Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Баспана кезегінде тұрғандардың үлесі қандай көлемде артты

Баспана кезегінде тұрғандардың үлесі қандай көлемде артты

697936-0.jpg

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 361 млрд теңгеге 34 179 займды берді. Бұл туралы «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы, 2018 жылы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі барлық несиелеу түрлері бойынша 360 млрд теңгеге 39 295 займды, 2019 жылы 361 млрд теңгеге 34 179 займды берді», - деді В. Божко. Оның пайымынша, ел халқы баспана алу үшін аталған банк жүзеге асырып жатқан тетіктерді жаппай пайдаланып келеді. «2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атарушы органдарда жалпы кезекте 2,5 млн адам тұрса, оның ішінде 400 мыңы жергілікті атқарушы органдарға тиеселі, 780 мыңы салымшылар, сондай-ақ 1,3 млн адам үй салу үшін жер телімін алуға кезекке тұрған. Ал 2018 жылдағы қаңтарда жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде 2,8 млн адам кезекте тұрған», - деді Владимир Божко.


Kazinform - "халықаралық ақпарат агенттігі"