Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Қостанайда қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер өтті

Қостанайда қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер өтті

 

Бүгін, 16 қыркүйек күні Қостанай қаласында «Қаржылық сауаттылық: қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында кезекті дәрістер мен семинарлар болды. Аталған іс-шара еліміздің барлық өңірінде Қазақстан Ұлттық Банкі өткізетін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс аясында өтті.

Кәсіби қаржы менеджерлері, бизнес-тренерлер мен коучтар, Ұлттық Банк, БЖЗҚ және ҚДКҚ өкілдері жеңіл, ойын түрінде тыңдаушыларға мынадай өте пайдалы дағдылар туралы айтып берді:

- Қаржылық сауаттылықтың базалық аспектілері (бюджеттеу, кірістер мен шығыстарды талдау);

- Қаржы өнімдерінің түрлері және олармен дұрыс жұмыс істеу;
- Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған ақпараттық ресурстар мен мүмкіндіктер;
- Әрбір азамат үшін жинақтау және инвестициялау мүмкіндіктері.

Қаржылық реттеушінің өкілдері өз кезегінде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын жобалар туралы айтып, халыққа қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ алаяқтықтың заманауи түрлері мен олардан қорғану тәсілдері туралы кеңес берді.

          Келесі дәрістер топтамасы 2019 жылғы 2 қазанда астанада өтеді.
Дәріске кез келген адам қатыса алады. Мына телефон арқылы жазылуға болады:                            +7 7071882607. Қатысу тегін.

           Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 2704 697.