Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке 2019 жылғы қыркүйектегі қысқаша шолу

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 426,3 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге номинирленген қаржы құралдары 6 850,6 млрд теңгені немесе 65,7%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 575,7 млрд теңгені немесе 34,3%-ды құрады.

Screenshot_1.png

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.  БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.  

Screenshot_2.png

Теңгемен инвестициялар.  2019 жылғы қыркүйекте теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,3 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде[1]) болды, оның ішінде:  

-   ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 8,9% орташа алынған кірістілігі бар
20,3 млрд теңге жалпы сомада МБҚ-сы сатып алынды;

-  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жылдық 11,5% кірістілігі бар 20,0 млрд теңге сомаға облигациялары сатып алынды;

-    ҚР ЕДБ арқылы 600 млрд теңге  сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде «Bank RBK» Банк» АҚ-тың жылдық 10,95% кірістілігі бар 15,0 млрд теңге сомада облигациялары сатып алынды

Теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу. 2019 жылғы қыркүйекте бағалы қағаздар эмиссияларының проспектісінде белгіленген мерзімдерге сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша 16,9 млрд теңге жалпы сомада негізгі борыш өтелді.

Банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша 1,4 млрд теңге жалпы сомада негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелді.

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. 

БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.



[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілімен «Кері репо» операциялары  


Screenshot_3.png

Шетел валютасындағы инвестициялар. 2019 жылғы қыркүйекте шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
211,4 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 1,9% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде 6 айдан 9 айға дейінге мерзімге 440,0 млн АҚШ доллары көлемінде USD/EUR валюталық своп мәмілелері жасалды. Осы мәмілелер шеңберінде БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері портфеліне 398,2 млн еуро алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасымен бос ақша қаражаты
«А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Шетел валютасымен өтеу және сату. 2019 жылғы қыркүйекте бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 169,0 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді. Сондай-ақ 78,8 млрд теңге жалпы сомаға  АҚШ-тың қысқа мерзімді МБҚ сатылды.

Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 525,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 4,98% болды.

Бұл ретте 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы қазаннан пен 2019 жылғы қыркүйек   аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,3% мөлшердегі инфляция кезінде
8,4%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 3,1%-ды құрады.