Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Егер сіздің банк төлемге қабілетсіз болса

Fingramota_Deposity_esli_bank_neplatezhesposoben-02.jpg

Егер сіздің банк төлемге қабілетсіз болса

Банктің лицензиясының қолданылуы тоқтатылса немесе ол кері қайтарылса салымшылар бұған алаңдайды және сұрақтар туындайды. Егер банк төлемге қабілетсіз болса, ақшаны қалай қайтаруға болады. Ең бастысы, нені ескеру қажет: банктер реттеушінің тиісті лицензиясы болған да ғана депозиттерді тартуға құқылы, сол себепті жеке тұлғалардың барлық депозиттері сақтандырылады және мемлекет кепілдік береді.

Егер сіздің банк төлемге қабілетсіз болып танылса, жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесі сіздің ақшаңыз бен жинағыңызды өтейді. Салымшылармен есеп айырысулар банктің басқа кредиторлары мен әріптестеріне қарағанда заңда белгіленген мерзімде ерте басталады. Ақшаны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры — ҚДКҚ — өзінің қаражатынан өтейді.

Банктің төлемге қабілетсіздігін хабарлау

Сот Ұлттық Банктің өтініші негізінде ғана банкті төлемге қабілетсіз деп таниды. Ұлттық Банктің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасайды және банкті банк операцияларының барлығын жүргізуге лицензиядан айыру туралы хабарлайды, ал банктің басшылығы жұмыстан шеттетіледі. Осы уақыттан бастап банкте уақытша әкімшілік жұмыс істейтін болады – бұл Ұлттық Банктің және ҚДКҚ-ның қызметкерлері. Олар банкті жабуға дайындайды және активтер мен міндеттемелерді – оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін – басқа банкке беру мүмкіндігін бағалайды.

Депозиттегі ақшаға қолжетімділік

Банкті лицензиядан айырған сәттен бастап барлық банктік операциялар тоқтатылады. Сіздің депозиттегі, банктік шоттағы және төлем карточкасындағы ақшаңыз «тоқтатылады», және оларды сіз уақытша пайдалана алмайсыз. Бұдан кейін салымдарды басқа банкке беру басталады.

Иеленуші банк

Ең алдымен Ұлттық Банк банктің активтері мен міндеттемелерін, оның ішінде депозиттерді жұмыс істейтін банктердің қатарындағы басқа банкке беру мүмкіндігін қарайды. Бұл банктің қаржылық жай-күйі жақсы, сіздің банктің активтерін оның клиенттері алдындағы міндеттемелерге айырбастау үшін алуға дайын болуға тиіс.

Тұрақтандыру банкі

Егер қаржы реттеушісі иеленушіні таба алмайтын болса, бірақ банк сапалы активтерге жеткілікті түрде иелік ететін болса, Ұлттық Банк депозиттерді тұрақтандыру банкіне аудара алады. Бұл жаңа банк, ол иеленуші банк іздеген уақытқа қызмет көрсетуге шоттар бойынша салымдар мен міндеттемелерді қабылдайды.

Салымшыларға өтемақы төлеу

Мәселен, Ұлттық Банк банк активтер мен міндеттемелерді басқа банкке беру туралы мәмілені мақұлдаса немесе тұрақтандыру банкі құрылатын болса. Енді сіздің депозитіңіз, шоттардағы және төлем карталарындағы ақшаңыз осы банкке толық өтеді. Егер мұндай шешім қабылданбайтын болса, Ұлттық Банк банкті тарату туралы сотқа өтініш береді және сіз Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан өтемақы аласыз. Қор барлық сот рәсімдері аяқталғаннан кейін және соттың шешімі күшіне енгеннен соң есеп айырысуды бастайды.

ҚДКҚ жеке тұлғалармен ғана жұмыс істейді, банктің басқа клиенттері – заңды тұлғалар, қызметкерлер, әріптестер – банктің активтері мен мүлкін сатқаннан кейін өтеуді күтетін болады.

ҚДКҚ салымшылармен қалай есеп айырысады

ҚДКҚ соттың банкті тарату туралы шешімі күшіне енгеннен кейін 14 жұмыс күні ішінде төлем жасаудың басталғандығы туралы хабарлайды. Бұл мерзімде Қор клиенттердің ақшаны қандай банктерден алатындығын анықтайды. Бұл банк ҚДКҚ-ның атынан агент ретінде және оның қаражаты есебінен жұмыс істейді. Сіз өзіңіз тұратын қаладағы агент банктің филиалына өтініш жасап, ақшаңызды кассадан колма-қол немесе банктік шотқа аудару арқылы ала аласыз. Сізге агент банктен өтемақы сомасына депозит ашуды ұсынады.

Қандай құжаттар қажет?

Бұл рәсімді жүргізу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: жазбаша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат.

Егер мұрагер өтініш жасайтын болса, онда оның мұраға құқығын растайтын құжаттарды ұсыну керек. Егер мұрагердің өкілі өтініш жасайтын болса, онда ол нотариалды куәландырылған сенімхат ұсыну қажет.

Егер депозит кепілдік берілген сомадан көп болса

Егер сіздің банктегі салымыңыз кепілдік берілген сомадан асып кететін болса, сіз кез келген жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан кепілдік берілген сома шегінде өтем алуға құқыңыз бар, ал қалдығын тарату комиссиясы банктің активтері мен мүлкін сатқаннан кейін сізге өтейді.

Нақты мерзім мұнда банкте сатылатын сапалы активтерге және кезектегі басқа кредиторлар алдындағы міндеттемелердің қандай екендігіне байланысты болады. Тарату комиссиясы банктің әлеуметтік міндеттемелері бойынша, оның қызметкерлерімен және ҚДКҚ-мен есеп айырысқаннан кейін депозиттердің қалдықтары мен сыйақы бойынша есеп айырысуларға кіріседі.

ҚДКҚ-ның кепілдігі қандай жағдайда қолданылмайды?

Жеке тұлғалардың металл шоттарына (бағалы металдарды есепке алу жүргізу үшін ашылған шоттарға), банктік ұяшықтарға орналастырылған ақша мен құндылықтарға, сондай-ақ ислам банктеріне орналастырылған депозиттерге ҚДКҚ тарапынан кепілдік берілмейді.