Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Ұлттық валютаның мерейтой мезгілдеріне арналған монеталар

Ұлттық валютаның енгізілуіне 10 жыл толуына арналған мерейтойлық биколорлық монеталар.

                    

2003 жылғы 1 қазанда айналысқа шығарылды.

Биколорлы (құрамдас) монета араластырылып орналастырылған сақина мен дискіден тұратын шеңбер түрінде жасалған. Монетаның ішкі дискі ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған.

Бет жағы (аверсі) Барлық төрт монетаның бет жағында бірдей жалпы бейне бар. Ортасында бедерленген шеңбердің үстіне екі жолға монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» жазуы орналастырылған. Жоғарғы тұсына сегіз бұрышты розеткамен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі айналдыра салынып, сол жағына - «ҚҰБ» деген жазу, оң жағына - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Сырт жағы (реверсі)

1) ортасына арқардың басының мифтік бейнесі - 1993 жылғы үлгідегі құны 1 теңгелік монетадан алынған көшірме салынған. Монетаның сол жақ тұсында - ұлттық ою-орнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген;

2) ортасына барыстың мифтік бейнесі - 1993 жылғы үлгідегі құны 5 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген;

3) ортасына құстың (қораздың) мифтік бейнесі және спиральдың идеограммасы - 1993 жылғы үлгідегі құны 10 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған.

4) ортасына бөрінің (қасқырдың) мифтік бейнесі және спираль мен қолдың идеограммасы - 1993 жылғы үлгідегі құны 3 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерлі, қырында мемлекеттік тілде «ЖҮЗ ТЕҢГЕ» және орыс тілінде «СТО ТЕНГЕ» деген жазулар бар. Жазулар бес бұрышты жұлдыздармен бөлінген.

таралымы – монетаның әр түрі бойынша 100 мың данадан.

Ұлттық валютаның енгізілуіне 10 жыл толуына арналған мерейтойлық күміс монеталар (елтаңбасы)

        

номиналы - 1000 теңге

2003  жылғы 01 қазанда айналысқа жіберілді.

аверсі: Ортасында монетаның номиналын білдіретін "1000 ТЕҢГЕ" жазуы екі жолға жазылған және монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 67,25 gr." деген жазу бар. Жазудың сол жағына - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, оң жағына - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Жоғарғы тұсына - 1993 жылғы үлгідегі 1, 3, 5, 10, және 20 теңгелік монеталардың аверсі мен реверсі бейнеленген. Төменгі тұсына - мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деген жазу айналдыра жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Реверсі: Ортасында көгілдір эмаль мен алтын қолданылып орындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленбеген және жазулар жоқ, тегіс.

Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған,

салмағы – 67,25 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 50 мм,

қалыңдығы – 3,3 мм,

"proof" сапасымен шығарылған,

таралымы – 3 мың дана.

Ұлттық валютаның енгізілуіне 10 жыл толуына арналған мерейтойлық күміс монеталар (Жалау)

        

Номиналы: 1000 теңге

2003 жылғы 01 қазанда айналысқа шығарылды.

Аверсі: Ортасында көгілдір эмаль мен алтын қолданылып орындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы бар. Монетаның жоғарғы бөлігіне - ұлттық ою-өрнектің элементі салынып, екі жолға мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деп жазылған. Төменгі тұсына монетаның номиналын білдіретін "1000 ТЕҢГЕ" жазуы екі жолға орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген

Реверсі: Ортасында құны 5000 теңгелік банкнот бейнеленген және сол жақ тұсында Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық монетаның аверсі және реверсі бейнеленіп, монетаның қандай металдан жасалғанын, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 67,25 gr." деген жазу бар. Жоғарғы тұсына екі жолға мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ" деп жазылған. Төменгі тұсында - монетаның соғылған жылын білдіретін "2003" саны. Санның сол жағына - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі, оң жағына - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет ��ағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленбеген және жазулар жоқ, тегіс.

Монета 925/1000 сынамды күмістен жасалған,

салмағы – 67,25 грамм. Cалмақ жамылғының массасын қоспағанда көрсетiлген

диаметрі – 50 мм,

қалыңдығы – 3,3 мм,

"proof" сапасымен шығарылған,

таралымы – 3 мың дана.

