекер айтпаған.

Монетаның бет жағына (аверсіне) шеңбердегі сол жақ бөлігіне екі жолға оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Номиналдың астында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар бар. Тегіс бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу ойылып жазылған және жалтыраған бетіне ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің оң жақ бөлігіне бұтақ жайған ағаштың астында домбыра шертіп отырған қарт адам бейнеленген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы - домбыраның үш түрі бедерленіп бейнеленген. Монетаның жоғарғы оң жақ бөлігіне - ноталар өріліп жазылған және оның астына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Жоғарғы жағында тігінен монетаның шығарылған жылын білдіретін "2002" саны бар. Сол жақ бөлігіне, тегіс бетіне мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "ДОМБЫРА - DOMBRA" деген жазу айналдыра жазылған. Әріптер ойылып түсірілген.

Таралымы - 3 мың дана.

"Ұмай"

2001 жылғы 29 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Умай - әйел құдайы - от басының, балалардың, өнердің қамқоршысы.

Кудырге шатқалы, Таулы Алтай. Ежелгі көшпенділер, VI-VIIІ ғ-ғы көне түркі салт-дәстүрі.

Монетаның бет жағына (аверс) ұлттық ою-өрнекпен бірге оның номиналын білдіретін "500" саны, оның астына "ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне спиральдің геральдикалық бейнесі салынған. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және монетаның шығарылған жылын көрсететін "2001" саны орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) стильді тас плитаның үстіне "Ұмай" құдайы (Кудырге шатқалы) бейнеленген. Монетаның сол жақ бөлігінде 90 градусқа бұрып жазылған және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925 24 gr.", оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазулар бар. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҰМАЙ - ТАУЛЫ АЛТАЙ" және ағылшын тілінде "UMAI - MOUNTAIN ALTAI" жазулары орналастырылған.

Таралымы - 3 мың дана.

"Кафедралық шіркеу" (Алматы қ.)

Номиналы – 500 тенге.

2007 жылғы 2 маусымда айналысқа шығарылды.

Алматы қаласындағы Әулие-Вознесенский кафедралдық шіркеуі Жетісу өңіріндегі православиенің аса құрметтісі ғана емес, сонымен қатар көрнекі сәулет туындысы болып табылады. Орта Азиядағы сәулет ескерткіштері қатарында сәулет нысаны мен теңбе-теңдіктің үйлесімі айқын көрініс бере отырып, өз дәуіріндегі құрылыс өнері жетістігінің айқын үлгісін білдіреді. Сол кездегі ең озық технологияларды пайдалана отырып 20 ғасырдың басында салынған шіркеу 1911 жылғы зілзала апатына төтеп берді.

Монетаның бет жағының (аверсінің) ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу, мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орта тұсында Алматы қаласындағы Әулие-Вознесенский кафедралық шіркеуінің суреті орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "КАФЕДРАЛЫҚ ШІРКЕУ", орыс тілінде "КАФЕДРАЛЬНЫЙ СОБОР" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаның сол жақ бөлігінде шіркеу орналасқан жер мен монета соғылған жылды білдіретін "АЛМАТЫ 2007" деген жазу екі жолға жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1gr." деген жазу бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бұдырланған.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Дайындау сапасы – "proof".

Таралымы - 4 мың дана.

«Өскемен»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 23 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Өскемен қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен саны нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

диаметрі – 23 мм,

массасы – 4,71 грамм,

таралымы – 50 мың дана.

«Сүйінбай»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 27 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналасқан, құны 3 теңгелік банкноттың бет жағының фрагменті бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «Сүйінбай» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және банкноттан графикалық элементтер орналасқан. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Au 999 7,78 gr.» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы – 7,78 грамм,

диаметрі 21,87 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 4 мың дана.

"Байқоңыр"

2012 жылғы 27 шілдеде айналысқа шығарылды.

Номиналы: 500 теңге.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әлемдегі тұңғыш және аса ірі ғарыш айлағы. Көлемі 6717 шаршы км. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды және адамның ғарышқа тұңғыш ұшуы жүзеге асырылды, «Восток», «Восход», «Союз» сериясынан ұшқыштар басқаратын ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» сериялы орбиталық станциялар, көп рет қолданылатын «Энергия-Буран» жүйесі, планетааралық ғарыш аппараттары, Жердің жасанды серіктері жіберілді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әлемдегі ғарышқа ұшудың жартысынан көбі жүргізілді.

Биколорлы (құрамдас) монета ортасында сақина мен дискі орналасқан шеңбер түрінде. Монетаның ішкі дискі танталдан, сыртқы сақина күмістен жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) стильдендірілген жұлдызды аспан және адам мен Ғалам бірлігінің нышаны ретінде екі адамның сұлбасы бейнеленген. Монетаның сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 TЕҢГЕ» деген жазу, екі жолға орналастырылған және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14.6 g. Та 26.8 g.» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және шығыңқы жиек орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) көшпенділер әлемінде ғарышқа арналған терезе, бүкіл Адамзат үшін Байқоңыр ғарыш айлағы ашқан терезе ретінде түсіндірілетін «Шаңырақ» кескінін құрайтын жерсеріктер орбитасының стильдендірілген бейнелері көрсетілген. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАЙҚОҢЫР», орыс тілінде «БАЙКОНУР», ағылшын тілінде «BAIKONUR» деген жазулар және шығыңқы жиек орналасқан. Жазулар жұлдызшалармен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монета биколорлы орындауда дайындалды.

Сақинасы 925/1000 сынамды күмістен жасалған,

массасы 14.6 ± 0.15 грамм, дискі танталдан массасы - 26.8 ± 0.25 грамм

Диаметрі: 38,61 мм

«proof» сапасымен дайындалған

Таралымы: 5 мың дана

«Алтын Қыран орденінің жұлдызы» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Алтын Қыран» ордені жұлдызының бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛТЫН ҚЫРАН ОРДЕНІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ», орыс тілінде «ЗВЕЗДА ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы - жиек бар.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

"Тұсау кесу"

Номиналы - 50 теңге.

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) киіз үйдің стильденген жасау-жабдығының аясында баланың алғашқы қадам жасауына байланысты дәстүр – "Тұсау кесу" дәстүрінің эпизоды бейнеленген. Жоғарғы бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "ТҰСАУ КЕСУ" деген жазба, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2007" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Таралымы - 50 мың дана.

"Қыз қуу"

Номиналы - 500 теңге.

2008 жылғы 6 қырқүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ұлттық ат жарысы ойыны "Қыз қуу" эпизоды бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚЫЗ ҚУУ" деген жазу, төменгі бөлігінде – соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тізбектері тәрізді жарты шеңбер бейнеленген. (Күмістен жасалған монетада монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1gr." деген жазу, шабандоз қыз суретінің оң жағында Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі).

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

«Абай»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 14 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Абайдың портреті орналасқан 20 теңгелік банкноттың бет жағының бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБАЙ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Ag 925 31.1 g» бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана;

«Абай»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 14 тамызда айналысқа шығарылды

Қазақтың ағартушысы әрі ойшылы Абайдың портреті 1993 жылғы үлгідегі 20 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Абайдың портреті орналасқан 20 теңгелік банкноттың бет жағының бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБАЙ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар.. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Еуразиялық экономикалық одақ»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

«Еуразиялық экономикалық одақ» ескерткіш монеталары Еуразиялық экономикалық комиссиясының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде Одақтың бір жылдығына ескерткіш монеталарды қатар шығару жөніндегі ұсынысына сәйкес дайындалды. Монетаның сырт жағы тампобасуды қолдана отырып орындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g», орыс тіліндегі «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» және ұлттық ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тампобасуды қолдана отырып орындалған мемлекеттік тулардың және қатысушы елдердің ұлттық  ою-өрнектерінің қоршауында Еуразиялық экономикалық одақтың логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ», орыс тілінде «ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

«Алқа»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

«Алқа» ескерткіш монеталары монеталардың бетіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалған. (Алқа. Алтын. Б.д. I – II ғғ. Қарғалы қазынасы. Жетісу).

Монетаның пішіні төрт қырлы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген ойылған жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан,  монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу  бар. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілде «ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ · АЛҚА», ағылшын тілінде «TREASURES OF THE STEPPE · PENDANT» жазуының және ұлттық ою-өрнектің қоршауында алқаның алтындатылған бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, салмағы: 31,1 ± 0,31 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 43 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Жаңа жылдарыңызбен !»

номиналы – 100 теңге

2015 жылғы 11 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монетаның пішіні тік бұрышты.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сүргіш таңбасының қоршауында орналасқан стильдендірілген гүл бейнеленген, оның үстінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Гүлдің ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Композицияның оң жағында өрнектелген розетка, екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар. 

Монеталардың реверсінде қысқы қар ұшқындарының және мемлекеттік тілдегі «ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!», орыс тіліндегі «С НОВЫМ ГОДОМ!» және ағылшын тіліндегі «HAPPY NEW YEAR!» жазбаларының аясында түрлі түсті шырша шарлары түріндегі композиция бейнеленген.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.

«Әбілқайыр хан»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 29 шілдеде айналысқа шығарылды

Әбілқайыр ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 50 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Әбілқайыр ханның портреті орналасқан 50 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ӘБІЛҚАЙЫР ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Ag 925 31,1 g.» бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31  грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Әбілқайыр хан»

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 29 шілдеде айналысқа шығарылды

Әбілқайыр ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 50 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан  «100» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Әбілқайыр ханның портреті орналасқан 50 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ӘБІЛҚАЙЫР ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

«КҮЛТЕГІН»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 4 қарашада айналысқа шығарылды

Күлтегін (685ж. – 731ж.) – көптеген көшпелі халықтардың басын біріктірген түркі халқының даңқты әскери қолбасшысы.  

Оның құрметіне үлкен обалар кешені салынған, оның маңызды бөлігін бірқатар балбал тастар құрайды.

Күлтегіннің эпитафиясын – VIII ғасырдағы түркі руникалық жазбасының ескерткішін 1889 жылы Орхон өзенінің (Моңғолия) бойынан Кошо-Цайдам даласында Н.М. Ядринцев тапты. Жазбалардың сырын 1893 жылы дат ғалымы, профессор Вильгельм Томсен ашты. Ескерткіште құнды  тарихи мәліметтер мен баға жетпес лингвистикалық материал бар.

Монеталар оның реверсіндегі бейнені оксидтеу (химиялық бояу) технологиясы пайдалана отырып дайындалды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек розеткасы бейнеленген, оның ішкі жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазба бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Жылтыр бетіне жіп тәріздес ою-өрнек салынған. Монеталарды айналдыра жалпақ жиек жүргізілген, онда соғылған жылын білдіретін «2016» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31.1g» деген деген жазу орналасқан.   

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында атақты Орхон ескерткіші кешенінің бедер тақтасынан алынған руникалық жазба бөлігінің аясында түркі көсемі мүсінінің бір бөлігінің «тасқа ұқсас» оксидтелген бедерлі бейнесі орналасқан. Жиек монетаның Орхон кешенінің бейнелі байланысын көрсететін, тасқа ұқсас стильдендірілген жақтауша түрінде жасалған. Жиегінде түркі руникалық жазбасы стилистикасында жазылған «КҮЛТЕГІН» деген жазу және монета сериясының үш тілдегі: мемлекеттік тілдегі «ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ», орыс тіліндегі «СОКРОВИЩА СТЕПИ» және ағылшын тіліндегі «TREASURES OF THE STEPPE» деген атауы орналасқан.    

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазбасыз.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, 30х45 мм тіктөртбұрыш, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.

«2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

Күміс монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай монетаның массасын білдіретін «24 g» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба  бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бекітілген эмблемасының бейнесі орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен, массасы – 24,0 ± 0,24 грамм,  диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.

«Құрманғазы»

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 7 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде 5 теңгелік банкноттың бет жағының халық композиторы Құрманғазының портреті орналасқан бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚҰРМАНҒАЗЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Au 999  7,78 g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.

«Шурале»

2013 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

«Шурале» – татар халық ертегілерінің кейіпкері. Татар және башқұрт ертегілеріндегі мифтік тұлға, орман рухының кейіпкерлендірілген бейнесі.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Шурале ертегісінің кейіпкерлері, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Жоғарғы бөлікте мемлекеттік тілде «ШУРАЛЕ» деген жазу бар. Төменгі жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, 

Салмағы: 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы –  4 мың дана.

«Шурале»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Шурале ертегісінің кейіпкерлері, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Жоғарғы бөлікте мемлекеттік тілде «ШУРАЛЕ» деген жазу бар. 

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Тамғалы Петроглифтері» (алтындау)

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Номиналы: 500 теңге.

Монеталардың пішіні төрт қырлы.

Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері – Жетісудың тасқа салу өнерінің ең ежелгі әрі көрнекті ескерткіштерінің бірі, 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының объектісі болып табылады. Мұнда 1950 жылдардың соңында тасқа басылған көптеген суреттердің ғибадатханасы табылды, ол 1970-1980 жылдары зерттеле бастады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының солтүстік-батысынан 170 км жерде Аңырақай тауларында орналасқан. Бояу баспасы бар монета Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарын шығару мен сатудың халықаралық бағдарламасының шеңберінде де шығарылады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде «сүргiштi мөрмен» көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан, монетаның массасын білдіретін «24 g» деген жазу.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге «Көк тәңірі» петроглифі бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ» және ағылшын тілінде «PETROGLYPHS OF TAMGALY» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы: массасы – 24,0 ± 0,24 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Көлемі: 31,0 х 31,2 мм.

«proof» сапасымен дайындалған.

Таралымы: 5 мың дана.

«Жылан жылы»

2012 жылғы 23 қарашада айналысқа шығарылды

номиналы – 500 теңге

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Он екі қырлы монетаның идеясы – жыл белгісінің ішкі жиектен монетаның ортасына қарай жыл сайын ауысуында. 12 жылдық циклда 360 градусқа айналатын, соғылған жыл бейнеленген қапсырма Шығыс күнтізбесінің келесі жылының белгісінің орнына ауысады. Күнтізбенің кейіпкерлері Еуразия халықтарының космогониялық бейнелерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифтік символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын  «Ag 925 31,1 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне – монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2013 жылдың символы – жылан бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне - монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

массасы 31,1 грамм

сипатталған шеңбер диаметрі  – 38,61мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы - 5 мың дана.

«Жылан жылы»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 23 қарашада айналысқа шығарылды

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифтік символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Au 999 7,78 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне – монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2013 жылдың символы – жылан бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне - монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, 

массасы 7,78 грамм, 

сипатталған шеңбер диаметрі  – 21,87 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы –  3 мың дана.

"Қыз қуу монетасы"

Номиналы - 50 теңге.

2008 жылғы 6 қырқүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ұлттық ат жарысы ойыны "Қыз қуу" эпизоды бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚЫЗ ҚУУ" деген жазу, төменгі бөлігінде – соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тізбектері тәрізді жарты шеңбер бейнеленген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Таралымы - 50 мың дана.

"Орден Отан монетасы"

2007 жылғы 4 қыркүйекте айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50» деген сан және оның үстінде «ТЕҢГЕ» деген жазу жазылған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу айналдыра жазылған және шығыңқы жиек бар.
 
Монетаның сырт жағының (реверсі) орта тұсында «Отан» ордені бейнеленген. Жоғарғы бөлікте ұлттық ою-өрнек бенеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ОТАН ОРДЕНІ», орыс тілінде «ОРДЕН ОТАН» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2007 деген сандар орналасқан. Жазулар мен сандардың арасы нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«Қарағанды»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 29 қазанда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қарағанды қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

диаметрі – 23 мм,

массасы – 4,71 грамм,

таралымы – 50 мың дана.

"Жаркент мешіті"

Номиналы – 500 тенге.

2008 жылғы 1 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде "500 ТЕҢГЕ", "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Жаркент қаласының мешіті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ЖАРКЕНТ МЕШІТІ", орыс тілінде "ЖАРКЕНТСКАЯ МЕЧЕТЬ" деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Дайындау сапасы – "proof".

Таралымы - 4 мың дана.

"ТАҢБАЛЫ БЕЛГI"

Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін жеткен тастағы таңбаларға арналған "Қазақстан Петроглифтері" монеталар сериясы

Монетаның номиналы 500 теңге

Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

"proof" сапасымен шығарылған.

2002 жылғы 14 қазанда айналысқа жіберілді

Бұл атаудың мағынасы мынадай ұғымды білдіреді - "Дүниеге келу белгісі", "Тіршілік белгісі", "Бастау белгісі". Оңтүстік Шығыс Балқаш маңы. Қола ғасыры. Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

Монетаның бет жағына (аверс) ұлттық ою-өрнек элементтеріне монетаның номиналын білдіретін "500" саны орналастырылған және оның астына "ТЕҢГЕ" деп жазылған. Монетаның үстіңгі бөлігінде - спиральдің геральдикалық бейнесі. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген жазу және монета жасалған жылды білдіретін "2002" сандары орналастырылған. Жиекке ойып жазылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) стильді тас плитаның үстіне біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысымен "Белгi" суреті орналастырылған Монетаның сол жақ бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу, оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ жиек жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ТАҢБАЛЫ БЕЛГI" және ағылшын тілінде "THE SIGN TANBALY" жазылған. Жиекке ойып жазылған.

