Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған монеталар

Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық монета

        

Номиналы 500 теңгелік монета.

2001 жылғы 15 қарашада айналысқа жіберілді.

Монетаның бет жағындағы (аверсіндегі) жалтыраған шеңбердің жоғарғы бөлігіне бес қабат етіп бүктелген сегіз бұрышты розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған. Төменгі бөлігінде "500" саны және оның астына монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағына Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монетаның салмағын білдіретін "24 gr." жазуы, оң жағында - монетаның қандай металдан жасалғанын және оның сынамын көрсететін "Ag 925" жазуы бар. Монета айналдыра моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) жалтыраған шеңбердің орта тұсындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бетіне Алматы қаласының Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы бейнеленген. Жауынгердің оң жақ тұсына екі жолға "10 ЖЫЛ" деп жазылған. Жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА" деген сөздер айналдыра жазылған. Төменгі бөлігіндегі "2001" саны монетаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазулар жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

салмағы - 24 грамм,

диаметрі - 37 мм,

қалыңдығы - 2,7 мм.

"Proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 3 мың дана.

"Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық монета

        

2001 жылғы 15 қарашада айналысқа жіберілді.

Номиналы 5000 теңгелік монета.

Монетаның бет жағындағы (аверсіндегі) жалтыраған шеңбердің жоғарғы бөлігінде бес қабат етіп бүктелген сегіз бұрышты розеткамен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған. Төменгі бөлігінде "5000" саны және оның астына монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, монетаның салмағын білдіретін "1 кг." жазуы, оң жағында - монетаның қандай металдан жасалғанын және оның сынамын көрсететін "Ag 925" жазуы бар. Монета айналдыра моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

Монетаның сырт жағына (реверсіне) жалтыраған шеңбердің ортасындағы Қазақстан Республикасының стильді географиялық картасының бетіне Алматы қаласының Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы бейнеленген. Жауынгердің оң жақ тұсына екі жолға "10 ЖЫЛ" деп жазылып, оның астына Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының элементі бейнеленген және "АСТАНА" деген жазу бар. Жоғарғы бөлігіне мемлекеттік тілде "ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА" деп айналдыра жазылған. Төменгі бөлігіндегі "2001" саны монетаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

салмағы - 1 килограмм,

диаметрі - 100 мм,

қалыңдығы - 14,5 мм.

"Proof" сапасымен шығарылған.

Таралымы - 100 дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монета.Күміс.

        

номиналы – 500 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде – номиналы белгіленген «500 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925/1000 сынамды күмістен,

массасы 31,1 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 38,61 мм,

дайындау сапасы - «proof»,

таралымы – 5000 дана.

"Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монета". Күміс

        

номиналы – 5000 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде – номиналы белгіленген «5000 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 1000 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАҢҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925/1000 сынамды күмістен,

массасы 1000 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 100 мм,

дайындау сапасы - «proof»,

таралымы – 200 дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монета. Алтын

        

номиналы – 50 000 теңге

2011 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде – номиналы белгіленген «50000 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 1000 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан жасалған,

массасы 1000 грамм,

диаметрі – 100 мм,

дайындау сапасы - «proof»,

таралымы - 100 дана.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл»

        

номиналы – 500 теңге

2016 жылғы 1 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының бейнесі бейнеленген, оны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу және ұлттық ою-өрнек бар. Төменгі бөлігінде монета номиналын білдіретін жазу «500 ТЕҢГЕ». Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстан халқының бірлігін білдіретін, ұлттық киімдегі адамдардың бейнелері бар заманауи Қазақстан картасының аясында «Қазақ  Елі» монументінің алтын жалатылған бір бөлігі бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде бейтбітшілік пен еркіндік нышаны болған көгершіндердің бейнесі және мемлекеттік тілде «25 ЖЫЛ» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  24 g» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24,0 ±0,24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл» (5000 тенге)

        

номиналы – 5 000 теңге

2016 жылғы 1 желтоқсанда айналысқа шығарылды

Қазақстан тәуелсіздігінің күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі, 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.   

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының бейнесі бейнеленген, оны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу және ұлттық ою-өрнек бар. Төменгі бөлігінде монета номиналын білдіретін жазу  «5 000 ТЕҢГЕ». Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстан халқының бірлігін білдіретін, ұлттық киімдегі адамдардың бейнелері бар заманауи Қазақстан картасының аясында «Қазақ  Елі» монументінің алтын жалатылған бір бөлігі бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде шығып келе жатқан күннің алтын жалатылған бейнесі және мемлекеттік тілде «25 ЖЫЛ» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  25 oz» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан бар.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 100 дана.


Возврат к списку