Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша 2019 жылғы үшінші тоқсанда микроқаржы ұйымдарының әрекетінде анықталған бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына мониторинг және талдау жүргізді.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша МҚҰ қатысты 8 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:

     - 1 262 500 теңге сомаға 4 әкімшілік айыппұл;

   - 4 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде: 3-еуі жазбаша ұйғарым және 1-еуі жазбаша ескерту.

Artboard – 3.png

Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ мынадай бұзушылықтардың орын алғанын көрсетті:

- несие бойынша мерзімі өткен берешекті есептен шығару тәртібін бұзу (төлем талабын пайдаланбай);

- кредиттік бюроға мәліметтерді уақтылы ұсынбау;

- микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының[1] талаптарына сәйкес келмеуі;

- Қазақстан Республикасы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамау.

Микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың кейбір микроқаржы ұйымдарының қызметтерінің тиімділігі мен сапасын өз бетінше бағалауы және қарауы үшін Ұлттық Банк МҚҰ қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына (www.nationalbank.kz) орналастырады.

МҚҰ қызметтерін тұтынушылардың назарына, Сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:

- 050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша жазбаша;

- құқықтық көмек алу үшін Ұлттық Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесінің  мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67, анықтама телефоны +7(727) 2788 104 (ішкі.5571, 5573);

Ұлттық Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесінің  мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Оnline» мобильдік қосымшасының «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөліміне (аталған мессенджер App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүктеу үшін қолжетімді);

- Ұлттық Банктің филиалдарына (Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық Банк туралы» бөлімде, «ҚҰБ құрылымы» - «Филиалдар» шағын бөлімдерінде көрсетілген мекенжайлар  бойынша) өтініш жасай аласыз.

МҚҰ туралы заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді шешу үшін жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талапты) берген жағдайда банк омбудсменіне өтініш жасауға құқығыңыз бар. Бұл құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады.

Банк омбудсманының деректемелері: А15GП8Е2, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй, 302-офис, тел. +7 (727) 2612 216, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.




[1] «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;