Таралымы - 3 мың дана.

"Аса таяк"

Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған "Қолданбалы өнер" монеталар сериясы

Монета номиналы 500 теңге

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм,

диаметрі - 37 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

2003 жылғы 30 қаңтарда айналысқа жіберілді.

Аса таяқ - бұрынғы ата-бабамыздан қазіргі заманға жеткен, өзіне тән дыбысы бар қазақтың ежелгі ұлттық музыкалық аспабы. Ол музыкалық сүйемелдеуде қолданылады.

Монетаның бет жағына (аверсіне) сол жақ бөлігіне екі жолға оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Орта тұсына қолында аса таяқ музыкалық аспабын ұстаған қазақтың ұлттық киіміндегі қыздың бейнесі салынған. Оң жағында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар бар. Тегіс бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу ойылып жазылған және күңгірт бетіне ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген бедерлі жазу бар.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – аса таяқтың төрт түрі бейнеленген. Оң жақ тұсына тігінен монетаның шығарылған жылын білдіретін "2003" деген сан жазылған. Монетаның сол жақ жоғарғы тұсына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Сол жақ бөлігіне, күңгірт бетіне мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "АСА ТАЯҚ - ASSA TAYAK" деген жазу айналдыра ойылып жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Таралымы – 3 мың дана.

"Тас мүсіндер"

2004 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Номиналы 500 теңге.

Тас мүсіндер Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде кездесетін жұмбақ табиғатқа табынушылықтың мегалитикалық ғимараттары.

Монетаның бет жағында (аверсінде) түркі халықтары әлемін байланыстыратын символ  «Өмір шежіресі» бейнеленген. Оң жақ бөлігіне екі жолға монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу орналастырылған. Сол жағында монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 g.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар нүктелермен бөлініп, айналдыра жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасына тас мүсіндер бейнеленген композиция орналастырылған. Композицияның оң жағында монетаның соғылған жылын білдіретін «2004» саны бар. Мемлекеттік тілде «ТАС МҮСІНДЕР» және ағылшын тілінде «THE ROCK STATUES» деген жазулар нүктелермен бөлініп, айналдыра жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы: 24 грамм.

Диаметрі: 37 мм.

Қалыңдығы: 2,7 мм.

«proof» сапасымен шығарылған.

Таралымы: 3 мың дана.

"БҮРКІТШІ"

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді) Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады.

Номиналы 100 тенгелік монета

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Диаметрі - 100 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

массасы - 24 грамм.

Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан,

"proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген.

"БҮРКІТШІ" деп аталатын монетаның бет жағына аңшы-бүркітшінің бейнесі салынған. Бүркітпен аң аулау тәсілі бағзы заманнан келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ерліктің, батылдықтың, күштіліктің белгісі болып саналады. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

«FAISAL»

2008 жылғы 28 наурызда айналысқа жіберілді

Номиналы 100 теңге

«Faisal» ескерткіш күміс монетасында алатын аумағы бойынша әлемдегі ең үлкен «Faisal» мешіті бейнеленген. Мешіт Исламабад қаласына (Пәкістан) жақын орналасқан. Мешіттің жалпы ауданы 18,97 га құрайды. Ауданы 0,48 га намаз оқитын зал ішкі ауласымен бірге 100 мың діндар адамды сыйдыра алады, ал жапсарлас аумаққа тағы 200 мың адам сыяды. Мешіт 1993 жылы салынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада стильдендірілген арка және геральдикалық спираль түрінде Ислам қасиетті ғимаратына кіре-беріс нышанын білдіретін композиция бейнеленген. Одан төмен номиналы орналасқан «100 ТЕNGЕ». Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Ag 925» жазба орналастырылған. Айналдыра ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылы «2006» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада тау аясында «Faisal» мешіті бейнеленген. Жоғарғы секторда «FAISAL», төменгі секторда «ISLAMABAD» деген ағылшын тіліндегі жазулар орналастырылған.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі

Қыры (гурті) бедерленген

Ескерткіш монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған

Массасы: 31,1 грамм

Диаметрі: 38,61мм

«proof» сапасымен жасалған

Таралымы: 6 мың дана

"Барыс"

Номиналы – 500 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 TENGE" деген жазу бар. Айналдыра ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген сөздер, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "1/4 oz Au 999" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан орналасқан. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада екі көзіне гауһар орнатылған барыстың басы бейнеленген. Сол жақ және жоғары бөліктерінде айналдыра латын тілінде –"UNCIA UNCIA" түрдің зоологиялық аты жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан.

Массасы – 1/4 oz (7,78 грамм). Салмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 25мм.

Диаметрлері 1,2 миллиметр және 1 миллиметр екі гауһар орнатылған.

"Proof" сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы - 5 000 мың дана.

«SULTAN»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 1 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «Сұлтан» (Сингапур) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «SULTAN», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «SINGAPORE» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған.

Дайындау сапасы – «proof».

массасы 3,11 грамм,

диаметрі – 16 мм.,

Таралымы - 3 мың дана.

"Марко Поло" алтын монетасы.

Номиналы – 100 теңге.

2004 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Сырт жағының (реверсінің) орта тұсына Марко Полоның портреті салынып, оның оң жағына жүріп бара жатқан керуен мен кеменің бейнесі орналастырылған. Портреттің төменгі бөлігінде "1254-1324" деген жылдар көрсетілген және ағылшын тілінде "MARCO POLO" деп жазылған стильденген лента бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92 мм,

"proof" cапасымен жасалған.

"Шабандоз"

Номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа шығарылды.

Жетісу өңірінде Теңлік қорғанынан табылған алтын әшекйдің бейнесі. Бұйым бізің эрамызға дейінгі III – II ғасырларқа тиісілі.

Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді.

Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орта бөлігінде ежелгі алтын белгінің шауып келе жатқан салт атты түріндегі алтындалған бейне орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде «ШАБАНДОЗ» және ағылшын тілінде «RIDER» деген жазу айналдыра жазылған, төменгі бөлігінде - спиральдың геральдикалық бейнесі. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен ажыратылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

Сипатталған диаметрі – 38,61 мм

"proof" сапасымен шығарылған

Таралымы – 5 мың дана.

"Биіктікке секіру. 2008 жылғы Олимпиада ойындары"

номиналы 500 теңге

2008 жылғы 7 наурызда айналысқа жіберілді.

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен қоршалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 7.78g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына спортшы қыздың биіктікке секіру бойынша сайыс сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Олимпиадалық ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сан және ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу жазылған.

Моета 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы – 7,78 грамм,

диаметрі – 25 мм,

әрқайсысының диаметрі 1 мм дейін үш гауһар орнатылған,

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы – 5 мың дана.

"Құлақты жұмырбас кесіртке"

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2010 жылғы 17 қыркүйекте шығарылды.

Монетаның нысаны сопақша.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың астында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі жазылған. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде көбелектің стильдендірілген контурлы суреті және өсімдіктер композициясы бейнеленген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада шағыл құмында екі құлақты жұмырбас кесіртке бейнеленіп, біреуі алтын жалатып орындалған. Жоғарғы бөлігінде бұлт кескінделген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚҰЛАҚТЫ ЖҰМЫРБАС КЕСІРТКЕ» және латын тілінде «PHRYNOCEPHALUS MYSTASEUS» – түрдің атауы жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен,

массасы – 24 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

 сопақтығы 38,61 х 28,81 мм.,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 4 мың дана.

«Томирис»

2011 жылғы 26 ақпанда айналысқа шығарылды.

Номиналы – 100 теңге

Бұдан үш мың жыл бұрын қазіргі Қазақстанның кең даласында құдыретті сақ-массагеттер өмір сүрді. Ұлы дала біз үшін өз батырлары туралы естеліктер сақтап келген. Ежелгі жылнамалар бойынша Томирис ретінде белгілі массагеттер патшасы Тұмар ханым парсы әскеріне күйрете соққы берді және Парсы державасының негізін қалаушы Кир патшаны жеңіп шықты.

Монетаның бет жағында (аверсінде) сол жағында Қазақстан Республикасының алтындатылған елтаңбасы, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Оң жақ бөлігінде салт аттылар. Төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада сансыз әскер қаумалай қоршаған Томирис патшаның бейнесі (А. Дүзелхановтың картинасының фрагменті) орналасқан. Жоғарғы бөлігінде айналдыра монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925, 31,1g.» деген жазу және патша өмір сүрген ғасырды білдіретін «VI в.с.» және «Томирис» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурті) бедерленген.

Монета сынамы 925 күмістен жасалған.

Массасы: 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Диаметрі: 38,61 мм.

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы: 13 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Дирхем»

номиналы - 500 теңге

2006 жылғы 7 қарашада айналысқа шығарылды.

Дирхем монетасы XVI ғасырда Тимур және Тимуридтер мемлекетінде күмістен жасалған. Монета Отырар қаласының археологиялық қазбалары кезінде табылған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында «Дирхем» көне күміс монетасының бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазба жасаған. Жазбалар мен сандардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында нумизматикалық раритеттің басқа тараптың бейнесі орналастырылған. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлігінде нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілдегі «ДИРХЕМ» жазбасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және ағылшын тіліндегі «DIRKHEM» жазбасы жасалған. Шеңбер бойынша төменгі бөлігінде ғалымдар осы монетаны жатқызған ғасырды білдіретін «XVI ғ.» «XVI с.» деген екі жазба және монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін, нүктелермен бөлінген «Ag 925 31,1 gr.» деген жазбалар орналастырылған. Жоғарғы және төменгі бөліктің жазбалары ұлттық өрнектің екі элементімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - «proof»,

таралымы – 5 мың дана.

«ОЛЬГА ЗЫҒЫРЫ»

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 1 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада өсімдіктердің жапырақтары негізінде композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Ольга зығырының гүлдерінен композиция бейнеленген, олардың біреуі голографиялық бейнелеуде орындалған. Оң жақ бөлігінде - айналдыра мемлекеттік тілде «ОЛЬГА ЗЫҒЫРЫ» және латын тілінде – түрдің атауын білдіретін «LINUM OLGAE» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монета сынамы 925 күмістен,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы - 4 мың дана.

«С. Калмыков»

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 6 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада полотноға қылқаламмен «500 ТЕҢГЕ» деген номиналы және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан жазылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Төменгі бөлігінде монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жиектегі жазулар ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орта бөлігінде С. Калмыковтың «атауы жоқ» туындыларының бірі бейнеленген. Суреттің астына автордың факсимилесі орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда мемлекеттік тілде «С.КАЛМЫКОВ • АТАУЫ ЖОҚ» және ағылшын тілінде «S.KALMYKOV • UNNAMED» деген жазулар орналастырылған. Жиектегі жазулар ойып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы - 4 мың дана.

«Восток» ғарыш кемесі»

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.

Биколорлы (құрама) монета шоғырланып орналасқан сақина мен дискіден тұратын шеңбер пішіндес. Монетаның ішкі дискісі танталдан, сыртқы сақина күмістен дайындалған.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы- «500 ТЕҢГЕ» жазылған. Монета номиналынан төменгі бөлікте Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар, биколорлы монетада екі жолға орналастырылған және монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14.6 gr. Та 26.8 gr.» деген жазба. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада Жер шары ғаламының аясында «Восток» ғарыш кемесінің суреті орналасқан. Жоғарғы бөлігінде алтын қондырмадан жасалған Айдың суреті орналасқан. Төменгі бөлігінде «Восток» ғарыш кемесінде адамның ғарышқа тұңғыш ұшырылған жылын білдіретін «1961» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ВОСТОК» ҒАРЫШ КЕМЕСІ», ағылшын тілінде «SPACESHIP «VOSTOK» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерленген

массасы 41,4 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сақина – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 14,6 грамм,

дискі – танталдан, массасы 26,8 грамм,

«рroоf» сапасымен жасалған,

таралымы – 4 мың дана.

"OLYMPIC GAMES 2006"

Монеталардың номиналы 100 теңге

2005 жылғы 1 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесімен жиектелген және ақшаның соғылған жылын білдіретін "2005" саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100" саны және оның астында "TENGE" жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына үш шаңғышының жарысып келе жатқан сәті бейнеленген. Оң жағына ағылшын тілінде "OLYMPIC GAMES 2006" деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925. 31,1 g" деген сөздер жазылған.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 ± 0,31 грамм,

Диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған

«OLYMPIC GAMES 2008»

Монеталардың номиналы 100 теңге

2006 жылғы 29 қарашада айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағына (аверсінде) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, футбол стадионының стильді бейнесімен жиектелген және ақшаның соғылған жылын білдіретін «2006» саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100» саны және оның астында «TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасында жарыс кезіндегі рингтегі боксшылар және Олимпиялық ойындар өтетін жылды білдіретін «2008» деген сан бейнеленген. Сол жағын айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу жазылған. Үстінен ұлттық ою-өрнекпен шектелген төменгі бөлікте Қазақстан мемлекеттік туы нышандарының бірі және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін «Ag 925. 31,1 g» деген жазу орналасқан.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

Массасы 31,1 ± 0,31 грамм

Диаметрі – 38,61 мм

"proоf" сапасымен дайындалған.

«Союз-Аполлон» ғарыш кемелері»

номиналы – 500 теңге

2009 жылы 18 сәуірде айналысқа шығарылған. Биколорлы (құрама) монета шоғырланып орналасқан сақина мен дискіден тұратын шеңбер пішіндес. Монетаның ішкі дискісі танталдан, сыртқы сақина күмістен дайындалған.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу орналастырылған. Монета номиналының төменгі жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14.6 gr. Та 26.8 gr.» деген жазу бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде сынақ ретінде бірлескен ұшу бағдарламасы бойынша жер төңірегіндегі кеңістікте түйісуді жүзеге асырған «Союз-19» кеңестік ғарыш кемесінің және «Аполлон» американдық ғарыш кемесінің бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «СОЮЗ-АПОЛЛОН» деген жазу мемлекеттік тілде, бірлескен сынақ ретінде ұшу бағдарламасының эмблемасы, ағылшын тілінде «SOYUZ-APOLLO» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналастырылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

массасы 41,4 грамм

сақина – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 14,6 грамм,

дискі – танталдан, массасы 26,8 грамм,

«рroоf» сапасымен жасалған,

таралымы – 4 мың дана.

«АЛМАТЫ АПОРТЫ»

номиналы - 500 теңге

2009 жылы 18 сәуірде айналысқа шығарылған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) өсімдік жапырағының негізінде композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада алма ағаштың гүлдеп тұрған бұтағынан композиция бейнеленген, онда гүлдің бір бөлігі Алматы апортының жемістерімен голографиялық бейнелеумен орындалған. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛМАТЫ АПОРТЫ» және ағылшын тілінде «ALMATY APORT» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61мм,

«proof» сапасымен жасалған,

таралымы - 4 мың дана.

«Отырар монетасы»

номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Бұл монетаның дизайнында Батыс Түрік қағанатының Отырар әміршісі соққызған VII-VIII ғасырлардағы монетаның бейнесі пайдаланылды. (Қола. Қоңыр төбе, Алтын төбе, Құйрық төбе қалашықтары).

Монетаның бет жағының (аверсінде) ортасында Батыс Түрік қағанатының Отырар әміршісі соққызған ежелгі қола монетаның бейнесі берілген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағының (реверсі) орта тұсында нумизматикалық раритеттің басқа беті бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілде «ОТЫРАР МОНЕТАСЫ» деген жазу және ағылшын тілінде «COIN OF OTRAR» деген жазу бар. Төменгі жағында айналдыра ғалымдардың ойынша осы монетаның шыққан ғасырларын білдіретін «с.VII-VIIIғ.» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және монетаның жасалған металын, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31.1 gr.» деген жазу бар. Жазулар мен логотип нүктелермен бөлінген. Жоғарғы және төменгі жақтағы жазулар ұлттық ою-өрнектің екі элементімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірленген.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,

массасы - 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы - 4 мың дана.

«Бекіре»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 18 маусымда айналысқа шығарылдыМонетаның нысаны сопақша.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Төменгі және сол жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, бекіренің, толқынның және күннің стильдендірілген бейнесі. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, төменгі бөлігінде - монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада су беті және екі бекіре стильдендіріп бейнеленген. Бекіренің біреуі алтын жалату тәсілімен орындалған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «БЕКІРЕ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан, жоғарғы бөлігінде түрдің латынша атауы «ACIPENSERIDAE» жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен,

массасы – 24 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сопақтығы 38,61 х 28,81 мм.,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 5 мың дана.

"Жүзік"

Номиналы - 500 теңге

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның нысаны он екі қырлы болып келеді.

