Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

2019 жылғы 9 айда электрондық ақша аудару жүйелері арқылы 400 млрд теңгеден астам жүргізілді

2019 жылғы 9 айда электрондық ақша жүйелерінің эмитенттері 436,4 млрд теңге сомаға электрондық ақша шығарды, бұл өткен жылғы деректерден 13,5%-ға асады.

«Қазақстанның электрондық ақша жүйелері арқылы 443,5 млрд теңге сомаға 117 млн транзакция жүргізілді, 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда жүргізілген операциялар саны 25%-ға өсті. Бұл көрсеткіштерге жеке тұлғалар арасындағы аударым операциялары және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің пайдасына тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кіреді», - деп хабарлады Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

Қазақстан нарығында 22 электрондық ақша жүйесі жұмыс істейді, олардың эмитенттері 10 банк пен «Қазпошта» АҚ болып табылады. 2019 жылы 5 жаңа электрондық ақша жүйесі жұмыс істей бастады: «Senim», «AlmaPay», «Onay Pay», «Onе Click» және «ҚАЗЕВРОМОБАЙЛ».

Қазақстанда электрондық ақша интернет-коммерцияға, коммуналдық қызметтерге, ұялы байланысқа, кредиттер өтеуге және т.б. ақы төлеу үшін пайдаланылады.

ЭД_каз.jpg