Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Желіде қаржылық алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Желіде қаржылық алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Қазақстан Ұлттық Банкіне Желіде алаяқтардың азғантай ақшаға банктік кредиттер мен микроқарыздар бойынша борыштарды есептен шығара аламыз-мыс деген жаңа алаяқтық түрінің пайда болуына қатысты азаматтардан шағымдар келіп түсуде. «Кредиттік құлдыққа жол жоқ!» деген жарнамалық ұранмен олар танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өздерінің қызметтерін кеңінен ұсынуда. Хабарламаларда олар клиенттердің оң пікірін жариялап, тіпті өздері көмек көрсеткен жалған клиенттердің аккаунттарын да көрсетеді. Алаяқтарға сенбеңіздер, олар ақшаны алған бойда ізін жасырады да, берген уәделері жоққа шығады...   

Алаяқтықтың тәсілдері өте көп. Мысалы, өткен жылы қаржы алаяқтары делдал фирмалардың атын жамылып, қазақстандықтарға банкте кредит ресімдеп, алған қаражаттың бір бөлігін осы фирмаларға беруді ұсынған. Оның орнына олар қарыз алушылардың орнына банктің алдындағы берешекті өтеуге уәде берген. Мұндай оқиғалардың немен аяқталары белгілі – алаяқтар алған ақшамен бірге қашып кетеді.

data-696x487.jpg

«Судың да сұрауы бар» екенін білген дұрыс. Жеке тұлғаларға мүлдем кредит бермейтін Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, екінші деңгейдегі банктер кредиттер беру немесе оларды өтеу бойынша делдалдар арқылы жұмыс істемейді. Банкпен кредиттік қатынастар «Банктер және банк қызметі туралы» заңмен және қаржы институты мен қарыз алушы арасында тікелей қол қойылған шартпен реттеледі.

Бұған дейін біз Қазақстанда таралған басқа да қаржылық алаяқтық жағдайлары мен ақшаңызды қорғаудың қарапайым қағидалары туралы жазған болатынбыз. Олармен «Төлемдер және аударымдар» бөлімінде және екі басты сілтемені: біріншісін «Төлемдер» , екіншісін «Аударымдар» қойып, танысуға болады.