Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі екі есе өсті

Соңғы жылдары айналыстағы төлем карточкаларының саны және тиісінше қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі жоғары қарқынмен өсуде. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының саны 30,6 млн бірлік болды, бұл 2019 жылғы осындай көрсеткіштен 43%-ға асады.

«2019 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі екі еседен астам ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады», - деп хабарлады Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

Қолма-қол ақшасыз транзакциялардың негізгі үлесі банктердің онлайн сервистері арқылы жүргізілді. Бүгінгі күні онлайн сервистерде 18 млн-ға жуық пайдаланушы тіркелді, олардың ішінде 34%-ы операцияларды тұрақты түрде жүргізеді, бұл жағдайды халықтың банктердің қашықтан цифрлы арналарына деген қажеттілігі растап отыр. Күн сайын онлайн сервистер арқылы 21 млрд теңгеден астам сомаға 1,3 млн-нан астам операциялар жүргізіледі.

безнал_каз.jpg