Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке 2019 жылғы тамыздағы қысқаша шолу

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке 2019 жылғы тамыздағы қысқаша шолу

 

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 302,9 млрд.млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 741,1 млрд теңгені немесе 65,4%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 561,7 млрд теңгені немесе 35,6%-ды құрады.

1.jpg

   * USD/KZT валюталық своптың аясында алынған валютаны ескере отырып

    Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.

2.jpg

 

Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы тамызда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 24,0 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде[1]) болды, оның ішінде:

-          орташа алынған кірістілігі жылдық 8,9%-бен 10,5 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ сатып алынды;

-          кірістілігі жылдық 9,75%-бен 12,5 млрд. теңге сомаға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың облигациялары сатып алынды;

-          600 млрд. теңге сомаға ұзақ мерзімді теңгемен өтімділікті қамтамасыз ету бойынша жария етілген бағдарлама аясында кірістілігі жылдық 10,95%-бен 1,0 млрд. теңге сомаға «Еуразиялық банк» АҚ-тың облигациялары сатып алынды.

Теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу және сату. 2019 жылғы тамызда мынадай қаржы құралдары сатылды:

-          ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ жалпы сомасы 157,1 млрд. теңгеге;

-          Халықаралық Қаржы корпорациясының облигациялары 5,0 млрд. теңге сомаға.

2019 жылғы тамызда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде мерзімдерге сәйкес белгіленген жалпы сомасы 31,3 млрд. теңгеге облигациялар бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді, оның ішінде:

-          Еуразиялық даму банкі 20,0 млрд. теңге сомаға;

-          «First Heartland Jysan Bank» 9,6 млрд. теңге сомаға;

-          «Сбербанк» АҚ ЕБ 1,7 млрд. теңге сомаға.

Банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі борыш жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтелді.

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

3.jpg

1 ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілімен «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары  

Шетел валютасындағы инвестициялар. 2019 жылғы тамызда шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
633,0 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 2,0% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасымен бос ақша қаражаты «А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Шетел валютасымен өтеу және сату.

2019 жылғы тамызда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 154,8 млрд. теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді.

Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 465,1 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 4,44% болды.

Бұл ретте 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы қыркүйек пен 2019 жылғы тамыз   аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,5% мөлшердегі инфляция кезінде 8,32%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,82%-ды құрады.