Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Қаржылық сауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында дәріс оқылды

Бүгін Тараз қаласындағы Достық үйінде қала тұрғындарына арналған «Қаржылық сауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында дәріс оқылды. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің барлық өңірінде дәріс өткізуді қолға алғанын естеріңізге сала кетеміз.
Кәсіби қаржы менеджерлері, бизнес-тренерлер мен коучтар, Ұлттық Банк, БЖЗҚ өкілдері жеңіл, ойын түрінде:
• қаржылық сауаттылықтың базалық аспектілері (бюджеттеу, кірістер мен шығыстарды талдау);
• қаржы өнімдерінің түрлері және олармен дұрыс жұмыс істеу;
• электрондық банктік қызметтер туралы;
• қаржы қаражатын тарту мүмкіндіктері туралы;
• қаржылық сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық ресурстар мен мүмкіндіктер;
• жинақтау және инвестициялау тәсілдері туралы айтып берді.

Тыңдаушылар лекцияларға үлкен қызығушылық танытты, әсіресе өз ісін ашу және өз жинақтарын алаяқтардан қорғау тақырыбы бойынша белсенді сұрақтар қойып, өздерінің қаржылық тәжірибесімен бөлісті.
Қаржылық реттеушінің өкілдері өз кезегінде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын жобалар туралы айтып, халыққа қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңес берді.
Келесі дәрістер 21 тамызда Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін өтеді. Одан әрі тізім бойынша дәрістер мына қалаларда: Талдықорған - 23 тамыз, Алматы - 26 тамыз, Қостанай - 16 қыркүйек, Нұр-Сұлтан - 2 қазан өтеді деп күтілуде.
Дәріске кез келген адам қатыса алады. Мына телефон арқылы жазылуға болады: +7 7071882607. Қатысу тегін.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 2704 697.

Словари