Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Алматы қаласында қаржы сауаттылығы бойынша дәріс циклін өткізу туралы

26 тамызда Алматы қаласында «Қаржылық сауаттылық: заманауи қоғамдағы рөлі» тақырыбында халыққа арналған оқыту семинарлары болып өтті. Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша тегін дәрістер топтамасын Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің барлық өңірінде екінші жыл өткізіп отырғанын естеріңізге саламыз. Дәріске барлық ниет білдірген адамдар қатыса алады.

Кәсіби қаржы менеджерлері, Қазақстан Ұлттық Банкінің және басқа қаржы ұйымдарының өкілдері, бизнес-тренерлер мен коучтар қаржылық сауаттылықтың базалық аспектілері: бюджеттеу, кірістер мен шығыстарды талдау, қаржылық өнімдердің түрлері және олармен дұрыс айналысу, қаржылай қаражатты тарту мүмкіндіктері, жинақтау және инвестициялау тәсілдері және көптеген басқа мәселелер туралы жеңіл әрі қолжетімді түрде айтып берді.



Қаржы реттеушісінің өкілі, ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ксения Калиева, өз кезегінде Қазақстан Ұлттық Банкі қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іске асырып жатқан жобалар туралы айтып берді. «Біздің азаматтардың жеке қаржысына қатысты шешімдерді қабылдау кезінде оңтайлы қаржылық іс-әрекетін қалыптастыру және инвесторлар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретіндегі олардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру жүргізіліп отырған жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады», - деп атап өтті К. Калиева.

Спикерлер қатарында KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская; KMF басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова; Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры, Талдау орталығының директоры Роман Маргацкий; бизнес-тренер, ҚР кәсіби қаржы менеджері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Әйгерім Тарбағатаева; ҚДКҚ қоғамдық байланыстар және халықаралық қызмет бөлімінің бастығы Ғибадат Ивановская; «БЖЗҚ» АҚ бас маманы Гүлдана Әбуева және басқалар болды.

Сондай-ақ KASE - Kazakhstan Stock Exchange өкілі тыңдаушыларға Қазақстан қор биржасының «Биржалық симулятор» атты жобасы туралы айтып берді, оның шеңберінде балалар мен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Global Money Week дәрісі (GMW, Дүниежүзілік Ақша Апталығы), бөлшек инвесторлардың конкурс өткізуі туралы, ҚР «Атамекен» ҰКП, Даму КДҚ және басқалардың көмегімен «Қор нарығының негіздері» атты оқыту бағдарламалары өткізілді.

«Қаржылай қаражатты тарту мүмкіндіктері» сессиясы барысында Наталья Хорошевская бағалы қағаздармен жұмыс жүргізу қағидаттары туралы айтып берді. «Қазір біз дамыған нарықтардан айтарлықтай артта қалып отырмыз, мысалы, АҚШ-та халықтың 80%-ы, Ресейде 2%, бізде 
1%-дан азы бағалы қағаздарға инвестициялайды. Жуырдағы бес жылда біз өз көрсеткішімізді еселегіміз келеді. Бұл үшін қаржылық сауаттылық саласында белсенді жұмыс істеуіміз керек» - деді Н. Хорошевская.

«Бізде де өзіміздің ақпараттық өнімдеріміз бар, мысалы, біздің сайтта қаржылық сауаттылық жөнінде оқудан өтсе болады. Адамдар кредиттеуге барынша жауапкершілікпен қарауы тиіс – қазір қарызды бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады, сондықтан тұзаққа тез ілініп, борышқа батып кетуге болады. Қаржыны кіріс алып келетін активтерді құру үшін тартқан жөн» - деді KMF басқарма төрағасының орынбасары Karlygash Raikhanova.

«Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін барлық мемлекеттік органдарға, жеке компанияларға, жоғары оқу орындарына бірігу қажет. Бұл жүйелі әрі қалыптасқан жұмыс болуға тиіс» - деп атап өтті Роман Маргацкий.

Осы сессияның модераторы болған Олег Хе  сөзін қорытындылай келе, қаржы құралдары санының ұдайы өсіп, барған сайын күрделене түскенін баса атап өтті. «Адамдарды өздерінің дамуы үшін қаржы нарығының сан алуан құралдарын пайдалануға үйрету қажет. Ұлттық Банктің білім беру бағдарламалары осы жолда бізге көп көмек көрсетеді» - деп түйіндеді ол.

Казахстанский Фонд Гарантирования Депозитов өкілі Ғибадат Ивановская өз кезегінде жинақтарды қалай жинақтауға, депозитті қалай таңдауға болатыны, олардың қаншалықты сенімді екендігі және қандай өлшемшарттар бойынша банкті таңдау қажеттілігі туралы айтып өтті.

Бизнес-тренер Aigerim Tarbagatayeva тыңдаушыларды дұрыс қаржылық дағдыларды қалыптастыру технологияларына үйретті. «Жеке қаржылық жоспарлау кез келген адамға өзінің қаржылық жағдайын дұрыс бағалауға және көбірек кіріс алу үшін ресурстарды бөлуге мүмкіндік береді» - деді Ә. Тарбағатаева.

Тыңдаушылар дәрістерге үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды және өздерінің қаржы тәжірибесімен бөлісті. Көзбе-көз диалог күрделі, алайда тыңдаушылар үшін маңызды тақырыптарды түсінуге мүмкіндік беріп, көптеген практикалық сұрақтарға жауап берді.

Келесі дәрістер Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 16 қыркүйекте және 2 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Дәріске кез келген ниет білдіруші адам қатыса алады. Мына телефон: +7 7071882607 бойынша жазылуға болады. Қатысу тегін.

Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы толығырақ ақпаратты мына: +7 727 2704 697 телефоны бойынша алуға болады.