Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Депозиттер бойынша кепілдіктер

Екінші деңгейдегі банктерде депозиттер аша отырып қазақстандықтар олардың сақталатынына сенімді болады: елде кепілдік берудің мемлекеттік жүйесі жұмыс істейді. 1999 жылы құрылған уақытынан бастап жүйе өзінің сенімділігін дәлелдеді. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап жүйе барынша жеке тұрғыдан қарауға көшті. Бұл барлық салымшылар үшін маңызды ақпарат. Депозит ашқанда нені есте сақтау қажет?

депозит каз.png

Кепілгер кім?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі әлемнің 123 елінде бар.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – Қазақстанның Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы - 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

ҚДКҚ IADI Халықаралық депозиттерді сақтандыру қауымдастығына кіреді.  Бұл ұйым 110 депозиттерді сақтандыру ұйымдарын, орталық банктер мен  халықаралық қаржы ұйымдарын біріктіреді. Оның ішінде, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа,  Азия - Тынық мұхиті, Латын  Америка елдері.

IADI 2002 жылғы мамырда құрылды және  Базель қаласының (Швейцария) Халықаралық есеп банкінің жанынан құрылған.

 ҚДКҚ IADI-дің екі беделді наградасына ие болды. Бұл -  сарапшылар -  шетелдік депозиттерге кепілдік беру қорларының басшылары қазақстандықтардың депозиттерінің  халықаралық стандарттар бойынша сақтандырылғанын мойындайды.

Мемлекет неге кепілдік береді?

· «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы»  Қазақстан Республикасы Заңы жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің теңгемен, сондай-ақ шетел валютасымен ақшасының - банк салымдарының, ағымдағы банктік шоттардағы және банктік карталардағы қалдықтарының сақталуына кепілдік береді.
 

· Егер банк сот шешімімен жабылатын болса, онда салымшы жұмыс істеп тұрған банктер санынан таңдап алынған агент банк арқылы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан  (ҚДКҚ) өтемақы алады.

· 2018 жылдың қазан айынан бастап енгізілген теңгемен жинақ салымына ақша салынған жағдайда кепілдің ең жоғары сомасы қоса алғанда 15 миллион теңгені құрайды. Ұлттық валютадағы салымдардың басқа түрлері бойынша кепілдік сомасы қоса алғанда 10 миллион теңгеге дейін; шетел валютасындағы депозиттер бойынша - қоса алғанда 5 млн. теңгеге дейін бұрынғы деңгейде қалды.

· Сондай-ақ, егер салымшының бір банкте бір уақытта теңгемен де, шетел валютасымен де 2 немесе одан көп депозиті болса, онда қоса алғанда 15 миллион теңгеге дейінгі кепілдік төлемі қоса төленетінін де ескерген жөн.

· Егер сіз ірі салымшы болсаңыз, онда кепілдендірілген сома шегінде әр түрлі банкке депозит салыңыз.  

ҚДКҚ-да мыналар қорғалады:

  • Мерзімді, шартты, талап етілгенге дейінгі, жинақ салымдары
  • Ағымдық шоттағы ақша
  • Төлем карточкасындағы ақша

ҚДКҚ-нің кепілдігіне мыналар жатпайды:

· Жеке тұлғалардың металл шоттары

· Банк ұяшықтарына орналастырылған ақша және құндылықтар

· Депозиттік сертификаттар

· Ислам банктерінде орналастырылған депозиттер 

Қандай банктер депозиттерді сақтандыру жүйесіне кіреді?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне ислам банктерін қоспағанда, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, шоттарын ашуға және жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінен лицензия алған әрбір банк қатысады, ол автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болады, демек, мұндай банкте орналастырылған депозит ҚДКҚ-нің қорғауында болады. Сіздің банк депозиттерді кепілдендіру жүйесіне кіретін-кірмейтінін ҚДКҚ: www.kdif.kz сайтынан тексеріңіз.

Депозитті қалай сақтандыруға болады?

Ол үшін депозиттерді сақтандыруды өзіңіз дербес ресімдеудің, қосымша шарт жасасып, кепілдемені төлеудің қажеті жоқ. Депозиттер бойынша кепілдік заңда көзделген. Ашылған немесе толықтырылған сәттен бастап депозит ҚДКҚ-нің қорғауына алынады. Кепілдік өтемін төлеу резерві біртіндеп Қорда жинақталатын банктердің жарналары есебінен қалыптастырылады.

