Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Бүгін, 21 тамыз күні Шымкент қаласындағы Canvas Hotel отелінде қала тұрғындарына арналған «Қаржылық сауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында оқу өтті.

Бүгін, 21 тамыз күні Шымкент қаласындағы Canvas Hotel отелінде қала тұрғындарына арналған «Қаржылық сауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында оқу өтті. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Қазақстан Ұлттық Банкінің еліміздің барлық өңірінде дәрістер циклын өткізуді бастағанын атап өтеміз.

Кәсіби қаржы менеджерлері, бизнес-тренерлер мен коучтар, Ұлттық Банк, БЖЗҚ өкілдері жеңіл, ойын түрінде дәріс тақырыбы бойынша мыналарды айтып берді:

 

-         қаржылық сауаттылықтың базалық аспектілері (бюджеттеу, кірістер мен шығыстарды талдау);

-         қаржы өнімдерінің түрлері және олармен дұрыс жұмыс істеу;

-         қаржылық сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық ресурстар мен мүмкіндіктер;

-         әрбір азамат үшін жинақтау және инвестициялау мүмкіндіктері.


 

Қаржылық реттеушінің өкілдері өз кезегінде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын жобалар туралы айтып, халыққа қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңес берді.

Келесі дәрістер 23 тамызда Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін өтеді. Одан әрі тізім бойынша дәрістер мына қалаларда: Алматы - 26 тамыз, Қостанай - 16 қыркүйек, Нұр-Сұлтан - 2 қазан өтеді деп күтілуде.

Дәріске кез келген адам қатыса алады. Мына телефон арқылы жазылуға болады: +7 7071882607. Қатысу тегін.

Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 2704 697.