Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Қаржы ұйымдарының жосықсыз практикаларының құрбаны болмау жолдары

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар мұны білуі қажет!

Тұтынушыларға қаржылық қызметтерді көрсету талаптарының ашықтығын қамтамасыз ету және олардың сапасын арттыру мақсатында Ұлттық Банктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті халықаралық тәжірибені ескере отырып, қаржы ұйымдарының қызметіне, жосықсыз практикалар белгілері болуы мүмкін әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) талдау жасайды.

   Жосықсыз практикалардың қолданылғаны үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде енгізу мәселесін қарау қажет деп санаймыз, ал қаржы ұйымдарының жосықсыз практикаларының белгілері болуы мүмкін, анықталған мысалдар тізбесі ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында орналастырылып, олардың анықталуына қарай жаңартылып отырады.

                      фото внутри2.png

 Біздің ойымызша, жосықсыз практикаларға:

1)       тұтынушыларға тікелей немесе жанама, оның ішінде айтпай қою, екіұшты айту немесе асыра айту арқылы, оларды жаңылыстыратын ақпарат беруді;

2)       дәйексіз, жалған немесе толық емес ақпарат таратуды;

3)       клиенттің сараланған шешім қабылдауы үшін қажетті ақпаратты ұсынбауды немесе уақтылы ұсынбауды;

4)       тұтынушының мәміле бойынша басқа қалыпты жағдайларда қабылдамайтын шешімді қабылдауына және (немесе) тұтынушылардың экономикалық мүддесінің бұрмалануына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін ақпаратты ұсынуды не ұсынбауды;

5)       шарттарға клиенттің таңдау еркіндігін шектейтін талаптар енгізуді жатқызуға болады.

Қаржы нарығында жосықсыз әрекеттер жасауға мүмкіндік жасайтын бірқатар факторлар бар. Олардың негізгілерін қараймыз. Біріншісі – бұл қаржы нарығының серпінді дамуы, ол үнемі жаңа практиканы жасайды, бұл аса жылдам және әрқашан ықтималды өзгерісі бола бермейтін реттеуді талап етеді. Екінші фактор шешім қабылдау үшін тұтынушы пайдаланатын ақпаратқа қолжетімділіктің болмауына және сапасының төмен болуына байланысты және үшінші және маңызды фактор – бұл тұтынушылардың қаржылық сауаттылық деңгейінің жеткілікті болмауы.

   Web 1920 – 1.png

Қазақстанда жосықсыз практикалардың белгілері қамтылатын әрекеттер (әрекетсіздіктер) жағдайлары өте жиі кездеседі:

         1) қаржылық қызметтерді сатудың жосықсыз практикалары, оның ішінде тұтынушыға қаржылық қызметті банктің маркетингтік акциялары немесе жарнамалық хабарлары арқылы байланыстыру. Қаржы ұйымының өкілі банктік өнімді мәміленің нақты талаптарын бұрмалай немесе тұтынушыдан жасыра отырып, клиенттің қаржылық сауаттылығының жеткіліксіз болуын пайдалана отырып, жиі өткізеді. Қаржылық өнімді немесе қызметті қате өткізу қасақана емес болуы мүмкін – мысалы, мәміле жасау кезінде оның талаптарына тиісті назар аударылмаған не тұтынушы сатушы айтқан талаптарды қате түсінген.

2) банктік қарыз шартына қол қою кезінде:

·        банктік қарыз шартын жасасқанға дейін клиентке кредитті мерзімінен бұрын/ішінара мерзімінен бұрын қайтару (өтеу), банкпен жасалған кредиттік шарттарды бұзу банкке міндетті түрде жазбаша өтініш арқылы жүргізілетіндігін түсіндіру;

·        банктік қарыз шартын толтыру процесінде қосымша қызметтерден бас тарту мүмкіндігін ұсынбау, оның себебі ретінде бағдарламалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін не банктік қарыз шартының стандартты нысанын келтіріп, өтінімде қосымша қызметтермен келісудің (мысалы, жазатайым оқиғадан сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеу) бар екендігін алға тарту;

·        банктік қарыз шартын толтыру процесінде кредитті өтеу кезінде тұтынушы үшін артықшылығы бар тәсілді (аннуитеттік төлем немесе дифференциалды төлем) таңдау мүмкіндігін ұсынбау, оның себебі ретінде бағдарламалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін не банктік қарыз шартының стандартты нысанын келтіру;