Егер сіз жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке нотариус немесе адвокат ретінде банктік шот ашқан болсаңыз, өтем сомасы шегінде ақшаңыздың сақталуына кепілдік беріледі.

Өтеу сомасы

ҚДКҚ депозиттің толықтырылуын ескере отырып, толық сомасын, бірақ кепілдік берілген ең көп сома шегінде өтейді.

Мемлекеттік кепілдік сыйақыға қолданылмайды. Оны мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтейді.

Алайда, егер банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталдандырылған сыйақы депозит балансына қосылады және кепілдік объектісі болады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сыйақы есептелгеніне немесе капиталдандырғанына қарамастан,  депозит бойынша  сыйақыға кепілдік берілген ең көп сома шегінде ҚДКҚ-нің кепілдігі қолданылады.

Кепілдік берілетін сома

ҚДКҚ өтемді теңгемен ғана төлейді. Депозит бойынша шетел валютасымен өтеу сомасы соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күні белгіленген  валюта бағамы бойынша төленеді. Егер салымшының бір банкте теңгемен, шетел валютасында депозиттері немесе мультивалюталық депозиті болса, ҚДКҚ барлық ақшаны теңгемен өтейді.

Депозит бойынша кепілдік сомасын Қордың сайтындағы онлайн-калькулятор арқылы есептеуге болады.

Өзіңіздің жинақ қаражатыңызды сақтау үшін депозиттерді әртүрлі банктерге орналастыруды ұсынамыз. Қордың кепілдігі жинақталмайды: әрбір банктегі депозиттер жеке, кепілдік берілетін сома шегінде қорғалады.

Егер депозитте кепілдік берілген сомадан артық сома болса

Егер депозит немесе шоттағы қалдық сомасы кепілдік берілетін сомадан көп болса, ҚДКҚ кепілдік берілетін сома шегінде ақшаны өтейді. Қалдықты тарату комиссиясы банктің мүлкін және активтерін сату барысында заңнамада белгіленген кезектілік тәртібімен төлейді.

Тарату комиссиясы депозит сомасына қарамастан есептелген сыйақыны да өтейді.

Өтемақы төлеу мерзімі

ҚДКҚ банкті тарату туралы сот шешімі агент банк арқылы заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ол банк салымшылары мен клиенттеріне кепілдік өтемдерін төлей бастайды. Атап айтқанда – жеке және дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ карта ұстаушыларға.

Агент банк салымшының талап ету құқығын растайтын барлық қажетті құжаттар оған түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей төлем жасайды. Қалыпты жағдайда, салымшы жеке жүгінген кезде және барлық құжаттар ұсынылған кезде және ол туралы ақпарат кепілдік өтемінің тізілімінде болған жағдайда, сондай-ақ даулы мәселелер болмаған жағдайда агент банк кассадан қолма-қол ақша береді немесе айналым жасау күнінде салымшының шотына ақша аударады (барлық рәсімдер мен тексерулердің жүргізілуін есепке ала отырып).

Төлемнің басталғандығы туралы БАҚ-та хабарландыру жарияланған күннен бастап 6 айдан кейін салымшылар кепілдік берілген өтемді төлеу үшін  тікелей ҚДКҚ-ға жүгінуге құқылы.

Банк қызметкерлері, жұмыскерлер, серіктестер, кредиторлар тарату комиссиясынан банктің активтері мен мүлкін сату барысында кезек тәртібімен өтемақы алады – Депозиттерге кепілдік беру қоры тек жеке тұлғалармен жұмыс істейді.

Бір банктегі қарыз бен депозит

Сіз бір банкте қарыз бен депозит ресімдеген және бұл банк банкрот деп жарияланатын жағдай орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда өзара есептесу жүргізіледі және банк алдындағы борышты шегергенде депозит бойынша өтемақы төленеді. Есептелген, бірақ алынбаған салым бойынша сыйақы есептеу кезінде ескеріліп, банк алдындағы міндеттемелер сомасы азаяды.

Fingramota_granatiya_po_depozitam-02.jpg