Монетаның бет жағына (аверсіне) оң жақ бөлігіне оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі екі жолға орналастырылған. Сол жақ бөлігіне төрт салт аттының бейнесі салынған. Төменгі бөлігіне монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g." жазулары бар. Монетаның периметрі бойынша күңгірт түсті жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" деген сөздер ойып жазылған. Жазулардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде адам бейнесінің рельефімен салынған алтындалған көне жүзіктің бейнесі орналастырылған. Төменгі жағында айналдыра мемлекеттік тілде «ЖҮЗІК» және ағылшын тілінде «SEAL-RING» деген жазулар жазылған, ал жоғарғы жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ көмкерме өтеді, онда айналдыра ойып мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулары жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

Сипатталған диаметрі – 38,61 мм

"proof" сапасымен шығарылған

Таралымы – 5 мың дана.

"Көне Түркістан" алтын монетасы

Номиналы – 100 теңге

2005 жылғы 16 cәуiрде айналысқа шығарылды.

Бет жағының (аверсінің) ортасына Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында монетаның номиналын білдіретін "100" деген сан және "ТЕNGЕ" деген жазу бар. Айналдыра шығынқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде "REPUBLIK OF KAZAKHSTAN" және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "1/25 oz Au 999" деген жазулар және соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына сауда керуені және Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне айналдыра ағылшын тілінде «ANCIENT TURKESTAN» деп жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92 мм,

"proof" cапасымен жасалған.

«ZAHIR»

2008 жылғы 28 наурызда айналысқа жіберілді

Номиналы 100 теңге

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада стильдендірілген арка және геральдикалық спираль түрінде Ислам қасиетті ғимаратына кіре-беріс нышанын білдіретін композиция бейнеленген. Одан төмен номиналы орналасқан «100 ТЕNGЕ». Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Ag 925» жазба орналастырылған. Айналдыра ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылы «2006» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісін білдіретін жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада тау аясында «Zahir» мешіті бейнеленген. Төменгі секторда «ZAHIR» деген ағылшын тіліндегі жазу орналастырылған.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі

Қыры (гурті) бедерленген

Ескерткіш монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған

Массасы: 31,1 грамм

Диаметрі: 38,61мм

«proof» сапасымен жасалған

Таралымы: 6 мың дана

"Беташар"

Номиналы – 500 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) "Беташар" (қалыңдықтың бетін ашу дәстүрі) ұлттық салт-дәстүр эпизоды бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕТАШАР" деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. Монетаның оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және оның сынамын және массасын, монетаның қандай металдан дайындалғанын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазба орналастырылған.

Монетаның беткі жағындағы және сыртқы жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - "proof",

таралымы – 4 мың дана.

"МАХАББАТ"

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді) Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады.

Номиналы 100 тенгелік монета

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Диаметрі - 100 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

массасы - 24 грамм.

Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан,

"proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген.

"МАХАББАТ" деп аталатын монетаның бет жағына алтыбақанда отырған қыз бен жігіттің бейнесі салынған. Ақын шығармаларындағы мәңгілік махаббат тақырыбы осы монетаның бетінде өз көрінісін тапқан. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

«Kaaba» 500 теңге

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 1 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «Кааба» (Сауд Арабиясы) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «KAABA», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «MECCA» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы  - 3,11 грамм,

диаметрі – 16 мм.,

дайындау сапасы – «proof».

Таралымы - 3 мың дана.

"Жошы хан Кесенесi".

2005 жылғы 22 қарашада айналысқа шығарылды.

Номиналы 500 теңге.

Жошы хан кесенесі (ХІV ғасырдың басы) Орталық Қазақстанның сақталған ортағасырлық әшекейлі-күмбезді кесенелерінің бірі және болжаммен алғанда ең көнесі болып табылады.

Монетаның бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналастырылған. Төменгі бөлігінде Жошы хан кесенесі күмбезінің бейнесі, жоғары бөлігінде монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 g.» жазулар және оның астында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жошы хан кесенесінің бейнесі, оның сол жағында  Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және архитектуралық ескерткіш қойылған ғасырды білдіретін «ХІV» деген рим саны жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2005» саны бар. Жоғары бөлігінде монетаны айналдыра ағылшын тілінде «ZHOSHI KHAN MAUSOLEUM» және мемлекеттік тілде «ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ» деп жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы: 24 грамм

Диаметрі: 37 мм

Қалыңдығы: 2,7 мм

«proof» сапасымен шығарылған

Таралымы: 3 мың дана

"Жетіген"

Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған "Қолданбалы өнер" монеталар сериясы

Монета номиналы 500 теңге

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы - 24,00 грамм,

диаметрі - 37 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

"proof" сапасымен шығарылған Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. "Жетіген" 2004 жылғы 11 қарашада айналысқа шығарылды. Жетіген - өзінің бастапқы түрін осы күнге дейін сақтап келген қазақтың шекті музыкалық аспабы.

Монетаның бет жағына (аверсіне) сол жақ бөлігіне екі жолға оның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" жазуы орналастырылған. Монетаның оң жағына монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен салмағын білдіретін "Ag 925" және "24 gr." деген жазулар айналдыра жазылған. Күңгірт бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу ойылып жазылған және жалтыраған бетіне ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің оң жақ бөлігінде жетігенде ойнап отырған қыз бейнеленген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – жетігеннің екі түрінің бедерлі бейнесі және нота станының бейнесі орналастырылған. Монетаның жоғарғы оң жақ бөлігіне Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі салынған. Реверсінің орта тұсына тігінен монетаның соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан жазылған. Сол жақ бөлігіне, күңгірт бетіне мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "ЖЕТІГЕН - ZHETIGEN" деген жазу айналдыра жазылған. Әріптер ойылып жазылған.

Таралымы – 3 мың дана.

"Түркі әскері"

Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін жеткен тастағы таңбаларға арналған "Қазақстан Петроглифтері" монеталар сериясы

Монетаның номиналы 500 теңге Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

"proof" сапасымен шығарылған.

2003 жылғы 30 маусымда айналысқа шығарылды.

Уақытты қабылдау тұтастығы дала жауынгерінің тұтас бейнесін айқындады. Жер бетіндегі қуаныш үшін өмір сүру, айқаста өлу.. Ойжайлау шатқалы, Кіндіктас тауы, Оңтүстік Қазақстан. Кейінгі көшпенділер, VI-VIII ғ.ғ. ежелгі түркі дәстүрі.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнектің үстіне "500" саны, оның астына монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде - спиральдың геральдикалық бейнесі, оның қандай металдан жасалғанын, сынамын және салмағын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ кант жүргізілген, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және бедерленген жылын білдіретін "2003" саны орналастырылған. Канттағы жазулар ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) пішінделген тас тақтаның бетіне біздің дәуірімізге дейінгі VI-VIII ғасырлар белгіленіп, жартастағы суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра шығыңқы жалпақ кант жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ОЙ-ЖАЙЛАУ - ТҮРКІ ӘСКЕРІ" және ағылшын тілінде "OI-JAILAU - TURK WARRIOR" деген жазулар орналастырылған. Канттағы жазулар ойылып жазылған.

Таралымы - 3 мың дана

"Нұр-Астана" мешіті"

Номиналы – 500 теңге. 2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде "500 ТЕҢГЕ", "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада "Нұр-Астана2 мешіті бейнеленген. Төменгі бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде айналдыра Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі, мемлекеттік тілде "НҰР-АСТАНА"МЕШІТІ" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан, "МЕЧЕТЬ "НУР-АСТАНА" деген жазу орыс тілінде орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Дайындау сапасы – "proof".

Таралымы – 4 мың дана.

«Даңқ» орденінің жұлдызы» монетасы

2008 жылғы 31 қазанда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
 
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Даңқ» ордені жұлдызының суреті орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДАҢҚ ОРДЕНІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ», орыс тілінде «ЗВЕЗДА ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2008 деген сан орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«Павлодар»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 02 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Павлодар қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

диаметрі – 23 мм,

массасы – 4,71 грамм,

әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана.

"Беташар"

Номиналы – 50 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек фонында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазба жасалған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) "Беташар" (қалыңдықтың бетін ашу дәстүрі) ұлттық салт-дәстүр эпизоды бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігін айналдыра мемлекеттік тілде "БЕТАШАР" деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан жазылған. Монетаны айналдыра моншақ шеңбер өтеді. Монетаның оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған.

Таралымы - 50 мың дана.

«Сұлтан Бейбарыс»

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Номиналы – 100 теңге

«Сұлтан Бейбарыс» – Египеттің мәмлүк сұлтаны түркі болды, моңғол ильхандары мен Еуропаның крест жорығына қатысушыларына қарсы Палестинада және Сирияда жүргізген табысты соғыстарымен белгілі.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының алтын жалатылған бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, ат үстінде шауып бара жатқан жауынгердің бейнесі, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шығыс стиліндегі ғимараттардың стильдендірілген бейнелерінен жасалған коллаждың және шайқасып жатқан жауынгерлердің аясында атқа мінген ұлы қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың бейнесі бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «SULTAN BAYBARS» деген жазу, қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «1223-1277» деген сандар, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурті) бедерленген.

Монета сынамы 925 күмістен жасалған.

Массасы: 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Диаметрі: 38,61 мм.

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы: 15 мың дана.

«Тамғалы Петроглифтері» (сүргiштi мөр)

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

Монеталардың пішіні төрт қырлы.

Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері – Жетісудың тасқа салу өнерінің ең ежелгі әрі көрнекті ескерткіштерінің бірі, 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының объектісі болып табылады. Мұнда 1950 жылдардың соңында тасқа басылған көптеген суреттердің ғибадатханасы табылды, ол 1970-1980 жылдары зерттеле бастады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының солтүстік-батысынан 170 км жерде Аңырақай тауларында орналасқан. Бояу баспасы бар монета Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарын шығару мен сатудың халықаралық бағдарламасының шеңберінде де шығарылады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде «сүргiштi мөрмен» көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан, монетаның массасын білдіретін «50 g» деген жазу, Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге «Көк тәңірі» петроглифі бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ» және ағылшын тілінде «PETROGLYPHS OF TAMGALY» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған.

Салмағы: 50,0 ± 0,50 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Көлемі: 40,1 х 40,4 мм

«proof» сапасымен дайындалған

Таралымы: 5 мың дана

«Үкі»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 12 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның астында монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «1/4 oz Au 999» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында үкінің басы бейнеленген. Үкінің бір көзіне гауһар орнатылған. Сол және жоғарғы бөліктерде айналдыра ағылшын тілінде түрдің атауын білдіретін «EAGLE OWL» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған, массасы – 1/4 oz (7,78 грамм), диаметрі – 25 мм., диаметрі 1,2 мм. бір гауһар орнатылған, дайындау сапасы – «proof».

салмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

 Ең көп таралымы – 5 мың дана.

«Жылқы жылы»

2013 жылғы 3 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған. 

Он екі қырлы монетаның идеясы – жыл белгісінің ішкі жиектен монетаның ортасына қарай жыл сайын ауысуында. 12 жылдық циклда 360 градусқа айналатын, соғылған жыл бейнеленген қапсырма Шығыс күнтізбесінің келесі жылының белгісінің орнына ауысады. Күнтізбенің кейіпкерлері Еуразия халықтарының космогониялық бейнелерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Ag 925 31,1 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2014 жылдың символы – жылқы бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне - монетаның соғылған жылын білдіретін «2014» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

массасы 31,1 грамм

сипатталған шеңбер диаметрі  – 38,61мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы - 5 мың дана.  

«Жылқы жылы»

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 3 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған. 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Au 999 7,78 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2014 жылдың символы – жылқы бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне - монетаның соғылған жылын білдіретін «2014» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз, жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар  999 сынамды алтыннан жасалған,  массасы 7,78 грамм,  сипатталған шеңбер диаметрі  – 21,87 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы –  3 мың дана.

«Шоқан»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым, ағартушы және демократ, Қазақстан мен Орта Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Оның Қашқария, Жетісу, Қырғызстан мен шығыс Түркістанды аралағаннан кейінгі жазған зерттеу еңбектері Еуропа мен Азияның танымал зерттеушілері мен саяхатшылармен бір қатарға  қояды. Өзінің қысқа ғана өмірінде  Қазақстанның тарихи көкжиегінде жарық жұлдыз тәрізді  өте шықты.

Қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті 1993 жылғы үлгідегі 10 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан      «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналасқан 10 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ШОҚАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Au 999  7,78 g.» бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

«Сiрко»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы 19 желтоқсанда айналысқа шығарылды

«Сірко» – ит пен қасқыр туралы украин халық ертегісінің бас кейіпкері, иттің аты.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Сірко украин халық ертегісінің кейіпкерлері, «СІРКО» жазуы украин тілінде, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен дайындалған, cалмағы -  31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.

«Сiрко»

номиналы – 50 теңге

2014 жылғы 19 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Сірко украин халық ертегісінің кейіпкерлері, «СІРКО» жазуы украин тілінде, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Қазақ Хандығына 550 жыл»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 30 маусым айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай монетаның массасын білдіретін «24 g» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба  бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қазіргі Қазақстанның алтын жалатылған картасының аясында Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек ескерткішінің бір бөлігі бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнектің ішінде соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан, бейбітшілік пен еркіндіктің символы ретінде ұшып бара жатқан үш көгершін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ» деген жазба және шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 24,0 ± 24,0 грамм, диаметрі – 37 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.

«Абылай хан»

номиналы – 100 теңге

2017 жылғы 9 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «100» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Абылай ханның портреті орналасқан 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБЫЛАЙ ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 10 мың дана.

«Абылай хан»

номиналы – 500 теңге

2017 жылғы 9 тамызда айналысқа шығарылды

Абылай ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Абылай ханның портреті орналасқан 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБЫЛАЙ ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Ag 925 31,1 g.»  бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1±0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана, 500 дана шығарылды.

«Amir Timur»

номиналы – 100 теңге

2015 жылғы 28 қаңтарда айналысқа шығарылды

Монеталар бетіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Әмір Темір (Amir Timur). Орта, Оңтүстік және Батыс Азияның, сондай-ақ Кавказдың, Поволжье мен Русьтің тарихында айтарлықтай рөл атқарған басқарушы және қолбасшы. Астанасы Самарқанд болған Тимуридтер империясының негізін қалаушы (1370 жыл).

Монетаның бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасы елтаңбасының алтындатылған бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазба, ат үстіндегі жауынгердің бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар.  Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазба бар. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) антрополог М.М. Герасимовтың орындауындағы ұлы қолбасшы Әмір Темірдің  (Amir Timur) мүсіндік портреті, оның артында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Ахмед Ясауи кесенесінің және сауда керуенінің бейнесі салынған. Жоғары бөлігінде ағылшын тілінде «AMIR TIMUR» деген жазба және қолбасшының өмір сүру жылдарын білдіретін «1336-1405» деген сандар бар. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін  «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 13 мың дана.

«Ұлы Жеңіске 70 жыл»

Номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 31 наурызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «24 g» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба  бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін «1945» деген дата және монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген дата орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ», орыс тілінде «70 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазба және шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 24.0 ± 0.24

грамм, диаметрі – 37 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 7 мың дана.

«Абай»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 14 тамызда айналысқа шығарылды

Қазақтың ағартушысы әрі ойшылы Абайдың портреті 1993 жылғы үлгідегі 20 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Абайдың портреті орналасқан 20 теңгелік банкноттың бет жағының бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБАЙ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Au 999 7.78 g» бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 ± 0,02 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана;

«ҚОЖАНАСЫР»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Қожанасыр – өзбек ертегілерінің фольклорлық кейіпкері және Шығыс халықтарының күлкілі қысқа миниатюраларының  кейіпкері. Қожанасыр әдеби кейіпкерінің негізгі ерекшелігі – ұтқыр сөздің көмегімен кез келген жағдайдан жеңімпаз болып шығу. Қожанасырдың жиі қолданатын тәсілдері – жалған надандық және сандырақ қисыны. Қожанасыр бейнесінің ажырамас бөлігі – көптеген тәмсілдерде Қожаның серігі болатын есек.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде қазақ және шығыс ою-өрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан  «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) шығыс базарына есекке мініп келе жатқан Қожанасырдың бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмблемасы және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚОЖАНАСЫР», өзбек тілінде «NASRIDDIN AFANDI» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 2 мың дана.

«ҚОЖАНАСЫР»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде қазақ және шығыс ою-өрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) шығыс базарына есекке мініп келе жатқан Қожанасырдың бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмблемасы және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚОЖАНАСЫР», өзбек тілінде «NASRIDDIN AFANDI» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Қой жылы»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы 21 қарашада айналысқа шығарылды

Монеталардың пішіні он екі қырлы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Au 999 7,78 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2015 жылдың символы – қой бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы –  1 мың дана.