·        өтініш берушіге сақтандыру шартын және ақылы қызметтер көрсетуге өзге де шарттарды жасамай кредиттік шарт жасасу мүмкіндігі турлы ақпарат ұсынбау;

·        өтініш берушіге мүлікті сақтандыру шартын банк аккредиттемеген өзге сақтандыру компанияларында жасау мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынбау;

·        банктің кредит менеджері оларды сатқан кезде агент есебінде әрекет ететін ілеспе өнімдерді - кредиттік карталарды, бөліп төлеу карталарын, SMS-хабарламаларды және т.б. еркінен тыс беру, оның ішінде жасалатын банктік қарыз шартына қатысы жоқ өнімдер бойынша;

·        клиенттерге кредит беруден бас тарту себептері туралы «қара тізіммен» байланысты болуы мүмкін деген сияқты дұрыс емес түсініктемелер беру;

·        кредит шарттарының талаптарына кредит алушының кредит шартының талаптарын бір рет орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін айыппұл санкцияларының бірнеше түрін енгізу;

·        кредит шарттарына кредит шарттарында күрделі мағыналық құрылымдарды, оның ішінде жасалатын шарттың тармақтарына, банктің дербес құқықтық актілеріне көптеген сілтемелерден тұратын, сондай-ақ банктің сайтында орналастырылған өзге де ақпарат көздері пайдаланылатын талаптарды енгізу.

3)    ерікті сақтандыру шартына қол қойған кезде:

·        ерікті сақтандыру шартына тұтынушылардың сақтандыру төлемдерін алуы мүмкін болмайтын жағдайға алып келетін өзара бір-бірін жоққа шығаратын ережелерді енгізу.

Қаржы ұйымына қаржы өнімін алу үшін өтініш жасаған кезде өзіңізге қажетті қаржы өнімі бойынша талаптарды салыстыру үшін кем дегенде үш қаржы ұйымының кеңселеріне өзіңіз барып көру арқылы не қаржы ұйымдарының сайтында орналасқан ақпаратты пайдалана отырып, ұқсас қаржы өнімдеріне (мөлшерлемелері, мерзімі, қоса жүретін комиссиялары, сыйақы және т.б.) талдау жүргізу қажет.

Кеңінен таралған қаржы өнімдері бойынша шарттардың ең маңызды ережелеріне көңіл аударған жөн.   

Банктік қарыз шартына қол қойғанға дейін міндетті түрде шарттың талаптарымен: сомасымен, мерзімімен, қарыз валютасымен, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерімен, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен танысыңыз. Шартта сіз кредитті қандай әдіспен – аннуитеттік немесе дифференциалды әдіспен қайтаратыныңыз, төлемнің мерзімін ұзартқаныңыз үшін банктің қандай айыппұлдар мен өсімпұлдар есептейтіні міндетті түрде айқындалуға тиіс.  

Банк банктік қарыз шартына тұтынушы кредит бойынша барлық талаптарды көре алатын жадынаманы қоса беруге міндетті.

Банктік салым шартына қол қойғанға дейін сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне, оның ішінде өтініш беру күнгі шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде (шынайы құнды) сыйақы мөлшерлемесіне; сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін өзгерту тәртібіне және бұл жөнінде хабарлау тәсіліне; салымды толықтыру/алу ықтималдығына; салымды мерзімінен бұрын ішінара алу және салым шартын бұзу тәртібіне; мерзімді және жинақ салымдарының мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімін ұзарту тәртібіне назар аудару қажет.

Сақтандыру шартына қатысты сақтандырудың еркін түрі бойынша тараптар қол қойған шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жасалды деп саналады. Бұл ретте шарт талаптарын мұқият зерттеу қажет. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшеріне, сақтандыру жағдайларының сомаларына, франшизаларына, тізбесіне және олардың ерекше жағдайларына, шартты бұзу, оның ішінде мерзімінен бұрын бұзу талаптарына және т.б. баса назар аудару қажет.

Қарыздарға қызмет көрсету бойынша өз мүмкіндіктеріңізді әрқашан нақты бағалаңыз!