"Ұлттық валютаны енгізудің 15 жылдығына арналған ескерткіш монеталар"

        

Номиналы – 500 тенге 2008 жылғы 1 қарашада айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Күмістен жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін "31,1 gr." деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазу орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валюта нышандары суретінің аясында үш монетадан – "Шабандоз", "Қызғалдақ" және "Ғарыш" монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта – теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ" деген жазу, соғылған жылын білдіретін "2008" деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген.

Ескерткіш монеталар: 925/1000 сынамды күмістен жасалған,

массасы – 31,1 грамм,

диаметрі – 38,61 мм.

"Рroof" сапасымен жасалған.

Таралымы – 5 мың дана.

Ұлттық валютаны енгізудің 15 жылдығына арналған ескерткіш монеталардың сипаттамасы (50 000 теңге)

        

номиналы – 50 000 теңге

айналысқа 2008 жылғы 1 қарашада шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валюта нышандары суретінің аясында үш монетадан – «Шабандоз», «Қызғалдақ» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта – теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген.

Ескерткіш монеталар: 999/1000 сынамды алтыннан жасалған,

массасы - 1000 грамм,

диаметрі - 100 мм.,

«рroof» сапасымен жасалған,

таралымы - 100 дана.

«Ұлттық валютаны енгізудің 20 жылдығына арналған ескерткіш монеталар» 50 теңге

        

номиналы – 50 теңге

2013 жылғы 22 тамызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валютаның стильдендірілген жеті банкноты бейнесінің ішінде «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» монетасының бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі сол жағында мемлекеттік тілде үш жолға «ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан жазылған. Монетаның оң жақ бөлігінде айналдыра ұлттық валюта – теңге символының графикалық бейнесі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм, таралымы –  100 мың дана.

«Ұлттық валютаны енгізудің 20 жылдығына арналған ескерткіш монеталар» 500 теңге

        

номиналы – 500 теңге

2013 жылғы 22 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде бес рет қайталанған өрнекті сегіз қырлы розетканың және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазудың ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ»  деген жазу бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «31,1g» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамы білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақ жүргізілген және жиегі шығыңқы.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валютаның стильдендірілген жеті банкноты бейнесінің ішінде «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» монетасының бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі сол жағында мемлекеттік тілде үш жолға «ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан жазылған. Монетаның оң жақ бөлігінде айналдыра ұлттық валюта – теңге символының графикалық бейнесі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы –  5 мың дана.

«Ұлттық валютаны енгізудің 20 жылдығына арналған ескерткіш монеталар» 5 000 теңге

        

номиналы – 5 000 теңге

2013 жылғы 22 тамызда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігінде бес рет қайталанған өрнекті сегіз қырлы розетканың және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазудың ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «5 000 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін  «1 kg» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамы білдіретін «Ag 925» деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақ жүргізілген және жиегі шығыңқы.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валютаның стильдендірілген жеті банкноты бейнесінің ішінде «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» монетасының бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі сол жағында мемлекеттік тілде үш жолға «ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан жазылған. Монетаның оң жақ бөлігінде айналдыра ұлттық валюта – теңге символының графикалық бейнесі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы –  200 дана.

«Ұлттық валютаны енгізудің 20 жылдығына арналған ескерткіш монеталар» 100 000 теңге

        

номиналы – 100 000 теңге

2013 жылғы 22 тамызда айналысқа шығарылды

Монетаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 000 теңге» деген жазу айналдыра екі жолға орналасқан. Монетаның периметрі бойынша жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу ойып жазылған және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Au 999  2000g» деген жазу бар. Жазулар ұлттық өрнектің элементімен бөлінген. Күңгірт жиектің ішкі жағынан үш қатар моншақ жүргізілген. Монетаның ортаңғы бөлігі жылтыр.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валютаның стильдендірілген жеті банкноты бейнесінің ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі сол жағында мемлекеттік тілде үш жолға «ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан жазылған. Монетаның оң жақ бөлігінде айналдыра ұлттық валюта – теңге символының графикалық бейнесі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 2000 грамм, диаметрі – 100 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы –  60 дана.


Возврат к списку