«Қой жылы»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы 21 қарашада айналысқа шығарылды

Монеталардың пішіні он екі қырлы. 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Ag 925 31,1 g», білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2015 жылдың символы – қой бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі  – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Алма отаны»

2013 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

Номиналы – 500 теңге

«Қазақстан – ғаламшардағы алма  отаны» – Оксфордтағы британ ғалымдары біздің «жабайы» және басқа жемістер сорттарының ДНҚ зерттеп, осы тұжырымға келді. АҚШ, Канада және басқа мемлекеттердің ғалымдарымен бірлесіп олар әлемде кеңінен белгілі сорттардың негізінде қазақстандық жабайы алманың гендері жатқанын дәлелдеді. Осы геноқордың табиғи қоймасы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жабайы жемісті ормандар болып табылады.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде, күңгірттелген бетінде алма ағаштарының қолайлы өсу орнын білдіретін, таулы жерге тамырын жайған жемісті алма ағашының стильдендірілген бейнесі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазбалар нүктелермен бөлінген.Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыраған бетінде дәл сондай, алтын жалатылған (піскен) алмалары бар жемісті алма ағашының бейнесі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛМА ОТАНЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан, ағылшын тілінде «HOMELAND OF APPLES» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g.» деген жазу бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

Салмағы:  31,1 ± 0,31 грамм. Салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

диаметрі – 38,61 мм.

дайындау сапасы – «proof»

таралымы –  7 мың дана.

«ТӨБЕТ»

2014 жылғы 12 қыркүйекте айналысқа шығарылды

номиналы – 500 теңге

«ТӨБЕТ» - малшы итінің ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық тұқымы. Алматы облысының аумағындағы тасқа қашалған суреттер иттің бұл тұқымының қазіргі Қазақстан аумағында 4 мың жылдан аса болғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі заманғы Төбет – Қазақстанның қайталанбас этно-мәдени мұрасының нышаны, қазақтың бүкіл тарихы мен тұрмысының куәсі.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулардың және ұлттық ою-өрнектің ішінде бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген тау мен шығып келе жатқан күннің аясында ит тұқымдасы  төбеттің бейнесі орналасқан. Алдыңғы жақтағы қасқыр ит пен күннің бейнелеріне алтын жалатылған.

Монетаның жоғары бөлігінде «ТӨБЕТ» деген жазу, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Айналдыра шығыңқы жиек.        

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61мм.,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы - 5 мың дана.

«Отау көтеру»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қыз бен жігіт арасындағы айтысу сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мемлекеттік тілде «АЙТЫС» деген жазу бар, сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы – 50 мың дана.

«Ақтау»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 02 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Ақтау қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

диаметрі – 23 мм,

массасы – 4,71 грамм,

әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана.

«Айбын» ордені» монетасы

2008 жылғы 18 қарашада айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
 
Монетаның сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде «Айбын» орденінің суреті орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЙБЫН ОРДЕНІ», орыс тілінде «ОРДЕН АЙБЫН» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2008 деген сан орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра - шығыңқы жиек. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«Бекет-Ата ғибадатханасы»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар бар. Жазулар нүктелермен бөлінген

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада Бекет Ата ғибадатханасы бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «БЕКЕТ-АТА ҒИБАДАТХАНАСЫ» және орыс тілінде «СВЯТИЛИЩЕ БЕКЕТ-АТА» деген жазу бар. Жазулар нүктемен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61мм,

дайындау сапасы – «proof»,

ең көп таралымы - 15 мың дана.

"Ойшыл"

Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін жеткен тастағы таңбаларға арналған "Қазақстан Петроглифтері" монеталар сериясы

Монетаның номиналы 500 теңге

Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

"proof" сапасымен шығарылған.

2004 жылғы 1 қазанда айналысқа жіберілді

Тамғалы шатқалы, Шу-Іле тауларының оңтүстік шеті. Қола дәуірі, Тамғалы дәстүрі, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнектің үстіне монетаның номиналын білдіретін "500" саны және оның астына "ТЕҢГЕ" деп жазылған. Монетаның жоғарғы бөлігіне спиральдың геральдикалық бейнесі салынып, монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." жазулары және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Монетаны айналдыра шығыңқы кант жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және оның соғылған жылын білдіретін "2004" деген сан орналастырылған. Канттағы жазулар ойып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) стильді тас тақтаның үстіне біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысымен күні жазылған тастағы суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра шығыңқы кант жүргізіліп, оған мемлекеттік тілде "ТАМҒАЛЫТАС ● ОЙШЫЛ" және ағылшын тілінде "TAMGALYTAS ● THE THINKER" деген жазу орналастырылған. Канттағы жазулар ойып жазылған.

"АДЫРНА"

2005 жылғы 9 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Адырна – көп ішекті көне музыкалық аспап. Көне түркілер мен қыпшақтарда әйгілі болған. Зерттеушілер оның садақпен ұқсастығын атап өтеді.

Монетаның бет жағының (аверсінің) орталық бөлігіне адырна музыкалық аспабында ойнап отырған қарт абыздың бейнесі және монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Күңгірт бетіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу ойылып жазылған. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – адырнаның екі түрі бедерленіп бейнеленген және стильді нота мүсінінің бейнесі салынған. Монетаның сол жақ бөлігінде тігінен монетаның шығарылған жылын білдіретін "2005" саны орналасқан. Төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Сол жақ бөлігіндегі күңгірт бетіне ағылшын тілінде "ADYRNA" және мемлекеттік тілде "АДЫРНА" деген жазулар ұлттық ою элементімен бөлініп жазылған. Әріптер және ұлттық ою элементі ойылып түсірілген.

Таралымы – 3 мың дана.

"КӨШ"

Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған 5 монеталар сериясы (1995 жылы айналысқа жіберілді) Абай (Ибрагим) Құнанбаев шын мәнінде жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы болып есептеледі. Ұлы ойшыл, теңдесі жоқ сөз зергері, сазгер, қажымас ағартушы, Абай өз заманының, өткен ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті адамы болған. Оның әдеби мұралары - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ол қазіргі ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып саналады.

Номиналы 100 тенгелік монета

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Диаметрі - 100 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм,

массасы - 24 грамм.

Таралымы - әрбір монета 6 мың данадан,

"proof" сапасымен шығарылған.

Бес ескерткіш күміс монетаның бәрінің сыртқы беті (реверсі) бірдей ортақ бейнеленген.

"КӨШ" деп аталатын монетаның бет жағына киіз үйдің жанында тұрған ақсақалдың бейнесі салынған. Ақсақал бейнесінде қарттықтың салиқалылығы арқылы халқымыздың ұлылығы, даналығы, рухы көрінеді. Бұл бейне ақын жүрегіне тым жақын. Монетаның төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "100" саны орналастырылған. Монетаның сыртқы жиегінің ішінде дөңгелекті бойлай "ТЕҢГЕ", "1995", "ҚАЗАҚСТАН" деген сөздер әшекейлі элемент арқылы бөлініп жазылған. Сыртқы шеңбері тізілген моншақ іспеттес болып әдіптелген.

«Отау көтеру»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 5 тамызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында сан «500» және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы жағында Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол және оқ жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жаңа отбасының бақыты үшін жаңа отауды – киіз үйді тігу кезіндегі шаңырақты (киіз үйдің төбесін) көтеру кезі бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «ОТАУ КӨТЕРУ» (жаңа отбасын, жаңа ошақ құруды, үйленуді білдіреді) деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан күмістен жасалған монетаның оң жағында оған қоса дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар.

Ескерткіш монеталар сынамы 925 күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы - 5 мың дана,

қыры (гурты) бедерлі.

«EAGLE-HEADED GRIFFIN» (Қыран басты ит)

Номиналы – 100 теңге

2008 жылғы 31 мамырда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астына монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «1/25 oz Au 999» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан орналасқан. Жиектегі жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Берел қорғанына жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған бұйым - мифтік мақұлық «Қыран басты ит» бейнеленген. Төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Монетаны айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, ағылшын тілінде «EAGLE-HEADED GRIFFIN» деген жазу жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монеталар 999 сынамды алтыннан,

массасы – 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92мм

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы - 18 мың дана.

«DOME OF THE ROCK» (Жартастың күмбезі)

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 1 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «Жартастың күмбезі» (Иерусалим) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «DOME OF THE ROCK», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «JERUSALEM» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған.

Дайындау сапасы – «proof».

массасы  - 3,11 грамм,

диаметрі – 16 мм.,

Таралымы - 3 мың дана.

"Диадема бөлігі"

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 6 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Монета пішіні он екі қырлы етіп жасалған.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айн��лдыра жалпақ күң������ір�� жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орта бөлігінде Қарғалы шатқалынан бейнеленген безендірілген алтын диадема фрагментінің алтындалған бөлігі орналастырылған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ДИАДЕМА БӨЛІГІ» деген жазу және спиральдың геральдикалық бейнеленуі, жоғарғы бөлігінде ағылшын тілінде «FRAGMENT OF A DIADEM» деген жазу бар. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ», ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) жылтыр, бұдырсыз және жазусыз.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,

массасы - 31,1 ± 0,31 грамм. Cалмақ қосымшаның және жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сипатталған шеңберінің диаметрі - 38,61 мм

«proof» сапасымен дайындалған

таралымы - 5 мың дана.

«Биатлон. Олимпиада ойындары – 2010»

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2009 жылғы 28 қазанда шығарылды. 

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен қоршалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 7.78g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде әр түрлі сайыс үстіндегі үш биатлоншының бейнесі бар. Жоғарғы бөлікте үшеуінде гауһар орнатылған бес ату нысанасы бейнеленген. Оң жағында Олимпиадалық ойын өткізілетін жылды білдіретін «2010» деген сан, төменгі бөлікте – ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу бар.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған,

массасы – 7,78 грамм,

салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетілген,

диаметрі – 25 мм, әрқайсысының диаметрі 1 мм дейін үш гауһар орнатылған,

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы – 5 мың дана (Қазақстанның ішкі нарығы үшін 3 000 дана).

«Қосаяқ»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 29 маусымда айналысқа шығарылды.

Монета сопақша пішінді.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ұясына батып бара жатқан күн мен стильдендірілген шағылдардың аясында жүгіріп бара жатқан қосаяқ бейнеленген. Монетаның оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Жоғарғы бөлігінде сопақшаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада қосаяқ мекен ететін стильдендірілген шөл даланың аясында Кіші қосаяқтың бейнесі берілген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚОСАЯҚ», латынша «ALLACTAGA ELATER» – түрінің аты және соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан жазылған.

Монетаның қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы 24 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген.

сопақша 38,61 х 28,81 мм.,

дайындау сапасы – «proоf»,

таралымы – 5 мың дана.

“Сарайшық монетасы”

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 3 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында Сарайшықта соғылған көне күміс монетаның бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде «500 ТЕҢГЕ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жазбалар мен сандардың арасы нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортасында нумизматикалық раритеттің екінші жағының бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде ғалымдар осы монета шығарылған деп отырған ғасырды білдіретін «с. XIV ғ.» деген жазу бар. Шеңбер бойынша жоғарғы бөлігінде арасы нүктелермен бөлінген мемлекеттік тілде «САРАЙШЫҚ МОНЕТАСЫ» деген жазу және ағылшын тілінде «COIN JF SARAIJUK» деген жазу бар. Шеңбердің төменгі бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Жоғарғы және төменгі бөліктердегі жазулардың арасы ұлттық өрнектің екі элементімен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

диаметрі – 38,61 мм,

шығару сапасы - «proof»,

таралымы – 5 мың дана.

«ЖАБАЙЫ КӨКНӘР»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) өсімдік жапырақтарының негізінде композиция бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде көкнәрдің гүлдері мен қауыздарынан композиция бейнеленген, гүлдердің біреуі голографиялық бейнелеумен орындалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЖАБАЙЫ КӨКНӘР» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, латын тілінде түрдің зоологиялық атауын білдіретін «PAPAVER PAVONINUM» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

 диаметрі – 38,61мм,

дайындау сапасы – «proof»,

таралымы - 4 мың дана.

«Луноход - 1»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 5 тамызда айналысқа шығарылды.

Биколорлы (құрамдас) монета ортасында сақина мен дискі орналасқан шеңбер түрінде. Монетаның ішкі дискі танталдан, сыртқы сақина күмістен жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар, биколорлы монетада екі қатар етіп жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 14.6 gr. Ta 26.8 gr.» деген жазу бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жұлдызды аспанның және Жер планетасының аясында ай бетінің ерекшеліктерін зерттеу жөніндегі бағдарламаны орындау барысындағы алғашқы ай бетінде өздігінен жүретін аппарат (планетоход) – Лунаход-1 бейнеленген. Төменгі жағында планетоходтың Айдың бетіне жеткізілген жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1970-2010» деген сандар бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЛУНОХОД-1» деген жазу және ағылшын тілінде «LUNOKHOD-1» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Ескерткіш монеталар биколорлы етіп жасалған,

сақина – сынамы 925/1000, массасы 14,6 грамм күмістен,

диск – массасы 26,8 грамм танталдан,

диаметрі - 38,61 мм.,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 4 мың дана. Қыры (гурты) бедерлі.

"OLYMPIC GAMES 2008. Бессайыс»

Монеталардың номиналы 100 теңге.

2008 жылғы 7 наурызда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, спорт стадионының стильді бейнесімен жиектелген, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925. 31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2007» саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100» саны және оның астында «ТЕNGЕ» жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына бессайысқа қатысты спорт түрлері бар розетка бейнеленген, ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу және Олимпиадалық ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сан жазылған. 31,1 g» деген жазу орналасқан.

Монеталардың номиналы 100 теңге

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 ± 0,31 грамм,

Диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған.

«Трамплиннен секіру. Олимпиадалық ойындар - 2010»

Монеталардың номиналы 100 теңге

2009 жылғы 23 мамырда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағына (аверсіне) төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, спорт стадионының стильді бейнесімен жиектелген, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925. 31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» саны жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100» саны және оның астында «ТЕNGЕ» жазуы бар. Жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) орталық бөлігінде трамплиннен секіру бойынша жарыс сәтінде секіріп келе жатқан шаңғышының бейнесі. Оң жақ бөлігінде Олимпиадалық ойын өткізілетін жылды білдіретін «2010» деген сан, ал сол жағында спорттың қыстық түрін білдіретін қар ұшқыны бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген сөздер ойылып жазылған. 31,1 g» деген жазу орналасқан.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы 31,1 ± 0,31 грамм,

диаметрі – 38,61 мм,

"proоf" сапасымен дайындалған

Ең көп таралымы – 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Тұңғыш ғарышкер»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды.

Биколорлы (құрама) монетаның пішіні шеңбер тәріздес, концентрациялы түрде орналасқан сақина және дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі күмістен, сыртқы сақинасы танталдан жасалған.

Монеталардың бет жағына (аверсіне) ортада адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» орналасқан. Номиналдан төмен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар, биколорлы монетада екі жолға орналастырылған және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 16,7 gr. Та 24 gr.» деген жазба. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада ғарышқа ұшқанына 2011 жылы 50 жыл толатын тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің бейнесі. Сол жақ бөлігінде – «Восток» жер серігі кемесінің суреті жер шарын қоршаған орбитада бейнеленген, ғарышқа Жерден тұңғыш рет адам ұшырылған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «1961-2011» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР» деген жазу, Ю.А.Гагариннің қолтаңбасының бейнесі және орыс тілінде «ПЕРВЫЙ КОСМОНАВТ» деген жазба.

Қыры (гурты) бедерлі.

Массасы 40,7 грамма

(массасы 24 грамм танталдан сақина,

дискісі 925/1000 сынамды күмістен, массасы 16,7 грамм)

диаметрі – 38,61мм.,

«рroоf» сапасымен жасалған,

таралымы – 5 мың дана.

«Алматы монетасы»

номиналы – 500 теңге

2009 жылғы 20 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада Алматы монета сарайында соғылған ХШ ғасырдың аяғындағы көне дирхем күміс монетасы бейнеленген. Айналдыра алтын жалатылған жолақтың бетінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу мемлекеттік тілде, соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, ағылшын тілінде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада нумизматикалық раритеттің екінші жағы бейнеленген. Айналдыра алтын жалатылған жолақтың бетіне мемлекеттік тілде «АЛМАТЫ МОНЕТАСЫ», ағылшын тілінде «COIN OF ALMATY», ғалымдар осы монетаны жатқызған ғасырды білдіретін «ХШ ғ.» және «ХШ с.» деген жазу, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған,

массасы 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

«Жолбарыс»

номиналы – 500 теңге;

2009 жылғы 4 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің сол жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999», оң жағында – монетаның массасын білдіретін «7,78gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жолбарыстың бейнесі орналастырылған. Монетаның төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЖОЛБАРЫС», ағылшын тілінде «TIGER», соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы – 7,78 грамм,

диаметрі – 21,87 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы - 3 мың дана.

"Сатир"

номиналы – 500 теңге

2009 жылғы 23 мамырда айналысқа шығарылды.

