Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған монеталар

        

номиналы – 5000 теңге

2010 жылғы 16 қазанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан (алтын монетада «100 ТЕҢГЕ», күміс монетада - «5000 ТЕҢГЕ») және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу (алтын монетада – «Au 999 1,24 gr.», күміс монетада - «Ag 925 1000 gr.») орналастырылған. Төменгі бөлігінде – шаңғы ізінің стильдендірілген бейнесі және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан, жоғарғы бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаның сол жақ бөлігінде Тянь-Шань шыршасы бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күңгірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7 th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған,

массасы – 1000 грамм,

диаметрі – 100 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы - 225 дана.

2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған монеталар.

        

номиналы – 100 теңге

2010 жылғы 16 қазанда айналысқа шығарылды.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан «100 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу «Au 999 1,24 gr.» орналастырылған. Төменгі бөлігінде – шаңғы ізінің стильдендірілген бейнесі және монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан, жоғарғы бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаның сол жақ бөлігінде Тянь-Шань шыршасы бейнеленген. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күңгірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7 th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Ескерткіш монеталар 999 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы 1,24 грамм,

диаметрі – 13,92 мм,

дайындалу сапасы - «proof»,

таралымы - 8 мың дана.

2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған монеталар

        

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 16 қазанда айналысқа шығарылды.

Монета он екі қырлы нысанда жасалған.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Сол жақ бөлігінде қар ұшқындарымен қоршалған «Көк тәңірі» петроглифінің стильдендірілген бейнесі салынған. Төменгі бөлігінде шаңғының ізі және монета соғылған жылды білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Монетаның периметрі бойымен күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі голографиялық орындаумен бейнеленген. Монетаның периметрі бойымен күңгірт жалпақ жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7 th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар ойып жазылған.

Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазу жоқ.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған,

массасы 31,1 грамм. Cалмақ қосымшаның массасын қоспағанда көрсетiлген

сипатталған шеңбердің диаметрі – 38,61 мм,

дайындалу сапасы – «proоf»,

таралымы – 13 мың дана.

2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған монеталар

        

номиналы – 50000 теңге

2011 жылғы 27 қаңтарда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 1000 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Сол жақ бөлігінде қар ұшқындарымен қоршалған «Көк тәңірі» петроглифінің стильдендірілген бейнесі салынған. Төменгі бөлігінде шаңғының ізі және монета соғылған жылды білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күңгірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7 th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан дайындалған,

массасы 1000 грамм,

диаметрі – 100 мм,

дайындалу сапасы – «proof»,

таралымы - 145 дана.


Возврат к списку