Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 500 млрд теңгеден астам жүргізілді

2019 жылғы 9 айда халықаралық ақша аударымдары жүйелері (бұдан әрі – ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 506 млрд теңге сомаға 2,1 млн транзакцияны құрады. 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда жіберілген аударымдардың жалпы көлемі 2,3%-ға өсті.

Ағымдағы жылғы 9 айда Қазақстан бойынша ХААЖ пайдалана отырып 32,2 млрд теңге сомаға 0,2 млн транзакция жіберілді. Көрсетілген кезеңде Қазақстаннан шетелге 473,8 млрд теңге сомаға 2 млн транзакция жасалды.

«Шетелге негізгі ақша жіберушілер Қазақстан Республикасының резиденттері (83%) болып табылады. Шетелге жіберілген аударымдар көлемінен 50%-дан астамы таяу шетелдерге – Ресей Федерациясына (32,3%) және Өзбекстанға (22,0%) жіберілді», - деп хабарлады Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 9 айда шетелден ХААЖ арқылы 260,8 млрд теңге сомаға 1,2 млн транзакция алынды. Шетелден алынған көлемнен 60%-ға жуық Қазақстанға Ресей Федерациясынан (39,4%) және Оңтүстік Кореядан (18,8%) жіберілді.

ЭД_каз.jpg