Монета пішіні он екі қырлы етіп жасалған.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета соғылған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ежелгі грек мифологиясының кейіпкері - Сатирдің ою-өрнекпен алтындап безендірілген бейнесі бар қылыштың безендіру элементі бейнеленген. Төменгі жағында айналдыра мемлекеттік тілде «САТИР» және ағылшын тілінде «SATIR» деген жазулар жазылған, ал жоғарғы жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) жылтыр, бұдырсыз және жазусыз.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,

массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Cалмақ қосымшаның және жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сипатталған шеңберінің диаметрі - 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы - 5 мың дана.

«MОHAMED ALI»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 8 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «MОHAMED ALI» (Каир.Египет) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «MОHAMED ALI», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «CAIRO» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған.

Дайындау сапасы – «proof»

массасы 3,11 грамм алтыннан жасалған,

диаметрі – 16 мм.,

Таралымы – 3 мың дана.

«Жалаулы көмбесі» («Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»)

номиналы – 50 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жалаулы көмбесінен табылған бұғы түрінде бейнеленген алтын бұйым орналастырылған. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, жоғарғы бөлігінде – спиральдың геральдикалық бейнесі бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «ZHALAULINSKIY TREASURE» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан

«proof» сапасымен дайындалған,

массасы 0,5 грамм.

Ең көп таралымы 14000 (он төрт мың) дана

(Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).

«Айтыс»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қыз бен жігіт арасындағы айтысу сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мемлекеттік тілде «АЙТЫС» деген жазу бар, сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан (күмістен ����асалған монетаның оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу) бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

"Салт атты"

Монетаның номиналы 500 теңге

Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

"proof" сапасымен шығарылған.

2005 жылғы 2 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Айрақты тауы, Маңғыстау. Соңғы көшпенділер, адай дәстүрі, ХҮІІІ – ХІХғғ. Деталь.

Монетаның бет жағының (аверсінің) ұлттық ою-өрнек элементінің аясына “500” саны және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігіне – спиральдың геральдикалық бейнесі, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін “Ag 925 24 gr”жазуы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2005» саны жазылған. Монетаны айналдыра тас плита түрінде жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” және ағылшын тілінде “REPUBLIK OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы (реверсіндегі) айналы бетіне ХҮІІІ – ХІХ ғғ. жартас суреттерінің бейнелері орналасқан. Монетаны айналдыра тас плита түрінде жалпақ жиек жүргізіліп, оған айналдыра мемлекеттік тілде “САЛТ АТТЫ • АЙРАҚТЫ ТАУЫ” және ағылшын тілінде “HORSEMAN” • AIRAKTY MOUNTAIN” деген сөздер жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен бөлінген.

Таралымы – 3 мың дана.

«Атырау»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 02 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Атырау қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған,

әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана.

«Достық» орденінің жұлдызы» монетасы

2009 жылғы 6 наурызда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде алқаға ілінген «Достық» ордені жұлдызының суреті орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ», орыс тілінде «ЗВЕЗДА ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2009 деген сан бар. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«Айтыс»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қыз бен жігіт арасындағы айтысу сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мемлекеттік тілде «АЙТЫС» деген жазу бар, сол жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы – 50 мың дана.

«Тұңғыш ғарышкер»

номиналы – 50 теңге

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағына (аверсіне) ортада адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» орналасқан. Номиналдан төмен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Монетаны айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған.  

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада ғарышқа ұшқанына 2011 жылы 50 жыл толатын тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагариннің бейнесі. Сол жақ бөлігінде – «Восток» жер серігі кемесінің суреті жер шарын қоршаған орбитада бейнеленген, ғарышқа Жерден тұңғыш рет адам ұшырылған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «1961-2011» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР» деген жазу, Ю.А.Гагариннің қолтаңбасының бейнесі және орыс тілінде «ПЕРВЫЙ КОСМОНАВТ»  деген жазба.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  50 мың дана.  

«ШӘКЕН АЙМАНОВ»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 28 қаңтарда айналысқа шығарылды

Қазақ кинематографын Шәкен Айманов есімінсіз елестету мүмкін емес. Ол театр мен киноның негізін қалаушылардың қатарында болды, оркестр-адам, тамаша суырып салма әртіс, театр режиссері, киноактер және кинорежиссер, ұлттық кинематографтың негізін салушы болды. Шәкен фольклор жанрындағы Алдар Көсе, Гогольдің Хлестаковы немесе Шекспирдің Петруччиосы болсын, комедия мен фарста тең табиғи ойнады.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) кинолента кадрындағы Шәкен Аймановтың бейнесі және мемлекеттік тілде «Шәкен Айманов» деген жазба орналасқан. Төменгі бөлігінде туылған жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1914-2014» деген сандар бар. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін  «Ag 925  24 g» деген жазу, оң жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24,0 ± 0,24 грамм, диаметрі – 37 мм,    дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Каспий итбалығы»

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

Монетаның нысаны сопақша.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жүзіп бара жатқан итбалықтың және күннің стильдендірілген бейнесі. Монетаның жоғарғы бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500  ТЕҢГЕ» деген жазу, сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде сопақшаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында мұздақтардың арасында Каспий итбалығы күшігімен бірге және алтын жалатылған күн бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде сопақшаны айналдыра мемлекеттік тілде «КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ»,  түрдің латынша атауын білдіретін «PHOCA CASPICA» деген жазба, төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, сопақша 38,61 х 28,81 мм.,  дайындау сапасы – «proof», таралымы - 5 мың дана.

«Мешін жылы»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 16 қазанда айналысқа шығарылды

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Ag 925 31,1 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2016 жылдың символы – мешін бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі  – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Мешін жылы»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 16 қазанда айналысқа шығарылды

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Au 999 7,78 g» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2016 жылдың символы – мешін бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы –  1 мың дана.

«Әбілқайыр хан»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 29 шілдеде айналысқа шығарылды

Әбілқайыр ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 50 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Әбілқайыр ханның портреті орналасқан 50 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ӘБІЛҚАЙЫР ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Au 999  7,78 g» бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 ±0,02 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

«Тазы»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 11 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Тазы – аңға шығатын асыл тұқымды ит. Әдеттегі түсі – ашық сары, арқалығы және құлақ ұшы қара қылшықты, алайда басқа түстері де кездеседі. Тазылар шапшаң әрі ұзақ жүгіруге қабілетті. Тазылар аңға өз бетінше, сол сияқты аң аулауға бейім құстармен бірге шыға алады – осы қасиеті үшін де бағаланады. Тазыны негізінен түлкі, қоян және қасқыр аулауға салады. Оның шығу тегі ерте заманнан бері бастау алады. Сыртқы түрі бойынша тазы салюка тұқымына (парсы иті, байырғы тұқымдардың бірі) ұқсас.

Монеталар үстіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Монетаның пішіні тік бұрышты.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ою-өрнек аясында «500 ТЕҢГЕ» номиналы және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) тау аясында тазы тұқымдас үш иттің алтындатылған бейнесі орналасқан. Монетаның жоғары бөлігінде «ТАЗЫ» деген жазу, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31.1 g» деген жазу бар. 

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм (салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлгентік), бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.

«Тауық жылы»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 17 маусымда  айналысқа шығарылды

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын  «Ag 925 31,1 gr», білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жылдың символы – тауық бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2017» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі  – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Тауық жылы»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 17 маусымда  айналысқа шығарылды

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Au 999 7,78 gr» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жылдың символы – тауық бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2017» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78±0,02  грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы –  1 мың дана.

«Абылай хан»

номиналы – 500 теңге

2017 жылғы 9 тамызда айналысқа шығарылды

Абылай ханның портреті 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағында бейнеленген болатын. Қазіргі уақытта банкнот айналыстан алынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Абылай ханның портреті орналасқан 1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бет жағының  бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБЫЛАЙ ХАН» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Au 999  7,78 g» бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78±0,02 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 1 мың дана, 200 дана шығарылды.

«Т.Г. Шевченкоға 200 жыл»

2014 жылғы 12 қыркүйекте айналысқа шығарылды

номиналы – 500 теңге

Т.Г. Шевченко – Ұлы Кобзарь, ақын, прозаик, суретші. Оның аты бір кездері Ақтау қаласына берілген болатын. Қазір оның атымен Форт-Шевче́нко – Қазақстанның Маңғыстау облысының Маңғышлақ түбегіндегі (Түпқараған мүйісі) қала аталады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде украин және қазақ ою-өрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан  «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Т.Г. Шевченконың бейнесі және екі украиндық ою-өрнек бөлігі орналастырылған. Жоғарғы бөлік орыс тілінде «ТАРАС ШЕВЧЕНКО» деген және мемлекеттік және украин тілдерінде «200 ЖЫЛ/РОКIВ» деген екі жазуды бөліп тұр. Монетаның жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Қостанай»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 05 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында  «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра  шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қостанай қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана.

«Мир» ғарыш станциясы»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 28 сәуірде айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жер орбитасының жанындағы «Мир» ғарыш станциясының бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде – «Мир» станциясының эмблемасы. Айналдыра мемлекеттік тілде «МИР» ҒАРЫШ СТАНЦИЯСЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және ағылшын тілінде «SPACE STATION «MIR» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы –  50 мың дана.  

«Ақ дегелек»

Face value: 100 tenge

номиналы – 100 теңге

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монета сопақ нысанды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының бейнесі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g.» деген жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементінің бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында өзіне тән тіршілік ету ортасы – батпақты жердің аясында алтын жалатылған Ақ дегелектің бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «АҚ ДЕГЕЛЕК», түрдің латынша аты «CICONIA CICONIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы 24 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сопақша 38,61 х 28,81 мм.,

дайындау сапасы – «proof»,

ең көп таралымы – 15 мың дана.

«Наурыз мейрамы»

номиналы – 50 теңге

2012 жылғы 20 наурызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі.

Қыры (гурты) бедерлі.

Таралымы – 300 мың дана.

«Парасат» ордені» монетасы

2009 жылғы 6 наурызда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монеталардың бет жағына (аверсіне) орта бөлігінде адам мен ғаламның бірлігін, өткен күн мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» жазылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIK OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде алқаға ілінген «Парасат» орденінің суреті орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ПАРАСАТ ОРДЕНІ», орыс тілінде «ОРДЕН ПАРАСАТ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2009 деген сан бар. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

"Арба"

Ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға дейін жеткен тастағы таңбаларға арналған "Қазақстан Петроглифтері" монеталар сериясы

Монетаның номиналы 500 теңге

Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

"proof" сапасымен шығарылған.

2006 жылғы 1 шілдеден айналысқа жіберілді.

Бұл монетаның дизайнында «Арба» петроглифінің деталі пайдаланылды. Арпаузень шатқалы, Қаратау жотасы; Оңтүстік Қазақстан; Қола дәуірі. Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнек элементтерінің ортасында «500» деген сан орналастырылған, оның астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бұлар монетаның номиналын білдіреді. Монетаның жоғарғы бөлігінде спиральдың геральдикалық бейнеленуі, монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде ақшаның соғылған жылын білдіретін «2006» деген сан жазылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стилінде жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF КAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Монетаның сырт жағының (реверсіне) айнадай жалтыраған бетіне уақыты біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысы деп белгіленген жартастағы «Арба» атты суреттің бейнесі орналастырылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стиліне ұқсатылып, жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «АРБА • АРПАӨЗЕН ШАТҚАЛЫ» және ағылшын тілінде «CHARIOT • ARPAUZEN TRAST» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Таралымы – 3 мың дана.

«Наурыз мейрамы»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 20 наурызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) халықтың көктем мерекесі – Наурыз мейрамын қарсы алған Қазақстанның көпұлтты халқын аясына біріктірген үйдің символы ретінде киіз үйдің шаңырағы бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «Наурыз мейрамы» деген жазу бар. Оң жағында моншақталған жиектің бір бөлігі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жағында моншақталған жиектің бір бөлігі. Күміс монетаның сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 4 мың дана.

«OMAR ALI SAIFUDDIN»

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «OMAR ALI SAIFUDDIN» (Бруней) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «OMAR ALI SAIFUDDIN», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «BRUNEI» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы : 3,11 грамм,

диаметрі : 16 мм.,

дайындау сапасы : «proof»,

таралымы – 3 мың дана.

«Жалаулы көмбесі» («Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»)

номиналы – 100 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жалаулы көмбесінен табылған бұғы түрінде бейнеленген алтын бұйым орналастырылған. Оң жақ бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан, жоғарғы бөлігінде – спиральдың геральдикалық бейнесі бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «ZHALAULINSKIY TREASURE» дегeн жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан

«proof» сапасымен дайындалған,

массасы 1,24 грамм.

Ең көп таралымы 9500 (тоғыз мың бес жүз) дана

(Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).

«БҰҒЫЛАР. ӘШЕКЕЙЛЕР»

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2010 жылғы 11 желтоқсанда шығарылды.

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу орналастырылған. Сол жақ бөлігінде төрт салт атты бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде екі бұғы түрінде әшекей-ілгек бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде «БҰҒЫЛАР. ӘШЕКЕЙЛЕР» және ағылшын тілінде «BUCKLES. DEERS» деген жазу жазылған, ал төменгі жағында спиральдың геральдикалық бейнесі жасалған. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген. 

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм,

дайындау сапасы – «proоf»,

таралымы – 5 мың дана.

«Барыс»

номиналы – 500 теңге

айналысқа 2010 жылғы 29 наурызда шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Сол жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу, оң жағында – монетаның массасын білдіретін «31,1g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген тау шатқалының аясында екі барыстың бейнесі орналасқан. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «UNCIA UNCIA» деген жазу бар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 32 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

ең көп таралымы - 1500 дана (1 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Мир» ғарыш станциясы»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 28 сәуірде айналысқа шығарылды. Биколорлы (құрамдас) монетаның пішіні дөңгелек, ол біріктіре орналасқан сақина мен дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі танталдан, сыртқы сақинасы күмістен жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» жазылған. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар, биколорлы монетада монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін екі қатарға жазылған «Ag 925 14,6 gr. Та 26,8 gr.» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жер орбитасының жанындағы «Мир» ғарыш станциясының бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде – «Мир» станциясының эмблемасы. Айналдыра мемлекеттік тілде «МИР» ҒАРЫШ СТАНЦИЯСЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және ағылшын тілінде «SPACE STATION «MIR» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Массасы 41,4 грамма

(сақина - сынамы 925/1000 күмістен, массасы 14,6 грамм,

диск – массасы 26,8 грамм танталдан жасалған),

диаметрі – 38,61мм.,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы – 5 мың дана, 

«FIFA 2010 Оңтүстік Африка Республикасында өтетін футболдан әлем чемпионаты»

Номиналы – 100 теңге

Айналысқа 2010 жылғы 23 қаңтар шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен қоршалған Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер ойылып жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ойын сәтіндегі екі футболшы доппен бірге бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «2010 FIFA WORLD CUP SOUTH AFRICA TM» деген жазу бар.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен,

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм,

Диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы – 10 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012»

Номиналы – 100 теңге

2010 жылғы 23 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналастырылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде еркін күрестен сайыс кезіндегі екі палуанның бейнесі. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу орналастырылған. Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм,

Диаметрі – 38,61мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

Ең көп таралымы – 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Бұланның басы»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 29 қазанда айналысқа шығарылды.

«Бұланның басы» ескерткіш күміс монетасының сипаттамасы: Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде шауып келе жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде бұланның басы бейнеленген алтындатылған тоғаның бейнесі орналастырылған. Төменгі бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «БҰЛАННЫҢ БАСЫ» және ағылшын тілінде «ELK´S HEAD» деген жазу, жоғарғы бөлігінде – спиральдің геральдикалық бейнеленуі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ», соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу орналастырылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) жылтыр, бедерсіз және жазусыз.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған,

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сипатталған шеңберінің диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы - 5 мың дана.

«Мысық тектес жыртқыш бұғылармен бірге» («Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны») (50)

номиналы – 50 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мысық тәріздес жыртқыш аңның және екі бұғының бейнелері Берел қорғанындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған айнадағы кескіні түрінде бейнеленген жапсырма белдіктің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан. Айналдыра ағылшын тілінде «CAT PREDATOR HEAD» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан

«proof» сапасымен дайындалған,

массасы 0,5 грамм.

Ең көп таралымы 14000 (он төрт мың) дана

(Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).

«TAJ-UL» 500 теңге

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 8 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада Ислам қасиетті орындарына кіруді бейнелейтін стильдендірілген босағадан, геральдикалық спиральдан тұратын композиция суреттелген және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрының оң жағында монета дайындалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада «TAJ-UL» (Үндістан) мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғары бөлікте айналдыра «TAJ-UL», төменгі бөлікте ағылшын тілінде «BHOPAL» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы 3,11 грамм,

диаметрі – 16 мм.,

дайындау сапасы – «proof»,

таралымы – 3 мың дана.

