Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Түпнұсқа банкноттарды қолдан жасалған банкноттардан қалай айыруға болады

БАҚ-та қолдан жасалған ақша белгілері бойынша ақпараттың пайда болуына байланысты Ұлттық Банк төмендегіні хабарлайды.  Алаяқтардың қармағына түспеу үшін түпнұсқа банкноттарда мынадай белгілерге назар аудару қажет:   

·    бейнелер анық, бұлыңғыр емес;

·   қағазға тән ерекше сытыры болады және УК сәулелердің әсерінен жарқырамайды;

·   жарыққа тосып қарағанда «Самұрық» мифтік құсының бейнесі мен барынша анық бейнеленген номиналдан тұратын сутамғы белгілері көрінеді;

·  банкноттың бет және сырт жағында қосарланған элементтер жарыққа тосып қарағанда тұтас суретті құрап, дәлме-дәл сәйкес келеді;

·   банкноттың бет және сырт жағында арнайы бедерлі мөрді қолмен ұстап сезінуге болады;

·   түсін өзгертетін бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейне жасыл түстен алтын түске ауысады;

• түпнұсқа банкноттарда жарық түскенде тегіс сызықты құрайтын қорғаныш үзік жіп бар. Егер банкнотта барлық осы белгілер болса, онда бұл түпнұсқа банкнот. 

Ұлттық Банк халықты қырағы болуға және қолдан жасалған банкноттарды ажыратуға көмектесетін бірнеше қағидаларды сақтауға шақырады.

1.     Алдымен банкнотты сезіне білу қажет. Банкнот қағазының ерекше шытыры болады. Банкноттарда бедерлі арнайы мөр бар. Бұл бедерді «Қазақ Елі» монументі, банкнот номиналының әріптік бейнесі, архитектуралық бейнелер, Қазақстан картасы және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер орналасқан жерде сезінуге болады.

1.png

2.png

Барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған шығыңқы жоғары бедерді элементтер түріндегі белгілер бар, оларды қолмен ұстап сезуге болады.

3.png

2. Содан кейін банкнотқа мұқият қарау керек. Банкноттың түсі анық және қарама-қарсы болуға тиіс, сутамғы белгісі мен номиналдың сандық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа тосып қарау керек.  

                              4.png

Осыған ұқсас банкноттың бетіне шығатын, жарық түскенде жазулары бар біртұтас жіп сияқты анық көрінетін үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және үзік жіптерге назар аудару қажет.  

5.png

3. Соңғысы, банкнотты аударып қарау қажет.  Номиналы 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түсі өзгеретін бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасыл түстен алтынға өзгереді.

                     6.png 

Номиналы 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сырт жағында голографиялық жолақ бар. Голограммадағы суреттер құбылып отырады және динамикалық әсері бар.  

7.png

Көрсетілген сезін, қара, аударып қара әдістері банкноттарды арнайы құрал-жабдықты қолданбастан, түпнұсқалыққа тез көзбен шолып тексеру үшін жеткілікті болып табылады. Аталған әдісті қолдану 5 секундтан аспайды және әрбір адамға банкноттардың түпнұсқалылығын анықтауға көмектеседі.