Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Депозиттер: мөлшерлеме ай сайын жаңартылатын болады

Депозиттер: мөлшерлеме ай сайын жаңартылатын болады

2019 жылғы қыркүйектен бастап теңгемен депозиттер бойынша сыйақының ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелері ай сайын жаңартылатын болады.

Теңгемен алты айдан астам мерзімге ашылған жинақ және мерзімді салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер нарықтағы үрдістердің негізінде, ал мерзімді емес салымдар бойынша базалық мөлшерлеме негізінде есептеледі. Ең жоғары орташа алынған нарықтық мәндер мен ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің спреді көзделген. Мұндай практика, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының, ҚДКҚ айтуынша, АҚШ-та және Ресей Федерациясында мәндер тиісінше апта сайын және ай сайын жариялана отырып қолданылады.

Мөлшерлемелер бойынша ақпарат берілген кесте ҚДКҚ сайтына www.kdif.kz орналастырылады.

   

Жинақ салымдары

Басқа салымдарға қарағанда мөлшерлемесі ең жоғарысы – жинақ салымдары. Олар бойынша ҚДКҚ-ның кепілдігі де ең жоғары – 15 млн теңге. Бұл салымдар сыйақының және капиталдандырудың жоғары болуы есебінен ақшаны жылдам жинақтау үшін жасалған. Олар депозитте орналастырылған ақшасын жуық арада пайдалануды жоспарламайтын салымшыларға сәйкес келеді.

Сыйақының жаңа ең жоғары мөлшерлемелерінің түрлі мерзімдерге арналған мәндері қыркүйекте жылдық 12,3%-дан (толықтыруға болатын 24 айлық салымдар бойынша) толықтыруға болмайтын 24 айлық салымдар бойынша жылдық 14,2%-ға дейінгі аралықта болады. Салыстыру үшін – қазіргі кезде осындай депозиттер бойынша мөлшерлемелер жылдық 11,5%-ды және 13,5%-ды құрайды.


Мерзімді салымдар

Мерзімді салымдар жинақ салымдары сияқты міндеттерді шеше алады, яғни нысаналы жинақтауды жеделдетеді. Мерзімді салымдарды қалайтын салымшылар өз ақшаларына барынша иелік ете алады. Себебі ақшаны мерзімінен бұрын алуға шектеу аз, мерзімді салымдардың кірістілігі жинақ салымдарына қарағанда төмен, бірақ мерзімсіз салымдардан жоғары.

Салымшылар үшін депозиттегі ақшасын өте ұтқыр пайдалану көзделгеніне қарамастан, мерзімді салымдарға жинақ салымдарындай сұраныс жоғары емес. Мерзімді салымдардың ішінде ұсынылған сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарысы толықтыруға болмайтын 24 айға арналған салымдар үшін көзделген – 11,9%, ал ең төмені – жылдық 10% – 3 айлық салымдар үшін.       

   

Мерзімді емес салымдар

Бұл қазақстандықтардың арасында ең көп тараған қаржы құралы. Оларды көзделмеген шығыстарға ақша жинақтайтын және ақшасын кез келген уақытта пайдаланғысы келетін салымшылар таңдайды. Мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі қыркүйекте мерзіміне қарамастан жылдық 9,5% болады. Қазіргі кезде осы салымдар бойынша жылдық 9,8%-ға дейін кірістілік алуға болады.

   

Шетел валютасындағы депозиттер

Бұл салымдар бойынша өзгерістер жоқ: бір жылға дейінгі жинақ және мерзімді салымдар бойынша – жылдық 2%, шетел валютасындағы қалған салымдар бойынша – жылдық 1%.

Словари

Көзі: КФГД