"Acыл Бұғы"

Монетаның номиналы 500 теңге Жиектегі жазулар ойылып жазылған.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

"proof" сапасымен шығарылған.

2007 жылғы 13 қазанда айналысқа жіберілді

«Асыл бұғы» ескерткіш күміс монетасы жартаста салынған, көне заманнан біздің уақытымызға дейін жеткен суреттерге арналған серияның сегізінші монетасы болып табылады. Осы монетаның дизайнында «Асыл бұғы» петроглифі пайдаланылды. Теректі өзінің алқабы, Хантау тауы, Балқаш көлінің Оңтүстік Батыс өңірі. Неолит – қола ғасыр.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ұлттық ою-өрнек элементтерінің ортасында «500» деген сан орналастырылған, оның астында «ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бұлар монетаның номиналын білдіреді. Монетаның жоғарғы бөлігінде спиральдың геральдикалық бейнеленуі, монетаның қандай металдан дайындалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі бөлігінде ақшаның соғылған жылын білдіретін «2007» деген сан жазылған. Монетаның өне бойын айналдыра тас плита стилінде жалпақ жиек жүргізілген, оған мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF КAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жиектегі жазулар ойылып жазылған және нүктелермен ажыратылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильденген тас тақта аясында жартасқа салынған «Асыл бұғы» суреті бейнеленген. Монетаны айналдыра тас тақта түрінде стильденген, мемлекеттік тілде «ТЕРЕКТІ АЛҚАБЫ • АСЫЛ БҰҒЫ» және ағылшын тілінде «TEREKTY VALLEY • NOBLE DEER» деген жазу жазылған жалпақ көмкерме орналасқан. Көмкермедегі жазулар ойып жазылған және аралары нүктелермен бөлінген.

Таралымы – 3 мың дана.

«Құрмет» орденінің белгісі»

2010 жылғы 25 маусымда айналысқа шығарылды.
 
Номиналы: 50 теңге.
 
Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Құрмет» орденінің белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚҰРМЕТ ОРДЕНІНІҢ БЕЛГІСІ», орыс тілінде «ЗНАК ОРДЕНА» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
 
Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.
Диаметрі: 31 мм.
Қалыңдығы: 2 мм.
Массасы: 11,17 грамм.
Таралымы: 50 мың дана.

«Қара кірпі»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 7 маусымда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орта бөлігінде кірпінің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жиырылған кірпінің бейнесі орналасқан.  Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРА КІРПІ» және кірпінің осы түрінің латын тіліндегі зоологиялық аты - «HEMIECHINUS  HYPOMELAS» және шығыңқы жиек бар.

Қыры (гурты) бедерлі,

Диаметрі – 31 мм,  массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 100 мың дана.

«Сүйіндір»

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 19 сәуірде айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде сан «500» және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнектің элементі симметриялы түрде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қызының сәбиі үшін анасының тұмар беріп жатқан сәті көрсетілген Сүйіндір салты бейнеленген. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «СҮЙІНДІР» деген жазу. Күміс монетада - монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31,1g» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.  

Ескерткіш монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы –  4 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

«Сүйіндір»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 19 сәуірде айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде сан  «50» және монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнектің элементі симметриялы түрде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қызының сәбиі үшін анасының тұмар беріп жатқан сәті көрсетілген Сүйіндір салты бейнеленген. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «СҮЙІНДІР» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. 

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 100 мың дана.

«Барыс»

номиналы – 100 теңге.

2012 жылғы 12 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жазылған. Сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999», оң жағында массасын білдіретін «1,24g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген жартасты тау аясында екі барыс бейнеленген. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық атауын білдіретін «UNCIA UNCIA» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета сынамы 999 алтыннан дайындалған,

массасы – 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

ең көп таралымы – 9,5 мың дана.

«Талдықорған»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 05 қарашада айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында  «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра  шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Талдықорған қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана.

«ХҒС» (Халықаралық ғарыш станциясы)

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды

Биколорлы (құрамдас) монетаның пішіні шеңбер пішіндес, біріне бірі орналасқан сақинадан және дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі танталдан,  сыртқы сақина күмістен жасалған.

Монеталарды дайындау кезінде алғаш рет танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар биколорлы монетада екі қатар етіп жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін  «Ag 925 14,6g Та 26,8g» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жер маңы орбитасындағы Халықаралық ғарыш станциясының бейнесі орналасқан және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Жоғарғы бөлігінде – ХҒС эмблемасы. Айналдыра мемлекеттік тілде «ХҒС», орыс тілінде «МКС» және ағылшын тілінде «INTERNATIONAL SPACE STATION» деген жазулар бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Cалмағы 41,4 грамм (сақинасы сынамы 925/1000, салмағы 14.6 ± 0.15 грамм күмістен, дискі массасы 26.8 ± 0.25 грамм танталдан жасалған), диаметрі – 38,61 мм., «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 5 мың дана.

«ХҒС» (Халықаралық ғарыш станциясы)

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 18 қазанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жер маңы орбитасындағы Халықаралық ғарыш станциясының бейнесі орналасқан және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Жоғарғы бөлігінде – ХҒС эмблемасы. Айналдыра мемлекеттік тілде «ХҒС», орыс тілінде «МКС» және ағылшын тілінде «INTERNATIONAL SPACE STATION» деген жазулар бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 100 мың дана..

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне 10 жыл»

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 03 шілде айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында қарама-қарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Астана қаласындағы «Бейбітшілік және Келісім сарайы» бейнеленген. Оң жағында үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне 10 жыл» деген мәтін бар. Сол жағында Ұлттық Банктің логотипі және монета дайындалған металды білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде Бірінші съездің ұйымдастырылған және өткізілген жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003-2013» деген сандар бар.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы - 3 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.

«Сұңқылдақ аққу»

номиналы – 100 теңге

2014 жылғы 19 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) – үйрек тұқымдасына жататын, судажүзетін ірі құс, салмағы 7 – 10 кг аралығында, кейде одан да көп. Денесі субетінде қалқып бара жатқандай көрінеді, мойнының ұзындығы шамамен денесінің ұзындығына тең. Сұңқылдақ басқа аққулар сияқты «S» əрпінің пішінінде мойнын бүкпей, оны тік ұстайды.

«Сұңқылдақ аққу» ескерткіш монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Польша Монета сарайы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы монеталарды шығару мен сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.

Монетаның пішіні сопақ.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементі,  монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және монета соғылған жылды білдіретін «2014» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) су айдыны мен жағалаудағы тоғай аясында сұңқылдақ аққудың алтындатылған бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «СҰҢҚЫЛДАҚ АҚҚУ» деген жазу, латын тілінде түрдің зоологиялық атауы «CYGNUS CYGNUS» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, сопағы 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 13 мың дана.

«САБАНШЫ»

номиналы – 50 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

Сабаншы (Felis manul)  – көлемі үй мысығындай мысық тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Көзі кәріптас түстес, көз қарашығы жарық түскен кезде саңылау түспей, дөңгелек күйінде қалады. Каспий теңізінің жағалауында XVIII ғасырда ашылған.

Күміс монеталар монетаның бетіне эмаль соғу технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жер шарының стильдендірілген бейнесі, оның сол жағында монетаның номиналын білдіретін жазу  «50 ТЕҢГЕ» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, ал оң бөлігінде біздің ортақ үйіміз – Жер шарын мекендейтін жануарлардың стильдендірілген бейнелері бар. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасындағы «сабаншы» мысығы (күміс монетада көзіне кәріптас эмалі соғылған) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «САБАНШЫ», латын тілінде «FELIS  MANUL» – түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Ит жылы»

номиналы – 500 теңге

2017 жылғы 9 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Авторлары: мүсінші – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және архитектор В. Кацевпен бірлескен авторлықта.

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын  «Ag 925 31,1 g», білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жылдың символы – ит бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне «2018» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі  – 38,61 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

«Ит жылы»

номиналы – 500 теңге

2017 жылғы 9 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталар он екі қырлы нысанда жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын «Au 999 7,78 g.» білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жылдың символы – тауық бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2017» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде  «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78±0,02  грамм, сипатталған шеңберінің диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы –  1 мың дана, 200 дана шығарылды.

«КӨКПАР»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

«КӨКПАР» – қатысушылардың ептілігі, күші, батылдығы мен сабаздығы сынға түсетін ұлттық спорттық ат ойыны.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан  «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ауыл (ауылдық үлгідегі дәстүрлі қоныс) бейнесінің аясында «Көкпар» ұлттық ат ойынының бір сәті және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Монеталарды айналдыра моншақ тізбегі жүргізілген, мемлекеттік тілде «КӨКПАР» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан (күміс монетада монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g.» бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«КӨКПАР»

номиналы – 50 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

«КӨКПАР» – қатысушылардың ептілігі, күші, батылдығы мен сабаздығы сынға түсетін ұлттық спорттық  ат ойыны.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ауыл (ауылдық үлгідегі дәстүрлі қоныс) бейнесінің аясында «Көкпар» ұлттық ат ойынының бір сәті және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Монеталарды айналдыра моншақ тізбегі жүргізілген, мемлекеттік тілде «КӨКПАР» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Бәйшешек»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы 19 желтоқсанда айналысқа шығарылды

«Бәйшешек» ескерткіш монетасы. «Бәйшешек» аты өсімдіктердің ерте гүлдеуімен байланысты, бұл гүл қардың астынан өсіп шығады. Бәйшешек ұсақтасты және сазды жерлерде, шабындық пен қырда, бұталы тоғайда тау етегінен бастап орманды алқаптың жоғары шегіне дейін өседі. Жоңғар Алатауында және бүкіл Тянь-Шань бойында кездеседі. Монеталар бетіне алтын жалатылған технологияны қолдана отырып дайындалды. Монетаның пішіні сопақ.

Монетаның бет жағында (аверсінде) бәйшешек күлте жапырақшаларының стильдендірілген бейнесі аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар.  Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) бәйшешек гүлдерінен жасалған композиция бейнеленген. Композициядағы астыңғы гүлдің ішкі бөлігі алтындатылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «БӘЙШЕШЕК» деген жазу, латын тілінде түрдің атауы «CROCUS ALATAVICUS» және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сопағы 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Тараз»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 05 қарашада айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында  «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра  шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Тараз қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана.

«Буран»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 28 қаңтарда айналысқа шығарылды

«Буран» – «Энергия-Буран» бағдарламасы шеңберінде құрылған, кеңестік көп реттік көліктік ғарыш жүйесінің орбиталық ғарыш кемесі. Өзінің алғашқы және жалғыз ғарышқа ұшуын «Буран» пилотсыз режимде 1988 жылғы 15 қарашада жүзеге асырды. Бұл факт – ғарышқа ғарыш аппаратының ұшуы және оның борттағы компьютердің басқаруымен Жерге автоматты түрде қонуы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан «Энергия» тасымалдауыш - зымыранының көмегімен ұшырылды.

Ескерткіш биколорлы (құрамдас) монета әуе-ғарыш өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын металл – танталды қолдана отырып дайындалды. Монеталарды дайындау кезінде танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) адам мен Ғалам бірлігінің нышаны, өткен күн мен бүгінгі күннің байланысы ретінде композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналын білдіретін «500 TЕҢГЕ» деген жазба бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және екі жолға орналастырылған және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  14,6 g  Та 26,8 g»  деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) «Буран» ғарыш кемесінің жер маңындағы орбитаға шығуы барысындағы бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «БУРАН», ағылшын тілінде «BURAN»  және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета биколорлы орындауда: сақинасы – 925/1000 сынамды күмістен, массасы 14.6 ± 0.15 грамм, дискі танталдан массасы - 26.8 ± 0.25 грамм, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған, таралымы – 3 мың дана.

«Буран»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) адам мен Ғалам бірлігінің нышаны, өткен күн мен бүгінгі күннің байланысы ретінде композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» бейнеленген. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) «Буран» ғарыш кемесінің жер маңындағы орбитаға шығуы барысындағы бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «БУРАН», ағылшын тілінде «BURAN»  және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Бұлан. Бастырма»

номиналы – 100 теңге

2012 жылғы 23 қарашада айналысқа шығарылды

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу орналастырылған. Сол жақ бөлігінде төрт салт атты бейнеленген. Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жатқан бұлан түрінде жасалған қанжар қынының үстіне алтын жалатылған бастырма бейнеленген. Жоғарғы  жағында спиральдың геральдикалық бейнесі. Айналдыра мемлекеттік тілде «БҰЛАН. БАСТЫРМА» және ағылшын тілінде «ELK.PLAQUE» деген жазу жазылған.  Монетаның периметрі бойынша күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы 31,1 грамм.

салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген 

сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм,

дайындау сапасы – «proоf»,

таралымы – 5 мың дана.

«ҰҚШҰ»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы жақта бес рет қайталанған өрнекті сегіз қырлы розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «31,1 gr.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақты шеңбер және шығыңқы жиек орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ҰҚШҰ эмблемасы орналасқан. Айналдыра орыс тілінде «20 ЛЕТ ПОДПИСАНИЯ ДОГОВОРА О КОЛЛЕКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ» деген жазу және шартқа қол қойылған 20 жылдық кезеңді білдіретін «1992», «2012» деген сандар бар. Сырт жағында шығыңқы жиек және орыс тілінде «10 ЛЕТ ОРГАНИЗАЦИИ ДОГОВОРА О КОЛЛЕКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ» деген жазу, Шарт ұйымының жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «2002» және «2012» деген сандар бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 2 мың дана.

«ZAHIR» 500 теңге

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 24 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында Исламның қасиетті орындарының кіреберісін білдіретін стильдендірілген арканың, геральдикалық спиральдің бейнесінен тұратын композиция және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрларының оң жағында монета жасалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында «ZAHIR» мешітінің (Малайзия) бейнесі орналасқан. Төменгі жағында ағылшын тілінде «ZAHIR» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар сынамы 999,

массасы 3,11 грамм алтыннан жасалған,

диаметрі – 16 мм.,

дайындалу сапасы «proof»,

таралымы – 3 мың данадан.

«Мысық тектес жыртқыш бұғылармен бірге» («Көне қорған қазыналары. Берел қорғаны»)

номиналы – 100 теңге

айналысқа 2009 жылғы 20 маусымда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнектің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, төменгі бөлігінде – монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мысық тәріздес жыртқыш аңның және екі бұғының бейнелері Берел қорғанындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған айнадағы кескіні түрінде бейнеленген жапсырма белдіктің суреті орналастырылған. Жоғары бөлігінде – соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан. Айналдыра ағылшын тілінде «CAT PREDATOR HEAD» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан

«proof» сапасымен дайындалған,

массасы 1,24 грамм.

Ең көп таралымы 9500 (тоғыз мың бес жүз) дана

(Қазақстанның ішкі нарығы үшін 5 000 дана).

«Есік көсемі»

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 23 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Монетаның нысаны сегіз қырлы.

Есік қорғанының қазынасы, оның ішінде «Алтын Адамның» дәлме-дәл көшірмесі –  Қазақтың археология мұражайындағы жәдігер. Қанатты барыс үстіндегі «Алтын Адам» Қазақстанның  ұлттық нышандарының біріне айналды. Сақ жауынгерінің көшірмесі  Қазақстанның көптеген қалаларында орналастырылды, солардың бірі Алматының бас алаңындағы Тәуелсіздік монументі. Қазақстан Президентінің байрағында да сондай-ақ сақ дәуіріндегі жас қолбасшының қанатты барыс үстіндегі мүсіні бейнеленген.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар, бас киімнің элементі – тау ешкісінің мүйізі бар қос пырақтың суреті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмблемасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. Жазулар нүктелермен бөлінген. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізілген, онда сегіз қырының бұрыштарында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналастырылған. Жоғары бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Қырларының төменгі бөлігінде монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және монетаның массасын білдіретін «31,1g.» деген жазу орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «Алтын Адамның» алтындатылған макеті және айналдыра мемлекеттік тілде «ЕСІК КӨСЕМІ» және ағылшын тілінде «ISSYK CHIEFTAIN» деген жазу бар. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізілген, онда сегіз қырының бұрыштарында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналастырылған, ал қырларында барыс бейнесінде тоғалар бейнеленген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген.

Диаметрі: 38,61 мм.

«proof» сапасымен шығарылған.

Таралымы: 5 мың дана.

«Ауыр атлетика. Олимпиада ойындары 2012»

Номиналы – 100 теңге

2011 жылғы 5 сәуірде айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналастырылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде еркін күрестен сайыс кезіндегі екі палуанның бейнесі. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін «2012» деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу орналастырылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм

Диаметрі – 38,61мм

«proof» сапасымен дайындалған

Ең көп таралымы – 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Конькимен сырғанау спорты. Олимпиада ойындары 2014»

Номиналы – 100 теңге

2011 жылғы 28 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы стильдендірілген стадион суретімен қоршай бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1g.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте коньки тебушінің мұз жолдың үстімен жарыс кезіндегі сәті бейнеленген. Сол жақ бөлігінде екі қар ұшқыны, оң жақ бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін «2014» саны жазылған. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен,

Массасы – 31,1 ± 0,31 грамм,

Диаметрі – 38,61 мм,

«proof» сапасымен дайындалған.

