Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Білім жеке капиталыңды көбейтеді

  Білім жеке капиталыңды көбейтеді 

2019 жылдың 2 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Қаржылық сауаттылық: заманауи қоғамдағы рөлі» циклынан қорытынды дәрістер өткізілді. Астана тұрғындары мамандарды тыңдап, оларға сұрақтар қойып қана қоймай, жеке немесе отбасылық бюджетті жоспарлауда өз қабілеттерін бағалауға, өз қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтауға және ақшалай қаражатты басқару әдістемесін игеруге мүмкіндік алды.

Тегін дәрістер циклын Қазақстан Ұлттық Банкінің мамандары еліміздің өңірлерінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шеңберінде өткізгенін еске саламыз.

2.jpg

– Біз адамдарға осындай семинарға немесе дәріске қатысу үшін бір күнді бөлудің қандай қиын екендігін түсінеміз, алайда аудитория толық болды және біздің дәрістерге деген қазақстандықтардың жоғары қызығушылығын атап өтеміз, - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сәуле Ынтықбаева. – Біздің ағартушылық курсымыз Өскемен, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Қостанай және Алматы сияқты қалалар арқылы өтіп, астанада аяқталды. Әрдайым біздің дәріскерлер аудиторияларда мүдделі тыңдаушыларды кездестірді. Жалпы алғанда дәрістерге 1 200-ден астам адам қатысты. Біз білім беру семинарларымызды шын мәнінде қызықты етіп өткізуге тырыстық және тыңдаушылардың ұсыныстарын ескере отырып оны түрлендіріп, келесі жылы білім беру дәрістерінің циклын жалғастыруға ниетіміз бар. Көзбе-көз әңгімелердің, интерактивті нысандағы семинарлардың жоғары қызығушылық танытып, материалды жақсырақ есте сақтауға ықпал ететіндігін көріп отырмыз.

11.jpg

Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру циклының соңғы аккордына келетін болсақ, тыңдаушылар мамандармен бірге «Зейнетақы құқықтарын қалыптастыру мен іске асыру», «Банк пен депозитті таңдау», «Кредиттік өнімдердің ерекшеліктері», «Өзіңді болашақтағы шығындардан қалай қауіпсіздендіруге болады» сияқты күрделі тақырыптарды талқылады. «Қаржыдағы табыс технологиялары» деген тақырыпқа, сондай-ақ «Алаяқтықтың заманауи түрлері және олардан қорғау тәсілдері» деген өзекті тақырыпқа назар аударылды. Ұлттық Банктің өкілдері заманауи алаяқтардың қармағына түспеу үшін бірқатар пайдалы кеңес-лайфхактар берді.

Сарапшылар және жаттықтырушылар ретінде сондай-ақ кәсіби сертификатталған коуч, «Өзін-өзі коучинг және жеке тиімділік» жобасының авторы, белгілі бизнес-жаттықтырушы Гүлназ Мұрзатаева; «БЖЗҚ» АҚ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы басқарушы директоры Мұрат Шәріпов; Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілі Рузалия Гильмудинова сөз сөйледі. Өз бюджетіңді және ақшаңды басқару әдістемесімен Халықаралық бизнес университетінің журналистика кафедрасының доценті Мира Халина бөлісті. Электрондық банктік қызметтер туралы Finmentor.kz білім беру жобасының қатысушысы, АССА - қаржы және есепке алу саласындағы кәсіби мамандардың ауқымды қауымдастығының сертификатталған бағдарламасының иегері Арман Батаев айтып берді.

IMG_6640.jpg

Бизнес-жаттықтырушы Гүлнәз Мұрзатаева тыңдаушыларды дұрыс қаржылық әдеттер қалыптастыру технологиясына үйретті. «Бүгінгі таңда қаржылық жоспарлау аса маңызды. Ол әрбір адамға өзінің қаржылық мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, болашақта үлкен кіріс алу үшін ресурстарды бөлуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

3 фото.jpg 

«Өз бюджетін басқара білу – қазіргі заманның кез келген адамының басты дағдысына айналуға тиіс. Сондықтан, өздеріңіздің ақша ағындарыңызды бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыру, бюджетіңізді талдап, салыстырып отыру және оның шегінен шықпау өте маңызды»,- деп Мира Халина бюджет жоспарлаудың қыр-сырымен бөлісті.

БЖЗҚ-ның өкілдері «Жинау және сақтау үшін мүмкіндіктер» сессиясы шеңберінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс істеу қағидаттары, азаматтардың зейнетақы құқықтарын құру және іске асыру, зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі және зейнетақы саласындағы жаңа үрдістер туралы айтты. «Қазіргі сәтте Қор электрондық қызмет көрсетуге ден қоюда. Пошта арқылы хабарлама жіберу секілді классикалық тәсілдер әлдеқашан тиімсіз. Қазір кез келген салымшы бір рет интернет-хабарламаны таңдап, өзінің зейнетақы жинақтары туралы барлық деректерді онлайн режимінде ала алады», - деді М. Шәріпов.

IMG-20191002-WA0037.jpg

Рузалия Гильмудинова өз кезегінде жинақтау тәсілдері, сондай-ақ қолайлы депозитті қалай таңдап алуға болатыны туралы айтты. Ол кепілдік беру жүйесі, Қазақстан банктері депозиттерінің қаншалықты сенімді екендігі және банкті қандай өлшемшарттар бойынша таңдау қажеттігі туралы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Дәріске қатысушылардың барлығы да қаржылық сауаттылық тақырыбына үлкен қызығушылық танытты, белсенді түрде сұрақтар қойды және өздерінің қаржылық тәжірибесімен бөлісті. Жанды диалог тыңдаушылар үшін күрделі әрі маңызды тақырыптарды талқылауға мүмкіндік берді және көптеген практикалық сауалдарға жауап берілді.

 

       Қаржылық сауаттылық бойынша дәрістердің келесі циклының қандай қалаларда және өңірлерде өтетінін, оларда қандай тақырыптар қозғалатынын біз міндетті түрде хабарлаймыз және біздің дәрістерімізге қатысуға шақырамыз. Ал әзірге біздің сарапшыларымызға қаржылық тақырып бойынша толғандыратын сұрақтар қоюды ұсынамыз. Бәріне қызықты және пайдалы болу үшін біз ол сұрақтарды 2020 жылы дәрістердің келесі циклын дайындаған кезде міндетті түрде ескереміз.  Өтінімді қалдыру