Ең көп таралымы – 8 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«FAISAL» 500 теңге

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 24 тамызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортасында Исламның қасиетті орындарының кіреберісін білдіретін стильдендірілген арканың, геральдикалық спиральдің бейнесінен тұратын композиция және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номинал цифрларының оң жағында монета жасалған металдың сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортасында «FAISAL» мешітінің бейнесі орналасқан. Жоғарғы жағында ағылшын тілінде «FAISAL», төменгі жағында «ISLAMABAD» деген жазу бар.

Монеталардың қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар сынамы 999,

массасы 3,11 грамм алтыннан жасалған,

диаметрі – 16 мм.,

дайындалу сапасы «proof»,

таралымы – 3 мың данадан.

«АРҚАР»

«Арқар»

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 19 сәуірде айналысқа шығарылды

Монетаның пішіні он екі қырлы. Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жағында екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925  31,1g» деген жазу бар. Сол жағында шауып бара жатқан төрт салт атты бейнеленген. Монетаның өн бойына күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген. 

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде шоқырақтаған арқардың алтын жалатылған бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде спиральдің геральдикалық бейнесі және мемлекеттік тілде «АРҚАР» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде «LYING ARGALI» деген жазу бар.

Монетаның өн бойына күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан және ағылшын тілінде «THE GOLD OF NOMADS» деген жазу ойып жазылған. Жазулар және сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, салмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетілген, сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы –  5 мың дана.

Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 7 қаңтарда айналысқа шығарылды.

Монетаның нысаны сегіз қырлы.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы және Қазақ КСР елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу. Номиналдың сол жағында монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Ag 925», оң жағында монетаның массасын білдіретін - «31,1g.» деген жазу орналасқан. Жоғары бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың стильдендірілген қырынан бейнеленген суреті аясында көлемді бейнесі салынған. Оның астында қойған қолының факсимилесі мен монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан. Оң жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. Қонаев 100 жыл» деген жазу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61 мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы - 5 000

«Шыбыншы торғай»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 16 қазанда айналысқа шығарылды

Шыбыншы торғай (лат. Terpsiphone paradisi)   – еліміздегі тропикалық шыбыншы торғайлардың жалғыз өкілі. Бұл төмен қарай қайырылған ұзын құйрығы және басында жарқыраған қара айдары бар шағын жирен құс. Қазақстанда тек Батыс Тянь-Шаньда, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының  шегінде Қаратаудың бүкіл жотасында ұялайды.

Монетаның пішіні сопақ.

Монетаның бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасының адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.  Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ағаш бұтағының арасындағы шыбыншы торғай бейнеленген. Шыбыншы торғайдың және жапырақтардың бір бөлігінің бейнесі тампографиялық басу көмегімен түс қосып орындалған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ШЫБЫНШЫ ТОРҒАЙ» деген жазу, латын тілінде түрдің зоологиялық атауы «TERPSIPHONE PARADISI» және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, сопағы 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Орал»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында  «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра  шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Орал қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«Венера-10»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

«Венера-10» ғарыш  аппаратын 1975 жылғы 14 маусымда «Протон» ракета тасымалдағышы жіберді. 1975 жылғы 25 қазанда «Венера-10» автоматты станциясының аппараты «Венера-9» аппаратының қону нүктесінен 2200 км қашықтықта планетаның жарық түсетін жағына сәтті қонды. Аппараттан Жерге Венера бетінің телевизиялық бейнелері берілді. «Венера-10» станциясының орбиталық бөлігі Венераның айналасындағы орбитаға шықты.

Биколорлы (құрамдас) монета әуеғарыш өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын металл – танталды қолдана отырып дайындалған. Монеталарды дайындаған кезде танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды. «Венера-10» ескерткіш монеталары «Ғарыш» монеталар сериясын аяқтайды.

Биколорлы (құрамдас) монета ортасында сақина мен дискі орналасқан шеңбер түрінде. Монетаның ішкі дискі түсін қара қошқылға өзгерту технологиясын қолдана отырып танталдан, сыртқы сақинасы күмістен жасалған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада адам мен ғалам бірлігін, өткен мен бүгінгі күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ секторда монетаның номиналы «500 TЕҢГЕ» орналасқан. Номиналдың астында екі жолға орналастырылған және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  14,6 g Та 26,8 g»  деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында Венера планетасына жақындаған «Венера-10» ғарыш аппаратының бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «Венера-10», соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және ағылшын тілінде «VENERA-10» деген жазу бар. Айналдыра жазулар жұлдызшалармен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  биколорлы орындауда, сақинасы 925 сынамды күмістен, массасы 14.6 ± 0.15 грамм, дискі танталдан массасы - 26.8 ± 0.25 грамм,   диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапалы, ең көп дайындау таралымы – 3 мың дана.

«Венера-10»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада адам мен ғалам бірлігін, өткен мен бүгінгі күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ секторда монетаның номиналы «50 ТЕҢГЕ» орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында Венера планетасына жақындаған «Венера-10» ғарыш аппаратының бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «Венера-10», соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және ағылшын тілінде «VENERA-10» деген жазу бар. Айналдыра жазулар жұлдызшалармен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Үстірт муфлоны»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 11 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Үстірт муфлоны – Азия муфлонының түр тармағы. Бұл ұзын аяқты орташа жабайы дала қойы.  Қазақстанды ең ірі түр тармағы – үстірт муфлоны мекендейді, ол республиканың батысындағы аттас үстіртте ғана емес, оның жартасты құздарын, сондай-ақ Маңғыстау түбегінің қыраттары мен ойпаттарын мекен етеді. Муфлон өте жылдам, шөл даладағы мардымсыз өсімдіктермен қоректенеді, тұщы, сол сияқты ащы әрі тұзды суды ішеді.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасының адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және монетаның номиналын білдіретін жазу «50 ТЕҢГЕ» бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жартасты таулардың аясында үстірт муфлоны бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮСТІРТ МУФЛОНЫ», латын тілінде «OVIS ORIENTALIS ARCAL» – түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Бата»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 11 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан  «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ұлттық әдет-ғұрып – батаның бір сәті бейнеленген.  Монеталардың төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «БАТА» деген жазу, оң бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«БАТА»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 11 желтоқсанда айналысқа шығарылды

«Бата» (ауызша бата беру) – ұзақ сапарға аттанар алдында, өмір жолына тілейтін қасиетті рухани тілек, сыйлағаны, қонақжайлығы, игі қызметі үшін алғыс айту. Бұл поэтикалық шығармашылықтың ерекше түрі, бата берген кезде Алла тағаладан шапағат сұрайды. Батаны әдетте жасы үлкен, елге сыйлы ақсақаладар береді. «Бата» ескерткіш монеталары қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық мәдениетін түсінуді кеңейтуге арналған серияны жалғастыратын күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың оныншы жұбы болып табылады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ұлттық әдет-ғұрып – батаның бір сәті бейнеленген.  Монеталардың төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «БАТА» деген жазу, оң бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бейнеленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

Сексеуіл

Номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 19 тамызда айналысқа шығарылды.

Сексеуіл (лат. Halóxylon) – ағаш өсімдіктерінің түрі. Шөл далада өсетін ағаш тоғайы – сексеуіл орманын қалыптастырады. Аша бұтақты және жас бұтақтары сынғыш бұталар немесе биік емес ағаштар. Жапырақтары бір-біріне қарсы орналасқан ұсақ түссіз қабыршақ немесе дөңес пішіндес. Діңі тегіс емес, мықты, кейде сынғыш болып келеді. Қабығы ақ, қара немесе қоңыр түсті.          

Монета реверсінде тампомөр пайдалана отырып орындалған.

Монета сопақша формалы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жер ғаламшарын мекен ететіндердің барлығына ұқыпты қарауды білдіретін оның адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, номиналын білдіретін «500  ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. 

Монеталардың реверсінде шөл далада гүлдеп тұрған сексеуілдің бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «СЕКСЕУIЛ» және осы түрдің латын тіліндегі зоологиялық атауы «HALOXYLON» деген жазу бар. Монетаның оң жағында гүлдеп тұрған сексеуілдің бір бұтағының ұлғайтқыш шыны арқылы көрінген бейнесі берілген. Бұтақтың түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған.      

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24± 0, 24 грамм, сопақша 38,61 - 28,81 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Қырқынан шығару»

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 25 қарашада айналысқа шығарылды

Сәбидің дүниеге келуінен басқа «қырқынан шығару»  ̶  сәби мен оның ата-анасы үшін ең ізгі әрі маңызды тілектермен жаңа жолға бастайтын қуанышты мереке. «Қырқынан шығару» дәстүрінің ерекшелігі оның орындалу мерзімінде: ұлдар үшін бір күн бұрын (қайсар да батыр болсын деп), ал қыздар үшін бір күн кейін (ұқыпты, салмақты әрі тілалғыш болсын деп). Баланы тұзды суға шомылдырып болған соң оның үстіне арнайы дайындалған қырық қасық суды құяды. Ыдысқа монеталарды және күміс әшекейлерді салады, оларды осы дәстүрге қатысқан әйелдерге таратып береді.      

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан «500» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бір-біріне қарама-қарсы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деп жазылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ұлттық дәстүр – қырқынан шығарудың бір сәті бейнеленген. Сол жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24±0,24 грамм, диаметрі – 37 мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана, 1 000 дана шығарылды.

«Қырқынан шығару»

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 25 қарашада айналысқа шығарылды

Сәбидің дүниеге келуінен басқа «қырқынан шығару»  ̶  сәби мен оның ата-анасы үшін ең ізгі әрі маңызды тілектермен жаңа жолға бастайтын қуанышты мереке. «Қырқынан шығару» дәстүрінің ерекшелігі оның орындалу мерзімінде: ұлдар үшін бір күн бұрын (қайсар да батыр болсын деп), ал қыздар үшін бір күн кейін (ұқыпты, салмақты әрі тілалғыш болсын деп). Баланы тұзды суға шомылдырып болған соң оның үстіне арнайы дайындалған қырық қасық суды құяды. Ыдысқа монеталарды және күміс әшекейлерді салады, оларды осы дәстүрге қатысқан әйелдерге таратып береді.     

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін сан  «100» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бір-біріне қарама-қарсы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деп жазылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ұлттық дәстүр – қырқынан шығарудың бір сәті бейнеленген. Сол жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан  бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі –  31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Қызылорда»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында  «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра  шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қызылорда қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«Baiturrahman»

Face value: 500 tenge

Date of issue 07 June, 2013.

Obverse: In the center the composition symbolizing entrance into Islam sanctuary consisting of image of arch and heraldic spiral. In the lower part "500 TENGE" means face value of the coin. To the right of the figures there is an inscription "Au 999". On the circumference there are name of the issuing authority in Kazakh "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ", logotype of National Bank of Kazakhstan, year of coinage“2013”, and trade mark of Kazakhstan mint.

Reverse: an image of Baiturrahman mosque in the center, along the circumference in the upper part indicates an inscription «BAITURRAHMAN» in English language.

Lateral surface is grooved.

Images and legends are relief.

Weight: 3,11 gr.

Diameter: 16 mm.

«Шайбалы хоккей. Олимпиада ойындары 2014»

Номиналы – 100 теңге

2013 жылғы 28 мамырда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) стадионның стильдендірілген бейнесінің ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕNGЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу ойып жазылған және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде хоккей алаңындағы ойынның сәті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындарының өткізілетін жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу және шығыңқы жиек бар. 

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61мм.,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы - 8 мың дана.

«ҚАРАҚАЛ»

номиналы – 100 теңге

2011 жылғы 26 ақпанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, оң жағында – монетаның массасын білдіретін «31,1g.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қарақалдың алтындатылған бейнесі орналасқан. Қарақалдың көздерінің орнына екі гауһар орнатылған. Бейненің сол жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған, оң жақта – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРАҚАЛ» және түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «FELIS CARACAL» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған

массасы – 31,1 ± 0,31. Cалмақ қосымшаның және жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм

әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейінгі екі гауһар орнатылған

дайындалу сапасы – «proof»

Ең көп таралымы – 13 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

"ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА 10 ЖЫЛ"

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 29 наурызда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес қабаттап бұралған сегіз бұрышты өрнекті розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «31,1 g.» деген жазу, оң жағында – монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының эмблемасы орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА 10 ЖЫЛ» деген жазу және ШЫҰ құрылған жылды және монетаның соғылған жылын білдіретін «2001-2011» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы – 4 мың дана

«Сырықпен секіру. Олимпиада ойындары 2016»

Номиналы – 100 теңге

2013 жылғы 28 мамырда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) стадионның стильдендірілген бейнесінің ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Сол жақ бөлігінде екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕNGЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу ойып жазылған және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде спортсменнің сырықтан секіру жарысы сәтіндегі бейнесі бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Олимпиада ойындарының өткізілетін жылын білдіретін «2016» деген сан бар. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24,0 ± 0,24 грамм, диаметрі – 37 мм.,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы - 8 мың дана.

«Астана»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 28 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Астана қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«Алматы»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 28 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Алматы қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013»

Номиналы – 100 теңге

2013 жылғы 04 қазанда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаны айналдыра монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ», монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1g» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан орналасқан және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жарыс кезіндегі рингтегі боксшылар бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Халықаралық бокс қауымдастығының логотипі және бокстан әлем чемпионатының өткізілетін орны мен жылын білдіретін «ALMATY 2013»  деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде ағылшын тілінде «AIBA WORLD BOXING CHAMPIONSHIPS» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61мм,  дайындау сапасы – «proof», таралымы - 3 мың дана.

«БАРЫС» (5 000)

номиналы – 5000 теңге

айналысқа 2010 жылғы 25 мамырда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «5000 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Сол жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, оң жағында – монетаның массасын білдіретін «1 kg» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген тау шатқалының аясында екі барыстың бейнесі орналасқан. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «UNCIA UNCIA» деген жазу бар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған,

массасы – 1 килограмм,

диаметрі – 100 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

ең көп таралымы - 700 дана (200 дана Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Дәуіт»

номиналы – 500 теңге

2012 жылғы 24 тамызда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның номиналы «500 ТЕҢГЕ» және «Ag 925 31,1 gr.» монета дайындалған металды және күмістен жасалған монетада оның сынамын және массасын білдіретін жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Оң жағында дәуіттің өзіне тән өмір сүру ортасы – шөптердің арасындағы дәуіт бейнеленген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында екі дәуіттің бейнесі берілген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ДӘУІТ» деген жазу, дәуіттің зоологиялық атауын білдіретін латын тілінде «HIERODULA TENUIDENTATA» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы – 5 мың дана.

«Алексанор көбелегі»

Номиналы: 500 тенге

2008 жылғы 1 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның нысаны сопақша.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың астында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 gr.» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде көбелектің стильдендірілген контурлы суреті және өсімдіктер композициясы бейнеленген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада үш Алексанор көбелегі – күңгірттеніп, алтындатылған және голографиямен бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «КӨБЕЛЕК» және латын тілінде «PAPILIO ALEXANOR» – түрдің атауы, төменгі бөлігінде өсімдіктер гүлдерінен композиция жазылған.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монета 925 сынамды күмістен,

массасы – 24 грамм. Cалмақ қосымшаның және жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

сопақша – 38,61 х 28,81 мм,

«proof» сапасымен дайындалған,

таралымы - 4 мың дана.

«ЕурАзЭҚ 10 жыл»номиналы –

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 23 қазанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес қабаттап бұралған сегіз бұрышты өрнекті розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «31,1 g.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде «10 лет ЕврАзЭС» деген жазу орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше елдердің елтаңбаларының бейнесі орналасқан. Төменгі бөлігінде – Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61мм

«proof» сапасымен дайындалған

таралымы – 5 мың дана.

«Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан әлем чемпионаты»

Номиналы – 100 теңге

2014 жылғы 17 наурызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бейнеленген. Сол жағында екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕNGЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген стадион аясында ойын кезіндегі спортшылар бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «2014 FIFA WORLD CUP BRAZIL™» деген жазу бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24,0 ± 0,24 грамм, диаметрі – 37 мм.,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы - 6 мың дана.

«МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 120 ЖЫЛ»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 28 мамырда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген ашық кітаптың бейнесі берілген, оң жақ бетінде Мағжан Жұмабаевтың бейнесі, сол жақ бетінде төрт жолға орналастырылып мемлекеттік тілде «МАҒЖАН  ЖҰМАБАЕВ 120 ЖЫЛ» деген жазу бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек бар.

 Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Қара кірпі»

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 7 маусымда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орта бөлігінде кірпінің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан бар. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жиырылған кірпінің бейнесі орналасқан.  Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАРА КІРПІ» және кірпінің осы түрінің латын тіліндегі зоологиялық аты - «HEMIECHINUS  HYPOMELAS» және шығыңқы жиек бар.

Қыры (гурты) бедерлі,

Диаметрі – 31 мм,  массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 100 мың дана.

«Т.Г. Шевченкоға 200 жыл»

2014 жылғы 12 қыркүйекте айналысқа шығарылды

номиналы – 50 теңге

Т.Г. Шевченко – Ұлы Кобзарь, ақын, прозаик, суретші. Оның аты бір кездері Ақтау қаласына берілген болатын. Қазір оның атымен Форт-Шевче́нко – Қазақстанның Маңғыстау облысының Маңғышлақ түбегіндегі (Түпқараған мүйісі) қала аталады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде украин және қазақ ою-өрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Т.Г. Шевченконың бейнесі және екі украиндық ою-өрнек бөлігі орналастырылған. Жоғарғы бөлік орыс тілінде «ТАРАС ШЕВЧЕНКО» деген және мемлекеттік және украин тілдерінде «200 ЖЫЛ/РОКIВ» деген екі жазуды бөліп тұр. Монетаның жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«САБАНШЫ»

номиналы – 500 теңге

2014 жылғы  24 қазанда  айналысқа шығарылды

Сабаншы (Felis manul)  – көлемі үй мысығындай мысық тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Көзі кәріптас түстес, көз қарашығы жарық түскен кезде саңылау түспей, дөңгелек күйінде қалады. Каспий теңізінің жағалауында XVIII ғасырда ашылған.

Күміс монеталар монетаның бетіне эмаль соғу технологиясын қолдана отырып дайындалды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жер шарының стильдендірілген бейнесі, оның сол жағында монетаның номиналын білдіретін жазу  «500 ТЕҢГЕ» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, ал оң бөлігінде біздің ортақ үйіміз – Жер шарын мекендейтін жануарлардың стильдендірілген бейнелері бар. Айналдыра шығыңқы жиек және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасындағы «сабаншы» мысығы (күміс монетада көзіне кәріптас эмалі соғылған) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «САБАНШЫ», латын тілінде «FELIS  MANUL» – түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан (күміс монетада монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g.») бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Көкшетау»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 28 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Көкшетау қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«Шымкент»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 28 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Шымкент қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«Баскетбол. Олимпиада ойындары – 2016»

Номиналы – 100 теңге

2015 жылғы 28 қаңтарда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасы стадионның стильдендірілген бейнесінің қоршауында, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін  «Ag 925  24 g»   деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазба, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген ойылған жазба бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ойын сәтіндегі спортшылар және Олимпиада ойындарын өткізу жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген ойылған жазба бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24,0 ± 0,24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 8 мың дана.

«БАРЫС»

номиналы – 100 теңге

айналысқа 2010 жылғы 2 наурызда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Сол жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, оң жағында – монетаның массасын білдіретін «31,1g.» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген тау шатқалының аясында екі барыстың бейнесі орналасқан. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «UNCIA UNCIA» деген жазу бар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61 мм

дайындалу сапасы – «proof»

ең көп таралымы - 7 000 дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«ЖОЛБАРЫС»

номиналы – 100 теңге

айналысқа 2010 жылғы 2 наурызда шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің сол жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925», оң жағында – монетаның массасын білдіретін «31,1gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жолбарыстың алтын жалатылған бейнесі орналастырылған. Жолбарыстың көзінің орнында екі гауһар орнатылған. Монетаның төменгі бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Айналдыра ағылшын тілінде «TIGER», түрдің зоологиялық аты латын тілінде – «PANTHERA TIGRIS» деген жазу бар, соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған

массасы – 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның және жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм

әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар орнатылған

дайындалу сапасы – «proof»

Ең көп таралымы - 13 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

«Ұлы Жеңіске 70 жыл»

Номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 31 наурызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін «1945» деген дата және монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген дата орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ», орыс тілінде «70 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазба және шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«І. Есенберлинге 100 жыл»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Ілияс Есенберлин – қазақтың классик жазушысы, «Көшпенділер» трилогиясының және басқа да әйгілі әдеби туындылардың авторы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қазақтың классик жазушысының бейнесі, оның туындыларына иллюстрациялар үзіндісі, «ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН» деген жазба,  «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылы бейнеленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Үстірт муфлоны»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 11 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Үстірт муфлоны – Азия муфлонының түр тармағы. Бұл ұзын аяқты орташа жабайы дала қойы.  Қазақстанды ең ірі түр тармағы – үстірт муфлоны мекендейді, ол республиканың батысындағы аттас үстіртте ғана емес, оның жартасты құздарын, сондай-ақ Маңғыстау түбегінің қыраттары мен ойпаттарын мекен етеді. Муфлон өте жылдам, шөл даладағы мардымсыз өсімдіктермен қоректенеді, тұщы, сол сияқты ащы әрі тұзды суды ішеді.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасының адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және монетаның номиналын білдіретін жазу «500 ТЕҢГЕ», монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. 

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жартасты таулардың аясында үстірт муфлоны бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮСТІРТ МУФЛОНЫ», латын тілінде «OVIS ORIENTALIS ARCAL» – түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 ± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

«Петропавл»

номиналы – 50 теңге

2016 жылғы 20 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында  «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра  шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Петропавл қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«М. Ғабдуллинге 100 жыл»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) оң бөлігінде Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткері, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің бейнесі орналасқан. Портреттің сол жағында мемлекеттік тілдегі «100 ЖЫЛ» деген жазба бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Астана 2016»

Номиналы - 100 тенге

2016 жылғы 21 сәуірде айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнек аясында монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу, сондай-ақ Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің және мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасы» деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген. Бейнелер мен жазулар бедерленген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Астана қаласында өткізілетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ресми эмблемасы бейнеленген. Бояуы тампомөр технологиясы арқылы берілген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, тік бұрышы 30х45 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

«Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016»

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 24 мамырда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  20 g» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген. Сол бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген ойылған жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде түрлі түсті стильдендірілген лентаның аясында көркем гимнастика бойынша сайыс сәтіндегі спортшы қыз, екі шоқпар таяқ және Олимпиада ойындарын өткізу жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген ойылған жазба орналасқан.

Монеталардың түс бойынша шешімі  тампобасу технологиясы арқылы орындалады.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

«Ж. Тәшеневке 100 жыл»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Жұмабек Тәшенев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, Солтүстік Қазақстанның бес облысының аумағын көрші республикаға беруден сақтап қалған ҚазКСР Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның мемлекет қайраткерінің бейнесі, «ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ» деген жазба,  Қазақстанның мемлекеттік рәмізінің элементі, «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылы бейнеленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Қазақ хандығына 550 жыл»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 30 маусымда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақ хандығының 550 жылдығы логотипінің бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«БАЛҚАШ ЖОЛБАРЫСЫ»

Номиналы – 500 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

"Балқаш жолбарысы" ескерткіш күміс монетасының сипаттамасы:

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін "31,1 g.", оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазу және Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми белгіленуі орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сыртқы жағында қамыс қопалары арасындағы балқаш жолбарысы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "БАЛҚАШ ЖОЛБАРЫСЫ", ағылшын тілінде "BALKHASH TIGER" деген жазу және соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген

Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61 мм

"Рroof" сапасымен шығарылған

Таралымы 5 мың дана

«ЕурАзЭҚ елдерінің астаналары. Астана»

номиналы - 500 теңге

2008 жылғы 27 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін "31,1 g.", оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазу орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ел астанасы Астана құрылысының белгілі үйлерінен коллаж бейнеленген. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "АСТАНА" деген жазу, оң жақта – Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы орналасқан. Айналдыра орыс тілінде "СТОЛИЦЫ СТРАН ЕВРАЗЭС" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

массасы - 31,1 грамм

диаметрі - 37 мм

қалыңдығы - 2,7 мм

"Proof" сапасымен шығарылған

Таралымы - 5 мың дана

«Е. Бекмахановқа 100 жыл »

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 25 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Ермұхан Бекмаханов – Қазақстанның тарихшы ғалымы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, «Қазақ КСР тарихы» алғашқы оқулығының авторы.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның тарихшы ғалымының  бейнесі, «ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ» деген жазба,  «100 ЖЫЛ» деген жазба, оның факсимилесі және соғылған жылы бейнеленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және «2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» ескерткіш монеталары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстан Конституциясы 20 жылдығының бекітілген эмблемасының бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне 25 жыл"

номиналы – 100 теңге

2017 жылғы 31 қаңтарда айналысқа шығарылды

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне 25 жыл» монетасының дизайны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа институционалдық эмблемасын пайдалана отырып әзірленді.

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2017» деген сан бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген ойыңқы жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы және «25 YEARS» жазуы бейнеленген. Бояуы тампомөр технологиясы арқылы берілген.

Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерлі. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1±0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана.

«2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы»

номиналы – 50 теңге

2015 жылғы 7 тамызда айналысқа шығарылды

Нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бекітілген эмблемасының бейнесі орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана.

«АЛПАМЫС БАТЫР»

номиналы – 500 теңге

2009 жылғы 4 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «31,1 g.» жазу, оң жағында – монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» жазу және Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Алпамыс батыр - қазақтың осы аттас батырлық эпосының кейіпкері бейнеленген (бейне Е. Сидоркин иллюстрацияларының мазмұны бойынша орындалған). Монетаның сол жақ бөлігінде мемлекеттік тілде «АЛПАМЫС БАТЫР» деген жазу, оң жақта – соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

массасы – 31,1 грамм

диаметрі – 38,61мм

дайындалу сапасы – «proof»

таралымы - 5 000

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 10 жылдығына арналған ескерткіш монета

Номиналы - 5 000 теңге

2008 жылғы 27 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "5000" деген жазу орналасқан. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін "1 kg.", оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазу орналастырылған. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ел астанасы Астана құрылысының белгілі үйлерінен коллаж бейнеленген. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде "АСТАНА 10 ЖЫЛ", оң жақта – қаланың он жылдық тарихының белгісі – астананың елтаңбасы бейнеленген. Монетаның сол жақ төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген

Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған

массасы - 1000 грамм

диаметрі - 100 мм

қалыңдығы - 14,5 мм

"Proof" сапасымен шығарылған

Таралымы - 500 дана

«Ә. Бөкейханға 150 жыл»

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 16 қыркүйекте айналысқа шығарылды

Әлихан Бөкейханов – Қазақстанның көрнекті қоғамдық-саяси қайраткері, «Алаш-орда» партиясы көшбасшыларының бірі, Қазақстан бойынша Уақытша үкімет комиссары (1917).

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Бейненің оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.     

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) сол жылдардағы баспа басылымы бөлігінің аясында Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткерінің бейнесі, «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН» деген, «150 ЖЫЛ» деген жазулар және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«Х. Ерғалиға 100 жыл»

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 28 қазанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Хамит Ерғалидың бейнесі, мемлекеттік тілде «ХАМИТ ЕРҒАЛИ» деген жазу, оның факсимилесі, «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан орналастырылған.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

Қазақстан темір жолының 100 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар

2004 жылғы 20 шілдеде айналысқа шығарылды.

Номиналы 500 теңге.

Монетаның бет жағына (аверсіне) жарқыраған шеңбердің жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы салынып, бес қайтара бұратылған сегіз бұрышты розеткамен көмкерілген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Төменгі бөлігіне монетаның номиналын білдіретін "500" саны және оның астына "ТЕҢГЕ" деп жазылған. Номиналдың сол жағына Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі және монетаның салмағын көрсететін "24 g.", оң жағына монета жасалған металды және оның сынамын білдіретін "Ag 925" жазулары орналастырылған. Монетаның айналасына моншақ тәріздес шеңбер және шығыңқы кант жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) Қазақстанның картасы темір жолдармен бірге бейнеленіп, қазіргі заманғы электровоздың және теміржол қатынасы дами бастаған уақыттағы паровоздың бейнесі салынған. Монетаның төменгі бөлігіне екі жолға мемлекеттік тілде “100 ЖЫЛ” деп жазылған. Жоғарғы бөлігіне – монетаның соғылған жылын білдіретін “2004” саны бар. Мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫНА” деген жазу айналдыра жазылып, моншақты шеңбердің фрагменттері орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған

массасы – 24 грамм

диаметрі – 37 мм

қалыңдығы – 2,7 мм

"Proof" сапасымен шығарылған

Таралымы – 3 000

Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар

Номиналы - 500 теңге

2000 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа жіберілді.

Түркістан қаласы - Қазақстан жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Ұлы жібек жолының бұрынғы керуен жолдарының тоғысқан жеріне, сондай-ақ ұлы ақын және дінді уағызшы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесіне мінәжат етушілер үшін географиялық жағынан ыңғайлы орналасқандықтан, оның өркендеуіне және сауданың жандануына ықпал етті. Орталық Азия аймағының тарихи, мәдени және рухани өмірінде Түркістан қаласының атқаратын ролі зор.

Монетаның бет жағының (аверсінің) ортасына екі жолға монетаның құны - "500 ТЕҢГЕ" деп жазылған. Жоғарғы жағынан ұлттық өрнекпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгісімен жиектелген төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылы "2000" деп жазылған. Оның сол жағындағы "Ag 925" жазуы металдың сынамын білдіреді, оң жағында - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) ортасына Қожа Ахмет Ясауи кесенесі cолтүстік қақпасы жағынан бейнеленген. Кесененің бейнесін оң жағы мен сол жағынан ұлттық өрнек көмкеріп тұр. Монетаның төменгі жағында "1500 ЖЫЛ " деген жазу бар. Жоғарғы жағына екі жолға "ТҮРКІСТАН" және "ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ деген сөздер айналдыра жазылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Кыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монета сынамы 925/1000 күмістен жасалған

Массасы - 24,00 грамм

диаметрі - 37 мм

қалыңдығы - 2,7 мм

"Proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 3 000

«Т. Жангелдинге 100 жыл»

номиналы – 100 теңге

2016 жылғы 18 қарашада айналысқа шығарылды

2016 жылы қазақ халқының әйгілі өкілдерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қоғам қайраткері, ғалым Тоқтағали Жангелдиннің туғанына 100 жыл толады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбадан оң жақта «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын   білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдан сол және оң жақта ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Белоруссиядағы партизан қозғалысына белсенді қатысушы, қоғам қайраткері, ғалым Тоқтағали Жангелдиннің бейнесі орналасқан. Портреттің сол жағында Т. Жангелдин марапатталған Чехословакияның «Партизан жұлдызы» ордені, «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТОҚТАҒАЛИ ЖАНГЕЛДИН» деген жазба бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

«FАСЫРЛАР БЕЛЕСI»

номиналы - 500 теңге

1999 жылғы 21 желтоқсанда айналысқа жіберілді.

Бұл ақша - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Теңге сарайында "proof" сапасымен алғаш рет шығарған күміс ақша.

Монетаның бет жағында (аверс) жалтыраған шеңбердің жоғарғы жағында Қазақстан Республикасы елтаңбасының бес рет қиғаш бүктелген сегіз қырлы өрнекті айшықпен жиектелген бедерлі бейнесі салынған. Шеңбердің төменгі жағында монетаның құнын білдіретін "100" саны бар.

Монетаның жиегіне "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер қазақ тілінде айналдыра жазылған. Төменгі жағында - "ТЕҢГЕ" сөзі, оның сол жағында шығарылған жылын білдіретін "1999" саны, оң жағында - монетаның қандай металдан жасалғанын және сынамын білдіретін "Ag 925" жазуы бар. Жиегіндегі жазулар ойып жазылған.

Монетаның сырт жағына (реверс) ортасына таман жазықта екі мыңжылдықтың тоғысуын бейнелейтін өткен мыңжылдықтың көріністері және болашақ мыңжылдықтың белгілері бедерлеп салынған. Монетаның жиегіне қазақ тілінде "ҒАСЫРЛАР БЕЛЕСІ", орыс тілінде "РУБЕЖ ТЫСЯЧЕЛЕТИЙ" деген сөздер айналдыра жазылып, олардың ортасына қазақтың ұлттық ою-өрнегі салынған. Жиектегі жазулар мен өрнек ойып берілген.

Қыры (гурт) жылтыр, бедер мен жазу жоқ.

Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған.

Массасы - 24 грамм

диаметрі - 37 мм

қалыңдығы - 2,7 мм

"Proof" сапасымен жасалған

Таралымы - 2 000

«М. ҒАБДУЛЛИНГЕ 100 ЖЫЛ»

номиналы – 500 теңге

2015 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды

2015 жылы Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткері, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай монетаның массасын білдіретін «24 g» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба  бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) оң бөлігінде Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткері, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің бейнесі орналасқан. Портреттің сол жағында мемлекеттік тілдегі «100 ЖЫЛ» деген жазба бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан орналасқан.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар  925 сынамды күмістен, массасы – 24,0 ± 24,0 грамм,  диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы «proof», таралымы – 1 мың дана.

Возврат к списку